Кедендік режим

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді

Работа содержит 1 файл

кеден.docx

— 179.87 Кб (Скачать)

96-бап.  Тауарлардың шығарылған елді  айқындау кезінде 
              оларды кедендік рәсімдермен орналастырудың 
              қосымша шарттары      

1. Тауарлардың  шығарылған елін растайтын құжаттар  болмаған кезде, егер оларды  табыс ету тарифтік преференциялар  беру үшін міндетті болып табылса,  осындай тауарларға қатысты осы  баптың 2- тармағының 1) тармақшасында  көзделген жағдайды қоспағанда, басқа мемлекеттерге (мемлекеттер  топтарына) берілетін режимнен  қолайлылығы кем емес режим  (бұдан әрі – ұлтқа неғұрлым  қолайлы режим) беру туралы  өзара шарттық міндеттемелері  бар шет мемлекеттердің (шет мемлекеттер  топтарының) аумағынан шығарылған  тауарларға қолданылатын ставкалар  бойынша кедендік баждар төлеуге  жатады. 
      2. Тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар болмаған өзге де жағдайларда не табыс етілген құжаттардың тиісті тұрғыда ресімделмеген белгілері табылған және (немесе) тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар немесе нақтылайтын мәліметтер табыс етілгенге дейін дұрыс емес мәліметтері бар болған жағдайда: 
      1) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі онымен ұлтқа ең қолайлы режимді беру туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) болып табылатын белгілерін анықтаса, тауарларға қатысты ұлтқа ең қолайлы режимді беру туралы өзара шарттық міндеттемелер жоқ шет мемлекеттің (шет мемлекеттері топтарының) аумағынан шығарылған тауарларға қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуге жатады, не көрсетілген ставкалар бойынша кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады; 
      2) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі тауарларды әкелуге шектеу қойылған ел болып табылатынын көрсететін белгілерді анықтаса, декларант белгіленген шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттарды табыс еткен немесе арнайы, демпингке қарсы не өтемдік бажды төлеуді қамтамасыз еткен жағдайда кедендік рәсіммен тауарларды орналастыру жүзеге асырылады. Арнайы, демпингке қарсы баждың не өтемдік баждың төленуін қамтамасыз ету, әкелінетін кедендік баждардың төленуін қамтамасыз ету үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен жүргізіледі; 
      3) егер кеден органы тауарлардың шығарылған елі, оның тауарлары кеден одағының кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған ел екенін көрсететін белгілерді анықтаған жағдайда, кедендік ресімдеуге тауарларды орналастыру жүзеге асырылмайды. 
      3. Осы баптың 1-тармағында және 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күннен бастап бір жыл өткенге дейін осы тауарлардың шығарылған елі расталған жағдайда, тарифтік преференциялар беру режимі немесе ұлтқа ең қолайлы режим қолданылады (қалпына келтіріледі). Бұл жағдайда кедендік әкелу баждарының төленген сомалары осы Кодекстің 17-тарауына сәйкес қайтаруға (есепке жатқызуға) жатады.

11-тарау.  ТАУАРЛАРДЫҢ КЕДЕНДІК ҚҰНЫ

 

