Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

Қылмыстық іс бойынша  сотталған А-ның жәбірленуші Қ-ны, бұзақылық ниетпен, адамның құқығына қарсы қасақана өлтірген және Ж. мен Н. алдын-ала сөз байласып жәбірленушілер Б. мен М-ға бұзақылықпен дене жарақаттарын салған қылмыстық әрекеттері, сотта жан-жақты зерттелген, жәбірленушілер Б. мен М-ның, сотталған А., Н. және Ж-ның жасаған қылмыстарын баяндап алдын-ала тергеуде заң талаптарына сай алынған және бейне таспаға жазылған жауаптарынан, қылмыстық оқиғаның басы қасында болған куә И., У., С., Е-ның соттың үкімінде анықтаған мән-жайларды, қылмыстық оқиғаның қалай өрбігенін көрсеткен жауаптарымен, жәбірленушінің өкілі Ш-ның, іс бойынша сұралған басқа да куәлардың жауаптарымен, оқиға болған жерді қарау, іс бойынша өткізілген сараптамалардың қорытындыларымен, беттестіру хаттамаларымен және істегі жиналған бас-қада дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген.

Атап айтқанда, А. алдын-ала  тергеу-де сезікті ретінде берген жауабында; оқиға болған жерде жауабын  тексергенде; қамауға аларда айыпкер  ретінде жауап бергенде біркелкі жауаптар берген.

Бірінші сатыдағы сот  сотталған А-ның алдын-ала тергеуде берген жауаптары 2005 жылғы 28 мамырда  орын алған қылмыс оқиғасымен сәйкес келетін-діктен және де сотта зерттелген басқа да істегі құжаттармен бекітілінгендіктен үкімнің негізіне дәлелдеме ретінде дұрыс алған.

Сот-дәрігерлік сараптаманың № 01-07/799 қорытындысынан, Б-ның басы мен құлақ жарғағында да қанталаған және сыдырылған іздер, денсаулыққа  жеңіл дәрежелі зақым келтірілген, айы-ғуына 3 аптаға жетпейтін уақыт  қажет екені анықталады.

Істің мұндай тұрғысында бірінші сатыдағы сот сотталған А-ның "жәбірленуші Қ-ға пышақты бір рет сілтедім және  ол сәтте мен қорғану жағдайында болдым, деген уәждері жоғарыда келтірген дәлелдемелердің негізінде теріске шығарылады деп дұрыс қорытындыға келген.

Бірінші сатыдағы сот сотталған А-ның қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "и" тармағымен дұрыс дәрежелеген.

Сонымен қатар, бірінші  сатыдағы сот А-ның бұзақылық  қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен дұрыс дәрежелемеген, онда А-ның жәбірленуші Б-ға пышақ қолданып бұзақылық әрекеттер жасағаны іс бойынша жиналған құжаттармен бекітілмейді. Сонымен бірге А-ға айып таққанда да, оның тек жәбірленуші Қ-ға пышақ жұмсағаны ғана көрсетілген, сот үкімінің анықтама бөлігінде, қылмыс анықталмаған пышақ қолдану арқылы жасалғандығы көрсетілген, онда Б-ға кімнің қандай пышақ қолданып жасағаны жайлы, айып тағылғанда не үкімде де көрсетпей  тек адамдар тобы болып денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірілгені жалпылама айтылған.

Ал істегі сот-дәрігерлік сараптаманың 2005 жылғы 29 мамырдағы № 01-07/799 қорытындысынан Б-ның денсау-лығына жеңіл түрде дене жарақаты жұмыр доғал зат, жұдырықтан түсуі мүмкін екендігі ғана анықталған. Істің мұндай тұрғысында, сотта оның Б-ға пышақ қолданғаны дәлелденбегендіктен, А-ның қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігінен, сол баптың 2-бөлігінің "а" тармағына қайта дәрежелеп, жаза тағайындалуы тиіс.

Сотталған А-ға жаза тағайындағанда, жасаған қылмыстарының ауырлығын, қоғамға қауіптілігін сот үкімінде және апелляциялық шағымында көрсетілген жеке басының деректерін қарап, оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды толық ескеріп, жазаны сотталған баптың көлемінде қайта тағайындаған.

Көрсетілгендердің негізінде  ҚР ҚІЖК-нің 411-бабының 1, 3-тармағын және 423-бабын басшылыққа алып, алқа Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 7 қарашадағы А. жөніндегі үкімді өзгертіп, оның ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпталған қылмысын ҚР ҚК-нің 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағына қайта дәрежелеп, оны осы баппен 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 11 жылға бас бостандығынан айырып, үкімнің өзге бөлігін өзгеріссіз қалдырды. Сотталған А-ның апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Сонымен қатар, тәжірибеде, соттар бұзақылық қылмысы жайлы үкімдер шығарады, солардың бірнешесіне талдау жасайық. Сот үкіміне сәйкес Н. қылмыстарды келесі жағдайларда жасаған. 2002 жылдың 28 наурызында Н. Көкөзек ауылының көшесінде қоғамды анық құрметтемеуін білдіріп, балағат сөздер айтып, айқайлап, мылтығымен аспанға бірнеше рет оқ атып, атыс қаруын пайдаланып бұзақылық жасаған. Содан соң Алдабергенов көшесіндегі №56 үйдің ішінен бірнеше адам шыққанын көріп, бүзақылық ниетпен көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жәбірленуші Ш. құыққа қарсы қаза келтірген. Қылмыстық іс апелляциялық тәртіпте қаралмаған.

Сотталған Н. қадағалау  шағымында айыптау үкіммен ішінара  келіспей, айыбына ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігі артық тағылғанын, өйткені оның әрекеттері ҚК-нің 96 бабы 2 бөлігінің «и» тармағымен толық қамтылатынын, мылтықпен тек бір рет қана атқанын, іс бойынша сұралған куәлар жәбірленушінің туысқандары болғандықтан, олардың жауаптарын айыптау үкімінің негізіне алуға болмайтынын көрсетіп, айбынан ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігін алып тастауды сұраған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қылмыстық  істің мән-жайлары бойынша жасалған баяндамасын, прокурордың сотталған  Н. әрекеттерін ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігінен ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігіне қайта саралап, осы бап бойынша оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігінің негізінде Н. түпкілікті 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қажет деп айтқан пікірін тыңдап, іс қүжаттарымен танысып, қадағалау алқаның анықтағаны.

Сотталған Н. бұзақылық  ниетпен көптеген адамдардыңөміріне  қауіпті тәсілмен жәбірленуші Ш. құқыққа қарсы қаза келтіріп, бұзақылық  жасаудағы кінәсі алдын ала тергеу барысында жинақталып, басты сот талқылауында толық және объективті түрде сараланған дәлелдемелермен бекітілген.

Атап айтқанда, Н. кінәсі өзінің айыбын толық мойындап берген жауаптарымен, куәлар Т., Ш., Ш., К., К., Т. көрсетулерімен, тергеу амалдарының  хаттамаларымен және сараптама актілерімен толық дәлелденген.

Сотталған Н. әрекеттері ҚК-нің 96 бабы 2 бөлігінің «е, и» тармақтарымен  дұрыс сараланған. Осыған қарамастан, сотталған Н. қатысты Алматы облыстық сотының 2002 жылғы 13 тамыздағы үкімі келесі себептерге байланысты өзгертілуге жатады.

Бірінші сатыдағы сот  істің нақты мән-жайларын дұрыс  анықтай отырып, сотталған Н. әрекеттеріне дұрыс құқықтық баға бермеген. Іс құжаттарына және басты сот талқылауында анықталған істің мән-жайларына қарағанда, 2002 жылдың 28 наурызында сағат 21:00 шамасында сотталған Н., Ш., М. жанына келіп, соңғысымен ерегесіп қалған. Оларды ажыратпақшы болған Ш. Н. үйіне кетуін сұраған, осының салдарынан Н. пен Ш. арасында төбелес болған. Сотталған Н., Ш. таяқ жеп қалғанына ыза болып үйінде болған қос ауызды мылтығын алып Ш. іздеуге шығып, Көкөзек ауылының көшесінде қоғамды анық құрметтемеуін білдіріп, балағат сөздер айтып, айқайлап, мылтығымен аспанға бірнеше рет оқ атып, атыс қаруын пайдаланып бұзақылық жасаған. Сағат 23:00 шамасында Н. Алдабергенов көшесіндегі №56 үйдің ішінен бірнеше адам шыққанын көріп, бұзақылық ниетпен көптеген адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жәбірленуші Ш. құқыққа қарсы қаза келтірген.

Сотталған Н. жәбірленуші  Ш. қасақана өлтірудің алдында көшеде мае күйінде боқтық сөздер айтып, қолындағы мылтықпен аспанға бірнеше рет атқан, яғни кісі өлтіру құрамымен қамтылмайтын жеке дара бұзақылық құрамын құрайтын әрекет жасаған. Аталған екі қылмыс бір ниетпен байланысты болмаған, әрқайсысы Н. мен жеке жасалынған.

Жәбірленуші Ш. қасақана өлтірудің алдында Н. қолында болған атыс қаруын қандай да бір адамның өмірі мен денсаулығына шын қауіп төндіретін күш қүралы ретінде қолданбаған, яғни іс жүзінде атыс қаруы пайданылмаған.

Істің мұндай түрғысында, сотталған Н. әрекеттері ҚК-нің257 бабының 3 бөлігінен ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігіне қайта саралануға жатады, өйткені шын мәнінде атыс қаруы қолданылмаған.

Алқа сотталған Н. ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігімен жаза тағайындау кезінде, оның жауаптылығы мен жазасын  жеңілдететін және ауырлататын барлық мән-жайларды ескереді.

Айтылғандардың негізінде, ҚІЖК-нің 467 бабының 6 бөлігінің 2 тармағын басшылыққа алып, қадағалау алқасы сотталған Н. қатысты Алматы облыстық сотының 2002 жылғы 13 тамыздағы үкімін өзгертуге, оның әрекеттерін ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігінен ҚК-нің 257 бабының 1 бөлігіне қайта саралап, осы бап бойынша оған 2 (екі) жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға.

ҚК-нің 58 бабының 4 бөлігіне сәйкес, тағайындалған жазаларды  ішінара қосу жолымен түпкілкті  Н. 13 (он үш) жыл бас бостандығынан  айыру жазасын тағайындауға. Үкімнің қалған бөлігін өзгеріссіз қалдыруға. Сотталған Н. қадағалау шағымын ішінара қанағаттандыруға шешім шығарды [34].

Сонымен қатар, тағы бір істі қарастырайық. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы Ақтөбе облыстық сотының 2008 жылғы 13 тамыздағы үкіміне апелляциялық тәртіппен келтірілген жәбірленуші С.-ның, сотталған Р. Мен Н. және қорғаушылары Қ., М.-ның шағымдарымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, Ақтөбе облыстық сотының үкімімен Н. 1988 жылғы 10 тамызда Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласында туылған, ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, — Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж», «и» тармақтарымен 13 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4 бөлігінің талабына сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 14 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2007 жылдың 20 наурызынан бастап есептелген.

Р. 1988 жылғы 15 мамырда  Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында туған, ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, Қазақстан  Республикасы ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «ж» тармағымен 12 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 4 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сай, қылмыстардың жиынтығы бойынша, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті 13 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. Өтеу мерзімі 2007 жылдың 20 наурызынан бастап есептелген.

Г. 1987 жылғы 31 тамызда, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында туған, ұлты әзербайжан, бұрын сотталмаған, К. 1989 жылғы 20 тамызда Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласында туған, ұлты қазақ, бұрын сотталмаған, — Қазақстан Республикасы ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а», «б» тармақтарымен айыпты деп танылып, оларды ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатқан. Сотталған Н.-дан жәбірленуші М.-ның пайдасына 30 000 теңге өндірілген.

Сотталған Н. мен Р.-дан  ортақ жауапкершілікте жәбірленуші  С.-ның пайдасына 1 396 400 теңге материалдық залал, 13964 теңге баж салығы және олардан 4 000 000 теңге моральдық залал, 584 теңге баж салығы өндірілген.

Іс бойынша айғақты  заттардың тағдыры дұрыс шешілген. Сот үкімімен Н., Р. топ болып, қоғамды  анық құрметтемей, қоғамдық тәртіпті тым  өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетін атқарушы адамға қарсылық көрсетіп, азаматтарға қарсы күш қолданып, бөтеннің мүлкін бүлдіріп, жәбірленушілердің денсаулықтарына зиян келтіру үшін пышақ қолданып, бұзақылық жасаған үшін, сонымен қоса екеуі топ болып қасақана адам өлтіру мақсатында пышақтармен қаруланып, жәбірленуші М. мен С.-ның арттарынан кафеге қуып барып, даяшылар бөлмесінің есігін сындырып кіріп, Н. М.-ның бетінен пышақпен ұрып, оң жақ қас үстіне кесілген жеңіл жарақатын және жұдырығымен бетінен ұрып, есінен тандырып еденге құлатқан. Н. қылмыстық әрекетін жалғастырып, бұзақылық ниетпен Р.-мен адамдар тобы болып, С.-ны қасақана пышақпен ұрып өлтіргендері үшін, сонымен бірге Н. М.-ның құны 30 мың тұратын бас киімін жасырын ұрлағаны, ал Г. мен Қ. топ болып, қоғамды анық құрметтемей, қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзып, қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі міндетін атқарушы адамға қарсылық көрсетіп, бөтеннің мүлкін бүлдірумен ұштасқан бұзақылық жасағандары үшін айыпты деп танылған.

Жәбірленуші С. апелляциялық шағымында іс бойынша сотталғандарға қылмыстық заң дұрыс қолданбағанын, жаза тым жеңіл тағайындалғандықтан, сот үкімін өзгертіп, Н. мен Р.-дың қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен және 96-бабының 2-бөлігінің «а», «ж», «и» тармақтарымен оларға өмір бойы бас бостандықтарынан айыру жазасын, ал Қ. мен Г.-нің әрекеттерін ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен қайта дәрежелеп, олардың әрқайсысын 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Қорғаушы М. және сотталған  Н. апелляциялық шағымдарында сот үкімімен келіспейтіндерін, жәбірленуші С.-ны өлтіруге Н.-ның (өзінің) қатысқаны жөнінде істің қалай болғаны мен тергелгенін көрсетіп, іс бойынша дәлелдемелердің жоқтығын айтып, ақтауды, не қайта сот қарауына жолдауды, сондай-ақ Н.-ның 257-баптың 3-бөлігімен қылмысы дұрыс дәрежеленбегендіктен, оның қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 257-бабының 2-бөлігінің «а», «б» тармақтарына аударып дәрежелеп, оған қылмыстар жиынтығымен ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігімен бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды, іс бойынша азаматтық талап арыздарды қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Қорғаушы Қ. сотталған  Р.-дың мүддесін қорғап жазған апелляциялық шағымдарында сот үкімі заңсыз, онда сот ҚІЖК-нің 24-бабының талаптарын орындамай, істі біржақты қарап, куә  Д.-ның Р.-дың қолында тырнақ алғыш  болғанын көрсеткенін, сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен С.-ның ажалы қорғауындағы Р.-дың пышақ салуынан болмағанын, қылмыстың бұрмаланғанын, қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерге біржақты баға берілген және Р.-дың қылмыстық әрекеттері сотта дәлелденбегендіктен, оны ақтауды сұраған.

Сотталған Р. апелляциялық шағымында сот үкімімен келіспейтінін, онда іс жан-жақты объективті түрде  қаралмағанын, сот Қ.-ның қылмысты мойындаған жауабына дұрыс баға берілмегенін, онда қылмысты іске қатысының жоқтығын тексеруді және соттың тағайындаған жазасы тым ауыр екенін көрсетіп, жазасын жеңілдетуді сұраған.

Сот алқасы жәбірленуші  С. мен қорғаушысы К.-ның апелляциялық шағымды қолдап, сотталғандарға жаза тым жеңіл тағайындалған деген, жәбірленуші М.-ның сот үкімі  заңды деп есептейтін, қорғаушылар  Қ. мен М.-ның сотталған Н. және Р.-дың апелляциялық шағымдарын қолдап сөйлеген сөздерін және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының аға прокурорының сот үкімін өзгеріссіз, апелляциялық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдыру туралы пікірін тыңдап, істі жан-жақты тексеріп, іс құжаттарын зерттеп, сот үкімі төмендегі негіздерде өзгеріссіз қалдыруға жатады деп тапты.

Қылмыстық іс бойынша  сотталған Н. мен Р. адамдар тобы болып және Н. бұзақылық ниетпен  жәбірленуші С.-ны қасақана өлтірген, сонымен қатар олар топтасып, қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі атқарушы адамға қарсылық көрсетіп, бөтеннің мүлкін бүлдіріп, өзге де адамдарға қарсылық көрсетіп, жәбірленушілердің денсаулықтарына зиян келтіру үшін пышақ қолданып, бұзақылық жасаған қылмыстары сотта өз дәлелін тапқан.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы