Жүк көтеру механизмінің тағайындалуы, қолданылу аймағы және құрылғысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 05:44, курсовая работа

Описание работы

Аз көлемді және кіші даналы қаптау, бөлу, төбе жабу, өңдеу, сантехникалық және электротехникалық жұмыстарғы арналған материалдар мен бұйымдар базалардан пакеттелген түрде немесе контейнерлерде жеткізіледі.
Жалпақ және рулонды материалдар объектілерге тікелей оларды қолдану зоналарына шынылар кесіліп, линолеум пішіліп және бөлме өлшеміне кетіріліп, обойлыр жобалық өлшемдері бойынша бөлмелер мен пәтерлерге кетіріліп кесіліп жеткізіледі.
Сазды кірпіш, керамикалық, шлак бетонды блоктар құрылысқа табанындағы пакеттерімен жеткізіледі.

Работа содержит 1 файл

КК-3 кран козловой.doc

— 875.00 Кб (Скачать)

Кіріспе

Бағыт бойынша жүкті  жеткізудің басты құралы автомобиль көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы  көлемде құрылыс жүктерінің 80 %-ын автомобиль көліктері тасымалдайды.

Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.

Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды  құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі  тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің  шығыны үлкен.

Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және заводтық құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етеді.

Алғы шептегі өндірістер мен ұйымдар өндірістік-техникалық жинақтаудың, жүктерді контейнерлеу және пакеттеудің дамыған әдісін қолданады, сонымен қатар, оларды құрылыс алаңдарына жеткізу жұмыс өндірісінің технологиясымен ұштастырылған, көліктік-жинақтау графигінің жалпы сағаты бойынша жүзеге асады.

Материалды-техникалық қамтамасыз етудің мұндай әдісі құрылыс индустриясы  өндірісінің, көлік ұйымдары мен  құрылыс-монтаж басқармасының жұмыстарын толық келісімге келтіруге себеп болады; бір технолгиялық ағымды жасайды; жұмысты механизациялау және еңбек өнімділігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етеді.

Аз көлемді және кіші даналы қаптау, бөлу, төбе жабу, өңдеу, сантехникалық және электротехникалық  жұмыстарғы арналған материалдар мен бұйымдар базалардан пакеттелген түрде немесе контейнерлерде жеткізіледі.

Жалпақ және рулонды  материалдар объектілерге тікелей  оларды қолдану зоналарына шынылар  кесіліп, линолеум пішіліп және бөлме  өлшеміне кетіріліп, обойлыр жобалық өлшемдері бойынша бөлмелер мен пәтерлерге кетіріліп кесіліп жеткізіледі.

Сазды кірпіш, керамикалық, шлак бетонды блоктар құрылысқа  табанындағы пакеттерімен жеткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

1 Жүк көтеру механизмінің тағайындалуы, қолданылу аймағы және құрылғысы

 

Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады.

Көтергіш крандар мынадай  топтарға бөлінеді: консольді , мостылы, козловые , портальді және мұнаралы кран. Соның ішінде ең көп таралған крандардың бірі – козловой кранға аса тоқталып өтеміз.

Козловой кранды ашық қоймалар мен  тиеу алаңдарындағы, құрылыс ғимараттарындағы  монтажды құрастыру мен жабдықтарды  күту кезінде, өндірістік кәсіпорындарында, гидротехникалық ғимараттарда қызмет көрсету және  теміржол станцияларындағы контейнерлерді тасымалдау кезінде, ортаның жұмыс температурасы -40 пен +40 аралығында қолданылады. Бұл крандар ілмекті немесе арнайы қармау арқылы қызмет атқарады.                                                            1 сурет. Козловой кран

Тағайындалуы бойынша  козловой крандар жалпы тағайындалған, құрылыс – монтажды және арнайы тағайындалған болып бөлінеді.  

Козловой кран – ең сенімді және ұзақ уақытқа жарамды көтерме  көліктік құрылғы болып табылады. Олар көпір түрдегі жабдық түріне жатады, себебі құрылымының құрамында бір немесе екі арқалығы бар. Көпір кран асты жолдарға ұзын тіректі тіреуіш көмегімен, ал жолдардың өздері бетонның үстіңгі қабаты арқылы бекітіледі. Бұл құрылғы контейнерлерді тасымалдау кезінде теміржол станцияларында, орман дайындайтын ұйымдарда, сол сияқты ұзындық өлшеуіші мен  ірі габаритті жүктері бар бүкіл тиеу – түсіру жұмыстары жүргізілетін жерлерде қолданысқа әрдайым ие. Бұл ыңғайлы әрі қажетті техника, дұрыс пайдалану кезінде адамға бірнеше онжылдықтар қызмет атқарады.

Козловой крандар жерүсті рельстік жолмен жылжитын екі тірекке тірелетін горизонтальды аралық құрылым көпірі бар ғимарат ретінде ұсынылады. Екі тірегі де көпірмен қатты мүшеленген немесе шарнир көмегімен бір тірегі көпірмен бекітіледі.

Егер де кранның аралық құрылымы бір жағынан тірек тіреуіне тірелсе, ал екіншісі жүріс арбасына тірелсе, онда бұл кран жартылай козловой кран деп аталады. Бұл жағдайда рельстік жолдар әр түрлі деңгейде орналасады: біреуі жерде, ал басқасы арнайы эстакадада немесе ғимарат бағанасында.  

Көпірдің екі негізгі сызба  түрі бар – бірарқалықты және екіарқалықты. Монорельсті жүрісті үшжакты  және төртжақты қималы бірарқалықты көпірлер кеңінен қолданылады. Құрылысы бойынша екіарқалықты көпірдің аралық арқалықтары көпірлі кранның арқалықтарымен ұқсас. 

Козловый кран – қатаң  тіреуде орналасқан көпір түріндегі  рельсті жол немесе бетонды негіз  бойынша қозғалатын көтергіш кран. Көпірге орналасқан жүкті арба немесе таль. Ашық қоймаларды және құрылысты  қамтамасыз ету үшін қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 800т –ға дейін, ал аралығы 170т- ға дейін.

Жалпы козловой кран үшін негізгі механизімдер болып: ілмектің ұшуын өзгертетін жүкті көтеру механизімі (жүкті шығыр), жебені көтеретін механизм ( жебелі жүкшығыр), кранның қозғалу механизімі және бұрылыс бөлігінің айналу механизімі саналады.

Кранның негізгі көрсеткіштері  болып:

  • Жүк көтергіш – жүктің ең көп массасы кранмен көтеріледі;
  • Жебенің ұшуы – кранның айналу өсінен ілмекке дейінгі арақашықтық;
  • Жүкті ең биікке көтеру және оны түсіру;
  • Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы, кранды бұру және қозғалту жылдамдығы;
  • Күштік қондырғының қуаты.

Козловой крандар үшін жүк көтергіш, көтеру биіктігі және ұшуы бір – біріне ауыспала, байланысты шама.

Жүк көтергіш пен атқыштың ұшуы арасындағы байланысты құжатта келтірілгендей кранның жүк таситын сипаттамасы деп атайды.

Бірінші сан кранның  жүк көтергіштігі бойынша топ  шамасын көрсетеді, екіншісі – жүретін  құрылғының типі, үшіншісі – атқыш  жабдықтың орындалуын, төртіншісі –  молдельдің реттік нөмірі. Саннан кейін әріптер тұрады келесі модернизацияны (А, Б, В,. . .) және кранның климатикалық орындалуын білдіретін (солтүстік ХЛ, тропикалық Т, ылғалды тропиктерде жұмыс үшін ТВ, (ЫТ)).

Козловой кран құрылымы арқалық көпiрде негiзделіп, рельс жолы және жүк көтергiште бекiтіледі. Кран айнымалы тоқтың электр қозғалтқышы арқылы жұмыс iстейдi. Козловой кран орын ауыстырудың құрылымдық түрі бойынша бөлек те, орталық та бола алады. Оларға көтергiш құрылымдармен қоса тағы басқа бекiтiлген электр тальдың, кран арбасының орын ауыстыруымен қамтамасыз ету үшiн рельстер орнатады. Бұл кран арбалары шеткi кран-арқалықтар арқылы бекiтілген. Демек, жартылай козловой және бiр арқалықты крандардың түрлерi, кран-арқалықты бекiткiштi қағида басқалар үшiн айырмашылығы болады. Ол бұл жерде қабырғаларда тiрек шығыңқылар арқылы бекітіледi.

Кранның бекiтілу орыны  әдетте барлық құрылыс алаңында ауданның қолдануын талап ететiн кран-арқалықты  қозғалыстың жазықтығы төменде  немесе деңгейде орналасады. Аралықтың  үлкеюлерi мақсаттардағы қосымша қолдайтын жүк көтергiш кран-арқалықтарды үдетiлген тiректерi сияқты қолданады.

Мостылы крандарға қарағанда, сыртқы ұқсастығы байланысты бекiтiлген тіректер немесе рельс бетон ауданы бойынша орын ауыстырады. Козловой крандар габариттi жүктердiң тасымалдауын, тиеу базалары үшiн алмастырылмайтын, ашық қоймалар және контейнерлiк терминал арқасында  жүзеге асыру қабiлеттiлігі жоғары болып табылады. Жүкті көтеру жүктемесi созушы емес, сығушы болып табылғандықтан, кран-арқалық құрылымы бойынша қауiпсiз, ұзақ өмiрлiк және сенiмдi болып келеді. Козловой кранның конструктивтiк ерекшелiктерiн қарап шығамыз. Ол тiректер, орын ауыстырудың тетiгi бар электротальдерiнен, жүрiс арбалары, электр жабдық, басқыш пульт және де басқару кабинасынан тұрады.

Негiзгi жұмыс құралдары: кранның фермасы, тiректер, жүрiс арбалары, жүк таситын арба, жүк көтеру тетiктері

Жүк таситын арбалар  бiр немесе екi, арқандарды жинау  үшiн қалдық тербелiстер және теңселтудi сөндiру жүйенi қолдануға, iлмектер, траверстер, грейферлер және магниттi басып алулар ретiнде қолдануға, төрттағанды кранды жүрiс бөлiгi немесе жүрiс сырғанақтарының қоюымен реттелетiн бола алады. Козловой крандарындағы ең жақсы жабдықталған эргономиялық кабина, жабулы машина бөлiмшесi мен электр аппаратты бөлмесі болады.

Крандар үлкен маневерностпен, тұрақтылықпен және өтімділікке  ие, құрылыстық алаңдарда жүтеу –  жүк түсіру жұмыстары кезінде  сонымен қатар құрылыстық конструкциялы  элементтерді жөндеу кезінде кеңінен  қолданылады. Орындаушы механизмдер  болып: жүкті көтеру механизмдері, атқыш ұшуының өзгеруі (ілмек), бұрылыстың және кранның қозғалуы. Шынжырлы крандар негізгі атқыштардан басқа меншікті атқыштармен және жүк таситын обойкаларымен жабдықталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Жүк көтеру механизмінің полистпаст жүйесінің элементтері мен жанасу элементтерінің параметрлерін анықтау

 

Жаппай жүктің асқын  жүктемесі үшін электрлі козловой кранның  жүккөтергіштігі Q=5т – дағы жүк  көтеру механизмін есептеу. Жүк көтеру жылдамдығы vг = 0,125 м/с. Көтеру биіктігі Н = 8 м. Жұмыс режимі – жеңіл, ПВ = 15% (1 кесте бойынша 3 топтағы жұмыс режимі).

 

Полиспаст – иілгіш байланыспен біріктірілген қозғалмалы және қозғалмайтын блоктар жүйесі. Полиспасттарды екі белгі бойынша жіктейді: міндеті бойынша :

- күшпен ұтатын күштік;

- жылдамдықпен ұтатын жылдамдық;

Құрылымы бойынша( барабанға оралатын жіптердің саны бойынша):

- дара немесе қарапайым:

- қабатталған.   

Полиспасттың еселігі  жүк ілулі тұрған жіптер саны бойынша  анықталады. Бұл ереже қарапайым  полиспасттарға да қолданылады. Қабаттасқан полиспасттардың еселігі жүк ілініп тұрған жіптердің санының жартысына тең.

Жылдамдық полиспасттары  күштікке қарама – қарсы болып  келеді. Оларда гидроцилиндрмен жетілдіретін жұмыс күштері блоктардың қозғалмалы сауытына түсіріледі, ал жүк бос  ұштарға немесе арқанның ұштарына ілінеді. Жылдамдық полиспасттарының еселігі қарапайым немесе қабаттасқан полиспасттың құрылымын ескере отырып, жұмыс күші түсірілетін жіптердің саны бойынша анықталады.

Жүк көтергіш машиналары – бұл циклден циклге өзгеріп  отыратын өз бетімен кеңістікті жолмен даналы және сирек сусымалы жүктерді циклді тасымалдайтын машиналар. Тасымалдаушы машиналар массалы әсіресе сусымалы жүктерді анықталған жолмен, үздіксіз ағынмен тасымалдауға арналған. Тиеу – түсіру машиналары сусымалы материалдар мен жеке жүктердің үлкен көлемін тасымалдаушы құрылғыға тиейді және оларды тасымалдаушы құрылғыдан түсіруді жүзеге асырады.

Жүккөтергіштік машиналарда  күштік полиспасттар қолданылады. Жетектік элементтерінің аз жылдамдықтарда жүктің орнын ауыстырудың жоғары жылдамдығын алуға мүмкіндік беретін жылдамдықтың полиспаттарды гидравликалық немесе пневматикалық көтергіштерде қолданылады.

Жүккөтергіш машиналарда қолданылатын арқандар, мүлдем иілгіш денелер болып табылмай, белгілі қаттылыққа ие болатындықтан, арқанның жиырылатын тармағы бірден түзетілмейді. Арқанның қаттылығы оның диаметріне, құрылымына, жіптердегі сымдардың санына және жіптердің санына, өзекшенің типі мен құрылымына, сымдар материалының механикалық қасиеттеріне және жеке сымдар мен жіптердің арасындағы үйкеліске байланысты болады. Блоктың ПӘК – іне тіректегі үйкеліске кететін шығындар аса елеулі әсер етеді, сондықтан дәлділігінің дәрежесі жеткілікті тәжірибелік есептеулер кезінде блоктың ПӘК – ін арқанның диаметрі мен құрылымынан, блок мөлшерлерінен және оны арқанмен құлаштау бұрышынан тәуелсіз етіп қабылдайды. 

Жылдамдық полиспасттардың  күштік полиспасттардан ерекшелігі - әдетте гидравликалық немесе пневматикалық  цилиндрмен дамытылатын жұмыс күші жылжымалы құрсамаға салынады, ал жүк арқанның бос ұшына ілінеді.


Кесте 1. Жүккөтергіш крандар  механизмдерінің жұмыстық тәртіп топтары СТ СЭВ 2077-80 бойынша

Кранның түрі, аталуы және пайдалануы

Механизмдердің жұмыс тәртіп топтары

Негізгі көтергіш

Көтергіштің қосымшалары

Арбашыктың қозғалуы

Кранның қозғалуы

бұрылу

Шығарықтың өзгеруі

басқалары

1

2

3

4

5

6

7

8

Текелі және жартылай текелі крандар:

монтажды жұмыстар үшін ілгекті

сол жүкті жұмыстар үшін

үзіліссіз пайдаланымдағы грейферлі

сол үзілісті пайдаланымдағы

 

 

3

5

6

5

 

-

-

-

-

 

3

5

5

4

 

3

4

5

4

 

3

5

5

5

 

-

-

-

-

 

-

-

6

5

Информация о работе Жүк көтеру механизмінің тағайындалуы, қолданылу аймағы және құрылғысы