      97-бап. Кедендік  құн туралы жалпы ережелер     

1. Осы тараудың  ережелері Кеден одағының бірыңғай  кедендік тарифін қолдану мақсатында  тауарлардың кедендік құнын айқындаудың  бірыңғай қағидаларын, сондай-ақ  кеден одағының тауар айналымын  реттеу үшін енгізілетін (енгізілуі  мүмкін) кедендік-тарифтік реттеуден  ерекшеленетін өзге де шараларды  қолдануды реттейді. Аталған ережелер  тауарлар кеден одағының кедендік  аумағына әкелу кезінде кеден  одағының кедендік шекарасынан  іс жүзінде кесіп өткен жағдайда  қолданылады және мұндай тауарларға  қатысты өткен кезінде мәлімделген  кедендік рәсімнің нормалары  қолданылады. 
      2. Тауарлардың кедендік құнын - декларант не декларанттың атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет ететін кеден өкілі, ал осы Кодексте белгіленген жағдайларда кеден органы айқындайды. 
      3. Егер тауарларды декларациялау кезінде олардың кедендік құнының нақты шамасын есептеу үшін қажетті нақты мәліметтерді растайтын құжаттардың жоқ болуына байланысты оны айқындау мүмкін болмаса, тауарлардың кедендік құнының нақты шамасын айқындауды кейінге қалдыруға жол беріледі. Бұл жағдайда оны декларанттағы құжаттар мен мәліметтер негізінде мәлімдеуге және мәлімделген кедендік құнды негізге ала отырып, кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеуге жол беріледі. 
      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес кедендік құнды айқындау жағдайлары, сондай-ақ кедендік құнды декларациялау және бақылау тәртібі, мұндай жағдайлар үшін кедендік баждарды, салықтарды есептеу мен төлеу ерекшеліктері Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді. 
      4. Осы тараудың ережелері кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға қолданылмайды. 
      5. Осы тараудың мақсаттары үшін пайдаланылатын ұғымдар мынадай мағынаға ие: 
      «әкелінетін тауарлар» – кеден одағының кедендік аумағына әкелу мақсатында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар; 
      «белгілі бір сыныптағы немесе түрдегі тауарлар» - бірдей немесе біртекті тауарларды қоса алғанда, жасалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын тауарлар; 
      «бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қабылданған принциптері» - белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында қолданылатын бухгалтерлік есеп қағидаларының жүйесі; 
      «бірдей тауарлар» - барлық жағынан да, оның ішінде физикалық сипаттары, сапасы мен репутациясы жағынан бірдей тауарлар. Сыртқы түріндегі елеусіз айырмашылықтар, егер бұл тауарлар басқа жағынан осы абзацтың талаптарына сәйкес болса, тауарларды бірдей деп танымау үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар олар бағаланатын (әкелінетін) елдің өзінде шығарылмаса немесе, егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және өзге де сол сияқты жұмыстар кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар бірдей тауарлар деп есептелмейді. «Өндірілген» («өндірілді») деген ұғым тауарларға қатысты «өндіріп алынған», «өсірілген», «жасалған» (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндіретін тұлғадан өзге тұлға өндірген бірдей тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана назарға алынады; 
      «біртекті тауарлар» - барлық жағынан бірдей емес, бірақ ұқсас сипаттамалары бар және осындай материалдардан өндірілген ұқсас құрамдас бөліктерден тұратын тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар сияқты функцияларды орындауға мүмкіндік береді және оларды коммерциялық өзара ауыстыруға болады. Тауарлар біртекті болып табыла ма дегенді анықтау кезінде сапа, репутация және тауар таңбасының болуы сияқты сипаттамалары ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын (әкелінетін) тауарлар өндірілген елде өндірілмесе немесе осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыстар, көркемдеп әрлеу, дизайн, экскиздер, сызбалар және соған ұқсас өзге де жұмыстар кеден одағының кедендік аумағында орындалған болса, олар біртекті деп есептелмейді. «Өндірілген» («өндірілді») деген ұғым тауарларға қатысты «өндіріп алынған», «өсірілген», «жасалған» (оның ішінде тауарларды монтаждау, жинау немесе бұзып бөлшектеу арқылы) деген ұғымды білдіреді. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға келмейді деп есептелген жағдайда ғана қаралады; 
      «кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келетін орын» - тиісті Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарлар жеткізілуге тиіс кеден одағының кедендік аумағы арқылы өткізу пункті. Кедендік құнды анықтау мақсатында осы ұғымды нақтылау кеден одағы органдарының бірлескен шешіміне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін; 
      «өзара байланысты тұлғалар» - мына шарттардың ең болмағанда біріне сай келетін: 
      1) бірі бірінің қызметкері немесе директоры (басшылары) болып табылатын; 
      2) заңды түрде танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысты, пайда алу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асырумен байланысты шығыстар мен залалдарды бірлесіп көтеретін; 
      3) жұмыс беруші және қызметкер, қызметші болып табылатын; 
      4) екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін, бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын қандай да бір тұлға; 
      5) олардың бірі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын; 
      6) олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын; 
      7) олардың екеуі үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын; 
      8) туысқан немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлға. 
      Бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылатын және бұл орайда олардың бірі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дестрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылатын тұлғалар, бұл қалай ұсынылса да, егер осы аталған тұлғалар көрсетілген жағдайлардың біріне сай келсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс; 
      «үшінші елдер» - 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кеден одағын қалыптастыру туралы шарттың қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттер. 
      6. Егер тұлға басқа тұлғаға қатысты заңды түрде немесе іс жүзінде шектеулерді немесе нұсқамаларды қолданатын болса, ол осы тұлғаны бақылаушы тұлға деп есептеледі.      

98-бап.  Кеден одағының кедендік аумағынан  әкетілетін 
              тауарлардың кедендік құнын айқындау     

1. Кеден одағының  кедендік аумағынан әкетілетін  тауарлардың кедендік құны экспортқа  сату кезінде іс жүзінде төленген  немесе төленуге тиіс мәміле  бағасының негізінде айқындалады. 
      2. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде мәміле бағасына, егер бұрын енгізілмеген болса, мынадай шығыстар: 
      1) тауарды әуежайға, портқа немесе кеден одағының кедендік аумағынан әкететін өзге жерге дейін жеткізу жөніндегі шығыстар: 
      тасымалдау құны; 
      тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу және ауыстырып тиеу жөніндегі шығыстар; 
      2) сақтандыру құны; 
      3) сатушы шеккен шығыстар; 
      комиссиялық және брокерлік сыйақылар; 
      егер Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес контейнерлер немесе айналымға көп түсетін басқа да ыдыстар бағаланатын тауарлармен біртұтас зат ретінде қаралса, олардың құны; 
      буып-түю материалдары мен буып-түю жөніндегі жұмыстардың құнын қоса алғанда, буып-түю құны; 
      4) бағаланатын тауарларды сатудың шарты ретінде сатушының тікелей немесе жанама түрде төлеуіне жататын, бағаланатын тауарларға байланысты лицензия бергені үшін роялти және алымдар, егер мұндай роялти және алымдар іс жүзінде төленген немесе төленуге тиісті бағаға қосылмаған болса; 
      5) кейіннен қайта сатудан сатушыға тікелей немесе жанама түрде түсетін кірістің бір бөлігі, оның ішінде жеңілдікпен салық салынатын мемлекеттерде алынған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынатын кіріс; 
      6) егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге байланысты сатушыға өтем төлеуге жатпаса, Қазақстан Республикасының аумағында алынатын салықтар енгізіледі. 
      3. Тауардың кедендік құнын айқындау кезінде, бұрын мәміле құнына енгізілген және құжатпен расталуы мүмкін жағдайда, мынадай төлемдер мен шығыстар: 
      1) жабдықтарды монтаждау, жинау, жөндеу немесе мұндай жабдықтарды кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін техникалық көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстар; 
      2) тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізу жөніндегі шығыстар; 
      3) тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкеткеннен кейін оларды жеткізуді сақтандыру құны; 
      4) импорт елінде төленетін кедендік баждар мен салықтар мәміле бағасынан алып тасталады. 
      4. Мәміле бағасы болмаған кезде, әкетілетін тауарлардың кедендік құны әкетілетін тауарды өндіруге немесе иеленіп алуға, сақтауға және тасымалдауға байланысты шығындар туралы экспорттаушы-сатушының бухгалтерлік құжаттамасының декларант берген үзінді көшірмесі негізге алынып айқындалады. Бұл ретте, осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген шығыстар да ескеріледі. 
      5. Әкетілетін тауардың мәлімделген кедендік құнын растайтын мәліметтер болмаған жағдайда, мұндай тауардың кедендік құнын кеден органдары бірдей немесе біртекті тауарлар бойынша қолда бар мәліметтер негізінде не тәуелсіз сараптама нәтижелері негізінде айқындайды.     

99-бап.  Кеден одағының кедендік аумағына  әкелінетін 
              тауарлардың кедендік құнын айқындау     

1. Кеден одағының  кедендік аумағына әкелінетін  тауарлардың кедендік құны 1994 жылғы  Тарифтер мен сауда жөніндегі  бас келісімнің (ГАТТ, 1994) кедендік  мақсаттар үшін тауарларды бағалау  жөніндегі принциптері мен ережелері  ескеріле отырып, Кеден одағының  кедендік шекарасы арқылы өткізілетін  тауарлардың кедендік құнын айқындау  туралы келісімге (Мәскеу, 2008 жылғы 25 қаңтар) сәйкес айқындалады. 
      2. Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, егер тауарлар кедендік шекараны іс-жүзінде кесіп өтсе және мұндай тауарлар кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін алғаш рет кедендік рәсіммен орналастырылса, кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құны айқындалады. Кедендік рәсімдер өзгерген кезде, кеден одағының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткеннен кейін тауарларды кедендік рәсіммен алғаш орналастыру кезінде кеден органы кедендік декларацияны қабылдаған күні кедендік шекара арқылы өткізілген тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес айқындалған тауарлардың кедендік құны тауарлардың кедендік құны болып табылады.     

100-бап.  Әкелінетін тауарлардың кедендік  құнын 
               айқындау әдістері      

1. Кеден одағының  кедендік аумағына әкелінетін  тауарлардың кедендік құнын айқындау  мынадай: 
      1) әкелiнетiн тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі; 
      2) бірдей тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі; 
      3) бiртекті тауарлармен жасалатын мәмiленің құны жөніндегі; 
      4) құнды шегеру; 
      5) құнды қосу; 
      6) резервтік әдістерін қолдану жолымен жүргізіледі. 
      2. Әкелінетін тауарлармен жасалған мәмiленің құны жөніндегі әдіс тауарлардың кедендік құнын айқындаудың негізгі әдісі болып табылады. 
      3. Негізгі әдісті пайдалану мүмкін болмаған жағдайда тізіп көрсетілген әдістердің әрқайсысы рет-ретімен қолданылады. Бұл ретте алдыңғы әдісті пайдалану арқылы тауардың кедендік құнын айқындау мүмкін болмаса, онда әрбір келесі әдіс қолданылады. Декларанттың өтініші бойынша құнды шегеру және қосу әдістері кері ретпен қолданылады. 
      4. Осы баптың 1-тармағында көзделген, қолданылатын әдістердің қандай да бірі бойынша тауарлардың кедендік құнын айқындауға арналған ақпарат Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу принциптеріне сәйкес келетін тәсілмен әзірленуге тиіс. 
      5. Тауарлардың кедендік құны және оны айқындауға қатысты мәлімет дұрыс, саны айқындалатын және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс. Тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімі жалпыға бірдей қолданылатын болуға, яғни тауарлардың жеткізілу көзіне (тауарлардың шығарылған елі, түрі, мәмілеге қатысушылар және басқалар) қарай ерекшеленбеуге тиіс.  
      6. Әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау рәсімдері демпингке қарсы шаралар ретінде қолданылмауға тиіс.     

101-бап.  Әкелінетін тауарлармен жасалатын  мәміленің 
               құны жөніндегі әдіс      

1. Мынадай жағдайларда: 
      1) мыналарды: 
      кеден одағына мүше мемлекеттердің бірлескен шешімімен белгіленген; 
      тауарлардың қайта сатылуы мүмкін географиялық өңірді шектеу; 
      тауарлардың құнына елеулі әсер етпейтін шектеулерді қоспағанда, тауарларды пайдалануға және оларға билік етуге арналған сатып алушының құқығына қатысты шектеулері жоқ; 
      2) тауарлардың сатылуы немесе олардың бағасы қандай да бір шарттарға немесе міндеттемелерге тәуелсіз болған, олардың тауар бағасына ықпалын сан жағынан айқындау мүмкін болмайтын; 
      3) осы Кодекстің 102-бабының ережелеріне сәйкес қосымша есепке жазу жүргізілуі мүмкін болатын жағдайлардан басқа, келесі сатудан түскен кірістің немесе түсімнің ешқандай да бөлігі, өзге тәсілдермен билік ету немесе тауарларды сатып алушының пайдалануы сатушыға тікелей және жанама тиесілі болмаса; 
      4) сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылмайтын немесе әкелінетін тауарлармен мәміле құны осы баптың 4-тармағына сәйкес кедендік мақсаттар үшін қолайлы болған ретте сатып алушы мен сатушы өзара байланысты тұлғалар болып табылатын жағдайларда кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың мәміле құны, яғни бұл тауарларды кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін оларды сату кезінде осы тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге жататын және осы Кодекстің 102-бабының ережелеріне сәйкес толықтырылған мәміле бағасы тауарлардың кедендік құны болып табылады. 
      2. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс баға сатып алушы сатушыға немесе сатушының пайдасына тікелей жүзеге асырған немесе жүзеге асыруына жататын осы тауарлар үшін барлық төлемдердің жалпы сомасы болып табылады. 
      3. Сатушы мен сатып алушы арасындағы өзара байланыс фактісі өзінен өзі тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін негіз болып табылмауға тиіс. Бұл жағдайда сату кезіндегі ілеспе мән-жайларға талдау жасалуға тиіс. Егер көрсетілген өзара байланыс іс жүзінде төленген немесе төлеуге жататын бағаға ықпал етпесе, мәміле құны тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін қолайлы деп танылуға тиіс. 
      Сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған жағдайда және бұл ретте тауарды декларациялаушы тұлға берген немесе кеден органы өзге тәсілмен алған ақпарат негізінде сатушы мен сатып алушының өзара байланысы іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға ықпал ету белгілері анықталса, онда кеден органы тауарды декларациялаушы тұлғаға осы белгілер туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тауарды декларациялаушы тұлға сатушы мен сатып алушының өзара байланысының іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс бағаға ықпалы жоқтығын дәлелдеуге тиіс. 
      4. Осы баптың 3-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда өзара байланысты тұлғалар арасында тауарларды сату кезінде әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны қабылданады және, егер тауарды декларациялаушы тұлға әкелінетін тауарлармен жасалған мәміле құны әкелінетін тауар кеден одағының кедендік шекарасынан өткен уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде орын алған мынадай тексеру шамасының біріне: 
      1) сатушымен өзара байланысты болып табылмайтын тұлғалардың сатып алушыларға кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін бірдей немесе біртекті тауарларды сатуы кезінде мұндай тауарлармен жасалған мәміле құнына; 
      2) осы Кодекстің 105-бабының талаптарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құнына; 
      3) осы Кодекстің 106-бабының талаптарына сәйкес айқындалған бірдей немесе біртекті тауарлардың кедендік құнына жақындығын дәлелдегенде ғана тауардың кедендік құны осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалады. 
      5. Осы баптың 4-тармағының ережелеріне сәйкес салыстыруды жүргізген кезде тауарды декларациялаушы тұлға табыс еткен сатудың коммерциялық деңгейіндегі, тауарлар санындағы, осы Кодекстің 102-бабында көрсетілген қосымша есепке жазудағы айырмашылықтар туралы, сондай-ақ әдетте сатушы мен сатып алушы өзара байланысты емес тұлғалар болған сату кезінде сатушы шегетін шығыстардың, егер сатушы мен сатып алушы өзара байланысты тұлғалар болып табылған сату кезінде сатушы шекпейтін шығыстармен салыстырғандағы айырмашылықтары туралы мәліметтер ескеріледі. 
      6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тексеру шамалары тауарларды декларациялаушы тұлғаның бастамасы бойынша тек салыстыру мақсатында ғана пайдаланылады және тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін негіз ретінде пайдаланыла алмайды. 
      7. Әкелінетін тауарлар үшін іс жүзінде төленген немесе төленуге тиіс баға кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға жатады, осыған байланысты сатып алушының сатушыға дивидендтер немесе өзге де осындай төлемдер аударуы, егер олар әкелінетін тауарлармен байланысты болмаған жағдайда, кедендік құнның бір бөлігі болып табылмайды. 
      8. Кеден одағының кедендік аумағына ақпарат тасығыштарды (магнитті дискілер, магнитті таспалар, компакт-дискілер, флоппи-дискілер және басқалар) оларға жазылған ақпаратпен бірге әкелген кезде кедендік құнға, аталған тасығыштарға жазылған ақпарат мәміле нысанасы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты тасығыштың құны ғана қосылады.      

Информация о работе Кедендік режим