Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

ҚІЖК-ң 68 бабына сәйкес тергеуші, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән  келтіргендігін хабарлап, соған байланысты белгіленген негіздерде және тәртіппен өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасын қолданылған адам сезікті болып  танылады.

Сезікті деп мәжбүрлеу  процессуалдық актісі болып ұстау  хаттамасы (ұстау қаулысы) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, не айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасын қолдану қаулысы. Мұндай күштеу шарасын тек тұлғаның  қылмыс жасағандығын анықтағанда қолданған қажет.

Тұлғаны   сезікті   деп   тану   үшін   заңда   көрсетілген   бірде-бір   айып тағылғанға  дейін   бұлтартпау  шарасы   немесе   ұстау  қолданылмаса,   сезікті процеске нақты түрде қатыспайды.

Сезіктіні  ұстау  мерзімі  былай  шектеледі:   ұстау  жетпіс  екі  сағаттан аспауы керек, ал бұлтартпау шарасын таңдау - он тәуліктен. Осы уақыт ішінде тұлғаға айып тағуға немесе бұлтартпау шарасының күшін жоюға міндетті. 

Сезікттіні ұсталған  немесе  оған   айып   тағылғанға  дейін   бұлтартпау шаралары   қолданылған   жағдайда   ұсталған   немесе   бұлтартпау   шаралары қолданылған кезден жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей, өзі таңдаған немесе тағайындалған қорғаушымен жауап алуға дейін оңаша және құпия жолығу құқығы қамтамасыз етіле отырып, одан жауап алынуы тиіс. Ұсталған сезікті  алғашқы   жауап   алу   аяқталғаннан   кейін   телефон   арқылы   немесе  өзге   де тәсілмен дереу өзінің тұрған жеріне немесе жұмыс орнына өзінің ұсталғандығы және ұсталып отырған жері туралы хабарлауға құқылы. Қылмыс жасады деп сезік келтірген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселесін шешу    мақсатында    қолданылатын    іс    жүргізушілік    мәжбүрлеу    шарасы. Қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган мына негіздердің бірі болған жағдайда:  1) ол адам қылмыс жасау кезінде немесе оны тікелей жасағаннан кейін ұсталғанда; 2) көрген адамдар оның ішінде жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адам тура көрсетсе; 3) ол адамда немесе киімінде, өзінде немесе оның тұратын үйінде қылмыстың оның ізі табылған кезде; 4) жедел іздестіру кызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан, ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық   деректер   болған   кезде   бас   бостандығынан    айыру   түрінде   жаза колданылуы мүмкін болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға құқылы.

Егер де ұсталған тұлғаның сезікті екендігі нақтыланбаса, онда бұлтартпау шарасы алынып тасталып тұлға  сезікті болып табылмайды. Көп  жағдайларда қылмыстық істе сезікті  айыпкерге айналады - қаулыны шығарудың нәтижесінде айыпкер болып, не процестің қатысушысынан алынып тасталады.

Осы пікірлерді тұжырымдай келе, мынадай қорытынды жасауға  болады. Сезікті бұл ұсталған немесе айыптағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған қылмыстық процеске қатысушы тұлға.

Қылмыстық іс жүргізу  құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп, Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық  іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде онда ерекше орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде  іс жүргізу кызметіне қатысуы  қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жузеге асырылатынын өте орынды атап көрсетті [38].

Мемлекеттің қатысуы  арнайы тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады.

Жоғарыда қылмыстық  процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың   сот және  қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар болып бөлінетіндігін айтқан болатынбыз. Соттың қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік орган ретіндегі мәселелері жан-жақты  келесі тарауда қарастырылады. Бұл бөлімде қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын  прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушыларға жеке-жеке тоқталғанды жөн көрдік.

Қылмыстық іс жүргізу  қызметінің қатысушы ретінде прокурордың  орны мен мәнділігі ҚР Конституциясының, қолданып жүрген ҚІЖК және ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заң күші бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған зандарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады.

Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жүйесіне прокуратураның прокурорлық қадағалаудың функционалдық бағытына байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке тарту үшін өз билігінің бүкіл күшін пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес прокуратураға  Қазакстан Республикасының аумағында  заңдардың дәлме-дәл және біркелкі орындалуын қадағалау жүктеледі. Конституциялық деңгейде жалпы түрде тұжырымдалған қадағалау функциясы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында жетілдіріліп, нақтыланған осы Жарлық бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі кадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:

1) жедел-іздестіру қызметін  қадағалау (34—36-баптар);

2) тергеу мен анықтаудың  заңдылығын қадағалау (37—39-баптар);

3) сотта мемлекеттің  мүдделерін білдіру (30—33-баптар);

4) орындалу ісінің  заңдылығын кадағалау (сот тағайындаған  жазаларды және өзге де мәжбүрлеу  сипаты бар шараларды орындау  кезінде ұсталғандар жататын  орындарда, сондай-ақ алдын ала  қамау орындарында заңдардың  орындалуы) (43—44-баптар).

Прокурорлық қадағалаудың нысаны, тәртібі, прокурор катысушысы болып табылатын құқықтық қатынастарды жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын құқықтық салдары Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының  прокуратурасы туралы" Жарлығында да, сондай-ақ Қылмыстық іс жүргізу кодексінде де реттелген.

Прокурор жағдайының ерекшелігі прокуратура органдарының көп қырлы функциясынан да көрінеді. Заңдылыкты қадағалаумен қатар прокуратура  органдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады, істерді сот барысында талқылауға қатысады, мемлекеттік айыптауды да қолдап отырады. Осы функцияларға өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтырып отыруы тән болып келеді. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру бір мезгілде қадағалау функциясының максаттарына қол жеткізудің құралы ретінде де қарастырылуы мүмкін. Прокурордың қылмыс белгілерін тауып, ізін ала қылмыстық іс қозғауы шын мәнінде қадағалау функциясын жүзеге асыру болып табылады. Сонымен бірге прокуратура органдарының көп кырлы функциясы осы функцияны құрайтын міндеттерді дербес түрде жүзеге асыруды жоққа шығармайды. Заң шығарушының про-курорды өзінің құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында қылмыстык ізге түсуді жүзеге асыратын лауазым иесі ретінде қарастыруы прокурордың іс жүргізу мәртебесінін біркелкі еместігі туралы куәландырады. Оның мәртебесі мемлекеттік айыптауды қолдау барысында айрықша сипаттарға ие болады. Прокурордың өкілеттігі іс жүргізудің кезеңіне және өздері жүзеге асыратын нақты функцияның шегінде ұстанатын көзқарасына байланысты өзгеріп отырады.

Прокурордың құқықтық мәртебесі  сот әділдігін аткару кезінде  прокуратура органдары шешетін  міндеттер жүйесімен тығыз байланысты. Мұндай міндеттерге мыналар жатады:

1) әрбір істі жан-жақты,  толық және объективті түрде  тергеп, қарау үшін занда көзделген  шараларды қолдану; 

2) айыпталушының қорғануға  деген құқығын, оның жеке және  мүліктік құқықтарын сақтауды  қамтамасыз ету; 

3) әрбір қылмыс жасаған адамның заңды және әділетті түрде жазалануын және кінәсі жоқ жерде бірде бір адамның сотталмауын қадағалап, қылмыстық ізге түсу мақсаттарына қол жеткізу;

4) азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік, қоғамдық және жеке  кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың заңды мүдделерін сотта қорғауды қамтамасыз ету.

Прокурор мәртебесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен де анықталады (83-бап), оған сәйкес прокуратура органдары  өз өкілеттілігін басқа мемлекетгік  органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады және заңға ғана бағынады.

Қылмыстық іс жүргізудің құқықтық қатынастар жүйесіндегі прокурор мәртебесінің мазмұны оның құқықтары  мен міндеттерінің жиынтығына байланысты мынадай жағдайлармен айқындалады.

Прокурор іс жүргізу  аяқталған қылмыстық іс бойынша  шешім қабылдауға құқығы бар. Іс жүргізудің кейбір сатыларьшда прокурордын  белгілі бір мүддесі болады. Бұл  мүдде сот әділеттілігі міндеттерінің  шегінен шықпайды. Және егер сот  талқылауы барысында адамның кінәсіз екені айқындалса прокурор мемлекеттік айьштауды қолдаудан бас тарта алады. Мұндай бас тарту оның құқығы емес, міндеті болып табылады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 317-бабында былай деп жазылған: "Прокурор, егер айыптау сот талқылауында колдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара) міндетті".

Іс жүргізудің жекелеген  сатыларында прокурордың істі шешу жөнінде ешқандай құқықтары болмайды, оның сондай-ақ қадағалау қызметінің мақсаттары мен міндеттерінің мазмұнына  байланысты тікелей іс жүргізу мүддесі де болмайды.

Мәселен, апелляциялық инстанция  сотындағы істі қарау кезіндегі  прокурордың қатысуы іс бойынша  өзінің көзкарасын білдірумен және косымша  материалдар берумен шектеледі (ҚІЖК-нін 430-бабының 5,6-бөліктері) Жоғары тұрған сотта істі қарау кезінде қадағалау тәртбімен прокурордың қатысу сипаты өзінің қарсылығын білдірумен шектеледі (ҚІЖК-нің 467-бабының 2-бөлігі).

Қадағалау қызметінің нысандары  іс бойынша белгілі бір қатысушылардың функцияларымен киылысуы мүмкін.

Істің мән-жайын тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және анықтау жүргізетін тұлғаға жүктеледі. Бірақ өзге де қылмыстық іс жүргізу функциясын жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, прокурор қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра отырып, бір мезгілде заңдылықты сақтау, іс бойынша процессуалдык іс жүргізуді өткізу сияқты аралас екі функцияны да жүзеге асырады.

Қадағалау қызметінің өзге де дербес функциялармен қатар келуінің осындай нысандарының құқықтық негізі болады. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығының 38,46-баптарына сәйкес прокурордың:

- қылмыстық іс қозғайды  немесе қылмыстық іс қозғауға  рұқсат беруден бас тартуға; 

- анықтама немесе алдын  ала тергеу жүргізу үшін тиісті  органға прокуратура қозғаған қылмыстық істерді беруге;

- жекелеген тергеу  әрекеттері бойынша іс жүргізуге  қатысуға;

- тергеушілер мен анықтама  жүргізуші адамдардың заңсыз  каулыларының күшін жоюға; 

- анықтама мен тергеу  органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді, жасаған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің барасы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алуға;

- бұлтратпау шарасы  ретінде қамауға алуға шешім  жасалған адамдарды қамауда ұстаудың  заңдарда белгіленген тәртібі мен шартының сақталуын тексеруге;

- қол сұғуға болмайтын  құқыққа ие адамды қылмыстық  жауапкершілікке тартуға келісім  алу үшін ұсыныс енгізуге;

- жасалған немесе әзірленіп  жатқан қылмыстар туралы өтініштер  мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын тексеруге қүұқығы бар. Бұл құқығы прокурордың Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген өзге де өкілеттіктеріне қайшы келмейді. Мәселен, прокурор тергеушінің көзкарасына қарамастан, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын қолдануға, қажетті жағдайларда оқиға болған орын-ды жеке тексеріп қарауға, сараптама тағайындауға құқылы.

Прокурор қылмыстық  істі қозғауға құқығы болса да қылмыстық  істі қозғаудың заңдылығына қадағалау  жүргізуге міндетті. Бұл орайда прокурор іс жүзінде бақылауға алынбайды. Оның іс-қимылы заңдылығының өлшемі заң ғана больш табылады. Ол қабылдаған шешімнің негізділігі мен заңдылығы алдын ала тергеу барысында немесе істі сотта қараған кезде бағалануы мүмкін.

Іс жүргізу барысында  прокурордың тұлғасы көп қырлы  болады: айыптаушыға қатысты прокурор айыпталушы шағымдарымен, өтініштерімен, тілектерімен шыға алатын инстанция болып табылады, сонымен бірге тап осы прокурор әлгі айыпталушыға (сотталушыға) қатысты сотта мемлекеттік айыптауды қолдауы мүмкін.

Прокурор, басқа да іске қатысушылар сияқты, сотта қаралатын нақты іс шегінде сот бақылауында болады. Мәселен, ол сотта төрағалық етушінің талаптарын прокурор орындамаған жағдайда, алдыңғысы кылмыстық іс жүргізу санкцияларын қолдануға құқылы; сот сондай-ақ прокурордың өтінішін кабылдамауы да мүмкін.

Прокурор сотта ештеңе де шешпейді, ол тек сот тергеуіне  белсенді қатысу жолымен айыптауды  дәлелдейді. Өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді прокурордың  толық көлемде орындауына оның іс жүргізуге қатысуын болдырмау негіздері аз ыкдал етпейді. Прокурорды іс жүргізуге қатыстырудың негізгі себептері мыналар болып табылады: а) іс жүргізуге жеке, тікелей немесе жанама мүдделілігі (ҚІЖК-нің 91-бабы); ә) белгілі бір іс бойынша сот құрамына кіретін судьялармен туысқандық қарым-қатынаста болуы; б) егер ол өзі жәбірленуші болса, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың туысқаны болса, сондай-ақ айыпталушының немесе оның заңды өкілінің, айыптаушының, қорғаушының, тергеушінщ немесе анықтау жүргізетін тұлғаның, жәбірленушінің мүдделерін білдіретін өкілдің азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің, аудармашының немесе сот мәжілісі хатшысының туысқаны болып табылса; в) егер ол белгілі бір істе судья сипатында қатысатын болса.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы