Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Дипломная работа, 29 Октября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.
Содержание
Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………
Работа содержит 1 файл
9 суб стор Жолдасбек.doc
— 520.00 Кб (Скачать)
Мысалы, соттардың мынадай
Қылмыстың жасалуында
- Кісі өлтіруге оқталу және денмаулыққа зардап келтіру қылмыстарының жиынтығы.
- 103 немесе 104 баппен денсаулыққа зардап келтіру.
- Кісі өлтіру қылмысына оқталу.
Бұл нұсқаулардың ішінен бірінші келтіріп отырған кісі өлтіруге оқталу және денсаулыққа зардап келтіру түүрінде квалификация жасау дұрыс емес болып табылады, себебі кінәлінің қасақаналығында бір қылмыс жасау, яғни кісі өлтіру мақсаты болды. Ол қауыпті әрекеттерін екі қылмыс жасауға бағыттаған жоқ. Оның еркінен тыс жағдайға байланысты басқа қылмыс түрінде қарастырылатын зардап туындады. Демек денсаулыққа қарсы әрекеттер жасау кінәлінің қасақаналығында болған жоқ, сондықтан 103 немесе 104 баптарды қолдану дұрыс емес. Екінші нұсқа түрінде, яғни нақты келтірген зардап бойынша квалификация жасауда қате болып табылады, себебі іс-әрекетке мұндай баға беруде кінәлінің қоғамға қауіптілігінің жоғарғы дәрежесі мүлдем көрінбей қалады, соған сәйкес денсаулыққа зардап келтіру үшін белгілеген жауаптылықты ғана қолданумен шектелуге тура келеді. Бұл нұсқаулардың ішінен тек үшіншісін, яғни кісі өлтіруге оқталу деп бағалау дұрыс деп танылады. Себебі, біріншіден мұндай квалификация жүргізуде кінәлінің қасақаналығы, оның қандай қылмыс жасағысы келгендігі, соған сәйкес адамның қоғамға қауіпті ойының жоғарғы мөлшері заң жүзінде көрініс табады. Екіншіден, қылмыскердің еркінен тыс туындаған жеңілірек зардабы оның мақсатына, қасақаналығына кірген ауырырақ қылмыстың жауаптылығына сияды және ауыр қылмыс түрімен квалификацияланғанда жасалған қоғамға қауіпті әрекет және туындаған зардап кісі өлтіру сиаөты ауыр қылмыстың белгілерінен асып, ауыр болып көріне алмайды.
Іс-әрекеттің түрінің,
- Абайсыздықта қаза келтіру;
- Абайсыздықта қаза келтіру және денсаулыққа ауыр зардап келтіруге оқталу;
- Абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зардап келтіру.
Бұлардың ішінен бірінші нұсқаны қате деп бағалауға болады, өйткені тек абайсыздықта қаза келтізу деп квалификациялағанда, біріншіден қылмыс жасау туралы қасақана кінә нысаны көрінбей қалады, екіншіден қасақаналықтың бағыты бойынша іс-әрекетке құқықтық баға берілмейді, үшіншіден мұндай жағдайларда кінәліні өз қауіптілік деңгейінен жеңіл жазалауға тура келеді. Себебі абайсыздықта қаза келтіруді қарастыратын 101 баптың 1 бөлімі бойынша ұш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеу немесе бас ботандығынан айыру келтірілген. Демек кінәліні өз деңгейінен жеңілрек жазалауға тура келер еді.
Екінші нұсқадағы абайсыздықта қаза келтіру денсаулыққа ауыр зардап келтіруге оқталу деп бағалауда дұрыс емес, себебі мұндай квалификацияда біріншіден бір қылмыстың ой немесе мақсат екі қылмыс деп бағаналар еді. Екіншіден, мұндай жағдайда жасалған қылмыс уақиғасының объективтік жақ белгісі бойынша бір қылмыс, яғни абайсыздықта қаза келтіру деп, ал субъективтік жағы бойынша екінші қылмысты, яғни денсаулыққа зардап келтіруге оқталу деп бағалар едік. Үшіншіден, бір әрекеттегі абайсыздықта қаза келтіру және денсаулыққа зардап келтіруге оқталу сиыспайтын жағдайды, мағынасы бойынша бір*біріне қарама-қайшы квалификацияны білдіреді.
Бұл мысалда үшінші нұсқаны
дұрыс деп бағалау керек,
Қылмыстың субъективтік
Ерекше бөлім баптарының
Қылмыстың субъективтік
Мақсатпен ниет субъективтік жақтың қосымша белгілері ретінде бағаланатындықтан, көпшілік баптарда бұл белгілер туралы айтылмайды. Мұндай қылмыстарда мақсат көбінесе іс-әрекеттің түпкі бағытын білдіретіндіктен квалификацияға әсер етпейді, сондай-ақ қылмыстық ниеттерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесін ауырлату немесе жеңілдету негіздеріне әсер ете алмайды 7.
Қылмыстың субъективтік
1.2.Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау
Кінә-қылмыстың субъективтік
Қылмыстың заң – қылмыс
Қазақстан Республикасының
Кінә - жауапкершілік мәселесін қарастыратын қылмыстық құқық тәрізді құқықтардың әділдік және заңдылық қағидаларын сақтауының бір кепілі түрінде бағаланады. Өйткені адамның кінәсі анықталған жағдайда ғана жауапқа тарту – құқықтық мәжбүрлеудің кез-келген жағдайда емес, белгілі бір заңды негіз, яғни кінәлі болу нәтижесінде тартылуы, ол әлеуметтік құқықтық тұрғыдан қарағанда дұрыс, әділ жұмыс істеуді білдіреді.
Кінәлілік қағидасымен
Қылмыстық құқық қоғамға қарсы
әрекеттердің ең қауіптілерін
қамтитындықтан және өзге
Кінәлілік қағидасын екінші мағынада «жеке кінәлі жауаптылық» деп түсінуге болады. Себебі, 1960 және 1998 жылдардан бастп қолднылған қылмыстық заңдар бойынша қылмыс жасаған адамның өзі ғана жауаптылыққа тартылуға жатады. Қылмыс жасаған адамның жақын адамдары, туыстары қудалауға, құқықтық шектеулерге алынбауы тиіс. Қылмыскер деп танылған адамдардың отбасы мүшелерін, яғни жұбайы немесе зайыбын, баласын, өзге туыстарын қосып қудалау (мысалы, жұмыстан шығару, жұмысқа алмау, сенім көрсетпеу, арнай лагенге қамау т.б.) ел тарихында кеңес өкіметі өмір сүрген ХХ ғасырдың 20-50 жылдарында болған. Бұл кезең тарихта сталин репрессия деп татлады. Қылмысты деп танылған аданың отбасында қосып қудалау «жеке кінәлі жауаптылық» деген қағиданың мемлекеттік – құқықтық тұрғыда мойындалмаған кезеңде өмір сүрді.