Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

Заңның міндетті ережелерін орындай отырып, анықтау органдары әрбір қылмыстық істің ерекшеліктерін ескереді. Заң, ол қойған міндеттерге сәйкес және әрбір қылмыстық істің ерекшеліктерін ескере отырып, оны қолданатын лауазымды тұлғаларға заңды дұрыс қолданудың жолдарын дербес іздеп-табуға мүмкіншілік беру керек[44].

Анықтау органының лауазымды  тұлғаларының  заңды қолдану мәселесін  сөз еткенде  заңды ұқсастығы  бойынша қолдануды қалдырып кетуге болмайды. Мысалы, заңда анықтау  органының лауа-зымды тұлғалары  шақырған айыпталушының келмеуінің дәлелді себептері көрсетілмеген, бірақ бұндай себептер  ҚІЖК-нің  82-бабына сәйкес, куәға қатысты көрсетілген. Демек, оларды айыпталушыға да қатысты қолдануға болады-мыс.

Анықтау органының қызметі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  заңдарымен де реттеледі. Мысалы, “Қазақстан Республикасының  прокуратурасы туралы” заң және “Қазақстан Республикасы  ішкі істер органдары туралы” заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы т.с.с..

“Қазақстан Республикасының  прокуратурасы туралы” заңның 7-тарауында тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жайлы прокурордың өкілеттігі айтылған. Ал, “Ішкі істер органдар туралы” заң анықтауды жүзеге асыратын органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметін, соның ішінде, оның мәртебесін, міндеттерін, басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалармен, азаматтармен, ұйымдармен өзара әрекет етуін; құқықтық негіздерін; жалпы өкілеттігін т.с.с. сипаттап, реттейді.

Анықтау органының құқық  қабілеттігі басқа да ведомстволық нормативтік актілерде   бекітілген. Оларға мыналар жатады: Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрінің бұйрықтары мен нұсқаулары, Президенттің заң күші бар жарлықтары, Жоғарғы Соттың жалпы отырысы мен Конституциялық Кеңестің қаулылары және т.б. “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заңның 22-бабында  Бас прокурордың  анықтау қызметі бойынша берген нұсқаулары барлық анықтау органдарының  орындауы  үшін міндетті екені көрсетілген. Анықтау қызметін ұйымдастыру әдістемелік қамтамасыз етумен қатар, олар тергеу қызметін реттейтін заңдарды түсіндіретін маңызды акт ретінде болуы мүмкін. Сонымен бірге, оларда заңдарды қате түсіну және қолдану жағдайлары ашылады.

Осы ведомстволық нормативтік-құқықтық актілердің ішінде, әсіресе, анықтау  қызметін тікелей реттейтін  Ішкі істер министрінің бұйрықтарын бөліп қарауға болады. Мысалы,  Ішкі  істер министрінің 543 санды бұйрығы (2001 жылдың 6 шілдесі), соның ішінде, “ҚР ішкі істер органдарында анықтауды жүргізу мен ұйымдастыру бойынша” нұсқауы.

Анықтау қызметінде құқықтық көмек көрсету мәселесін реттеуде халықаралық шарттардың маңызы өте зор. Олар ҚІЖК-нің 2-4, 6-баптарында көрсетілген. Анықтау, тергеу, прокуратура органдары мен соттар қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде жалпы қабылданған қағидалар мен халықаралық пактерде, конвенцияларда және басқа құжаттарда   бекітілген халықаралық нормалардың және халықаралық шарттардың  Қазақстан Республикасы Конституциясының  4-бабының 1-бөлігіне сәйкес оның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі екендігін негізге алу керек. Конституцияның  4-бабының 3-бөлігіне сәйкес, республика  бекіткен  халықаралық шарттардың оның заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару қажет екендігі айтылатын жағдайларды қоспағанда, тікелей қолданылады.

Анықтау, алдын ала  тергеу, прокуратура органдары мен соттар жалпы құқықтық негіздер арқылы қызмет етеді, алайда бұл кезде іс жүргізу шешімдерінен (өздерінің немесе басқа органдардың) негіз алады. Мысалы,  ҚІЖК-нің 197-бабымен прокурорға анықтауды жүргізу бойынша нұсқаулар беру, анықтау органдарына жеке тергеу әрекеттерін және іздестіру шараларын орындауды тапсыру құқықтары берілген. Прокурордың нұсқаулары мен тапсырмалары әрбір іс жүргізу құжаты секілді қылмыстық іске тіркелуі қажет.  ҚІЖК-нің 64-бабының 7-бөлігіне сәйкес, анықтау органдарының орындауына міндетті нұсқаулар мен тапсырмаларды беру құқығы тергеушіге де берілген. Сонымен қатар, тергеу бөлімінің бастығы да, егер ол жеке өзі алдын ала тергеуді жүргізетін болса, тергеуші өкілеттігін пайдалана отырып, анықтау органдарына нұсқаулар мен тапсырмалар бере алады ( ҚІЖК-нің  63-бабы  2-бөлігі).

Осындай жоғарыда аталып кеткен іс жүргізу шешімдерінің қатарына сот анықтамасын да жатқызуға  болады. Анықтау органдарының  жеке тергеу әрекеттері мен іздестіру шараларын. Қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы соттың анықтамасы орындауының  негізі болып табылады. Соған сәйкес, үкімді шығармаудың бір себебі бұл тергеу органдарының  сот  нұсқауларын орындамауы. Қылмыстық  істі қарай отырып, соттар жүргізілген    анықтаудың сапасын бағалайды. Заң бұзылу фактілерін анықтаған кезде  сот өзінің жеке қаулысымен соған лауазымды тұлғалардың назарын аударуы керек.

Анықтау қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін бағалай отырып қорытынды беретін болсақ, анықтау  органдары мен оны жүргізетін лауазымды тұлғалардың жалпы құқықтық негіздері  Қазақстан Республикасының  Конституциясы, конституциялық  заңдар, халықаралық шарттар және т.б. болып  табылады, олар бұл органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, іс жүргізудің шарттары мен тәртібін белгілейді.

Ал ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер, іс жүргізу шешімдері (тергеушінің, тергеу бөлімі бастығының, прокурордың  нұсқаулары мен тапсырмалары және соттың анықтамалары) тікелей құқықтық негіздер деп есептеледі, олар көбінесе анықтау органдары мен лауазымды тұлғалар қызметінің басқару, ұйымдастыру мәселелерін шешеді және заңдарға қосымша көмекші құрал ретінде қолданылады. Жалпылама алғанда,  құқықтық негіздер дифференциациясының  құқықтық реттеу механизмін ашуда, анықтау қызметін қалыптастыруда, реттеуде анықтау органдары қызметінің ролі мен орны  зор.

2.3 Бұзақылық  қылмысы бойынша қылмыстық процесте жәбірленушіден жауап алудың процессуалдық жағдайы және оның өкілі ретінде адвокаттың қатысуы

Өзінің құқықтық табиғатында  жәбірленушінің жауап беруі куәгердің жауап беруіне өте жақын келеді. Куәгердің жауап беруі тәрізді, оның да азаматтың өзіне белгілі болған іске байланысты дерек пен іс-әрекет туралы ауызша түрде заңмен белгіленген процессуалдық тәртіпте тергеу мекемесіне, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа жауап береді және жәбірленушінің жауап беруі, оның өкілі адвокаттың қатысуымен болғаны дұрыс. Себебі, жәбірленуші өзі таңдаған сенімді өкілінің көзінше өзін еркін сезініп, шындықты айтуға ұмтылады.

Адвокат қылмыстық істің  заңды және дәлелді қозғалғанына ерекше назар аударады. Бұған кәсіптік біліктілігі, өмірдегі тәжірибесі және істі жүргізуге еркі, адвокаттық интуициясы көмегін тигізеді [45, 66 б.]. Адвокат жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық поцестің дербес және тең құқықты қатысушысы болып табылады. Жәбірленуші өзінің абыройы мен беделіне, өмірі мен денсаулығына, жеке бостандығына, мүлігіне қылмыстық қол сұғушылықтан өзінің сот арқылы қорғану құқығын жүзеге асырады. Сондықтан қылмыстан жәбірленушіге өз құқықтары мен мүдделерін қорғану үшін көмек қажет ететін және оның іске жеке қатысуы мүмкіндігі болмаған іске кәсіби өкіл-адвокат кіріседі [46, 168 б.].

Ендігі жерде біз  негізгі зерттеу өзегіміз жәбірленушіден жауап алу ерекшелігіне тоқталамыз. Куәгер тәрізді жәбірленуші де өзгермейді. Белгілі бір оқиға, қылмыс фактісі арқылы өзіне зардабы тиген азамат жәбірленуші болып табылады. Оның орнына өзге ешкім жәбірленуші ретінде танылып, жауап беруге болмайды. Жәбірленушінің орнына оның өкілі адвокат та жауап бере алмайды: Жәбірленушіні оның өкілі ретінде адвокат қылмыстық процессуалды әрекеттің субъектісі ретінде алмастыра алғанымен , ол оны дәлелдемелердің негізгі көзі ретінде алмастыра алмайды.

Жәбірленушінің жауап  беруі өзіне келтірілген рухани, физикалық немесе мүліктік зардап тұрғысынан бастау алады және қылмыстық іс жүргізушілік әрекет үрдісінде жеке дәрежелік орын алады. Осының күшімен, оның берген жауабы  куәгердің берген жауабынан біршама ерекшеленеді.

Куәгер процестің субъектісімен  санасуға болмайды, ол өзінің құқығын талап етпейді, ол өзіне қатыссыз болып табылатын қылмыстық оқиға туралы өзіне белгілі деректерді сот немесе тергеушіге жауап беру үшін  ғана осы процеске қатысады. Ал жәбірленуші болса, өзінің бұзылған құқығын орнына келтіруге және айыпкердің тиісті жазасын алуы үшін бар күшін салады. Сондықтан жәбірленушінің жауап беруі – оның заңды құқықтарын қорғау тәсілінің бірі. Куәгер мен жәбірленушінің жауап беруіндегі белгілі бір жайт: нақты деректермен қоса, олардың болған оқиғаға қатысты жекелеген істерге байланысты өзіндік ойлары мен қорытынды пікірлері де айтылуы мүмкін. Заң бойынша  куәгердің ойы іске ешқандай қатысты емес, сондай-ақ сот пен тергеушіні ешнәрсеге міндеттемейді. Ал, жәбірленушінің осы іске қатысты жекелеген ойларын  сот пен тергеуші қабылдамай тастауға болмайды, олар бұл айтылған деректі қайта сонымен, жәбірленушінің берген жауабы дегенде тағы бір мәрте астын сызып тұрып айтарымыз – бұл жауапты беруші азамат істің негізгі дерек-көзі, оған айыпкердің жазалануы немесе ақталуы, келтірілген зардап қалпына келтіріле ме, жоқ па дейтін сауал бәрібір дейтін мәселе емес.

Жәбірленушінің іске тікелей араласуы, оның тергеу мен  істі соттың қарауына қатысуы арнаулы  заңды уақыт тәртібін белгілеуді қажет етеді. Жәбірленушінің жауап  беру құралы өзіне белгілі әрқилы жағдаяттардан құралады, яғни оның кейбірін бекітуге, анықтауға немесе теріске шығаруға ұйғарылады. Жәбірленушінің жауап беру кезіндегі келтірген мәліметтерінің толыққандылығы мен шүбәсіздігі оның бұл оқиға болған уақытта қандай орын жағдайда болғанына да байланысты. Оның жауап беруі қылмыс құрамының кез-келген элементіне қатысты болуы мүмкін; айыпкердің жеке тұлғасына мінездеме жасау, оның жәбірленушімен қарым-қатынасы т.б. Бірақ мұның бәрі осы қылмысты жасаушы және оның жәбірленушімен жанасу нүктесін анықтаған нақты жағдаяттардың жиынтығымен келісілген. Сонымен, жәбірленуші жауап беруде өзіне белгілі барлық деректі көрсете алады, тек оның бәрі іске қатысты, маңызды болуы тиіс. Осындай жалпылама сипаттамада жәбірленушінің жауап беруі куәгерлердің жауап беруінен еш айырмашылығы жоқ тәрізді. Алайда, әрбір істе тек жәбірленушінің өзіне ғана белгілі жағдаяттар да кездеседі. Осы деректер жәбірленуші көрсеткен негізгі ядро болып табылады, сот қызметкерлері мен тергеушілер ең алдымен осы дерек көздер арқылы істі қарауға кіріседі.

Алдын-ала жәбірленушіге  нақты қандай мәлімет белгілі  екенін болжау қиын. Әйтсе де, жәбірленушінің жауап көрсетуінің мазмұнын анықтайтын негізгі үш топты айтуға болады, оған мына жағдаяттар кіреді:

а) қылмыс оқиғасының жоқ  болуын немесе бар болуын белгілейтін оның заттық белгілері (уақыт, орын, қылмыстың жасалу тәсілі т.б.), сондай-ақ айыпкер тұлғасы;

б) жәбірленушіге кептірілген  зардаптың сипаты мен мөлшерін белгілеу;

в) айыпкер мен жәбірленушінің өзара қарым-қатынасын анықтаушы;

Бекітілген жағдаяттарды анықтау кезінде жәбірленуші берген маңызды мәліметтерсіз қарастыруға болмайды; жәбірленуші міндетті түрде оның әрбіріне қатысты нақты жауап беруі сұралуы қажет. Бұл, әрине, өзге де мәліметтерді анықтауға үлкен мүмкіндік береді. Мысалы, кейбір куәгерлердің процеске қатысушы басқа жандарға қарым-қатынасы, айыпкердің бұрынғы қоғамдық қызметі т.б. Егер осы және өзге де жағдаяттардың анықталуы іске маңызды және жәбірленушіге бұл мәліметтер белгілі екеніне негіз болса, онда одан ол туралы да сұралуы керек. Ал, куәгерді тергеуге белгілі бір мәліметті анықтау үшін шақырады. Мысалы, қылмыстың жасалуына жол ашқан жағдай туралы, сонда осы мәліметтермен оның жауап беруінің бар мәні тәмәмдалады. Жәбірленушінің жауап беруіндегі мұндай мәліметтер екінші кезектегі, ол оның негізгі өзегін құраушы болып, келтірілген зардап мөлшері, айыпкердің жеке тұлғасы және қылмыс құрамының сипаттары саналады. Жәбірленушінің жауап берудегі сипатына оның қылмыс жасалған сәтте нақты қандай жағдайда болуы және қылмыс спецификасы үлкен әсерін тигізеді. Осы екі жағдай жәбірленушінің қылмыс туралы берген мәліметінің көлеміне септігін береді. Қылмыс спецификасы мағынасының астарынан бұл жағдайда қылмыстық озбырлықтың тікелей нысаны түсініледі. Оларға: адамның жеке тұлғасы, оның қадір-қасиеті, оның мүлігі, т.б. қол сұқпайтындай болуы мүмкін. Қылмыстың тікелей нысандарына қандай құқық қорғау игіліктері қызмет атқарғанына қарай, жәбірленушінің берген жауабының көлемі кең не тар болуы мүмкін. Мысалы, зорлауға қатысты жәбірленушінің жауап беруінде бар мәлімет қамтылады (орын, уақыт, қылмыстың жасалу әдісі, айыпкер тұлға, оның сыбайластары және т.б.). Сонымен бірге, осындай істердің спецификалық күшіне оларды қарастыру кезінде негізінен келтірілген мүліктік зардап пен оның қалпына келтірілуі туралы сауал туындамайды, бұл сұрақ дәлелдеу құрамына кірмейді және жәбірленуші ол жайында тергелмейді.

Керісінше, тікелей нысаны – азаматтардың жеке меншігі болатын  қылмыстық істер бойынша келтірілген  зардап мөлшері мен сипатын анықтау  қылмыскерді анықтаумен қатар белгілейді. Мұндай істерде жәбірленушінің жауап беруі кеңейе түседі, онда қылмыстық жасалу жағдаяттарынан басқа, келтірілген материалдық зардап мөлшері мен сипаты туралы да айтылады.

Қорлау, жала жабу, қол  жұмсау т.б. істерде ең алдымен жәбірленуші мен қылмыскер өзара қарым-қатынасын анықтау өте маңызды, сондай-ақ, қылмыскердің қоғамдағы орны, өмір сүру сипаты, жекелеген мінездемелері т.б. мәліметтер көп нәрсені анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, әрине, жәбірленушіден қылмыстың орындалу жағдаятын, сондай-ақ өзіне келген зардап туралы сұралуы тиіс. Осылайша жәбірленуші тергелетін фактілер мен жағдаяттар осы іс бойынша дәлелдерге сүйенген. Дәлелдеу құралының өзі қылмыстық заңда формаланған қылмыстың негізгі және басты құрамымен анықталады. Жәбірленушінің жауап беруіне қатысты дәлелдемелерге байланысты кеңістік қылмыстық – процессуалды құқықтың жалпы ережелері әлі де өз күшінде. Жәбірленушінің берген қай жауабын қабылдау сот немесе тергеушінің ішкі түйсігіне байланысты. Жәбірленушінің берген жауабы әр кезде де іске өте маңызды, әрдайым қандай да бір фактіге байланысты болып келеді. Тергеуші куәгерден жауап алу сәтінде дәлелдемеге келмейтін фактілерді анықтауы мүмкін, яғни бұл куәгердің берген жауабы дәлел ретінде іске қатыспайды. Дәл осындай жағдай дәлелдеме ретінде қаралатын құрал немесе жазба құжаттармен де болуы мүмкін. Жәбірленуші ылғи да іске қатысты болады, оған келтірілген зардап – қылмыстың тура нәтижесі. Сондықтан, оның берген жауабы толықтай болмаса да іске қатысты болады, сот пен тергеушінің қарауына жататын фактілер туралы мәліметтер құрайды.

Демек, егер бұл адам бекітілген болса, онда оның берген жауабы сөзсіз іске қатысады немесе жәбірленушінің жағдайы, оған қандай да болсын, тіпті  келісілген фактілер беймәлім болмауы  тиіс. Осыдан тағы да бір тәжірибелік маңызы бар қорытынды шығады: егер жәбірленуші істің материалы бойынша оған белгілі, бірақ ол болған қылмысқа байланысты жауап бере алмаса, онда қылмыстан зардап шегуші бұл емес, өзге адам немесе тіптен бұл қылмыс болмаған, тек жалған сөзбен жеткізілген болып табылады. Әрине, мұндай жағдай мұқият тексерілуі және дәлелденуі тиіс. Жәбірленушінің жауабы өзге де басқа дәлелдемелер тәрізді, осы мақсатқа кеңестік дәлелдемелік құқықпен қабылданған белгілерден бөлек, жіктелуі мүмкін. Жәбірленушінің жауап беруін айыптаушы және ақтаушы деп бөлу өте үлкен тәжірибелік маңызға ие, өйткені, жауапқа тартылған адамның ісінің тағдыры мен бағыты туралы шешімді шығаратын мекемелердің негізгі міндеті дәлелдемелерді дұрыс бағалау, сараптау және тіркеу болып табылады, айыпталушының айыбын мойнына салу және оның кінәсін ауырлату – бір жағынан, айыпталушыны ақтау және оның жауапкершілігін жеңілдету; екінші жағынан, осы көзқарас тұрғысынан жәбірленушінің айыпталушы адамнан ұрлық жасаушы адамды көруі туралы жауап көрсетуі кінә тағушы дәлелдеме болып табылады; егер, жәбірленуші айыпкерді анықтай алмаса, бірақ алдында ұрлықшыны еске жақсы сақтап қалдым десе, онда жәбірленушінің мұндай жауап беруі сөзсіз айыпкерді ақтайды.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы