Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 21:35, реферат

Описание работы

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл дипломдық жұмыс бұзақылық қылмысына талдау жасау және де аталған қылмысқа қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық мәртебесі мәселелерін толық және жан-жақты зерттеу жасауға деген ұмтылыс болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қылмыстардың қоғамдық қауіптілігінің өсуі және соның ішінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдағы адамгершілікке қол сұғатын қылмыстар 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде, әсіресе оның «Бұзақылық» деп аталған 257-бабынан көрініс тапқан.

Работа содержит 1 файл

Диплом + Хулиганство.doc

— 489.00 Кб (Скачать)

  Қылмысты саралаудың әдістемелік негізіне жалпы ұғым (заң нормасы) мен жеке құбылыстың (нақты әрекет) арасындағы ара қатынастың материалистік түсінілуі жатады. Заң нормасы әрқашанда жалпылама, абстрактивті сипатқа ие екендігі белгілі. Іс-әрекет керісінше кез-келген ситуацияда нақты болып табылады.

  Құқықтық әдебиеттерде қылмысты саралауға анықтамалар берілген. Өзінің мәністері бойынша олардың барлығы бір ұғымды білдіреді. Алайда олардың арасында барынша қысқа және қылмысты саралаудың ұғымының өзін, оның мазмұнын нақтылап, маңызын ашып көрсететін көлемділері де кездеседі. Олардың алғышқысында мысал ретінде «Қылмысты саралау жасалған іс-әрекеттің белгілі бір қылмыс құрамы белгілерімен сәйкестігін анықтау»[24, 8].

  Құқықтық білімдердің  энцоклопедиялық сөздігінде берілген  анықтамада қылмысты саралау  анықтамасы және оның түсіндірмесі  барынша дәл және ақиқат болып табылады. Ол бойынша «Қылмысты саралау дегеніміз жасалған іс-әрекет белгілерінің қылмыстық заңда қарастырылған белгілі-бір қылмыс құрамына дәл сәйкестігін тиісті процессуалдық актіде анықтау және бекіту» [25]. Аталғандарды нақтыласақ а) қылмысты саралау кінәлі тұлғаға жаза мөлшерін тағайындау және жасалған қылмыстың өзге де құқықтық салдары үшін негіздеме. б) қылмысты саралау қылмыстық сот өндірісінде заңдылықтың сақталуы үшін үлкен маңызға ие болады; в)қылмысты саралау жасалған қылмыстың осы іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заңмен қатаң сәйкестікте саралануы тиістігін білдіреді. В.Н. Кудрявцевтің санауынша қылмысты саралау оған заңи баға беру осы қылмыстың белгілерін бекітетін қылмыстық-құқылық норманы көрсету болып табылады. Б.А. Куриновтың пікірінше «қылмысты саралау – бұл өмірдегі нақты жағдайдың – қылмыстың – қылмыстық заңның нормасында тұжырымдалған берілген қылмыс туралы ұғымымен ұқсастығы туралы қортынды жасау. Қылмысты саралау өмірдегі нақты жағдайға қылмыстық заңның нормасын таңдап алу және мағынасы бойынша заңи саралаулардың тек бір түрі ғана болып табылады»[26].

  «Квалификация»- термині  латын тілінен аударғанда әлде  бір нәрсенің сапасын, бағасын,  жарамдылық дәрежесін анықтау  дегенді білдіреді. «Сараланған қылмыс» анықтамасы берілген қылмыстық іс-әрекет жауаптылықты ауырлататын мән-жайларда жасалғандығын және ауырырақ жазаға тартылатындығын  білдіреді [27]. Яғни заңшығарушы оны өзіне ұқсастардың қатарынан барынша қоғамдық-қауіпті және зиянды ретінде бөліп көрсетеді.

  Қылмысты саралау ұғымына келетін болсақ мәселе сәл өзгешелеу болады. Ол (ұғым) екі мағынада қолданылады: 1) тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) қылмыс құрамының бар екендігін құқық қорғау органдарының анықтауының логикалық процессі; 2) Осындай қызметтің нәтижесі – қылмыстың жазалануға тиісті іс-әрекетті оны әлеуметтік қауіптілік және жазалану қаталдығы бойынша бөліп көрсетпей құқықтық бағалау. Қысқаша айтқанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің диспозициясы мен санкциясында қарастырылғаны ғана бағаланады.

  Теорияда және  практикада қылмысты саралаудың  екі мағынасы өзара байланысты  және өзара шартты ретінде  қарастырылады. В.Н. Кудрявцев  және Б.А. Куринов бұл жағдайды  атап ғана қоймай, қылмысты саралау  ұғымын анықтау барысында ескеруді ұсынады.

  Аталған жағдайды  сақтамау немесе ескермеу яғни  істің нақты мән-жайларына сәйкес  емес қылмыстық заңды қолдану  жасалған қылмыстың сипаты туралы  түсінікті бұрмалайды, оған дұрыс  баға бермейді және әділетсіз  үкімнің шығуына әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайда қылмысты саралау дұрыс емес. Ол қылмысты дұрыс саралау сияқты ресми сипатқа ие болады себебі сот-тергеу органдарымен беріледі.

  Саралау сонымен  қатар ресми емес (доктриналды)  болуы да мүмкін, ол құқыққа  қарсы әрекетке (әрекетсіздікке) құқықтық баға беруді жекелеген ғалымдар және практикалық қызметкерлер түсіндірулерде, оқулықтарда, ғылыми жұмыстарда ұсынған кезде жүзеге асырылады. Алайда олардың заңи күші болмайды.

  Саралау дегеніміз  – бұл жасалған іс-әрекеттің  оқиғалық белгілерінің және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормасында қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің толықтай сәйкестігін анықтау және заңи түрде бекіту болып табылады[28].

  Қылмысты дұрыс  сараламау үкімнің күшін жою  немесе өзгерту үшін негіз  болып табылады. Саралау барысында жіберілген қателік жазаның түрі мен мерзімінің дұрыс тағайындалмауын туындатып ғана қоймайды, сонымен қатар бірқатар басқа да құқықтық салдардың негізсіз туындауына алып келеді (сотталғандық, түзету мекемесінің түрін және түзету колониясының режимін анықтау, рақымшылық жасауды қолдану немесе қолданбау, мүлікті тәркілеу, кейбір азаматтық-құқылық салдар).

   Кінәлі адамға жазаның мөлшерін дұрыс анықтау іс-әрекетті дұрыс саралауға айта қаларлықтай тәуелді.

Қылмысты саралау процессі яғни оның жүзеге асырылуы, қылмыстық істі қозғаудан бастап қылмыстық процесстің барлық сатыларында орын алады. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 63, 64, 66, 67, 190, 197 баптарында Қылмыстық істі қозғау, қылмысты ашу, және істі процессуалдық құжаттау міндеттері туралы айтылған. Қылмыс белгілері анықталған әрбір жағдайда прократура тергеу және анықтама органдары өздерінің өкілеттіктерінің шегінде қылмыстық іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, оны жасауға кінәлі тұлғаларды және оларды жазалауға заңда қарастырылған барлық шараларды жүзеге асыруға міндетті. Қылмыстық істі қозғау туралы қаулыда оны қозғауға негіз болған мәліметтер, белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған қылмыстық заңның бабы және қылмыстық іс тергеу өндірісі немесе сот тергеуін жүргізу үшін жіберілген орган көрсетілуі тиіс.

  Қылмыстық істі  қозғау сатысы  қылмыстық істі  қозғау туралы қаулы шығарумен  шектелмейді. Оның мазмұны болып  а) қылмыстық істі қозғауға  заңды себептер мен негіздердің  болуын алдын ала тексеруі, б)  қылмыстық істі қозғау туралы мәселенің тікелей шешуі табылады./8/ Сондықтан аталған қаулыны шығарғанға дейін сот өндірісінің тиісті органдары іс бойынша өндірісті бастау мүмкіндігінің шарттарын анықтайды, көп реттерде бұл үшін белгілі бір процессуалдық әрекеттерді орындайды және қылмыстық істі қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Тіпті осы сәттен-ақ қылмысты алдын ала шартты түрде айтқанда, бағыттаушылық саралау жүзеге асырылуы мүмкін.

  В.Н. Кудрявцев  дұрыс айтады: «қылмыстық процесстің әрбір сатысында (анықтама, алдын ала тергеу өндіріснің барысында, істі бірінші сатыдағы сотта қараған кезде, сонымен қатар жоғары сатыдағы соттарда қарау кезінде) құқықтық норманы қолданумен байланысты мәселелер соның ішінде қылмысты саралау мәселелері де дербес, көп жағдайда қайтадан шешіледі»[29].

  Қылмыстық процесстің  келесі сатыларында қылмысты  саралау талданып нақтыланады.  Бұл тұлғаны айыпталушы ретінде  жауапқа тарту туралы негізделген  қаулыны жасақтауда орын алады  онда іс- әрекет сараланатын қылмыстық заңның бабы; айыптау қортындысында сотқа өткізу сатысында алдын ала таңдау барысында айыпталушыға тағылатын іс-әрекеттерге қылмыстық заңның қолданылуының дұрыстығы анықталады, жасалған іс-әрекеттің мемлекеттік бағалануы  болып табылатын сот үкімі әрине, одан тыс қалмайды. «Соттық тергеу актілерінің жүйесінде – үкім маңыздылығы бойынша ерекше орын алады: онымен қылмыстық іс негізінен шешіледі және сотталушының өзі сотқа берілген қылмыс бойынша кінәлілігі туралы және оның кінәлілігінң дәрежесі жөніндегі мәселеге түпкілікті жауап беріледі»-деп жазған М.С. Строгович[30].

Аппеляциялық және бақылау  өндірістеріне қатысты айтсақ қылмысты саралау мәселелері бұл жерде  де үлкен маңызға ие болады. Қылмыстық  іс жүргізу Кодексінің 414, 432, 434 және 459 баптарына сәйкес қылмыстық заңның дұрыс қолданылуы – аппеляциялық сатыда да бақылау тәртібінде де үкімнің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздерінің бірі болып табылады. Қылмыстық-құқылық норманы оның дәл мағынасына қайшы келетін түсіндірудің және қылмыстық заңды дұрыс қолданбаудың басқа жағдайларында: айыптау үкімін бақылау тәртібімен қайта қараған кезде, ауырырақ қылмыс туралы заңды қолдану қажеттілігімен байланысты сот шешімдері мен қаулыларын жазаның жеңілдігі немесе басқалай негіздер сонымен қатар ақтау үкімі   немесе істі қысқарту туралы шешім немесе қаулылардың барысында орын алуы мүмкін.

Осыдан туындайтын қортынды қылмыстық-процессуалдық заң, тиісті негіздер болған кезде қылмысты қайта  саралаудың тиісті тәртіптерін бекітеді. «Мемлекеттік органдар қызметінің осы  жақтарының заңмен айқын реттелуі қылмыстық істің тергелуінің жан-жақтылығы, қылмысты жасаған деп айыпталған адамға қорғау құқығының уақытында берілуінен әрбір қылмыстық істің әділетті шешілуіне кепілдік беретін басқа да көптеген сәттерге ақыр аяғында заңдылықтың қатаң сақталуы қажеттілігінен туындайды»[31].

Б.А. Куриновтың пікірінше  қылмысты саралаудың жүргізілуінің  өзі үш кезеңнен тұрады. «Бастапқыда  іс-әрекеттің барынша жалпылама  белгілері анықталады яғни , құқықтық қатынастың түрі анықталады». Екінші кезеңде «қылмыстық іс-әрекеттің топтық белгілерін анықтау жүзеге асырылады яғни қарастырылған қылмыстың қылмыстық кодекстің қандай тарауымен қамтылатындығы анықталды». Үшінші кезең «қылмыстың түрлік белгілерін айқындау және салыстырудан тұрады»[32].

 «Қылмыстық құқық» оқулығының авторлары да қылмысты саралауды үш кезеңге бөледі, бірақ оларды басқаша түсіндіреді. Бірінші кезең жасалған іс-әрекеттің оқиғалық мән-жайларын толық және дұрыс анықтаудан тұрады. Екіншісі тиісті қылмыс құрамын сипаттайтын нақ сол қылмыстық-құқылық норманы анықтау. Үшіншісі нақты жасалған іс-әрекеттің құрамын таңдап алынған нормада сипатталып жазылған қылмыс құрамымен салыстыруды қамтиды.

Қарастырылған кезеңдердің  тек қарапайым кезегімен емес, біріккен түрде қылмысты саралаудың бірегей процессін құрайтын олардың логикалық мәнісінде берілетіндігін ескерте кетуіміз керек. Осыған байланысты екінші кезеңде жасалған әрекет үшін қылмыстық-құқылық норманы тек формалды түрде анықтау ғана жүзеге асырылмай оның айқындылығы кеңістіктегі және уақыттағы әрекеті, түсіндіруінің дәлдігі тексеріледі. Үшінші кезеңде іс-әрекет пен қылмыс құрамының белгілері салыстырылады. Олардың ұқсастығы анықталғанда қылмысты саралау аяқталады және бұдан шығатын қортынды «тұлғаның іс-әрекетінде қылмыс бар немесе тұлға қылмыс құрамын орындады ендеше, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға және тұлғаның бұл жауапкершілікті тартуына барлық негіз бар»[33].

Осыдан біз сілтеме  жасаған оқулықтың авторларының түсінігінде нақты түрінде қылмысты саралау қылмыстық істі қозғаған сәттен басталады және үкім шығарумен түпкілікті аяқталады. Шын мәнінде бұл логикалық процесс тергеу мен қылмысты сот-тергеу органдарында тексеру барысында үздіксіз жүргізіледі.

Қылмысты саралау теориясында  саралау және объективті шындық мәселесі белгілі бір күрделілікті пайда қылады оның шешілуі әртүрлі пікірлердің туындауына себепші. Мәселенің мәнісі мында: қылмысты дұрыс саралау барысында обективті шындық анықталама? Тергеу және сот органдарымен жасалған іс-әрекеттің фактілік құрамын анықтау яғни, тек оқиғаны емес олардың құқықтық белгілерін анықтау қылмыстық заңды қолдануға негіз болады.

Мысалы, сотталғанның қылмысы жәбірленушіге пышақ қолданып бұзақылық жасағаны дәлелденбегендіктен сот үкімі өзгертілді. Бұрын сотталмаған А., Батыс Қазақстан облыстық сотының 2005 жылғы 7 қарашадағы үкімімен  ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-бөлігінің "и" тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігінің талабына сәйкес қылмысты, жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті  өтеуге 11 жылға бас бостандығынан айыруға, түзеу колониясының қатаң режимінде жазаны өтеуге сотталған.

Ж., бұрын сотталмаған, ҚР ҚК-нің 257-бабы 2-бөлігінің "а" тармағымен 2 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып тағайындал-ған жазаны шартты деп есептеп 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген. Н. осы іс бойынша  ҚР ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен сотталған, ол жөнінде апелляциялық шағым не наразылық келтірілмеген.

Сот үкімімен 2005 жылғы 28 мамырда Орал қаласында сағат 22.00 шамасында А., Н., Ж. және тергеумен анықталмаған алты адам, топтасқан түрде, алдын-ала келісілген бұзақылық ой ниетпен қимылдап, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, қоғамды анық құрметтемейтіндерін білдіріп, азаматтарға қарсы күш қолданып, жәбірленушілер М. мен Қ-ны топ болып, ұрып соққан.

Осыдан кейін, Театрдың жанында тұрған Б., У., Е. және С. таныстары  А. мен Қ-ны белгісіз топ адамның  ұрып жатқанын көріп, ол екеуіне көмекке  келіп, екі топтың арасында төбелес  бол-ған.

Сонда Н. бұзақылық әрекеттерін  жалғастырып, пышақ қолданып М-ның сол жақ аяғының шабының тұсынан ұрып, жәбірленуші М-ның денсаулығына жеңіл түрде зиян келтірген.

Төбелес барысында А. бұзақылық әрекеттерін жалғастырып, пышақ қолданып, бұзақылығын аса  ауыр қылмыс жасауға ұластырып, бұзақылық ниетпен кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру мақсатымен, өзімен төбелесіп жатқан Қ-ның өміріне маңызды сол жақ кеудесі, яғни жүрегі тұсынан пышақпен екі рет ұрып, жәбірленуші Қ-ның өміріне қауіпті ауыр дене жарақаттарын салғандықтан ол оқиға болған жерде қайтыс болған.

Бұдан басқа да алдын-ала  сөз байласқан адамдар тобының  бұзақылық әрекетерінен жәбірленуші  Б-ның ден-саулығына жеңіл түрде  зиян келтіргендері үшін айыпты деп  танылған.

Сотталған А. бірнеше  рет жазған аппеляциялық шағымдарында қыл-мыстық оқиғаның қалай дамығанын баяндай отырып, өзінің оқиға болған жерге адам өлтіремін деген оймен бармағанын, өзіне бір топ жігіттер жабылғасын жерде жатқан пышақты көтеріп, алдына қойып сермегенін,  сотта оның ісін бір жақты айыптау бағытында қарап шешкендіктен, істің ақ-қарасын анықтап, өзінің қылмыстық әрекетін ҚР ҚК-нің 99-бабына қайта дәрежелеп, осы бап бойынша жаза тағайындауды сұраған.

Сотқа қатысқан мемлекеттік  айыптаушы  мен жәбірленушінің өкілі  Ш. сотталған А-ның апелляциялық шағымымен келіспей, жазған қарсы пікірлерінде сот үкімін өзгеріссіз, шағымдарын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясының іс бойынша  баяндамасын, прокурордың сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, сотталған А-ның  апелляциялық шағымдарын қанағатандырусыз қалдыруды сұраған пікірін тыңдап, іс құжаттарымен танысып, сот алқасы Батыс Қазақстан облыстық сотының үкімін төмендегі негіздемелерге байланысты ішінара өзгертілуге  жатады деген тұжырымға келді.

Информация о работе Бұзақылық қылмысының түсінігі мен маңызы