Қылмыстың обьективтік жағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 13:40, курсовая работа

Описание работы

Қылмыстың обьективтік жағы

Содержание

Кіріспе……………………………………………….…................................4
1. Қылмыстың обьективті жағы…………………………………………….6
1.1. Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі………………………….…6
1.2. Қылмыстың обьективтік жағының маңызы……………………….…...7

2. Қылмыстың объективтік жағының факультатитвтік белгілері………..20
2.1. Қылмыс жасаудың әдісі,орны, уақыты, жағдайы……………………..20
2.2. Қылмыс жасаудың құралдары мен қарулары………………………24


Қорытынды………………………………………………………….…………26
Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………28

Работа содержит 1 файл

Қылмыстың обьективтік жағы.docx

— 50.11 Кб (Скачать)

     Барлық  себепті байланыстардың ең ортақ  белгісі-олардың көп  мағыналылығы. Бұл шындап  келгенде, өмірде  бір ғана салдар, бір ғана себептен туындайтын жағдайдың өте сирек екендігін көрсетеді.

      Әдетте  себептің өзі бірнеше жағдайларға  байланысты туындап, өз кезегінде бір емес, бірнеше әр-түрлі құбылыстарға- салдарға жол береді.

Осыған  байланысты, себепті байланыс көбінесе екі құбылыстың өзара  әрекеті  емес, бірқатар құбылыстардың жиынтығы.

      Себеп пен салдардың ортасын  осы  екеуін байланыстырушы буын ретінде  танымал құбылыстар мен жағдайлардың ұзын саны бөліп тұруы да сирек емес.

Сондықтан, себепті байланыс-сырт көзге қарағанда  жэүйелі өтіп жатқан «көрші» оқиғалар арасындағы  байланыс қана емес.

      Сол сияқты, қылмысты салдар да бір ғана емес, бірнеше істің нәтижесінен мүмкін, бұл жағдайда себептердің бүкіл жиынтығын ескеру керек.

      Мысалы, құрылысшылар жолдың бойынан  қазған орынды қоршамастан кетіп қалды делік, ал осы жолмен түнде келе жатқан жүргізуші дұрыс көңіл бөлмей жол апатына ұшырады да, қасында отырған адам  қайтыс  болды.

     Мұндай  жағдайларда әрбір қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен орын алған салдардың арасында себепті байланыстың болу яки болмауын анықтап білу қажет.

      Оның  ішінде бұл жағдайлардың өзара байланысының сипатын және әрқайсысының қылмысты салдарын орын алғандығына  объективті маңыздылығының қаншалықты екендігін қадағалау  қажет.

      Көптеген  себептердің нәтижесінде орын алған  бір ғана қылмыстық салдардың болуы – бір ғана  қылмыстық құқықтық баға беліледі деген сөз емес.

     Бірнеше адамның бір салдардың келтіруі түрлі қылмыс құрамын білдіреді, осыған орай  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің Ерекше болімінің түрлі баптары, осыған  орай  Қазақстан Республикасының Ерекше  ьөлімінің түрлі   баптары  бойынша сараланады.

      Жоғарыда  келтірілген   мысалда  құрылысшылардың  әрекеттері  Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодекстің 245-бабы бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізу ережесін бұзу, ал жүргізушіннің әрекеті жолда жүру  және көлдік құралдарының басқару ережелерін бұзу (Қылмыстық  Кодекстің 296-б)  деп бағаланады.

      Қылмысты  істі алдын-ала тергеп не сотта қарап, қоғамдық қауіпті іс-әрекет пен қоғамдық қауіпті салдардың  арасында себепті байланыстың болу-болмауын шешу барысында, қоғамдық  қауіпті салдардың шындығында орын алғандығын анықтаумен шектелмей, дәл сол кезде тиісті қылмыс құрамына  тән белгілері бар  қоғамдық қауіпті  іс-әрекет жасалды-ма –соны білу керек.

      Бұл  жағдайды  ең  алдымен  белгілі  бір   ережелер мен нұсқауларды бұзу –қылмыс құрамының объективті  жағының белгісі болып танылатын кездерді   ескеру керек.

      Мысалы , егер жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан  жүргіншіні  басып кетіп, ол  өліп қалса, жүргізушінің әрекеті (басып кету) мен орын алған салдардың (жәбірленушінің  өлімі ) арасындағы  себепті байланыс туралы мәселені  бірден шешуге болмайды.

      Жүргізушінің  арнайы бір ережелерді (жол қауіпсізідгі және көлік құралдарын  пайдалану ережелерін ) бұзғандығын анықтау керек, себебі жолдан өтушінің өлімі бұл ережелерді бұзудың нәтижесінен болмауы да мүмкін.

      Бұл жағдайлардың барлығын да  тиісті ережелерді  бұзу  қылмысты іс-әрекеттің объективті жағына  қосылады, ал егер  ереже бұзушылық табылмаса, әрине , тиісті қылмыс құрамыда болмайды.

      Себепті байланысты  анықтаудың келесі бір шарты –сабеп  пен салдар болып есептелетін құбылыстардың сыртқы бірізділігі.

      Қоғамдық  қауіпті іс-әрекет ( әрекет немесе  әрекетсіздік) уақыты бойынша  қылмыстық салдардың алдында  болуы керек.

      Мысалы, жинақ банкінің  бақылаушысы қылмыскер  ақша алған  құжаттың дөрекі түрде  жалған жасалғанын байқамағандықтан өз ісіне  үстіртін, қызметтік міндетіне  немқұрайлы  қарамағаны үшін кінәлі деп табылады.

      Бір қарағанда бұл оқиға бойынша мүліктік зиян, шынын да, лауазымды адамның өзінің  қызметтік міндетін өз міндетіне атқармауы нәтижесінен орын алған болып табылады.

      Алайда, істі сотта қарау барысында, бұл банктегі операциялар жүргізу  тәртібіне сәйкес бақылаушының  қолына  төлем құжаттары кассир ақшаны беріп болған соң  ғана келіп түсетіндігі айқындалды.

      Сот банк бақылаушысының  әрекеттері мен  орын алған  салдар арасында  себепті  байланыстың болмағандығын атап көрсетіп, бұл қылмысты істі заңды түрде өндірістен қысқартты.

      Екі құбылыстың  арасында себепті  байланыстың  болуын шешу үшін олардың сыртқы  бір ізділігін ғана анықтау жеткіліксіз.

      Олардың біреуі (жасалғаг қылмыстық қауіпті іс-әрекет) екіншісінің

(қоғамдық  қауіпті салдар) орын алуына  белгілі бір жолмен әсер етуі керек.

      Себепті байланысты  анықтау кезінде  қылмысты  нәтиженің орны алу  себебі ретінде  адамға жүктеліп отырған қоғамдық  қауіпті іс-әрекет бұл нәтиженің орын алуына  қажетті шарт болғандығын айқындап алу керек.

      Сонымен қатар, атаған жағдай қылмысты істі  тергеу  және сотта қарау кезінде  сот пен тергеушінің себепті байланысты  анықтау жұмысына  қажетті  буын ғана екендігін атап өту керек( салдары мен істердің  оқиғаларының бір ізділігін анықтау сияқты).                   

      Сот жұмысында мынындай оқиға болған. Жүргізуші  жол қозғалысы  ережелеін бұза отыра, жұк артушы жұмысшыларды самосвал  машинасының артқы қорабына отырғызып алады.

      Жол бойында олардың біреуі машинадан  секіріп дөңгелектің  астына түседі де қайтыс болады.

      Жүргізушінің  автокөлікпен жүргізу ережелерін бұзуы  қылмысты  нәтиженің орын алуының  қажетті шарты бола тұра (егер жүргізуші  тиісті ережелерді бұзбаса, жәбірленуші  де  қайтыс болмас еді), сот жүргізушінің автокөлікпен жүру ережелерін бұзуы мен жәбірленушінің қайтыс  болуының  арасында себепті байланыстың болмағанын дұрыс анықтады.

      Шетелдік  қылмыстық-құқықтық әдебиетте кезінде  эквиваленттік теориясы таратылды. Бұл теорияға сәйкес, жасалған іс-әрекет орын алған салдардың қажетті  шарты болып табылатындығы анықталған жағдайлардың барлығына себепті байланыс мойындалып отырады.

      Қандай  болмасын бір жағдайлардың орын алған қылмысты  нәтижесінің қажетті шарты арқылы  жүзеге асырылып отырды.

      Болып өткен шарттардың ішінен  адамның  көңіл аудартқан қылығы  ойша алып тасталатын.

      Егер  осы кезде бұл іс-әрекет болмағанда салдар туындамайтындай көрінсе, онда  ол осы істің өзі қылмысты нәтиженің  орын алуының қажетті шарты, осыған орай, оның себебі дегенді  де білдіретін.Бұл теорияның метологиялық дәрменсіздігі –оның оқиғаның орын алуына дейін болып өткен шарттардың (бұрын немесе қазіргі) теңдігі туралы қате  болжамнан өрбитігіндігінде. 
 
 
 

2. Қылмыстың   объективтік    жағының факультатитвтік   белгілері

2.1 Қылмыс     жасаудың   әдісі,  орны,  уақыты,  жағдайы

      Қайсыбір қылмыстар белгілі бір уақытта, белгілі бір жағдайда немесе белгілі бір тәсілмен, құралмен жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларда қылмыстың объективтік жағының осы факультативтік белгілері арқылы  іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігіне елеулі әсер етуі мүмкін.

     Сол себепті заң  шығарушы оның әрқайсысын белгілі бір нақты қылмыс құрамының негізгі белгісі етіп көрсетуі мүмкін.

      Қылмыстың тәсіліл дегеніміз кінәлі адамның іс-әрекетті істеудегі қолданылатын әр түрлі әдістер мен айлалары  болып табылады. Қылмыстың істелу тәсіліл бойынша меншікке қарсы қылмыстар (Қылмыстық  Кодекстің 175,178,179-баптар) бір-бірінен ажыратылады.

      Қасақана  кісі өлтіру де аса қаталдықпен немесе көптеген адамның өміріне  қауіпті тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін(96-бап,2-бөлігі, «д», «е» тармақтары).

     Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында тыйым  салынған механикалық көлік немесе әуә көлігінжарылғыш заттарды, газдарды,т.б. пайдаланып аң аулағаны үшін жауаптылық көрсетілген (288-бап,1-бөлігі,»б» тармағы).

      Қылмыстық кодекстің өрт қою,жару арқылы немесе өзге де жалпы қауіпті әдістермен бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін жауаптылық белгіленген(187-бап,2-бөлігі, «а»тармағы).

      Қылмыстың істелу жағдайы кейбір реттерде қылмыс құрамының объективтік жағының қажетті белгісіне айналып кетеді.Бұл көбінісе әскери  қылмыстарда кездеседі.

Мысалы, Қылмыстық  кодекстің 367 –бап, 3-бөлігі,367-бап, 3-бөлігі, 368-бап, 3-бөлігі,369-бап,3-бөлігі,тағы басқалары.

      Қылмыс  істелу орны біріншіден қылмыс істеген кеңістікті,екіншіден жер бетінің қай бөлігінде қылмыс істелгенін анықтайды.

Мысалы, Қылмыстық кодекстің қылмыстың  істелу орны теңіз немесе су жолы, ашық теңіз, қшрылықтық шельф, ерекше  экономикалық аймақ. Орман деген ұғымдармен, ал кейбір жағдайларда қылмыс істелу орны үй немесе қойма (Қылмыстық Кодекстің 175,178,179-баптар), бас бостандығынан айыру орны (Қылмыстық  Кодекстің 36-бап) тыйым салынған аймақ(Қылмыстық  Кодекстің 248-бап) болып көрсетілуі мүмкін.

Қылмыс  істеу мерзімі қылмыс құрамының  объективтік жағының белгісі ретінде өте сирек кездеседі.

      Қылмыстық құқықта мерзім   деген  ұғымға тәулік, жыл уақыты, сондай-ақ бір жағдайлар  жатады.

      Мысалы, соғыс уақыты. Сот тергеу тәжірибесіннде істелген  қылмыстың қайсы мерзімде болған, қанша уақытқа созылғаны (дезертирлікте) қоғамға зиянды зардаптың қашан орындалғаны сот – тергеу құжаттарында міндетті түрде көрсетіледі.

     Кейбір  баптарда  қылмыс істеу мерзімі құрамы объективтік жағының белгісі ретінде көрсетіледі.

Мысалы, Қылмыстық кодекстің 288- бабында  тыйым салынған мерзімдерде құстар мен аңдарды аулағаны үшін жауаптылық белгіленген. Соғыс уақытында бағынбау  немесе оны өзгедей орындамау(Қылмыстық  Кодекстің 367-бап,3-бөлігі), тағы басқалары. қылмыстарда қылмыс істелу мерзімі құрамының объективтік жағының белгісі ретінде көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің 53-бабында қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән- жайлар айтылған.

     Осылардың ішінде қылмыстың жасалу жағдайын белгілейтін  бірнеше  белгілер бар. Мән- жайлардың тоғысуы салддарынан алғаш рет кішігірім жасау, жеке басына ,отбасына немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан не жаны ашығандық себепті қылмыс жасау, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан да материалдық,  қызметтік немесе өзге де дәлелділігі себепті қылмыс жасау,  қажетті қорғаудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу , аса қажеттілік, қылмыс жасаған адамды ұстау, негізді тәуекел,бұйрықты немесе үкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау, қылмыс жасау үшін түрткі болып табылатын  жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын  қылығы.

      Қылмыстық кодекстің 54-бабында жауаптылық пен  жазаны ауырлататын мән-жайлар көрсетілген.

Олардың ішінен қылмыстың объективтік жағына мыналар жатады: аса қатыгездікпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбірленушіні  қорлап  қылмыс жасау, қару, өқ-дәрі, жарылғыш заттар, оны бейнелеуші қондырғылар, арнайы дайындалған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы  және радиоактивті  заттар, дәрілік және өзге де химиялық фармакологиялық дәрі –дәрмекттерді дайындалып, сондай-ақ күш көрсетіп,  психикалық мәжбүрлеу, не жалпы қауіпті қолданып қылмыс жасау.

     Жоғарыда  айтылғандарға байланысты қылмыстың объективтік жағының факультативтік белгілерінің  негізінен үш түрлі маңызы бар екендігін көреміз.

     Біріншіден, мұндай белгілер қылмыс құрамының міндетті қажетті белгілері болуы мүмкін.

Екіншіден, факультативті  белгілер қылмыс құрамының  ауырлататын  түрін белгілеуі мүмкін.

     Үшіншіден,  қылмыс құрамының саралауға әсері  болмаса да жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән- жайлар ретінде қарастырылады.

      Қылмыс  орны – бұл қылмыс жасалған белгілі  бір жер. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодекстің 385-бабы шайқас  даласындағы өлгендер мен жараланғандардың  заттарын  ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылықты көздейді.

      Аталған қылмыс құрамының  қылмыс жасау орны – шайқас даласы.

Қылмыс  жасаудың уақыты -  қылмыс құрамының  белгісі болып табылады және ол –  қылмыс жасалып  үлгерілетіндей уақыт  кеңістігі.

      Мысалы, сайлау құқығын жүзеге асыру немесе сайлау қомиссияларының жұмысына  кедергі жасау, (Қазақстан Республикасының  Қылмыстық  Кодекстің 146- бабы) және  сайлау құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды  қате есептеу(Қазақстан Республикасының Қылмыстық  Кодекстің 147-бабы) сияқты қылмыстар белгілі бір уақытта – мемлекеттік билік органдарына немесе жергілікті  басқару органдарына сайлау, референдум  өткізу, сол сияқты  олардың қорытындысын шығаратын уақытта жасалатын қылмыстар.

Информация о работе Қылмыстың обьективтік жағы