Аудиторлық мәнділік деңгейін анықтау
Курсовая работа, 20 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Нарық шартында кәсіпорын, кредиттік ұйымдар және тағы да басқа иелік ететін объектілер мүлікті пайдалану, ақша қаражаттарын, көптеген коммерциялық операцияларды және инвестицияны пайдалану арқылы келісім шартқа түседі. Бұл қарым-қатынас сенімді болуы үшін қатысушылар өздеріне қажетті қаржылық ақпараттарды алып және пайдаланып отыруы қажет.
Содержание
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
1 ҰЙЫМ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
1.1 Меншікті капитал ұғымы, мәні, маңызы.............................................6
1.2 Есеп объектісі – «Нұрлы жол» ЖШС-нің
экономикалық көрсеткіштерін талдау....................................................8
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру........12
2 СЕРІКТЕСТІКТЕГІ МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ЕСЕБІ
2.1 Жарғылық капитал салымының есебі...................................................16
2.2 Резервтік капиталдың есебі....................................................................20
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі…………………………..22
3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті капитал аудитінің мақсаты, ақпарат көздерімен
қамтамасыз етілуі………………………………………………………25
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті…………………………………….29
3.3 Серіктестіктегі меншікті капиталға талдау....................................................49
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................56
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................59
Работа содержит 1 файл
Диляра.doc
— 598.50 Кб (Скачать)
2.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
Кәсіпорынның қорытынды табысынан бюджетке төленетін салықтарын және табыстың есебінен өтелетін басқадай шығындарды төлегеннен қалған сомасы есепті жылдың «бөлінбеген пайдасы (жабылмаған зияны)» болып табылады. Ұйымдарда «бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның)» есебі:
- «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»;
- «Өткен жылдардағы бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Бөлінбеген пайда көбейгенде (келіп кірістелгенде) «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шоты кредиттелінеді. Ал керісінше бөлінбеген пайданың жұмсалуы немесе осы жылғы шеккен зиян «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» шотының дебитіне жазылады.
Мысалы:
- есеп беретін жылғы шаруашылық субъектісінің шеккен қорытынды зиянының сомасына:
Д – т:
«Есепті жылдың бөлінбеген
К – т: «Жиынтық кіріс (зиян)» шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
Ұйым өзінің кірісі есебінен резервтік қор құрған уақытта оған тиісті сомаға:
Д – т:
«Есепті жылдың бөлінбеген
К – т: «Заңмен белгіленген резервтік капитал» немесе
«Басақадай резервтік капитал» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.
- Акционерлік қоғамның (кәсіпорынның) акционерлерге (серіктестіктерге) дивиденд ретінде төлейтін немесе төлеген сомасына:
Д – т:
«Есепті жылдың бөлінбеген
К – т:
«Артықшылығы бар акциялар
«Орындалатын
жұмыстар мен көрсетілетін
- Акционерлерге (серіктестіктерге, қатысушыларға) дивидендтерді төлегеннен қалған есеп беретін жылдың бөлінбеген кірісі сомасына:
Д – т:
«Есепті жылдың бөлінбеген
К – т:
«Өткен жылдың бөлінбеген
Жалпы акционерлік
қоғамның немесе қандай да
бір кәсіпорынның құрылғаннан
бастап жұмсалмаған (
Есепті жылдың
соңында барлық
Егер кәсіпорын зиян шексе жылдың аяғында
«Есепті жылдың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)» деп аталатын шот дебиттелініп,
«Жиынтық кіріс
(зиян)» деп аталатын шот
Ал егер кәсіпорын пайда тапқан болса:
«Жиынтық кіріс
(зиян)» деп аталатын шот
«Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)»
шоты кредиттелінеді.
3 МЕНШІКТІ КАПИТАЛДЫҢ АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ
3.1 Меншікті
капитал аудитінің мақсаты,
Аудиттің тексеру кезіндегі мақсаты бұл ұйымның жұмыс істеп жатқан кезеңінде, яғни тіркелген күннен бастап қайта құрылуға немесе жойылуға дейін қызметі заңды негізде рәсімделген тексеру болып табылады[7, 22б.].
- Қаншалықты толық және уақытысында барлық керек құжаттар рәсімделді, ұйым.
- Жұмыс істей бастады;
- Жұмысын жалғастыра берді;
- Жұмысын тоқтатты.
- Құрылтайшыларымен есептесу толықтай көрсетілген бе:
- Жарғылық капиталдың құрылу бойынша;
- Аралық есептесулер бойынша;
- Соңғы есептесулер бойынша.
- Салық заңға сәйкес есептелген бе.
Осы сұрақтарға жауап беру үшін аудиторлық мекеме ұйымды тексеру кезінде келесі әсер ететін факторларды ескеру қажет:
- ұйымдастыру-құқықтық форма;
- меншік түрі;
- құрамын;
- мәртебесін (холдинг, серіктестік);
- қызмет түрін;
- жұмыс істеу аумағын[12].
Тексеру кезінде аудитор кем дегенде төрт бағытта жүргізу керек: 1.құрылтайшылық құжаттар аудиті, 2. жарғылық капиталдың құрылу аудиті, 3. құрылтайшыларымен есептесу аудиті, 4. жарғылық капитал құрылғанда және құрылтайшыларымен есеп айырысу кезіндегі салық салу аудиті[6, 94б.].
Бірінші бағыттағы тексеру
ұйымның қазіргі заңдарға сәйкес
жұмыс істеуге құқығын
Бағыттарды таңдағаннан кейін келесі міндетті тексерулер шығады:
- заңды негізде ұйымның жұмыс істеуге құқығы бар екенін растау;
- жарғылық капиталдың дұрыс құрылғанын растау;
- құрылтайшылармен аралық және соңғы есептеулер дұрыс екендігін растау;
- жарғылық капитал уақытысында және дұрыс құрылғанын анықтау;
- құрылтайшыларымен дұрыс және толықтай есептескенін анықтау;
- бухгалтерлік (қаржылық) есеп беру дұрыстығын растау, соның ішінде:
- жарғылық капиталдың құрылымы және көлемі;
- құрылтайшылардың жарғылық капиталға салымдар бойынша қарыздары;
- акционерлерден сатып алған меншік акциялардың саны;
- құрылтайшыларға табыстарын төлеу бойынша қарыздар;
- ұйымдастуры шығындары. Басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарға қаржылық салымдар.
- Есептесу негіздерінің барын және дұрыстығын анықтау. Жарғылық капиталға салым ретінде салынған материалдық бағалы заттар, материалдық емес активтер, құнды қағаздар және т.б. бағалау.
- Жарғылық капиталда және басқа экономикалық ұйымдарда қатысқан үшін алынған табыстар уақытысында және дұрыс алынғанын анықтау;
- Салықтар және басқа міндетті төлемдерді дұрыс есептегенін анықтау.
Ұйымның аудиторлық тексеру кезінде аудитор, заңдарға сәйкес емес, бар мәліметтердің толықтығына сүйеніп құрылтайшылардың құжаттарына сараптама жасау керек, ол келесідей мүкіндіктер береді:
- Ұйымның қызметін іске асырады;
- Есептесулерді іске асырады;
- Міндеттерді іске асырады;
- Жарғылық капиталдың, резервтік қорлардың құрылуын іске асырады;
- Құрылтайшылармен есептесуді анықтау;
- Шарттардың және т.б. құқықтық салықтық нәтижелерін анықтау.
Сонымен қатар құрылтайшылық құжаттар сараптау кезінде алынған ақпараттар аудитор басқа есеп операцияларда және жерлерде қолдана алады.
Құрылтайшылық құжаттарын сараптау кезінде мыналарды анықтау қажет:
- ұйымның басқару құрылымын және белгілі шешім қабылдау үшін барлық деңгейдегі бағыттардың өкілеттілігін;
- құрылтайшылық құжаттарда болған өзгерістер (егер олар болса) уақытысында өзгерістер енгізді ме;
- ұйым қызметінің түрі;
- ұйым құрылтайшыларын;
- жарғылық капиталдың көлемін және әр құрылтайшының сол жарғылық капиталдағы үлесі;
- жарғылық капиталға құрылтайшылар өз үлестерін уақытысында қосқанын;
- жарғылық капиталға қосқан үлестің түрін және көлемін орнату;
- жарғылық капиталға қосқан салымдар бойынша құжаттар дұрыс рәсімдегенін;
- экономикалық ұйымның ұйымдастыру құқықтық формасы (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар);
- тексеріліп жатқан экономикалық ұйым кіші кәсіпкерлік қызметімен айналысады ма;
- барлық міндетті төлемдерді төлегеннен кейін табыстар дұрыс бөлінген бе;
- міндетті төлемдерді төлеген соң экономикалық ұйым жылдың аяғында қалған табыс қалай таратылды;
- жарғылық капиталдың құрылуы бойынша бухгалтерлік құжаттардың және бухгалтерлік проводкалардың дұрыстығын анықтау;
- бастапқы құжаттармен және бухгалтерлік есеп регистрлері “Басқалары” шотты және 5000 “жарғылық капитал” бөлімшелерін салыстыру.
Аудиторлық тексеру кезінде келесі құжаттар қолданады:
- ұйымның жарғысы;
- құрылтайшылық келісім шарт;
- ұйымның ішкі кәсіпкерлікке патент;
- мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлік;
- статистика органдарында, мемлекеттік салық инспекцияда, жинақтаушы зейнет ақы қорында, Әлеуметтік сақтандыру қорында, дәрігерлік міндетті сақтандыру қорларында, экологиялық қорларында тіркелген туралы куәлік;
- банктік қызмет ету туралы шарт;
- құрылтайшылық құжаттарға өзгертулердің тіркелгені;
- эмиссия проспектісі;
- акционерлік қоғамдарға акционерлердің реестрі;
- белгілі қызметке лицензиялар және рұқсат қағаздар;
- берілген сенім хаттардың тіркелу журналдары;
- ішкі жағдай;
- құрылтайшылардың өз үлестерін жарғылық капиталға ақша, натуралды материалдық емес түрде немесе құнды қағаздар (банк көшірмесі, кассалық кіріс ордер, натуралды түрде берілген, мүлікті кірістер актілері) түрінде қосқаны туралы растайтын құжаттар;
- жарғылық капиталға натуралды немесе материалдық емес түрінде қосқан үлестерінің бағалау әдістері;
- ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қызметтің бастапқы кезеңнің емес беру;
- жылдық есеп беру;
- ұйымның қайта құру немесе тарату күніне есеп беру[14].
3.2 Меншікті капитал есебінің аудиті
Меншікті капиталдың негізгі элементі жарғылық капитал, яғни кәсіпорын құрғанда және оның қызметін қамтамасыз ету үшін қатысушылардың меншікке салынған үлестерінің жиынтығы. Жарғылық капиталдың құрылуы және орындалу функциялары кәсіпорынның құқықтық – ұйымдастыру формаларға тікелей байланысты болады.
Ұйымда жарғылық капиталдың орындайтын үш негізгі функцияны көрсетуге болады. Екіншіден, ұйымда жарғылық капиталдың құрылу әр бір қатысушының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, өйткені жалпы жиналыста қатысушылардың дауыстары және табыстың (дивиденд) көлемі соған сәйкес анықталады. Үшіншіден, жарғылық капитал үшінші тұлғаның алдында міндеттерді орындауды кепілдік береді, сондықтан заңда оның төменгі көлемі көрсетілген.
Ұйымда жарғылық капиталдың бұл функциялар қалай орындайтынын қарастырайық.
Бұл үш функция толығымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және акционерлік қоғамда орындалады, себебі жарғылық капитал қатысушылардың және акцияларға жазылғандардың үлес есебімен қалыптасады[13].
Толық және коммандиттік серіктестіктерде жарғылық капитал бір ғана функция орындайды – ол мүліктік негіз болып табылады. Бұл капитал қатысушылардың басқаруда үлесін анықтамайды, өйткені әрбір қатысушы салымның үлесіне қарамастан бір ғана дауысқа ие болады. Жарғылық капиталдың көлемі болса да, серіктестіктердің несие берушілерінің мүдделерін қатысушылардың мүліктері қамтамасыз етеді, сондықтан кепілдік функциясы орындалмайды.
Қазіргі кезде кооперация
өндірістік кооперативтері ғана ұсынады.
Бұндай ұйымдардың ең негізгі айырмашылығы
бөлінбейтін мүлік болып
Солай, өндірістік кооперативтің жарғылық капиталы кәсіпкерлік қызметті жүргізу үшін қатысушыларымен біріктірілген, мүліктің жалпы сомасы.
Өндірістік кооперативтерде шаруашылық серіктестіктерде сияқты пайдың мүшелері әдетте қатысушылар кісіпкерлік жұмыспен айналыспайтын сол жерде жұмыс істейтіндер болады. Кооперативтердің басқару жұмысына қатысу, пайдың көлеміне байланысты емес және бір пай бір дауыс принципімен құрылады. Табысты үлес қатысушылардың арасында бөлген кезде олардың мүлік жарнасының көлеміне ғана емес, сонымен бірге еңбекпен қатысуының дәрежесіне міндетті түрде қарайды. Кооперативтің жарғылық капиталының көлемі және оның құрылуы кооперативтің жарғысымен құрылады. Солай өндірістік кооперативтердің жарғылық капиталы мүліктік және кепілдік функцияларын орындайды.