Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:11, дипломная работа

Описание работы

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18

2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника

жағдайлары………………………………………………………………………18

2.1.1 Шаруашылықтың орналасқан орны……………………………………...18

2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19

2.1.3 Климат жағдайлары……………………………………………………….19

2.1.4 Топырақ жағдайлары………………………………………………………20

2.1.5 Өсімдік жамылғысы……………………………………………………….21

2.2 Зерттеу әдістемелері…………………………………………………………22

2.2.1 Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері…………………………………….22

2.2.2 Тәжірибе сызбасы………………………………………………………….22

2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы…………………………………………….22

2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23

2.2.4 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай..23

2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………….25

2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25

2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26

2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28

2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29

2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34

4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37

Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42

Работа содержит 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 276.00 Кб (Скачать)
 

    Өнім  құрлымының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын дән саны, масақша саны және оның дәндеуімен анықталады. Өнім әртүрлі, өнім құрлымының бір элементінің нашар дамуын басқа элементтерінің күштірек дамуымен толықтырылады. Өсімдік өсіп-өну кезеңінде өнім құрлымының барлық элементтері бір мезгілде қалыптаспайды.

    Егін  жинар алдында мөлдектерден алынған  бау үлгілерінің мәліметтеріне  назар аударсақ, өнімді түптену бір өсімдіктегі өнімді сабақтар санымен анықталады. Сорттардың өнімді түптенуі 1,0-1,1 аралығында болды. Стандартты сорттың өнімді түптенуі барлық сорттардан 0,1 – ге жоғары болып, олар 1,1дананы құрады.

      1 м2 жердегі өнімді сабақтар саны 203,0-247,0 дана аралығында болды.

      Арпа өнімділігін құрайтын негізгі элементтердің бірі белгілі бір мөлшердегі масақ саны және бір масақтағы дән массасы болып табылады. Масақ саны өсіп-өну кезеңінде үзбей қалыптаса беретін болса, масақтағы дән массасы  масақтану-пісу кезеңінде қалыптасады.  Масақтағы дән саны – сорттық белгі, ол әр типті сорттарда өніп-өсу жағдайына қарай өзгеріп отырады. Жаздық арпа сорттарының масақтағы дән саны орта есеппен 7,6-11,5 дана аралығын көрсетті. Стандартты сорттың масақтағы орташа дән саны 10,4 дананы құрады. Сорттардың 1000 тұқымының салмағы 32,4-ден 41,2 грамм аралығында болды. Стандартты сорттың 1000 тұқымының салмағы 39,6 грамм болды.

      Жаздық арпа сорттарының биологиялық өнімділігі 69,0 – 102,0 г/м2 аралығын құрады. Стандартты сортта биологиялық өнімділік деңгейі 102 г/м2 болды.

Кесте 5 - Жаздық арпа сорттарының өнімділігі (Орал ауыл шаруашылық  тәжірибе станциясы, 2008 жыл) 

Сорт Нақты өнімділік, ц/га Стандарттан ауытқуы
Донецкий 8 st 10,2 -
Илек 9 7,6 -2,6
Жайык 1 9,0 -1,2
Целинный  голозерный 7,4 -2,8
Карагандинский 8 9,3 -0,9
Илек 34 6,9 -3,3
    ЕАН05                                                       2,2 ц/га
 

    Жаздық арпа сорттарының  нақты өнімділігі гектарынан 6,9-10,2 центнер аралығын көрсетті, ал стандартты сорттан ауытқуы –0,9 – 3,3 аралығында өзгерді. Стандартты сорттың өнімділігі 10,2 ц/га құрады.

     

    2.3.5 Жаздық арпа сорттарының дәнінің сапасы 

    Егістіктегі дәннің қалыптасуы – қоршаған ортаның  көптеген факторларының жиынтығынан  түзелетін өте күрделі физиологиялық құбылыс. Сондықтан жа жиналатын астық сапасы жергілікті жердің топырақ-климат жағдайларына, сорттың генетикалық ерекшеліктері мен қолданылатын агротехникалық шаралар және дән толысу кезеңіндегі ауа райына байланысты бағынышты келеді.

    Соңғы уақытта жекелеген агротехникалық тәсілдердің тиімділігі бағалу үшін астықтың сапалық көрсеткіштеріне ерекше мән берілуде. Осы тұрғыдан алғанда  жоғары сапалы дән жинау қосымша ақы төлемін алумен қатар зерттелетін агротәсілдің экономикалық бағасын түпкілікті өзгертуі ғажап емес.

    Дәннің  көлемдік салмағы – оның ылғалдылығы  мен тазалығы бірдей орта үлгісіндегі, бірінші кезекте,  тұқымдық артықшылығын сипаттайтын, аса маңызды сапалық  шамалардың бірі. Көлемдік салмақтың  түзілу деңгейі өсу кезеңі бойына арпа дамуының, әсіресе дәннің толысу және пісу мезгіліндегі сыртқы орта жағдайларын айқын көрсетеді.

    Зерттеу нәтижелерінде  арпаның көлемдік салмағының орташа мәні 663,5 г болды. Ол сыналған сорттар бойынша 642-687 г/л аралығын көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша Целинный голозерный сорты басқа сорттармен салыстырғанда басым болып 687 г/л құрап, стандарт сорттан 17 г/л –ге артық болды.

    Дәннің  технологиялық сапасының басты  шамаларының бірі 1000 дәннің массасы  болып табылады. Жауын-шашынмен қамтамасыз етілмеген тәлімі аймақта масақты дақылдардың дәнінің толысу және пісу кезеңі көпшілік жылдарда ауа райының қолайсыз жағдайларына сәйкес келіп, соның салдарынан 1000 дәннің массасы әрдайым төмен түзіледі.

    Біздің  деректеріміз бойынша бұл көрсеткіш зерттелген сорттар бойынша 32,4 - 41,2-ға дейін ауытқып, оның орташа мәні 37,8 г құраған. Илек 34 сортында 1000 тұқым салмағы басқа сорттармен салыстырғанда жоғары 41,2 г болды.

Кесте 6 – Арпа сортарының дәнінің сапасы (Орал ауыл шаруашылық  тәжірибе станциясы, 2008 жыл) 

Сорт  Көлемдік салмақ, г/л  1000 дәннің  массасы, г Қауыздылық, %
Донецкий 8 st 660 39,6 7,5
Илек 9 645 35,5 7,4
Жайык 1 667 38,6 7,1
Целинный  голозерный 687 32,4 7,0
Карагандинский 8 680 39,4 7,3
Илек 34 642 41,2 7,4
 

    Арпаның азықтық сапасын бейнелейтін  көрсеткіштерінің бірі дән құрамындағы қауыздылығы болып есептеледі Тәжірибе үлгісіне сәйкес айтылған шаманың ауытқуы нұсқалар бойынша 7,0-7,5 % аралығында тіркелді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

          3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ 

    Арпа  сорттарының  өсірудің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің негізгілерінің бірі пайда мен рентабельділік болып табылады. Содан басқа толық жіктеу және әділ бағалау үшін маңызды өнімділік, өзіндік құн, сату бағасы сияқты экономикалық көрсеткіштерді қолдану орынды болып саналады.

    Экономикалық  тиімділік көрсеткіштерінің негізгі  өзгерулері көпшілік жағдайда өнімділікке  байланысты. Өнімділікке көптеген факторлар  әсер етеді. Мысалы: агротехникалық сорт құрамы, тұқым сапасы, себу нормасы, агротехника деңгейі, тыңайтқыштардың тиімді жүйесі, зиянкестер, арамшөптер мен аурулардан қорғаныс шаралары, суару және т.с.с.

    Экономикалық  факторлардың маңызы зор, олардың сақталуы барлық агротехникалық талаптардың  жүйесін толығырақ қолдануға  мүмкіндік береді.

    Өндірістің  экономикалық тиімділігі – күрделі экономикалық категория. Онда өндірістің нәтижелеріне де, шығынға да әсер ететін көптеген факторлар мен жағдайлар талқыланады. Экономикалық тиімділік - өндіріс (өнім) нәтижесінің шығынға қатынасы.

    Экономикалық тмімділік көптеген және алуан түрлі факторлардың әсерінен қалыптасады. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін шешудің күрделілігі мен қиындығы оқшау, таза түрінде әрекет етпегендігінде, шығында бір-біріне өзара ықпал етіп, ұштасып жатыр.

    Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің ұғымы басқа мазмұнмен бейнеленеді. Олардың ролі тиімділік өлшемінің мазмұнын сан жағынан көрсетуде.

    Ауыл  шаруашылығы кәсіпорындарында өндірістік нәтижені ресурстар және шығынмен салыстырғанда  қорытындылаушы көрсеткіші ретінде рентабельділік көрсеткіші қолданылады.

    Өндіріс рентабельділігі – шаруашылық есептегі кәсіпорынның кірістілігі, пайдалылығы. Рентабельділік деңгейі экономикалық нәтиженің әр түрлі формалары: жалпы, түпкі, таза өнім, таза және шаруашылық есеп кіріс нәтижелері бейнеленеді. Жалпы табыста қажетті және қосымша өнім қамтылады. Таза табыс – қоғам үшін үнем құнының ақшалай көрінісі. Таза табыс ауыл шаруашлығы жалпы өнімінің құны мен өндірістік құны арасындағы айырмашылық болып табылады. Пайда таза табыстың өткізілген бөлігі болып табылады және өткізілген (тауарлық) өнім немесе оны өткізуден алынған ақшалай түсім мен тауарлық өнімнің коммерциялық (толық) өзіндік құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Ауыл шаруашылығы өндірісінің және оның салаларының экономикалық тиімділігін анықтау мыналарды қамтитын кешенді мәселе болып табылады: экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемін және көрсеткіштерінің жүйесін өзара байланысты түрде анықтау, осы көрсеткіштерді анықтау әдістерін жасау, жекелеген кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне, аудан, облыс, республика ауыл шаруашылығының жай-күйіне және даму серпініне талдау жасағанда, шаруашылықты әкімшілік аудандар және табиғат – ауа-райы аймақтары бойынша жоспарлағанда, орналастырғанда және мамандандырғанда тиімділік көрсеткіштерін қолдау.

Кесте 8 - Жаздық арпа сорттарын өсірудің экономикалық тиімділігі (Орал ауыл шаруашылық  тәжірибе станциясы, 2008 жыл) 

 
 
Сорттар
Өнімді-лік, ц/га 1га-дан алынған өнім құны, мың тенге 1га егіске өндіріс-тік шығын, мың тенге Шартты таза пайда, мың

теңге

1ц өнімнің өзіндік құны, теңге Рентабельділік деңгейі,%
Донецкий 8 st 10,2 20,6 18,0 2,6 1764 14,4
Илек 9 7,6 15,3 14,8 0,5 1947 3,4
Жайык 1 9,0 18,2 16,7 1,5 1855 8,9
Целинный  голозерный 7,4 14,9 14,5 0,4 1959 2,7
Карагандинский 8 9,3 18,8 17,7 1,1 1903 6,2
Илек 34 6,9 13,9 13,6 0,3 1971 2,2
 

    Ауыл  шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі, ең алдымен, оның мөлшері мен көрсеткіштері арқылы көрініс табады. Экономикалық тиімділікті анықтауда қойылатын міндеттер және тиімділікті анықтау объектілері әртүрлі болуы мүмкін. Көрсеткіштердің белгілі бір жүйесі осыған байланысты қолданылады.

    Жоғарыдағы  кестеде жаздық арпа сорттарының экономикалық тиімділігі есептелді. 1-га егістік жерден алынған өнім құны 13,9-20,6 мың теңге аралығын құрады, себебі, өнімділік әртүрлі болды. 1 га егіске өндірістік шығын 13,6-18,0мың га аралығында ауытқыды, ең көп өндірістік шығын стандарт Донецкий 8 сортында болды (18,0 мың теңге). Шартты таза пайда 0,3-2,6 мың теңге аралығында болды, ең жоғары шартты таза пайданы стандарт Донецкий 8 сорты көрсетті (2,6 мың теңге). 1 ц өнімнің өзіндік құны 1764-1971 теңге аралығында болды. Рентабельділік деңгейі 2,2-14,4 %-ды құрады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК 

    Ауыл  шаруашылық өсімдіктерінің сорттарының бағалылығы  - өнімділіктің тек шарттылықсыз мәнінен тәуелді, сонымен қатар экологиялық икемділіктенде, сорттың әртүрлі сыртқы орта жағдайларында тұрақты өнімділік деңгейіне жету қабілету. Генотип пен ортаның өзара әсері қоршаған ортаның ауытқуын бейнелейді. Ол көпшілік жағдайда алдын ала болжаусыз болады. Демек, сорттың әлеуетті өнімділігін іске асыруға кеселдік туғызуға мүмкін. Сондықтан генотип – ортаның өзара әсер табиғатын зерттеу қазіргі генетикалық және селекциялық зерттеулерде орталық бағыттардың бірі болуы мүмкін.

    Организмнің климатқа бейімделу процессінде  орта жағдайларынан тәуелсіз фенотиптің тұрақтылығын қолдайтын генетикалық  жүйе жасалады немесе фенотиптердің  ортаның әртүрлі жағдайларына  биімділігін қамтамасыз ететін гендер жүйесін қалыптастырады. Одан басқа тірі заттар ортада пайда болған маусымдық өзгерістерге тез жауап қайтаруға қабілетті. Организм функциясы мен құрлымын қозғайтын реакциялар көпшілік жағдайда кері тартпа болады. Керісінше жағдайда олар ортаның өзгерістерін бақылай алмас еді.

    Қоршаған  орта факторларының өзгеруінің әсерін алдын ала анықтау мүмкінділігі жоғары және тұрақты өнімді сорт шығаруда маңызы өте зор. Селекционерлер қоршаған ортаның жекелеген құрамдас бөліктерін бақылап үйренулері қажет. Селекция генге емес, анықталған белгіге, толықтай фенотипке жүргізіледі. Әрбір қасиеттің фенотиптік белгісі күрделі өзара қатынас қортындысы болып табылады. Былайша айтқанда сыртқы орта өзгерістеріне жауап беру генетикалық негізделген қабілеттілік. Ортаның өзгеруіне генотип реакциясының нормасы туралы сұрақ практикалық жоспарда селекция сұрақтарының бірі болып табылады. Қазіргі кезде әр сорт үшін дәл оңтайлы экологиялық талаптар белгісіз, бірақ әлеуетті мұралы өнімділік максимумын анықтауға болады.

    Генотип-орта өзара әсерлер өте күрделі  процесстерден тұрады. Ол генотип пен фенотип көрсетулерін жетілдіру. Осымен селекциялық процессте  қажет генотиптер сұрыптауды қиындатады. Белгінің ортамен өзара әсерінің сипаты бойынша тұрақты генотип, орташа тұрақты және тұрақсыз болып ажыратылады. Белгілері максималды айқындалған сорттардың тұрақтылығы төмен болады.

    Елімізде  соңғы жылдары табиғат қорғау жұмыстары толығырақ қолға алына  бастады. Қазіргі кезде табиғат  қорғауды жақсарту мақсатында экологиялық  бағдарламаны әрі қарай жетілдіру  көзделуде. Бұл мақсатты жүзеге асыруда халқымыздың, әсіресе жастардың экологияға деген көзқарасын өзгерту шешуші роль атқарады. Алға қарай табиғатқа тек тұтынушылық жағынан ғана қарап қоймай оның сақталуына және молая беруіне нақтылы жағдай жасау негізгі міндет болып табылады.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу