Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 16:01, дипломная работа

Описание работы

Құқықтық мемлекеттілікті орнатуда, оның тетіктерін одан әрі жетілдіруде құқық ғылымы салаларының атқаратын міндеті зор болып отыр. Сондай ауқымды міндет заң ғылымының негізгі салаларының бірі — қылмыстық құқық ғылымына да жүктеліп отыр. Қылмыстық құқық ғылымында алда кешенді ғылыми проблемаларды жүзеге асыру, оның ішінде қылмыстық жазаны тағайындау, бас бостаңдығынан айырмайтын шараларды белгілеудің ғылыми негіздері, өлім жазасын қолдануды жою, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын орындаудың құқықтық - нормалық қырларын жетілдіру сияқты іргелі зерттеулерді жүзеге асыру міндеттері түр.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
1- Тарау Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
1.1.Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және оның қылмыс құрамында алатын орны.........................................................................................5
1.2. Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау……………..13
2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
2.1. Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгілері бойынша калификациялау………………………………………………………34
2.2. Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау…………………….42
2.3. Қылмыстың субъективтік жағының міндетті заңи белгілері…………….47
3-Тарау Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша саралау
3.1.Атмосфераны ластаудың субъективтік жағының жалпы сипаттамасы….50
3.2.Ұрлықтың субъективтік жағын талдау……………………………………..59
3.3.Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмысының субъективтік жағын талдау………………………………………………….......61
3.4.Адамды кепілге алудың субъектісі және субъективті жағы……………...65
Қортынды………………………………………………………………………...73
Пайдаланған әдебиеттер………………

Работа содержит 1 файл

9 суб стор Жолдасбек.doc

— 520.00 Кб (Скачать)

       Кінәнің қос нысанын ҚК 22 бабы  «егер қасақана қылмыс жасаудың  салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе, мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе, бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе, бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады» деп анықтаған.

       Кінәнің қос нысанымен жасалатын  қылмыстардың заңда өмір сүру себебі, ол кейбір қасақана жасалатын қылмыстарда қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеттерді өзі ойлаған, тілеген мөлшерденде ауыр зардаптарға соқтыру ықтималдылығы деп түсіну керек. Мысалы қарақшылық қылмысында күш қолдану жай түрде емес, адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті түрде болады. Егер қолданылған зорлық әрекеттер адамның өмірімен денсаулығына қауіпті болса, онда мұндай қылмыста жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зардап келуі мүмкін. Қазіргі қылмыстық кодекстің бұрынғы қылмыстық кодекстен бір айырмашылығы және жетістігі, бұл қасақаналықпен қылмыс жасауға бағытталған әрекеттердің абайсыздықта одан да ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін қылмыс түрлерін анықтап, ол қылмыстарды қарастыратын баптарда кінәнің қос нысанымен жасалатын құрамдарды келтіруінде. Заң шығарушының мұндай тәсілді жеткілікті қолдануы қылмысты квалификациялау жұмысына да тиімді деп бағаланады, яғни заң нормаларын практикалық қызметте қолданушылар жасалған қылмыстың белгілерін толық анықтай отырып , кінәлінің қасақана қылмысты абайсыздықта ауыр зардаптарға соқтыруымен кездессе және мұндай әрекеттер заңда арнайы келтірілсе, онда ҚК бір бабы көлемінде квалификация жүргізіледі. Мұндай күрделі кінә нысандармен сипатталатын қылмыстың орын алған, алмағанын білу үшін қылмыскердің іс-әрекетке деген және сонымен бірге осы қылмысқа әдетте тән емес, негізгі белгісі ретінде бағаланбайтын абайсыздықтағы ауыр зардапқа деген психикалық қатынастарын анықтау қажет. Анығырақ айтқанда, кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстарда қылмыстық заңда жеке-жеке қарастырылған екі қылмыстың белгілері болады, бірақ кінәнің аралас нысанын келтірген баптың бөлімінде бұл екі қылмыс белгілері бір құрам ретінде белгіленеді. Мұндай кінә нысанында жасалатын қылмыстар сондықтан қылмыстық құқықта бүтін норманың түрін білдіреді. Кінәнің екі түрлі нысанымен жасалатын қылмыстардың өзге, тек абайсыздықпен немесе қасақаналықпен, сондай-ақ қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалатын қылмыстардан айырмашылығы, ол мұндай кінәсынандағы қылмыстарда қасқаналықпен жасалған әрекеттердің бір қылмысты, ал абайсыздықта ауыр зардапқа соқтырған әрекеттердің екінші қылмысты білдіретіндігі байланысты. Мұндай құрамда сондықтан тек екі кінә кездесіп қана қоймайды, сонымен бірге екі қылмыс объектісіде кездеседі деп түсіну керек. Мысалы қарақшылық адамның меншігіне бағытталған, бірақ жәбірленушінің қайтыс болуына абайсыздықта соқтырмаған әрекет 179 баптың 1 бөлімімен, қасақаналық кінә нысанымен квалификацияланады. Ал 179 баптың 3 бөлімінің «б» пунктіндегі абайсыздықта жәбірленушінің өліміне соқтырған қарақшылықта екі қылмыстың белгілері толық бар. Яғни қарақшылық және абайсыздықта қаза келтіру қосылып, қарақшылық қылмыстың жеке құрамы ретінде анықталған. Кінәнің қос нысанымен жасалған әрекеттерді қылмыстардың жиынтығымен квалификацтялауға балмайды. Қарақшылық, бөтен адамның денсаулығына ауыр дәрежелі зардап келтіру, әйел зорлау, адам ұрлау тәрізді қылмыстар абайсыздықта жәьірленушінің қазасына соқтырғанда абайсыздықта қаза келтіруді арайы қарастыратын 101 баппен қосып квалификация жасауға болмайды. Себебі жоғарыда аталған қасақаналықпен жасалатын қылмыстар кінәнің қос нысанын келтіретін 3 бөлімі бойынша абайсызда қаза келтіруді объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі бойынша толық қамтиды.

       Қылмыс жиынтығын қылмыстық заң кейбір қасақана қылмыстарда абайсыздықпен ауыр зардапқа немесе кісі өліміне соқтыруды заң жүзінде арнайы қарастырмағанда ғана қолдануға болады. Мысалы қортылып алушылықты қарастыратын 181 баптың бөлімдерінде абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған әрекеттер келтірілиеген. Бірақ кінәлі мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді талап ету кезінде жәбірленуші қарсылық көрсетіп, нәтижесінде жәбірленуші абайсыздықта қайтыс болса, онда қорқытып алушылық және абайсыздықта қаза келтіру қылмыстарымен қосып квалификациялау керек, өйткені 181 бап жәбірленушінің қазасын қарастырмайды.

       Кінәнің аралас нысанымен жасалатын қылмыстар формальдық құрамдарда да, материальдық құрамдарда да кездесе алады. Негізгі құрамы формальдық құрамдар болып табылатын адамды ұрлау, ійел зорлау сияқты қылмыстарда кінәлінің іс-әрекетке деген психикалық қатынасында қоғамға қауіпті әрекеттің орындалуынтілеу болса, ал ол әрекеттен туындаған зардапқа деген психикалық қатынасында зардаптың болуын көре білуге мүмкіндігі бола отырып, көре білмеу немесе болдырмаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасау болады.

       Негізгі құрамы материалдық құрам болып табылатын 103 баптағыдай денсаулыққа қасақана ауыр зардап келтіру қылмысында екі зардап кездеседі. Бірінші зардапқа, яғни денсаулыққа деген психикалық қытынаста кінәлі адамда денсаулыққа зырдап келтіруді тілеу немесе саналы түрде жол беру орын алса, ал жәбірленушінің абайсыздықтағы қазасына деген қатынас болуы мүмкін зардапты болмас деп есеп жасау немесе көре білуге мүмкіндігі болған зардапты көре білмеумен анықталады.

       Кінәлінің аралас нысанымен жасалатын  қылмыстарды кейбір абайсыздықпен  жасалатын қылмыстардан айыра  білу керек. Сөз 256 баптағы тәрізді  өрт қауіпсіздігі ережелерін  сақтауға жауапты адамның өз  міндетін дұрыс орындамай абайсыздықта ауыр зардаптарға соқтыруы туралы болып отыр. Бұл қылмыстың кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыстармен ұқсастығы, ол әрекеттердің қасақана түрде жасалатындығы, ал зардаптың абайсыздықта туындайтындығына да болып табылады. Әрине заңда тікелей көрсетілгендей өтр қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті адам бұл ережелерді бұзғанда қасақана бұзады, бірақ зардаптың болуын тілемейді немесе оған саналы түрде жол бермейді. Ол басқа нәтижеге жету үшін зардаптың болуы мүмкін екенін біле отырып әрекеттер жасауы мүмкін. Ал бұл қылмыстың кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыстардан айырмашылығы, ол абайсыздықта зардапқа соқтырмаған өтр қауіпсіздігі ережелерін бұзу әрекеттерінің қылмыс болып саналмауында немесе әкімшілік құқық бұзушылық ретінде бағаланатындығында. Мұндай әрекеттер тек зардапқа соқтырған жағдайда ғана емес қылмыс деп танылады. Демек өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуда іс-әрекетке деген қасақаналық қылмыс болып саналмайды, оның тек абайсыздық кінәсі ғана қылмысы деп танылады. Сондықтан бұл қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен анықталады. Ал кінәнің қос нысанында екі кінәда қылмысты болып бағаланады, яғни жасаған қасақана әрекетте (мысалы адамды ұрлау) және одан туындаған абайсыздықта (жәбірленушінің қазасы) қылмыс деп табылады. Кінәнің қос нысанымен жасалатын қылмыстар бірден өзіне ұқсас екі қылмыс түрінен ажыратылады. Олар осы қылмысты қасақаналықта және абайсыздықта жасауды қасартыратын құрамдар болып табылады.

       Кінәнің осы нысанымен жасалған  қылмыстардың және олардың заңдағы  бейнесіне зер салсақ, ондакінәліде алдымен қасақаналық одан кейін ғана абайсыздық орын алатынын байқауға болады. Кінә нысандарының мұндай кезеңдерінің тәртібі сақталмағанда, яғни керісінше болып, бірінші кезекті абайсыздық, одан кейін қасақаналық болғанда кінәнің аралас нысанымен жасаған қылмыс деп танылмайды. Себебі мұндай жағдайда абаймыздықта жасалған қылмысты әрекет қасақана түрде одан ауырырақ зардапқа жетелемейді, жол ашпайды. Бұл біріншіден, екіншіден олар бір қылмыс құрамы болып есептелмейді және бір әрекет емес, жеке-жеке жасаған жасаған қылмысты әрекеттерді білдіреді. Ал кінәнің қос нысанында жасалған іс-әркеттер бір қылмысқұрамын білдіреді. Бірінші кезекте абайсыздық екінші кезекте қасақаналықтың орын алуы жағдай кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыс болып саналмайтынын мынадай мысалмн дәлелдеуге болады. Мысалы көлік жүргізуші көшеден өтңп бара жатқан адамды абайсызда қағып кетіп, адамның қазасына соқтыратын әрекет жасайды. Бұл абайсыздықтағы қылмыс. Мұнан кейін ол жауаптылыққа тартылдан қорқып, одан бой жасыру мақсатында қайтыс болған адамды машинасына салып алып, басқа жаққа апарып тығып тастайды. Бұл қасақаналықпен жасалған қылмысты білдіреді. Мұндай қасақаналықтағы және абайсыздықтағы қылмысты әрекеттерді бір құлмыстық құрам ретінде қарастыратын бап қылмыстық заңда жоқ. Демек кінәлінің әрбір кінәсі оның қасақаналығы мен абайсыздығы жеке-жеке жасалған қылмыстарды білдіреді, яғни бірінші кезекте болған абайсыздықтағы әрекеті ҚК. 296 бабының 2 бөлімімен абайсыздықта кісі өліміне соқтырған көлік жүргізуші адамның жол жүру немесе  көлікті пайдалану ережесін бұзуы және 297 баппен жол – көлік уақиғасы болған жерден кетіп қалуретінде бағаланып, қылмыстар жиынтығымен квалификациялануы тиіс. 21

       Кінәнің қос нысанымен жасаған  қылмыстарды ҚК. 22 бабы қасақана жасалған қылмыс ретінде тануды ұсынады. Қылмыстық құқық теориясында кінәнің қос нысанын жеке кінә еысаеы ретінде қолдануды ұсынатын бағыт кездеседі.

       Қылмыстық заң неліктен кінәнің  аралас нысанымен жасалатын қылмыстарды  қасақаналықтың бір түрі ретінде бағалайды деген сұрақ туындайды. Мұның жауабы ретінде кінәнің осындай нысанымен жасалғанқылмыстарға және заң баптарындағы ережесіне назар аударсақ, онда жасалған қылмысты әрекетте алдымен қасақаналықтың болатындығын айту керек. Яғни қылмыс қасақаналықпен басталады, абайсыздықта ауыр зардаптардың туындауымен аяқталады.22 Кінәнің қос нысанымен жасалған қылмыстар бойынша квадификация жүргізу қиын емес. Себебі кінәнің қос нысаны бойынша сипатталатын құрамдар ҚК Ерекше бөлімінің баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілген. Тек жасалған қылмыстың белгілерінде қасақана қылмысты әрекеттің, абайсыздықпен ауыр зардаптарға соқтыруы болғанда, мұндай белгілерді қамтитын баптың қылмыстық кодексте бар немесе жоқтығын білу керек. Егер жоқ болса, онда абайсыздықта туындаған зардапты қарастыратын заң бабын қолданып, қылмыс жиынтығы түрінде квалификацияланады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2-Тарау Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау 

2.1.Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша

белгілері бойынша калификациялау 

       Қылмыстық құрамның субъективтік жағының қосымша белгіреі ретінде қылмыстың мақсаты мен ниеті алынады. Бұл белгілердің қосымша белгі ретінде қолданылу себебі, ол қылмыстың субъективтік жағының бар-жоқтығын анықтау кезінде қоғамға қауіпті, арнайы мақсат немесе ниет түрі болмасада абайсыздық немесе қасақаналық нысандардағы кінә болуымен субъективтік жақтың бар деп танылуы болып табылады. Кейбір қылмыстарда, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстарда ниет, мақсат туралы мәселе қозғалмайды, олар кінәнің болуымен-ақ субъективтік жақ бар деп есептеледі. Екіншіден, кейдір құрамдарға қылмыстық ниет бір түрде ғана анықталмай, балама түрде де анықталады. Мысалы, 189 баптағы заңды кәсіпкерлік қызметке лауазымды адамның кедергі жасауының себептері немесе ниет әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы қызғаншақтық, өзге кәсіпкерлерге бәсекелестік туғызбау, жеккөрушілік, пайдақорлық т.б.

       Қылмыстық құрам элементтері  өатарында ниетпен мақсат қажетті  болмағанда және бұл белгілер  балама түрде анықталғанда қылмыстық ниетпен мақсаттың квалификация жүргізу үшін ролі, қажеттілігі болмайды.

       Ниетпен мақсаттың субъективтік  жақтың белгілері қатарына жатқызылу  себебі, ол бұл белгілердің кінә  нысандары тәрізді қылмыстардың  іс-әрекетке және салдарға қатысты ішкі сезімдерін білдіретін белгілер ретінде бағалануына ғана байланысты емес, сонымен бірге ниет пен мақсаттың зұлым, қауіпті сипатта болуына байланысты. Қылмыстық құқықта жекелеген қылмыс құрамдарын талдау кезінде қолданылатын ниеттер, көбінесе кек, бұзақылық, қызғаншақтық, пайдақорлық, жеккөрушілік тәрізді адамгершілікке жатпайтын, әлеуметтік тұрғыдан зиянды және дұрыс құқықтық санаға қайшы ниеттер түрінде анықталады. Мұндай ниеттердің көпшілігі қылмыстық заңда кінәні ауырлататын құрам ретінде бағалауға негіз береді.23

       Ниеттің түрін қылмыстық ниет  деп бағалау үшін оның барлық  жағдайда қоғамға қауіпті зұлым  сипатта болуы шартты емес. Қылмыстық заңдағы қылмысты деп танылған әрекеттерді мағынасы жағынан пайдалы, сипаты бойынша жақсы ниеттермен жасауда қылмыстық жауаптылыққа соқтырады. Мысалы қасақана жай кісі өлтірудің ниеттері қызғаныштық, жеккөрушілік, кек алу ғана емес, жәбірленушіге жаны ашу да болуы мүмкін. Сондай-ақ пайдақорлық ниетпен сипатталатын ұрлық қылмысы кедей адамдарға жаны ашу ниетімен де жасаулуын ой жүзінде келтіруге болады. Яғни бай адамдардан ұрлап, кедейлерге беру. Мұндайпайдалы ниеттермен қылмыс жасалғанда іс-әрекеттің бәрібір қоғамға қауіптілігі, қылмыстылығы сақталып қала  береді. Өйткені жоқ-жітік адамдарға көмектесу үшін ұрлық жасағанда, ол адам бөтен адамның меншігіне зиян келтіреді, оған қарсы саналы әрекет жасалады деп түсіну керек. Мұндай жағдайлар, яғни ниеттің оң, пайдалы сипатты болуы жауаптылықты жеңілдетіп белгілеуге негіз бола алады. Осы сияқты қылмыстың мақсаты да кейде қоғамға пайдалылықты көрсетуі мүмкін. Бірақ осы пайдалы мақсатқа жетудің амалы ретінде таңдап алған тәсіл немесе әрекет түрі қауіпті болғанда, өзге заңмен қорғалатын объектілерге нұқсан келтіріледі және бәрібір іс-әрекеттің қылмысылығы сақталады.

       Пайдалы ниет, мақсатпен қауіпті іс-әрекет жасау бір ғана жағдайда, яғни адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін түсінуге мүмкіндігі болмағанда ғана қылмысты деп таныдмайды.

       Ниет және мақсат бұл кінәлінің  қылмыс жасауға бағытталған ішкі сезімнің жекелеген элементтерін білдіреді.

       Қылмыстың мақсаты ретінде ниетті  қанағаттандыру бағытында жасалған  іс-әреттің түрлі нәтижесінде  қатысты кінәлінің ішкі шешімі  алынады. 

       Ниетпен мақсат бір-біріне ұқсас  ұғымдар ретінде бағаланғанымен, оларды нақты қылмыстық құрамдар бойынша ажырату немесе анықтау қиындық тудырмайды. Мысалы кісі өлтіру қылмысының ниеттері немесе өзге адамның өміріне қарсы бағытталған әрекеттердің себептері қызғаныштық, пайдақорлық, кек, бұзақылық, жеккөрушілік т.б. болуы мүмкін. Ал кісі өлтіру қылмысының мақсаты немесе әрекеттің түпкі нәтижесі бөтен адамға қаза келтіру немесе өмірінен айыру болып табылады. Сондай-ақ ұрлық қылмысының ниеті пайдақорлық болса, ал ұрлықтың мақсаты өзге адамның меншігіндегі мүлікті немесе ақша қаражатын алу болады.

       Қылмыстық ниеттің нақты мағынада  алғанда, қылмыстың жасалу себебімен  байланысы байқалады. Мұндай жағдайда  себеп ниеттің пайда болуына  әкеледі және кінәлі себеп  тұрған объективтік жағдайдың  салдарынан субъективтік тұрғыда ниеттің іске асуын көздейді. Бұл екі ұғымдарды бір-біріне жақын қарастырғанда қылмысты тәсіл арқылы іске асырылатын кінәлінің мұқтажтығын білдіреді деп түсіну керек. Қылмыстық ниет құрамы белгілерінің ішіндегі ең алғашқы сатыда пайда болатын белгіні білдіреді, бұл әсіресе арнайы ниет, мақсатпен жасалатын қылмыстарда анық байқалады. Ал бұзақылық тәрізді көбіне кенеттен пайда болатын ниеттер қылмыстың жасалу қарсаңында ғана пайда бола отырып, қылмысты әрекеттің орындалуының сол кездегі жалғыз-ақ себепшісі болып бағаланады.

       Ниет – қоғамдық дамумен, әлеуметтік-экономикалық  өзгерістермен байланысты дамитын  фактор. Себебі қоғамда даму орын алған сайын адамның да мұқтаждығының да түрімен деңгейі арта түседі. Кейінгі техниканың жетістіктері өзінде болмаса, адам соны табуға тырысады. Оның бір амалы ретінде қоғамға қауіпті тәсілмен, яғни қылмысты жолмен қанағаттандыру болуы мүмкін.

       Ниет – қыдмыстық құрамдарда  қосымша немесе міндетті белгі  ретінде қолданылсада кінә түрін  анықтауға барлық жағдайда әсер ете бермейді. Қылмыстың тікелей қасақаналықпен жасалғанын анықтауға кейбір ниет түрлері ғана көмектесе алады. Мысалы пайдақорлық ниет барлық жағдайда ұрлық, тонау, алаяқтық тәрізді қылмыстардың тек тікелей қасақаналықпен сипатталатынын білдіреді. Бірақ жиі кездесетін бұзақылық тәрізді ниеттер қылмыстың қасақаналықпен жасалғанын анықтауға себеп болғанымен, қасақаналықтың түрлерін анықтауға әсер ете алмайды. Өйткені адамның өміріне, денсаулығына т.б. қарсы бұзақылық ниетпен жасалған әркеттер жанама қасақаналықпенде, тікелей қасақаналықпен де жасалуы мүмкін. Сондықтан ниет барлық жағдайда кінәлінің өз іс-әрекетіне деген тікелей қасақаналығын білдіргенімен, зардапқа қатысты тікелей қасақаналығын білдіре бермейді.

Информация о работе Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау