Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:11, дипломная работа

Описание работы

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18

2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника

жағдайлары………………………………………………………………………18

2.1.1 Шаруашылықтың орналасқан орны……………………………………...18

2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19

2.1.3 Климат жағдайлары……………………………………………………….19

2.1.4 Топырақ жағдайлары………………………………………………………20

2.1.5 Өсімдік жамылғысы……………………………………………………….21

2.2 Зерттеу әдістемелері…………………………………………………………22

2.2.1 Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері…………………………………….22

2.2.2 Тәжірибе сызбасы………………………………………………………….22

2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы…………………………………………….22

2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23

2.2.4 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай..23

2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………….25

2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25

2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26

2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28

2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29

2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34

4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37

Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42

Работа содержит 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1 ҒЫЛЫМИ  ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18    

2.1 Жұмыс  орындалған жердің топырақ, климат  және агротехника

жағдайлары………………………………………………………………………18

2.1.1 Шаруашылықтың  орналасқан орны……………………………………...18

2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19

2.1.3 Климат  жағдайлары……………………………………………………….19

2.1.4 Топырақ  жағдайлары………………………………………………………20

2.1.5 Өсімдік  жамылғысы……………………………………………………….21

2.2 Зерттеу  әдістемелері…………………………………………………………22

2.2.1 Тәжірибенің  мақсаты мен міндеттері…………………………………….22

2.2.2 Тәжірибе  сызбасы………………………………………………………….22

2.2.3 Зерттеу  учаскесінің топырағы…………………………………………….22

2.2.4 Тәжірибеде  жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23

2.2.4 Зерттеу  жүргізілген жылдағы қалыптасқан  метеорологиялық жағдай..23

2.3 Зерттеу  нәтижелері………………………………………………………….25

2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25

2.3.2 Арпа  сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26

2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28

2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29

2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31

3 ЗЕРТТЕУ  НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34

4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37

Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Республикамыздың  2000-2010 жылдар ішіндегі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында атап көрсетілгендей, егін шығымдылығын арттыру мақсатында жоғары өнімді әрі сапалы сорттарды пайдаланып, егіншілікте озық технологияны кеңінен қолдану және ауыл шаруашылығына ғылыми негізделген агротехникалық әдістер жүйесін енгізу астық өндірісінің тиімділігін көтерудегі басты шарттар болып табылады.

    Ауыл  шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған негізгі міндет – халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен, ал мал шаруашылығын қажетті жемшөп қорымен қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі күн талабына сай әр аймақтың өзіне тән  топырақ-климат ерекшеліктерін ескере отырып, өндіріске ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің аймақтық технологиясын немесе жетілдірілген жеке агротехникалық тәсілдерді айтылған мәселені шешудегі алғашқы қадамдардың бірінен саналады.

    Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз  құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.

    Дегенмен, бертін келе шағын құрылымдардың  өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестерге және акционерлік  қоғамдарға қайтадан бірігуі ауыл шаруашылығы  өндірісінің қайтадан жанданып, тұрақтану кезеңіне біршама тезірек өтуіне мүмкіндік жасады. Оның үстіне кейінгі 2003-2005 жылдардың арнайы ауылға арналуы – мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына көрсетіліп отырған нақты қолдауы мен тікелей көмегінің айғағы. Нәтижесінде осыдан 8-10 жыл бұрын жағдайы сын көтермейтін ауыл шаруашылығының барлық салалары қазіргі уақытта қайта жаңарып, жан-жақты даму үстінде.

    Ылғалы  жеткіліксіз тәлімі аймақта орналасқан егіншілік аудандарының астық өндірудегі мүмкіндіктері айтарлықтай жоғары. Әйтсе де агротехниканың жетімсіз зерттелуінен аймақтағы арпа өнімі бірталай тұрақсыздыққа ұшыраған және қазіргі талап деңгейіне сәйкес келмейді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ 

    Арпа  – Қазақстанның бүкіл аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық дақылдардың қатарына жатады. Құрғақшылыққа төзімділігі мен дән қоректілігінің құндылығына байланысты оның жемшөп құрылымындағы маңызы ешқашан жоғалмақ емес. Шөл және шөлейт жерлердің өзінде арпаның түсімі басқа жаздық дәнді дақылдармен салыстырғанда едәуір басым.

    Арпаның халық шаруашылығындағы маңызы өте  зор, оның дәнінен көптеген салада пайдаланылатын сан алуан заттар жасалады. Арпа жармасы – бағала әрі нәрлі  тағамдардың бірі. Арпаны тері илейтін, тоқыма және кондитер өнеркәсібімен  қатар медицинада да кеңінен қолданады. Ол әдетте сыра қайнататын өнеркәсіпте таптырмайтын аса құнды шикізат ретінде ерекше орын алады.

    Арпаның дәні белок пен крахмалға бай  болғандықтан, одан малға жұғымды  құнарландырылған құрама жем дайындалады. Мал шаруашылығы, әсіресе шошқа мен құс өсіру дамыған сайын бұл дақылдың қажеттілігі күн санап арта түсуде.

    Арпа  дәнінің химиялық құрамы өте күрделі. Шығарылатын сорттардың бағыты мен  өсу ортасына байланысты оның құрамында 12-14 % белок, 2-3 % май, 54-55 % крахмал, 5,5-5,8 % клетчатка және 2-3 % күл кездеседі. Дәннің 85 пайызы құрғақ заттардан түзіліп, мынандай химиялық қосылыстардан тұрады: көміртегі, азот, оттегі, сутегі, күкірт, фосфор, калий, кальций, магний, темір және кремний. Бұларға қосымша дәнде йод, бор, мырыш, темір, марганец, және сол сияқты сирек кездесетін элементтер бар. Олар кәдімгі жасушадағы физиологиялық және биохимиялық процестердің бір қалыпты жүруіне айрықша ықпал етеді.

    Көптеген  әдебиеттердің мәліметтеріне жүгінсек, жергелекті топырақ – климат ерекшеліктеріне қарай арпаның өсу кезеңі 60 пен 120 күннің аралығында созылып, сорттық белгілері бойынша ерте, орташа және кеш пісетін топтарға бөлінеді. Сыртқы орта жағдайларына өте бейімділігінің арқасында бұл дақылды құрғақ далалы аймақтан бастап, Қиыр Солтүстік және биік таулы аудандардың егіс алқаптарынан да кездестіруге болады.

    Арпаның өсу және даму кезеңдеріндегі топырақ  ылғалдылығы мен температурасына  талаптары біркелкі емес. Оның тұқымы 1-3°С жылылықта өне бастайды, бірақ  толық көктеуі үшін қолайлы 15-25°С температура қажет. Жер бетіне көктеп шыққаннан бастап, толық піскен уақыт аралығында бірнеше даму кезеңдерінен өтіп, әсіресе қысқы-көктемгі ылғал қорын тиімді пайдаланады да, оңтүстік аудандарда шілде түскенге дейін дән түзіп үлгереді [1].

    Кез келген табиғи-климат аймақтарында өсірілетін сорттардың биологиялық ерекшеліктеріне, топырақ ылғалдылығы мен құнарлылығының деңгейі, енгізілетін тыңайтқыштар мөлшері, себу тәсілі және  басқа да факторларға байланысты оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтау – арпа егістігінде сорттық агротехниканы қолданудағы өзекті мәселелердің бірі.

    Арпаның оңтайлы тұқым  себу мөлшерін анықтау - өте жауапты агротехникалық шара, өйткені бұл күтіп-баптау тәсілдерін жетілдіру мен сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген жаңа сорттардың аудандастырылуына сәйкес әрдайым нақтылауды талап етеді. Агротехниканың осы әдісінің мән-маңызы ылғалы жеткіліксіз жерлерде одан сайын арта түспек, себебі тұқымның шектен тыс мөлшері қосымша шығынмен қатар өсімдіктердің ойдағыдай дамуына қажетті топырақ ылғалының тиімсіз пайдалануына бірден-бір себепші болады. Ал сирек егістік органикалық заттарды түзу үшін күн энергиясын, топырақ құнарлылығы мен ылғалын толық пайдалана алмай, нәтижесінде арамшөптермен ластанып, жоспарлы өнім денгейін қамтамасыз ете алмайды.

    Неміс ғалымы E. Wolni [2]  өсімдіктердің өсуі мен дамуын тыңғылықты зерттей келіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректену алаңы жөніндегі теорияны дамытуға қомақты үлес қосқан. Көптеген егістік және зертханалық тәжірибелердің негізінде ол бірқатар дақылдардың оңтайлы қоректену алаңын  өсімдіктердің тіршілік жағдайларымен – құнарлылық, ылғалдылық, топырақтың ластануы, аурулар мен зиянкестердің әсері және тағы сол сияқты факторлармен байланыстыра отырып, ғылыми түрде негізді дәлелдеген. Зиянкестер мен ауруларға, арамшөптерге қарсы бәсекелестікті күшейту үшін егістіктің тығыздығын көбейту қажеттігі жөніндегі тұжырымдары іс жүзіндегі егіншілікте қолданылатын айтарлықтай бетбұрыс болды.

    Түрлі арпа сорттарының агротехникасы  мен тұқым себу мөлшерін талдай келіп, біршама авторлар сорт пен топырақ құнарлылығына байланысты оны өсірудің дифференцивті тәсілін қолданудың астық түсімін арттырудағы аса маңыздылығын атап өткен [2-10].

    Агрономия ғылымында өсімдіктердің топырақ  құнарлылығына сәйкес жиілігі туралы екі қарама-қарсы пікір қалыптасқан. Біреулері құнарлы топырақта сирегірек себудің қажеттігін айтады, өйткені неғұрлым топырақ қоректік заттарға бай болса, ең жоғарғы өнім алу үшін соғұрлым себу материалы аз кетеді [4, 6, 7, 11, 12, 13].

    Академик  Д.Н. Прянишников [14] өз уақытында: «Астық егісіне мынадай ережені қолдануға болады: тіршілік жағдайлары жақсарған сайын, егін сирек болуы тиіс. Жалпы ережеден бір фактор – ылғал алынып тасталынады, яғни оның аз мөлшерінде жиі егіс себу өзінен-өзі түсінікті себептермен тиімсіз», - деп жазған болатын.

    Басқа зертеушілердің пікірінше, географиялық өсіру орнына байланыссыз қоректік заттар және ылғалмен жақсы қамтамасыз етілген топырақтарда тұқым себу мөлшерін көбейту қажет [4, 5, 6, 15, 16, 17]. Зерттеу нәтижелерінің қайшылығы  тәжірибелердің әр түрлі топырақ-климат жағдайларында жүргізілгендігінен болуы ықтимал. Демек, өсіру жағдайларына байланысты арпаның тұқым себу мөлшерін сәтті түзету айтарлықтай экономикалық әсер етуі мүмкін.

    Д.В. Козинец [18] мемлекеттік сорт сынау  жүйесінің мәліметтеріне сүйене отырып, арпаның тұқым себу мөлшерін жыл сайын дифференцивтендіру арқылы ғана гектарына 2 центнерден артық қосымша өнім алуға болатынын дәлелдеген. Автордың тұжырымдауынша, бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы және өсірілетін сорттардың түптену қабілеті, сондай-ақ тұқымның  егістік сапасы мен өнімділік қасиеттері есепке алыну тиіс.

    Өсімдіктердің жиілігі топырақтың құнарлығына  байланысты қалыптастыруды зерттеушілер олардың түптену қасиетімен байланыстырады. Егіс танабындағы сабақтар саны айтарлықтай дәрежеде өсімдіктердің түптілігімен анықталады, сол себепті соңғы көрсеткіш арпа өнімі құрылымының өте маңызды элементтерінің бірінен саналады. Дегенмен,  бұл тұрғыда да ғалымдар арасында өсімдіктің түптенуі жөнінде екі көзқарас қалыптасқан. Алғашқылары түптенуді қажетсіз құбылыс деп тапса, кейінгілері оны өнім көтерудегі шешуші фактор ретінде қабылдайды.

    Д.Н. Прянишников және И.В. Якушкиннің [19] ғылыми пайымдауынша, себілетін тұқымның мөлшері егістіктегі өсімдіктер жиілігін білдіретін соңғы кезеңі емес, өйткені егістің жиі, не болмаса сирек болуы өсімдіктердің белгілі бір дәрежеде түптенуімен теңестіріледі: сирек орналасқан өсімдіктер көбірек түптенеді де, соның есебінен кейбір қолайлы жағдайларда жалпы сабақ саның толықтырып, нәтижесінде масақтың ұзындығы, масақтағы дән саны және 1000 дәннің массасы тәрізді өнім құрылымының басты бөліктері арқылы жоғары өнім түзуде ешбір кемшілігі болмайды. Дәл осындай құбылыстың айнымас заңдылығын жақтайтындардың қатарында В.Я. Юрьев [20], З.Б. Борисоник [21], Г.П. Ушарова [22], Қ.Ш. Жаңабаев, Т.С. Саудабаев, И.С. Сейітов [23], М.Қ. Сүлейменов [24], Е.М. Зенкова, Қ.О. Сауранбаев [25],  Ж.А. Қасқырбаев [26], А.Қ. Кереев, Ж.І. Қожабаев, А.Қ. Үмбетов [27], Ғ.С. Ожанов [28] және тағы басқалар да бар.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу