Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 11:42, курсовая работа

Описание работы

Туризм – экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының маңызды факторы болып табылады.Туризмді дұрыс жолға қоя білу қыруар пайда табуға жол ашады. Қазақстанның туризмін экономиканың басымдылыққа ие саласы ретінде қарастыруға болады. Республикада туризм мен спортты дамытудың мемлеккеттік бағадарламалары қабылдануда.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………….............…………………….……..…3
1 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК ГЕОГРАФИЯСЫ..............................4
1.1 Географиялық орны, тарихы………………………………………...…......4
1.2 Табиғаты………………………………………………………………….....5
1.3 Аудандар бойынша туристік рекреациялық мүмкіншілігі……....….…6
2 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ………………………....10
2.1 Халқы……………………………………………………………..…….......10
2.2 Экономикасы…………………………………………………………….....13
2.3 Облыстың туристік инфрақұрлымының қазіргі жағдайы……………….16
3 ОБЛЫС ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛЫ...........................................................................................……20
3.1 Облыстағы туризм дамытудың проблемалары мен мәселелері…………20
3.2 Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары……………22
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………….…31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………

Работа содержит 1 файл

Ақтөбе облысының туризмінің қазіргі жағдайы мен болашағы. КУРСОВАЯ.doc

— 491.00 Кб (Скачать)

      Іскерлік келу туризмінің турмаршруттарын  жасау кезінде қатысушылардың  өзара әрекеттестігі ғана бизнес-турларға  сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік  береді және облыстың туристік имиджін нығайтады.

    Қызмет  көрсету бағдарламасын жасау  кезінде Орталық Азия елдерін  тану мақсатында саяхат  жасайтын туристер үшін біздің облыс транзиттік екенін, олардың біздің өңірде қысқа мерзімге келетінін ескеру керек.

    Туристердің негізгі ағыны – бұл жергілікті туристер және Қазақстанның басқа облыстарынан келген қонақтар. Туризмнің жасалынатын  инфрақұрылымы осыны ескере отырып құрылуы және оқушылар, жастар мен  жергілікті тұрғындар үшін қол жететіндей болуы тиіс.

    Көрші облыстарға қарағанда Ақтөбе облысының климаттық жағдайы жыл уақыттарын анық көрсетеді, тек жергілікті ғана емес, сонымен бірге көрші өңірлер тұрғындары да демала алатындай жыл бойғы туристік кешен құруға мүмкіндігі бар.

    Батыс Қазақстанның көлік тораптары шоғырланған облыстың географиялық жағынан қолайлы орналасуы облысты өңірлік туристік орталыққа айналдыруға мүмкіндік береді [20].

    Туристік  ұйымдар облыста 15 туристік фирманың туристік қызмет жүргізуге лицензиясы бар, қазіргі уақытта олардың 14-і: 2 туроператорлық және 12 турагенттік фирмалар жұмыс істейді. Бірқатар фирмалардың туристік қызмет саласында жұмыс тәжірибесі бар, 3 турфирма 2005 жылы туристік қызмет жүргізуге лицензия алды. Турфирмалар туризмнің түрлеріне, белгілі бағыттарына, үлгілеріне маманданады: әлемнің ке-келген еліне бару маршруттарын, бұл жыл сайын орташа 25 елді құрайды, іскерлік келу туризмінің халықаралық маршруттарын, чартерлік рейстер, шоп-турлар, Қазақстан бойынша ішкі маршруттар, жергілікті маршруттар ұйымдастырады. Туристік ұйымдар штатында 3-5 адамы бар шағын кәсіпорындар болып табылады [8].

    Әуе көлігі саласында  туризмнің әлемдік статистикасы бойынша келетін туристердің 84,8%-ы және баратындардың 70%-ы әуе көлігін артық санайды. Статистика бойынша біздің облыс туристерінің 70%-ы баратын маршруттарда әуе көлігін, 10%-ы – темір жол көлігін, 20%-ы қала аралық автобустарды пайдаланады.

    Ұшу-қону алаңын қайта жарақтандырғаннан  кейін облыста ұшу салмағы  және қарқындылығы шектеусіз кез-келген самолет типтерін қабылдай алатын, халықаралық стандарттардың барлық талаптарына жауап беретін әуежай орналасқан. Ақтөбе халықаралық әуежайы туризм үшін аса маңызды Қазақстан әуежайларының қатарына кіреді. Әуе бекеті кешенін қайта жарақтандырғаннан кейін туристер Еуропадан Азияға жэне Азиядан Еуропаға ұша алады.

    Ақтөбе  әуежайы арқылы Астанадан Стамбулға, БАӘ-не чартерлік рейстер жасалады. Ақтөбе туроператорлары Қытайға, Түркияға және т.б. туристік чартерлік рейстер  ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Ақтөбе әуежайын Еуропа, Азия елдерінен, Қазақстан  мен Ресей қалаларынан чартерлік рейстер ұйымдастыру кезінде аралық әуежай ретінде пайдалануға болады.

    Теміржол  көлігі саласында ірі тораптық бекеттері  бар, ұзындығы 1000 км-ден астам облыс  теміржолы Орталық Азия мен Европаның, Орал мен Маңғыстаудың маңызды бағыттарын, облыс орталығын елдің барлық өңірлерімен жалғастырады. Егер бару маршруттарында теміржол көлігін туристердің 10%-ы қолданса, ішкі маршруттарда - 90%-ға жуығы қолданады. Теміржол туристер үшін Қазақстан бойынша қозғалыстың негізгі құралы болып табылады. Туристердің ұйымдастырылған топтары – каникулдағы оқушылар, жеке туристер Түркістанға, Шымкентке, Алматыға, Астанаға және Қазақстанның басқа да демалыс аудандарына теміржолмен барады. Ұйымдастырылған туристік ағынның көбеюіне кедергі келтіретін факторлардың бірі аса сұранысқа ие маршруттар бойынша туристік маусымда жолаушылар поездарында орын санының шектеулілігі, вагон паркінің айтарлықтай тозғандығы және вагон санының жеткіліксіздігі, жолаушыларға сервистік қызмет деңгейінің төмендігі.

    Автокөлік саласында туристік мақсаттар үшін бару маршруттарында автокөлікті белсенді - 20% туристік ағын қолданады, ішкі маршруттарда жайлы автокөлікті қолдануға облыстағы ішкі жолдар жағдайы мен автокөлік қызметінің жоғары бағасы кедергі жасайды. Облыс аумағынан Шымкент-Қызылорда, Ақтөбе-Орал-Самара халықаралық автомагистральдары өтеді. Республикалық маңыздағы автожолдар бойында жол маңы инфрақұрылымының 56 объектісі, оның ішінде 1 – техникалық қызмет көрсету станциясы, 25 – жанар-жағар май станциясы, 1 – шағын қонақ үй, 24 – сауда және тамақтану орындары орналасқан.

    Облыста бірнеше автокөлік ұйымдары халықаралық  автобустар қызметін көрсетеді. Турфирмалар  туристердің ұйымдастырылған топтарын жалға алынған жайлы автобустармен  Сочиге, Санкт-Петербургке, Астанаға, Павлодарға, Орынборға, Волгоградқа және т.б. жібереді. Жеке туристер автобустармен ТМД және Европа елдеріне саяхатқа шығады.

    Жаңа  автожолдар салу, ескілерін қайта  жарақтандыру, жол маңы инфрақұрылымы  объектілері мен сервисті одан әрі  дамыту туризм саласына облыстың жаңа аудандарын тартады және ішкі және жергілікті туризмнің автосаяхаттары санын көбейтуге мүмкіндік береді [12].

2008 жылғы міндеттер:

  • Автокөлік жолдарын, көпірлер желілерін дамыту және сақтау;
  • Сазды өзені арқылы көпір құру. Бұтақ өзеніндегі салып жатқан көпірді аяқтау.
  • “Шұбарқұдық Ойыл-Қобда-Соль-Илецк” автокөлік жолының жөндеу жұмыстарын жалғастыру;
  • Елек өзені арқылы көпірлі жолы бар жобасын іске асыруды бастау және жобалаудың құжаттарын өңдеу;
  • “Хромтауға темір жол станциясына келу” жол құрлысын бастау;
  • 12 ауылды сумен қамтамасыз ету (бұл мақсатқа бюджеттен 625 миллион тенге шамасында қаржы бөлу);
  • “Ақтөбе-Мәртөк” газ жүретін магистральының құрлысын жалғастыру;
  • Ембі қаласының газификациясын жалғастыру, сазды паселкісіне газ жіберу құрлысын бастау.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
    1. ОБЛЫСТЫҢ  ТУРИЗІМНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПОТЕНЦИАЛЫ
 
 

    3.1 Облыстағы туризм дамытудың проблемалары мен мәселелері 

   Туризмнің белсенді түрлері облыс территориясында Ырғыз, Елек, Орал, Қарғалы, Сазды, Ембі, Темір, Хобда өзендері ағып өтеді. Көктем айында сулар жиналады, өсімдіктер мен жануарларды суарады, ормандар мен шабындықтарды суарады. Тек Орал өзені ғана теңізге дейін жетеді. Қарғалы, Ақтөбе, Сазды қалаларының танымдағы жасанды су қоймаларына көптеген кішкентай минералды және органикалық тұздары бар өзендер толықтырады. Туризмнің спорт бұхаралық түрлерін қалайтындар өзендерде байдаркалармен саяхаттайды, дала жолдары мен мотоциклдарда жүреді, асқпай велосипедпен жүруге болады, жаяу жүріп саяхат жасайды сонымен бірге үңгірлерге түсуге болады.

   Іскерлік  туризм қаржы қызықтыратын Ақтөбе аймағы қазіргі уаққытта, көптеген іскер адамдарға белгілі Менделеев таблициясының барлығын жер қойнауынан табуға болады. Қазақстанның ірі өндіріс және ауыл-шаруашылық аймағы, оның экспорт өнімдері  жақын және алыс шетелдерге белгілі, облыстың пайдалы географиялық жағыдайы көлік коммуникциясының желісінің дамуын айқындайды, жер шарының қандай нүктесінен болмасын операторлық хабарды жеткізетін телекоммуникациялық мүмкіндіктері зор. Іс – сапарлар мен келген облыс орталығының қонақтары қаланың мейрамхана кешендерінің толық жағдайына таң қалады. Барлық жағдайларын жасау үшін конференс залдар, сауна мен бассейіндер, бильярд залдары, бизинис орталықтары, денешынықтыру залдары бар. Ақтөбенің туристік ұйымдары сұраныс бойынша экскурсиялар ұйымдастырады.

   Аймақтану мұражайлары. Егер қонақ қалада көп уақыт болса, мұражайға барған соң аймақ туралы ақпарат ала алады. Мұражай 1926 жылы құралған, онда ғылыми зерттеу, мәдени ағартушылық орталық болып табылады. Геологиялық көрме. Бұнда Батыс Қазақстанның жерінің 40 мың нұсқаулары зерттеледі және сақталады. Ғылми көрмеде 2,5 мың табиғи миниралдар мен аймақтық ерекше тас мүсіндері қойылған. Көрме залы мен галлерея «Соло» сіздерді қолданбалы өнердің шеберлері мен суреттшілерінің шығармашылығы мен таныстырады. Облыстың филормония, драма театры, «Алақай» куыршақ театры, сатиралық театр немесе қазіргі «Локомотив» кинотеатры, студенттер сарайындағы концерттік бағдарламалар, мерекелік шаралар және спорт ойындары тек қана жақсы уақыт өткізу үшін ғана емес, сонымен бірге сіздің есіңізде жарқын елес болып қалады.                                                                                                       

   Танымдық  туризм. Ақтөбе облысы 12 ауданнан тұрады әр бір ауданның өзінше ерекше тарихи жағдайлар мен табиғи жағыдайлардың жазбалары бар. Торғай мемлекеттік қорығы Ырғыз даласында Торғай, Ырғыз, Ұлқайақ, Телқара және Сарөзек өзендері қосылуынан құралған шөлейт аймақтан құралған 30 үлкен және кіші өзендерден тұрады. Миллиондаған құстар Сібірге ұшатын және күзде керісінше ұшатын құстар осы өзендерге тоқтап бірнеше апта болады, көпшілік қалып кейде ұяда салады. Бұл кездері көлдер демалып жатқан және балаларын тамақтандырып құстардың мамықтарымен толығады. Құстардың 49 түрі болады. 1967жылы Ақтөбе облысының шығысында 348 мың гектар көлемінде Торғай мемлекеттік табиғи – зоологиялық қорығы құрылды. Сулы аймақтағы жалпы аймақтың 22%-ын немесе 40мың гектар құрайды. Қорықтың табиғатты қорғаудың халқаралық ұйымының тізіміне қосылған [17].

    Экологиялық туризм. Облыстың табиғи жан-жақтылығының көлемі өте күшті: солтүстігінде бұлағы бар орманды алқаптарынан бастап, оңтүстігінде шөлейт тақырлармен өлі сорлар, орталық бөлігінде барханды құмдармен дала аймақтары бар.

     Облыстың  барлық аумағындағы орман көлемі 1 %-ды құрайды. Қолдан отырғызылған ағаштар бірінші ХVII ғасырдың аяғымен ХVIIІ ғасырдың басында облыстың кейбір аудандарында отырғызылды. Қазыр сол қарағай ормандарға үш ғасыр уақыт болды

   Халық дәстүрлері сақталған әлі күнгедейін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріледі. Саяхатшыға Мұғалжар таулары бойынша бағыт ұстауға болады. Дала бойынша ағатын көлдер көлшіктер бастауын Мұғалжар тауларынан алады. Арал, Кәспи далаларының сол түстігі шығыстан батпаққа өтетін ауыз үй сияқты болады. Экологиялық туризмді дамытуға қолайлы орындар болып қорықта, қорықшалар, ұлттық парктер, ерекше қорғалатын табиғи орындар.

   Жаманшын  метеоритті кратері  39-53 милл. жыл  бұрын вертикалды теңізге түскен метеорид кратері туралы тек қана мамандар біледі. Адамдар бұл туралы ешнәрсе білмеген. Ал жуықтап алғанда 1 милл. жыл бұрын метеориттың құлаған жері жаманшы“Жаман жер”деп аталды. 1989 жылығы Ресейдің, Канаданың, АҚШ-тың, Германияның және Қазақстанның қосылған экспедициясының айтуы бойынша метеориттың құлауы өз кезеңінде табиғи геохимиялық жағдайды өзгертті және қөп уақыт бойы жабық жер болды. Жарылыс салдарынан, тереңдігі 700 метр және диамерті 5,15км шұңқыр пайда болды. Ақтөбе жерінің орта ғасырлық және көне тарихы тұралы Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері көп. Бірақ осы ерекше аймақтың қасиеттерінің әліде ашылмаған қырлары қөп. Обылыс териториясында көптеген қорғандар бар және архиологтар оларды біздің заманымызға дейін Х-ХІ ғасырға жатқызады [6].

    Ақтөбе  облысының туризіміне байланысты мынадай  бағдарлама жасалған. Ол бағдарламада келесі мәселелерге тоқталған:

    1. Экологиялық туризм – тұрақты даму факторы
    2. Облыстың туристік нарығы.
    3. Келу туризмі
    4. Ішкі туризм
    5. Шығу туризмі
    6. Туристік ұйымдар қызметінен түсетін жалпы табыс
    7. Туристік қызметті қолдау және мемлекеттік реттеу жүйесін дамыту
    8. Маркетинг және қазақстандық туристік өнімді жылжыту
    9. Экологиялық туризм – тұрақты даму факторы
    10. Туризмді кластерлік дамыту
    11. Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 
 

  3.2 Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары 

    Ақтөбе  облысында туризмдә дамытуға арналған бағдарлама бар. Бағдарлама 2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 5 қыркүйектегі №903 қаулысымен бекітілген 2003-2006 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің Бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 6.6.12 тармағына сәйкес әзірленді.Туристік инфрақұрылымды дамыту және қазақстандық туристік өнімді әлемдік нарыққа жылжыту мақсатында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы», «Туропреатордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 наурыздағы №333 Қаулысымен Қазақстандағы туризмді дамыту Тұжырымдамасы, сондай-ақ туристік қызметті реттейтін бірқатар басқа да нормативтік-құқықтық актілер бекітілді. Туризм экономиканың басым салаларының бірі ретінде белгіленген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерге байланысты қазіргі уақытта туризмді дамытуға ерекше маңыз беріледі. Ақтөбе облысының Қазақстан туризмінің ерекше қорғалынатын объектілерінің Тізбесіне енген бірегей объектілері бар, географиялық жағынан тиімді орналасқан, айтарлықтай туристік әлеуетке ие. Бұлар – Жаманшың метеорит кратері, Айдарлы аша бірегей геологиялық қимасы, Торғай зоологиялық табиғи қорығы және басқалары. «Мәдени мұра» республикалық бағдарламасына енгізілген 14-15 ғасырлар ескерткіші Абат Байтақ кесенесі қалпына келтірілуде. Облыста тарихи-мәдени, табиғи ескерткіштерді сауатты пайдалануға және демалыс пен туризм инфрақұрылымы объектілерін құруға ерекше көңіл бөлінетін болады. Туризммен аралас салаларды дамытуға (көлік-коммуникация инфрақұрылымы, сервис, құрылыс, сақтандыру және басқалары) және инвестициялық белсенділікті ынталандыруға негізделген Ақтөбе облысы туристік өнімін кешенді іске асыру жұмыспен қамтуды және тұрғындар табысының тұрақты өсімін қамтамасыз етеді. Бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі аспектілерін қамтиды. 2006-2008 жылдарға арналған Ақтөбе облысында туристік саланы дамытудың өңірлік бағдарлама аясында туристік саланың қызметін реттеу, туризмді дамыту мақсатында мемлекеттік басқару мен қолдауды қамтамасыз ету қарастырылған. Бағдарламаның басты мақсаты – бәсекеге қабілетті туристік индустрияны дамыту және оны экономиканың жоғары кірісті секторына айналдыру үшін жағдайлармен қамтамасыз ету. Бағдарлама тартымды туристік өңір ретінде Ақтөбе облысының имиджін қалыптастыруға; туризм индустриясын дамыту үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға; тартымды турөнім жасауға және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған. Қойылған мақсаттарға сәйкес алғашқы кезектегі міндеттер:

Информация о работе Ақтөбе обылысының туризм дамытуының жаңа бағыттары