Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

Жәбірленушінің жауап  беруі бастапқы да, туынды да дәлелдеме болуы мүмкін. Дәлелдеменің бастапқысы болып жәбірленушінің сот не тергеу мекемелеріне айыпкердің жеке өзіне қатысты немесе болған қылмыстың жағдаяты туралы өзі көрген, естіген, не басқа жолмен қабылдаған фактіні жеткізу танылады. Мысалы, күйік туралы қаралған істе жәбірленуші тергеу кезінде, түнде ыстың иісінен оянып, терезеге қарағанында үйден биік аңшылыққа арналған етік киген, арқасында мылтығы бар адамның жүгіріп бара жатқанын көргенін айтады. Егер жәбірленуші бұл фактіні өзі көзімен көрмей, өзге адам арқылы білген болса, онда оның келтірген дәлелдемелері туынды болып саналар еді. Жәбірленушінің туынды жауап беруі іске өте маңызды болуы мүмкін, бірақ, әрине, жәбірленушінің жеке өзі қабылдаған фактілері қылмыстық процесте тікелей талаптарға жауап берері сөзсіз. Сондықтан, жәбірленушінің әртүрлі туынды дәлелдемелері ең алдымен сол фактінің бастапқы мәліметтері көмегімен тексерілуі тиіс. Жәбірленушінің берген жауабында айыпкер адамды және қылмыс оқиғасына тікелей сілтейтін деректер бар болуы немесе мұндай деректер жоқ, ал жәбірленуші тек болған қылмысқа байланысты белгілі бір пікірге әкелетін фактіге жеткізуіне қарай, жәбірленушінің берген жауабы тура және жанама дәлелдемелерге бөлінеді. Тура дәлелдеме – бұл басты факті, яғни айыпкер жасаған қылмыстың дәлелі. Мұнда жәбірленушіге айыпкердің болған қылмыс туралы мойындауы т.б. жатады. Барлық осы оқиғаларда жәбірленушінің берген жауабында тура және тікелей түрде басты ізденуші факт бекітіледі. Егер де жәбірленушінің берген жауабынан қылмысқа қатысты айыпкерді тура табу мүмкін болмаса, ол берген деректер тек жанама түрде мүмкін деген айыпкерді көрсетсе, онда бұл жанама дәлелдемелер болып табылады және бұған барлық ережелерді жинау соңғыларды пайдалану қажет. Жәбірленуші ретінде кез-келген қылмыстық әрекет нәтижесінде физикалық рухани немесе мүліктік зардап шеккен, сол іске қатысты маңызы бар жағдаяттар мен фактілер белгілі болуы мүмкін деген адам сұраққа алынуы мүмкін. Қылмыстық-процессуалды заң жәбірленушінің қарсы болуын қарастырмайды және оның дәлел ретінде берген жауабына ешқандай шектеу қоймады. Жәбірленушінің берген жауабының маңыздылығын ескере отырып, оның айыпкермен жеке қарым-қатынасы жайында сұрап-біліп, қылмысты ашуға және айыпкерді әшкерелеуге болар еді. Тек, егер де жәбірленуші өзінің психикалық немесе физикалық жетіспеушілігіне байланысты іске маңызды жағдаяттарды дұрыс қабылдай алмайтын болса, онда ол тергеуге алынбайды. Мұндай жағдайда жәбірленушінің физикалық немесе психологиялық жағдайын анықтау үшін және оның дұрыс жауап беруіне мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін сараптама жүргізіледі. Жәбірленушілердің басым көпшілігі өз еркімен және ақиқат негізінде сотқа немесе тергеушіге істің дұрыс шешілуі үшін осы іс жайындағы өзіне белгілі фактілерді жеткізеді. Ең алдымен, жәбірленушінің өзі оған зардап келтірген қылмыстың ашылып, айыпкерлер тиісті жазасын алғанын қалайтыны анық. Алайда, жәбірленуші қандай да бір себептерге байланысты жауап беруден бас тартуы немесе нысанадан тыс, ал кейде тіпті жалған мәлімет беруі де мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық-процессуалды заң жәбірленушіні шындыққа жанасымды жауап беруге міндеттейді, сондай-ақ сотпен тергеуде оның жауап беруінің тәртібін анықтайды:

1. Жәбірленуші оған  белгіленген уақытта сот, прокурор, тергеуші немесе тергеу мекемесі  шақырғанда келуі тиіс. Жәбірленушінің бұл міндеті – тек азаматтық ғана парызы емес, жеке басының жауапкершілігіне қатысты құқықтық мінездемелік міндеті. Жәбірленуші себепсізден себепсіз келмей қалса, онда ол сот алдына еріксіз келтіруге тартылуы мүмкін. Мұндай жағдайда егер жәбірленуші белгілі бір себептерге байланысты келмеген болса, ол келмеуінің себебі туралы анықтама көрсетуге міндетті.

2. Жәбірленуші қойылған  сұрақтарға жауап беруі және  өзіне белгілі жайттардың бәрін  айтуға міндетті Жәбірленушінің  жауап беруі – құқықтық мінездеме міндеті. Жауап беруден тайқып кетсе немесе бас тартса, жәбірленушіге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Жәбірленуші сот немесе тергеуге керекті мәліметтерді өз жеке басының немесе қызметінің құпиясы деген сылтаумен айыптай қалуға құқы жоқ. Жан-жақты және толық түрдей дәлелдерді зерттеу – істің дұрыс шешілуінің алғышарты, жәбірленушіге белгілі бар жайт сот немесе тергеушіге жеткізілуі қажет. Алайда, жәбірленуші қылмыстың жасалуына қатысты өзін әшкерелейтін айғақтарға жауап беруге міндетті емес. Жәбірленушінің өзін осы қылмысқа айыпкер ретінде итермелейтін сұрақтардың қойылуы заңға қойшы, себебі бұл жәбірленуші жасанды түрде күмән тудырушылардың қатарына қосады.

3. Жәбірленуші шындыққа  жанасымды жауап беруге міндетті. Саналы, ойластырылған сипатта жәбірленушінің  жалған мәлімет беруі, заңды  құқыққа үлкен зиян тигізіп,  істің бұрыс шешілуіне әкеліп  соғуы мүмкін. Сондықтан да жалған  мәлімет берген жәбірленушіге  қылмыстық іс қозғалады. Егер ол қателік есебін де өз еркімен шатасушылық, фактіні дұрыс емес қабылдау жағдайында қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Дәлелдеме негізіндегі жәбірленушінің жауап беруінің процестік міндеттері осындай. Жәбірленушіден жауап алу тергеу түрінде, белгілі процестік формада, тергеуге алынған адамның құқылары сақталатындай және сенімді мәліметтер алатындай тәсілмен жүргізіледі. Сонымен бірге, бұл жерде жәбірленушінің жеке басына және іске нақты қажетті деректі ескеріп, жауап алушы криминалистиканың тактикалық ережелерін шебер пайдалана білуі шарт. Бұл тактикалық ережелер бекітілген процессуалды заңға толығымен сәйкес келіп, соның негізінде тергеу жүргізілуі керек. Жәбірленушіден жауап алу заң бойынша тергеушінің қызмет орнында өтеді. Алайда, егер тергеуші қажет деп тапқан жағдайда тергеуді жәбірленушінің отырған орнында (ауруханада, үйде, жұмыс орнында т.б.) алады.

Тергеуші жауап алмас  бұрын жәбірленушіге не себептен шақырғанын түсіндіреді, оған іске қатысты  тек шындықты айтуын ескертеді және жауап беруден тартса, жалған мәлімет берсе, қылмыстық қозғалатынын ескертеді, содан кейін хаттамаға жәбірленушінің қолы қойылады. Ал, он алтыға жасы жетпеген жәбірленуші болса, тергеуші оған тек шындықты айту қажеттігін түсіндіреді, алайда жалған мәлімет немесе жауап беруден бас тартқан жағдайда оған қылмыстық іс қозғалатыны туралы ескертпейді. Он төрт жасқа дейінгі және он төрт пен он алты жас аралығындағы жәбірленушіден жауап алу кезінде тергеушінің бақылауымен педагог шақырылады. Қажет болған жағдайда жәбірленушінің заңды өкілдері немесе оның жақын туыстары шақырылады. Тергеуде жәбірленушіден алынатын жауаптың ережесі куәгерден жауап алудан ешбір айырмашылығы жоқ. Сондықтан, тек жәбірленушінің тергеу кезіндегі жауап алу тәртібін қарастырамыз. Тануды жүргізу қажет болған жағдайда жәбірленуші алдын-ала ол адамның сыртқы пішіні, ерекшеліктері мен әдеттері, сондай-ақ, оны қандай жағдаятқа көргені туралы сұралады. Жәбірленушінің берген жауабы хаттамаға енгізіледі. Сосын тануға жатқызылатын адамды өзге де оған сыртқы келбетімен ұқсас келетін адамдармен бірге жәбірленушіге көрсетіледі. Тануға көрсетілетін адамдардың саны кемінде үшеу болады. Жәбірленушіге солардың арасынан өзі берген жауабына сай сол адамды көрсету ұсынылады. Жетекші сұрақтар жіберілмейді. Танылған жағдайда жәбірленуші оны қандай ерекшеліктері немесе белгісіне қарай танығанын түсіндіруі тиіс. Тану үшін көрсету куә адамдардың қатысуымен жүргізіледі және жәбірленуші туралы мәлімет қамтылған, оған тануға көрсетілетін адамдар туралы жазылған хаттама дайындалады, және мүмкіндігінше жәбірленушінің көрсеткен жауабы сөзбе-сөз мазмұндалады.

Жәбірленушіден зат, мүлікті  тану кезінде жүргізілетін тергеу дәл  адамды тануға байланысты ережемен бірдей жүргізіледі. Айта кетерлік мәселе, тануға қатысты жәбірленушіден жауап алу белгілі бір бекітілген заңды ереже бойынша жүргізілуі тиіс, өйткені осылайша жәбірленушінің берген жауабының қаншалықты нақтылығына және қате пікірдің туындамауына жол ашылады. Егер тану мен алдын-ала жүргізілген тергеуге қатысты жәбірленушіден жауап алу ережесі куәгерден жауап алумен бірдей болса, ал сотта жәбірленуші дәлелдемелерді зерттеу барысында белсенді қатысады. Жәбірленуші соттың отырысына шақыруда екі жақты мақсат қарастырылады: біріншіден, іске қатысты оған белгілі мәлім етеді. Жәбірленушіден сұрап-білу және екіншіден, өтініш беруіне мүмкіндік беру, дәлелдемелер көрсету және оларды зерттеу барысына қатысу. Осы құқықтарды пайдаланып, жәбірленуші сот ізденісіне белсенді түрде қатысуына да болады. Жауап беруден бас тартуға еш құқығы жоқ, соттың шақыруы бойынша іске қатысты мәліметтер жайлы жауап беруге тиісті. Тіпті, жәбірленуші іске тек талапкер немесе кінәлаушы есебінде ғана қатысса да, одан жауап алынбайды деген сөз емес. Жәбірленушінің тану жұмыстары мен алдын-ала тергеу кезінде жауап беруі, оны сот отырысына қатысуына мүмкіндік бермейді, өйткені, сот хаттамаға ғана қарап емес, жәбірленушіден тікелей де жауап алып отыруы қажет. Сот отырысында қарастырылмаған дәлелдемелер негізінде соттың үкім шығаруға ешқандай құқығы жоқ.

Куәгерден жәбірленушінің айырмашылығы ол жауап бергенге дейін сот отырысынан шеттетілмейді, себебі, ол сот отырысында дәлелдемелерді қарастыруға қатысуға құқығы бар. Сонымен қатар, жәбірленушінің сот залынан өзге куәгерлермен бірге шығарылуы тәжірибелік мәнін жоғалтады. Куәгерлер жауап бергенге дейін өзге куәлардың жауабын білмесі үшін арнайы кіргізілмейді. Жәбірленуші алдын-ала тергеу жұмыстары өткізілген сәттен бастап, еске қатысты материалдармен танысуға құқығы болғандықтан, ол сот тергеуіне дейін-ақ іс бойынша тергелетін куәлардың берген жауаптарының сипатымен таныс болады. Ал бұдан соң жәбірленушінің сот отырысына шығарылуы бар мәнін жояры сөзсіз. Куәлардан бұрын ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады. Мұндай тәртіп жәбірленушінің берген жауабына сенімділік пен объективтілікті сенім артады. Өйткені, дәлелдемелерді соттың ауызша және тікелей қарастыруы жәбірленушіден жауап алынғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Кеңестік республикалардың бекітілген қылмыстық іс жүргізу  жөніндегі заңдылықтар бойынша  жәбірленуші куәгерлерден бұрын жауап беріп, сосын сот отырысында қалады. Істі тергеу барысында, сот алдында жауап беру кезінде жәбірленуші жауап беруден бас тартса, жалған мәлімет берсе, оның қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертіледі және одан қолхат алынады. Көптеген жағдайларда мұндай ескертулер жәбірленушіге айтыла бермейді, яғни ол сот отырысында оның тең құқылы мүшесі ретінде қатысады. Алайда, оған жасалатын ескертулер нәтижесінде оның жасалынатын ескертулер нәтижесінде оның беретін жауабының объективтілігі мен дұрыстығына толыққанды кепілдік береді. Десе де, ескерту оның процестік мүмкіндігін кемітпейді: сот оған оның жауапкершілігін ескерте отырып, заңда айтылған мәліметті ғана түсіндіреді.

Жәбірленушінің жауап  беруі өзіне белгілі бар мәліметті  сотқа жеткізетіні туралы сөйлемнен басталады. Еркін сөйлеуде жәбірленуші іске қатысты бар фактіні айтқаннан кейін, оған сот, кейін прокурор, қоғамдық айыпталушы, басқа да жәбірленушілер, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сотталушы және оның қорғаушылары тарапынан сұрақтар қойылуы мүмкін. Жәбірленуші өзіне қойылған барлық сұраққа жауап беруге міндетті (егер олар жетекші немесе іске қатыссыз сұрақтар болмаса). Жәбірленушіден адамды және затты тану кезінде қойылатын соттағы жауап алу, тергеу мен алдын-ала зерттеу кезіндегі жауап алудан ерекшеленбейді.

 

2.4 Бұзақылық  қылмысы кезінде қорқыту, күш  қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың  алдын-алуда құқық қорғау қызметінің  маңыздылығы

Шынында да, күннен - күнге  алға қарай қадам басып, дамып отырған қоғамда жат қылықтың орын алып, көбейіп келе жатқандығы баршаға мәлім. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2007 жылы 28 ақпанда Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Мемлекет те, қоғам да ешқандай ымыраға жол бермейді. Қоғам қаншалықты мейірбанды, адамгершілігі болса да, қылмыстық іс-қимылға, әсіресе, жоғарыда аталған адамдардың қылмыстық әрекетіне жайбарақат қарап отыра алмайды, қайта оларға қатысты мемлекеттік мәжбүрлеудің ең қатал шараларын қолдануы тиіс» , - деп, қылмыстың алдын-алу шараларының маңызына тоқтала кеткен болатын. Қорқыту мен күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың санының күн сайын артып келе жатқандығынан, ондай қылмыстардың алдын-алу жолдарын іздестіру бүгінде өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан да қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыс құрамдарын зерттеуді осы қылмыстардың объективтік және субъективтік белгілері тұрғысынан жүзеге асыру-күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алуды ұйымдастырудың басты мәселелерінің бірі болып отыр. Өйткені, қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыс түрлері күнделікті өмір өзгерісіне сай көбейіп келе жатыр, тек қана көбейіп емес, сондай-ақ әдіс-тәсіл түрлері де жаңашаланып, кейбір жағдайларда мұндай қылмыстық әрекеттерді жүзеге асырушыны анықтау мүмкіндігі де болмай, сөйтіп қылмыс ашылмай қалып отыр (жалдамалы кісі өлтіру). Қорқыту, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру оны ұйымдастырушы субъектілердің әрекеттерімен тікелей байланысты. Заңгерлердің зерттеу жұмыстары арқылы әртүрлі қылмыстардың, оның ішінде, қорқытып, күш қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алудың «теориялық жоспары» жасалған.

«Күш қолдану, қорқыту  арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу  туралы ғылыми база жасау қажет» - , деп С.Б.Бородин жазса, Л.Д.Гаухман «Күш қолдану, қорқыту арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырудың көптеген тәсілдері мен құралдарын білгенімізбен, жоғарыда көрсетілген тәсілдерді қолданып қылмыс жасаушылардың саны азаймағандықтан бұл тәсілдер мен құралдардың әлі де жеткіліксіз екендігін байқадық»-, деп жазды. Л.Д.Гаухманның пікірімен келісе отырып, шынында да, ғалымдардың ұсынған қылмыстардың алдын-алуды ұйымдастыру жөніндегі жобалары әрқашан да өзекті мәселені шешудің бірден–бір жолы болып табылмайды, өйткені, қылмыстардың алдын-алу шараларының жүйесі сол қылмыстық оқиға жүзеге асқан уақыттағы жағдайлармен де тікелей байланысты. Сондықтан да жоспарға төмендегідей нақты сұрақтардың жауабын табу жөніндегі мәселені де енгізу керек:

- қандай тұлғалар тұрғысында, кімдердің арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуді жүзеге асыру керек;

- профилактикалық жұмыстармен нақты кімдер айналысуы керек;

- профилактикалық жұмыстар қалай жүзеге асырылуы керек;

 Алғашқы сұрақ,  қорқытып, күш қолданып қылмыс жасайтын тұлғаларды анықтап, оларды арнайы есепке қойып, олар жөнінде нақты мәліметтер жинауды көздейді. Екінші сұрақ, бойынша профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыратын органдар мен службаларды анықтап, олардың әрқайсысына тиісті міндеттерді бөлуді қарастырады. Үшінші сұрақ, профилактикалық жұмыстардың мазмұнымен тікелей байланысты, яғни ұйымдастыру формалары, қажетті құралдар, пайдаланатын әдіс-тәсілдер және профилактикалық жұмыстың бағыты.

Заң жүзінде де, ғалымдардың  зерттеулерінде де бұл сұрақтардың  жауабы беріліп көрген жоқ, тәжірибе тек жалпы қағидаларды ғана басшылыққа алады. Осыған қарамастан ғылым, қылмыстардың алдын-алу жұмыстарының маңызы нендей жағдайларға тікелей байланысты деген сұрақтың нақты жауабын беруі керек. Заңгерлер қылмыстың алдын-алуды ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін түрлі қағидалар мен тәсілдерді ұсынады. Тәжірибе жүзінде барлығын бірдей пайдаланбағанымен, оларды басшылыққа алатыны сөзсіз.

А.Э.Жалинский мен М.В.Костицкийдің пікірі бойынша, қорқытып, күш қолдану  арқылы жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстары төмендегідей жүйе бойынша жүзеге асырылуы керек:

- қорқытып, күш қолданып  қылмыс жасау ниеті бар тұлғалардың  өткені мен қазіргі уақыттағы  өмір сүру жағдайын салыстыра  отырып, оларға әлеуметтік бақылау  ұйымдастыру; 

- қорқытып, күш қолданып  қылмыс жасауға ниеті бар тұлғаларды, осы тәсілдерді пайдаланып қылмыс  жасап жазасын өтеп келгендерді  әкімшілік бақылауға алып, тұратын  жері бойынша ұдайы тексеру  ұйымдастыру; 

- қылмыс жасаудың осы  тәсілдерін қолданатындармен ұдайы жедел іздестіру, тексеру іс-шараларын өткізіп тұру;

- осы тәсілдерді пайдаланып  қылмыс жасаған тұлғалардың қылмыстарын  тез арада әшкере ету, жаза  тағайындауды қолға алу;

-жазасын өтеу мекемелерінде  қылмыс жасаудың осы тәсілдерін  пайдаланып қылмыс жасаушылармен арнайы іс-шаралар өткізіп тұру;

-осы тәсілдерді пайдаланып  жасалған қылмыстар бойынша жәбірленушілерді  анықтау.

Алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жасалатын  қылмыстарға толықтай, әрі нақты  талдау жасамай және алдын-алу жұмыстарының оң әсері жайлы ұсыныс енгізбейінше мүмкін емес. Қылмыстың алдын-алу және тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу үшін бүкіл құқық қорғау органдары жүйесіндегі субъектілердің жұмысын бір бағытқа қарай ұйымдастыру абзал. Қорқытып, күш қолданып жасалатын қылмыстардың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда басты рөлді Ішкі Істер өлімдері атқарады. Алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруда бұл органдар бар күш-жігерін осы тәсілді пайдаланып қылмыс жасаушылармен күрес ұйымдастыруға жұмсайды, әрі болдырмауға тырысады. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу арқылы қорқытып, күш қолданып қылмыс жасаушыларды, олардың қылмыс жасау себебін және жасаған қылмыстарының түрлерін анықтайды.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы