Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:11, дипломная работа

Описание работы

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18

2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника

жағдайлары………………………………………………………………………18

2.1.1 Шаруашылықтың орналасқан орны……………………………………...18

2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19

2.1.3 Климат жағдайлары……………………………………………………….19

2.1.4 Топырақ жағдайлары………………………………………………………20

2.1.5 Өсімдік жамылғысы……………………………………………………….21

2.2 Зерттеу әдістемелері…………………………………………………………22

2.2.1 Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері…………………………………….22

2.2.2 Тәжірибе сызбасы………………………………………………………….22

2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы…………………………………………….22

2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23

2.2.4 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай..23

2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………….25

2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25

2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26

2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28

2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29

2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34

4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37

Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42

Работа содержит 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

    Керісінше, М.С. Савицкий [29] мен И.И. Синягин [30] аз мөлшермен себілген өсімдіктердің барынша жақсы түптенуі егістіктің сиректігін ешқандай жағдайда толықтыра алмайды деген қағиданы бетке ұстайды. Олардың ойынша, қалыпты тұқым себу мөлшері арқылы алаң бірлігіндегі өсімдіктердің оңтайлы санын қалыптастыру аса күшті түптенумен салыстырғанда жоғары өнім алу үшін сенімді кепіл болады.

    Бірқатар  зерттеушілердің [30-35] есептеуінше, арпаның  себу мөлшері тұқымның ірілігіне  де қарай өзгеріп отырады. Бұл  жөнінде В.Я. Юрьев [20] кезінде былай деп жазған: «Ұсақ дәнмен салыстырғанда ірі дәндер әр уақытта күшті және біркелкі өскіндер беретініне күмән жоқ. Егістік жағдайда ірі дәндерден пайда болған өскіндер саны әрдайым басым келеді, сондықтан мұндай ерекшелікті ірілігі әр түрлі тұқымның себу мөлшерін анықтағанда міндетті түрде есепке алу қажет».

    Өсіру жағдайларына байланысты жаздық арпаның  тұқым себу мөлшері түрлі аймақтар бойынша бірталай шамада ауытқиды. Мысалы Белорус ауыл шаруашылығы  академиясының Могилев облысындағы  шымды орташа күлгінделген топырағында жүргізген тәжірибелерінде арпаның Московский 121 сортының себу мөлшерін гектарына 6-дан 4 млн. дәнге азайту өсімдіктердің өнімді түптілігін, масақтың дәнділігі мен толықтығын жақсартатындығын В.А. Петровская мен А.И. Горбылева [36] дәлелдеген.

    А.Н. Анохин [37]  Белорус ғылыми зерттеу  мекемелерінің эксперименттік деректерін жинақтап қорыта келе, шым тезекті  батпақты топырақтарда тыңайтқыштар мен  жауын-шашынның көлеміне байланыссыз  арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшері 2,0-2,05 млн.дән/га екендігін хабарлайды. Оны гектарына 3,5 миллионға дейін көтеру автордың пікірінше, тұқымның артық шығындалуына, нәтижесінде егістіктің, әсіресе ылғалды жылдары жатып қалып, өнім ысырабына жол берілуіне себепші болады.

    Чернигов  ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында  К.П. Афендулов және басқалардың [38] мәліметтері бойынша, арпаның Носовский 2 және Черниговский 5 сорттарының ең жоғары өнімі гектарына 4-5 млн.дән себілгенде алынған. Егістің жиілігін 6 миллионға дейін көбейту дән құрамындағы азотты байланыстар мен күлді элементтерді азайтып, тиісінше органикалық қосылыстардың үлесін көтерген.

    В.В. Докучаев атындағы АШҒЗИ мен Воронеж  ауыл шаруашылығы институтының зерттеулеріне  жүгінсек, Орталық Қара топырақты  аймақта Докучаевский 1 және Вальтицки  сорттарының ең үйлесімді тұқым себу мөлшері 4-5 млн. дән болып табылады. Тығыздығы одан әрі көбейтілген егістікте астықтың түсімі мен сапасы едәуір төмендеп, тыңайтылған нұсқаларада өсімдіктердің жатып қалу жағдайлары жиі байқалған [39, 40].

    Б.Егоров, В.Пронин [41], А.И. Заварзин, Ш.А. Халилов [42] және басқалардың Саратов ауыл шаруашылығы институтында жүргізген тәжірибелері арпаның гектарына 3-4 млн. дән арасындағы себу мөлшері өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы жағдай туғызып, барлық жылдары өнімнің өсуін тұрақты қамтамасыз еткен. Аталған авторлардың пікірінше, себу мөлшерін көрсетілген көлемдегі шамадан кеміту егістіктің арамшөптермен ластануына жол ашып, лажсыз қосымша шығынды талап етеді.

    Тюмень  облысындағы арпаның себу мерзімі  және мөлшерімен жүргізілген ғылыми жұмыстар гектарына 5,5 млн. дән жиілігінің қалыпты жағдайда болып, ең жоғары өнімге қол жеткізетіндігін нақтылы көрсеткіштер арқылы растайды. Тұқым мөлшерін одан ары көтеру өнім құрылымының аса маңызды бөліктеріне және астық сапасына айтарлықтай әсер етпеген [43].

    Татарстаннан Р.С. Шакировтың [44] пайымдауынша, тұқымдық егістің көбею коэффициентін арттыру үшін гектарына 4 млн. себу мөлшерін қолданған тиімді. Мәселен, зерттеу барысында тұқымды 6-дан 4 милионға дейін азайту шикі протеинді 1,7 %, 1000 дәннің массасын 1,2 г көбейтіп, оның егістік сапасы мен өнімділік қасиеттерін біршама арттырған.

    М.А. Белоножко, Х.Х. Кусайнов, А.Б. Нұғманов [45] мәліметтерін сараптайтын болсақ, украинаның жеңіл саздақты қара топырағында  олар тұқымының дифференцивті жүйесін  пайдаланудың артықшылығын айта келіп, арпаны интенсивті технологиямен өсіргенде 3,5 млн.дән/га, ал ылғалды жылдары 4,0-4,5 млн. себудің қажеттілігіне тоқталады. Мұндай жүйені енгізу арқылы көп факторлы егістік тәжірибеде тұқым себу мөлшерінің өнім түзудегі үлес салмағын арттырып қана қоймай, сонымен бірге астық өндірісінің тиімділігін жоғарлатуға да үлкен мүмкіндік туады.

    Кейбір  зерттеушілер [46, 47] дәннің сапасы мен  жалпы түсімін арттыруда гектарына 4 млн. дән себудің тиімділігін  бір ауыздан мақұлдаса, сондай-ақ Қара топырақты емес орталық аудандарда және Мәскеу облысының мәдениеттендірілген шымды күлгінді топырақтарында арпаның осы көлеміне бедені қосып себуді ұсынады [48]. Жоғарыда аталған аймақтардаға топырақтың шайылмаған және әлсіз шайылған түрлерінде себу мөлшері 4,0-4,5 млн., орташа немесе күшті шайылғанда 5,0-5,5 млн. дәннен болуы тиіс деп есептелінеді [49].

    Бұрынғы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы метеорологиясы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе деректерін талдау Қара топырақты емес аймақтағы арпаның оңтайлы тұқым себу мөлшерін анықтайтын факторлардың бірі – ылғал режимі екендігін көрсетеді. Ылғалы жеткіліксіз (ылғал шығыны 40-70 мм) және себу мөлшері гектарына  5 млн. дәннен кем болған жағдайда салыстырмалы түрде сабақтар саны сирек қалыптасады, ал өсімдіктері ылғалмен жақсы жабдықталған, тығыз өнімді сабақтар саны (800 данадан көп) – гектарына 5 млн. дәннен асыра сепкенде байқалады. Осы көрсеткіштерді басты белгі ретінде ала отырып, айтылған аймақ үшін төмендегідей ұсыныстар енгізілген: ылғалы жеткіліксіз жағдайда 3-4 млн., ылғалы ора деңгейде 5-6 млн. және жоғары болғанда 7-9 млн. дән себу [50].

    В.А. Алабушев, М.Г. Ткачеваның [51] зерттеулері  бойынша, тыңайтқыш нұсқаларына  байланыссыз себу мөлшерінің өнімді түптілікке тікелей әсері бар. Алаң бірлігіндагі өсімдік саны ұлғайған сайын олардың өнімді түптілігі азаяды немесе керісінше тұқым себуді 4,5-тен 2,5 млн. шамасына төмендету түптілікті 1,9- дан 2,3-ке өсіріп, масақтың дәнділігі мен ірілігін арттырған.

    Арпаның жоғары өнімін алу үшін екі фактордың  маңызы зор: ол топырақтағы қоректі заттардың жеткілікті аясын жасап, соған сәйкес оңтайлы өсімдік тығыздығын қалыптастыру. Бұл жөнінде жүргізілген тәжірибелер негізінде бір шаршы метрдегі өсімдіктер санын 600 данаға дейін ұлғайту егістік шығымдылығын төмендетіп, ал 500 дана болғанда өнімнің біршама көбейтетіндігі байқалған [51, 52].

    Масақты дақылдың түсімі мен дәнінің технологиялық  және өнімділік көрсеткіштерінің шамасы кез келген жағдайда егістікте қолданылатын агротехникалық шаралардың қысқа мерзімде әрі сапалы атқарылуына, яғни шаруашылықтағы егіншілік мәдениетінің деңгейіне тікелей тәуелді. Осы заңдылықты барынша қуаттайтын бірқатар зерттеушілер егіншілік мәдениеті дамыған ауыл шарашылығы құрылымдарында арпаның себу мөлшерін гектарына 3,5-2,5 млн. дәнге дейін төмендетуге болатындығын айтады [53, 54]. Бұл тәсілдің материалдық және энергетикалық шығындарды азайтумен қатар, әсіресе жаңадан шығарылған перспективті сорттардың жалпы тұқымының көбею коэффициентін арттырып, өндіріске тезірек енгізілуіне теңдесі жоқ ықпал ететіндігі ақиқат [55].

    Э.Д. Неттевич, А.В. Сергеев, Е.В. Лязловтың [56] деректерін талдар болсақ, Орталық  қара топырақты аймақтарда арпаның  ең жоғары өнімі гектарына 5-6 млн. себу мөлшеріне сай келетіндігі байқалада. Белогор тәжірибе учаскесінде жүргізілген  зерттеулерден мынадай мәліметтер алынған: 5 млн. - 7,1 ц/га, 6 млн. – 40,3; 7 млн. – 39,7 ц/га, ал А.В. Маркитанова, Л.М. Бондареваның [57]  деректері бойынша, дәл осындай себу мөлшері шаршы метр алаңда 370 дана өсімдік, 510 дана сабақтардың түзілуін қамтамасыз еткен.

    Украинаның  шығыс аймағында арпаның қалыпты  себу мөлшері 4,0-4,5 млн./га делінсе, оны  тұқымдық мақсатқа және көп жылдық шөптермен араластырып сепкенде мөлшерін біршама    азайтуға болады, ал интенсивті сорттарды құнарлы  топырақта өсіру кезінде тұқымды 15-20 пайызға, жонышқамен қосып жамылғы дақыл ретінде пайдалану гектарына 3,5-3,0 млн.дәнге дейін  төмендетуді ұсынады [51].

    Жоғарыда  айтылғандай, егіншіліктегі ғылыми-техникалық прогрестің негізгі қорғаушы құралы ретінде өсірілетін сорттардың астық  шаруашылығындағы алатын орны айрықша. Дәнді дақылдардың аудандастырылған сорттарының ішіндегі кез келгені өндірісте интенсивті технологияны қолдануға жарай бермейді, сондықтан бұл – табиғатынан өсімдік сабақтарының жіңішке әрі жұмсақ келетін арпа сорттарына қойылатын басты талаптардың бірі.

    Ежелден арпа селекциясы үшін «өсімдіктер биіктігі»  белгісі жатып қалмайтын қысқа  сабақты сорттар шығару бағытында  селекционер-ғалымдардың назарынан  ешқашан тыс қалған емес. Сол себепті  жоғары агротехникалық аяны тиімді пайдаланып, енгізілетін тыңайтқыштар бірлігіне (1 кг әсер етуші затқа 6-7 кг дәннен артық) сәйкес барынша көлемді өнім түсімін қамтамасыз ететін интенсивті сорттар қажет. Мұндай сорттар жоғары өнімі және сапасымен қатар жатып қалуға, құрғақшылық, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тағы сол сияқты бағалы қасиеттерімен ерекшеленуі тиіс.

    Алаң  бірлігіндегі өсімдіктер санының мөлшерден  тыс артықтығы олардың көбінесе жатып қалуына себепші болады. Мысалы, Қара топырақты емес аймақта  арпа егістігі жиі (10 жылдың тең жарымында) жапырылып қалады, сондықтан да бұл дақылдың жатып қалуын болжау өзекті мәселеге айналған. Осы теріс құбылысты болдырмау үшін топырақтағы ылғал қоры, ауаның тәулікті температурасы мен жауын-шашынды негізге ала отырып, бір шаршы метрдегі сабақтар санын 700 данадан асырмай қалыптастыру ұсынылады [57].

    Алтай өлкесіндегі сорт сынау учаскелерінде  жаздық арпаның ең жақсы себу мөлшері  анықталған. Атап айтсақ, Донецкий 4 сорты  үшін далалы және орманды – далалы аудандарда гектарына 4 млн., Красноярский 1 үшін тау бөктерінде 6 млн., жоғары таулы алқапта 4 млн., өнгіш дән деп есептелінеді. Егістік жиілігінің биіктік пен кеңістікке байланысты өзгеруін сорттардың пісу мерзімі мен арпа өсімдіктерінің жатып қалуын болдырмау шараларымен түсіндіреді [58].

    Бұрынғы Одақ көлемінде және сондай-ақ шетелде ғалым-селекционерлер арпаның жоғары өнімді сорттарын шығарумен тынымсыз айналысуда. Ылғалы жеткілікті аймақ үшін арпа сорттарының өнімділік мүмкіндігі  60-70ц/га, өсімдіктер биіктігі 70-80 см, Солтүстік Кавказ, Оңтүстік – Шығыс, Орал, Сібір және Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аудандары үшін тиісінше 40-50 ц/га және 90-110 см болуы жоспарланған [59].

    И.С. Травин [60] және С.А. Муравьев [61] тәжірибе деректерін толықтыру  ретінде өсімдіктердің  фитометрикалық көрсеткіштері мен егін құрылымын есепке алуды ұсынады. Айталық, тұқым себу мөлшерінің 4 және 5 млн. нұсқаларына сәйкес арпа түсімінің гектарына 40-50 центнер денгейін бағдарлап, олар тиісінше төмендегідей шамаларға ие болған: жапырақтың ең көп алаңы 31,1 және 38,8 мың м2/га, егістіктің фотосинтетикалық потенциалы 1,6-2,0 млн. м2/га (күн, масақтағы дән массасы 0,8 және 0,9 г, алаң бірлігіндегі өнімді сабақтар саны 500 және 630 дана, өсімдіктер саны 300 және 370 дана, өнімді түптілік 1,7, өсімдіктердің жинар алдындағы өміршеңдігі 75% шамасында).

    Румынияның  құнарлы жерлерінде гектарына 3 млн. тұқым себу  мөлшерімен сыналған Miraj арпа сортының өнімі 50-60 ц/га болса, ал топырақтың жеткілікті табиғи ылғалдылығы  мен егіншілік мәдениеті жақсы  дамыған шаруашылықтарда оның өнімділігі 90-115 центнерге дейін жеткен. Экономикалық тиімділігі жоғары өнім алу күні бұрын анықтап алатын оңтайлы тұқым себу мөлшеріне байланысты және жыл сайын, қала берді егіс танаптарына қарай әрдайым нақтылауды қажет етеді [62].

    Германияда  интенсивті факторлардың жиынтығының негізінде жүргізілген зерттеулер жемшөптік Mirena арпа сортының ұтымды себу мөлшері гектарына 3,6-3,8 млн. өнгіш дән екендігін көрсетті. Мұндай егістіктегі өсімдіктер өсу кезеңінің қолайсыз жағдайларына төзімді келіп, жоғары межелі өнім деңгейін құрауды толық қамтамасыз еткен [63].

    Жоғарыда  келтірілген ғылыми мәліметтермен  қатар осы тақырып аясын кең  байтақ Қазақстанның сан алуан топырақ-климат жағдайларында жүргізілген зерттеулердің  нәтижелерімен толықтыруға болады. Әдеттегідей біздің республикамызда да сан қилы табиғат құбылыстары ұшырасатын таулы биіктіктен еңіске қарай созылып жатқан кеңістікке байланысты талай-талай белдемдер қалыптасқан. Жалпы астықты аймақтар үшін негізгі шектеулі фактор ретінде ылғалды атасақ, биік таулы аудандарда жылудың жетіспеушілігі айқын байқалады. Сол себепті топырақ түзуші жыныстар мен құбылмалы ауа райы ерекшеліктерінің жиынтығынан құралатын түрлі географиялық белдеулерде жаздық арпаның себу мөлшері де біршама көлемде ауытқып тұрады.

    Ақтөбе  облысының қуаңшылық далалы сортаң жерлерінде арпаның тұрақты өнімін алу үшін мелиоративті сүрі жер жақсы алғы танап болғанымен, тұзданған топырақты игерудің бастапқы кезеңінде азот қосылыстарымен байыту мақсатында оны жасыл сүрі жермен ауыстырып, алаң бірлігіне 350 дана өңгіш дән себуді ұсынады[64].

    Орал  өңірінің қара қоныр топырақты құрғақ далалы аймағында аудандастырылған Донецкий 8, Целинный 30 және перспективті Карабалык 150 сорттарының агротехникалық тәсілдерін зерттей келіп, Ғ.С. Ожанов [65] арпа дәнінің  сапалы әрі жоғары өніміне қол жеткізу  үшін минералды тыңайтқыштардың N30P30 аясында қолайлы жылдары гектарына 2,5 млн., ал ылғалы аз қуаңшылық жағдайларда 2,0 млн. дән себу жеткілікті деп есептейді. Егістік тәжірибенің өндіріске ұсынылған үйлесімді нұсқаларында орта есеппен 1995-1997 жылдары 1,5-3,3 ц/га қосымша өнім алынып, дән құрамындағы шикі протеиннің мөлшері 1,4-2,3 пайызға көбейеді және 1000 дәннің массасы мен көлемдік салмағы артып, дәннің қауыздылығы біршама төмендеген. Зерттеулерін аталған облыстың басқа аудандарында жүргізген В. Коломоец, Р. Бекмамбетов [66], И.А. Кель [67] де осындай тұжырымға тоқталған.

Информация о работе Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу