Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:11, дипломная работа

Описание работы

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18

2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника

жағдайлары………………………………………………………………………18

2.1.1 Шаруашылықтың орналасқан орны……………………………………...18

2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19

2.1.3 Климат жағдайлары……………………………………………………….19

2.1.4 Топырақ жағдайлары………………………………………………………20

2.1.5 Өсімдік жамылғысы……………………………………………………….21

2.2 Зерттеу әдістемелері…………………………………………………………22

2.2.1 Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері…………………………………….22

2.2.2 Тәжірибе сызбасы………………………………………………………….22

2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы…………………………………………….22

2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23

2.2.4 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай..23

2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………….25

2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25

2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26

2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28

2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29

2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34

4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37

Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42

Работа содержит 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

    Красноводопад селекциялық станциясынан М.Е. Жаңабековтың [68] хабарлағанындай, Оңтүстік Қазақстан  облысының оңтүстік-батыс бөлігінде  ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі аймақта гектарына 2,5 млн., ал толық қамтамасыздандырылған тәлімі жерлерде 3,0-3,5 млн. дән себу арпаның тұрақты әрі сапалы өнімін қалыптастырған.

    Қазақстанның  оңтүстік-шығысындағы таулы белдеулерде  және Шығыстың құрғақ далалы аудандарында гектарына 160-180 кг тұқым жұмсалғанда арпаның ең жоғары өнімі түзіліп, астық сапасы ешқандай төмендемеген. Егістіктің ылғалмен жақсы жабдықталуына байланысты бұл жерлерде арпа шығымдылығын арттыру үшін топыраққа тұқыммен бірге қатарлап 15-20 кг түйіршіктелген суперфосфат енгізу ұсынылады [69].

    Алматы  облысының қатаң тәлімі жерінде  арпаның Нутанс 187 сортының себу мөлшерін зерттеген А.И. Титов [70] кезінде гектарына 4,5 млн.дән шамасының оңтайлылығын анықтаған болатын. Дегенмен, арпа өсіру технологиясын жетілдіру және жаңа өнімді Нутанс 970, Днепровский 435 сорттарының аудандастырылуына байланысты осы агротехникалық шара қайтадан жан-жақты зерттеуге алынды. Көп жылдық зерттеулердің деректеріне сүйенсек, жоспарлы өнім деңгейіне сәйкес жапырақ алаңының үлкен мәнін қалыптастыратын жаңа сорттар үшін бұрыңғы ұсыныстардың жарамсыз екендігін көрсетеді.

    Торғай  облысының климатының құрғақтылығына байланысты 20,-2,5 млн. тұқым ұсынылса, ал Қостанай облысының бірінші аймағында 3,5-3,8; екінші – 3,0-3,5; үшінші аймағында – 2,5-3,0 млн. өнгіш тұқым себу қабылданған.

    Қысқаша әдебиеттік шолуды қорыта келгенде, арпаның  тұқымының ірілігі мен себу мөлшері  өсімдіктердің тіршілік ортасына байланысты айтарлықтай шамада өзгеріп отырады. Сондықтан қаралған мәселелер нақты топырақ-климаттық және агротехникалық жағдайларға, өсірілетін дақыл мен сорттардың  биологиялық ерекшеліктеріне қарай мұнан былай да тиянақты зерттеуді қажет етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ 

    2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника жағдайлары

    2.1.1  Шаруашылықтың орналасқан  орны

    Орал  ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының алғаш негізі 1914 жылы қаланды. Ол Орал өңірінде ауыл шаруашылық өндірісіне ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен құрылды. Тәжірибе станциясының директоры агроном Гурьян Макарович Фомичев болған. 1915 жылы қаражат жетіспеуі салдарынан станцияда жұмыс тоқтатылып 1921 жылы қайта құрылды.

    Тәжірибе  станциясы өзінің ғылыми - өндірістік жұмысында шаруашылықты дәнді –  дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің жоғары репродуктивті тұқымдарымен қамтамасыз етумен, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде прогрессивті технологияны енгізумен айналысады.

    Орал  ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының облыс орталығынан қашықтығы  – 11км. Тәжірбе станциясы Деркул ауылында орналасқан. Негізгі бағыты - өсімдік шаруашылығы.

    Ауыл  шаруашылық тәжірибе станциясы 3 бөлімнен құралады:

      • селекция және тұқым шаруашылығы
      • тәлімі егіншілік және мал азығын өндіру бөлімі
      • картоп және жеміс шаруашылығы бөлімі

    Ауыл  шаруашылық тәжірибе станциясының жалпы жер көлемі – 16 035га ды алып жатыр. Оның ішінде: Егістік жер – 9 111га

                                       Шабындық – 521га

                                       Жайылым – 5 463га

                                       Басқа жерлер – 940га 
 
 

    2.1.2 Рельефі

    Жерде ылғал мен жылу бөлінуі көп  жағдайда жер бедеріне тәуелді. Желдің бағытына, күшіне, топырақ бетінің  жылу алмасуына, өсімдік құрылымына жер бедері ықпал етеді.

    Топырақ түзілуге жер бедерінің тек қана макроформасы емес, сонымен қатар микроформасы да ықпал етеді. Әр төмпешіктер мен ойпаттардың айналасындағы қатар орналасқан топырақтардан ерекшеленетін кішкентай топырақ үлескісін байқауға болады.

    Шаруашылық  жер бедері тегіс, микрорельеф жақсы  дамыған, тышқанның іні түрінде  төмпешіктер, бірнеше ойпаттар бар.

    Көктемде  бірнеше күн су тұратын ойпат  жерлерде гумус горизонты өте  қуатты болып дамиды.

    Шаруашылық  тарриториясында көптеген лощин, блюдец, ойпат және көлтабандар кездеседі. Көлтабандар жүйелі түрде қалдық сулармен толады және шабындыққа қолданылады.

    Жер бедері жергілікті жағдайда топырақ  түзуші және топырақ жамылғысын түзуші болады.

    2.1.3 Климат жағдайлары

    Шаруашылық  территориясының ауа-райы салқын қысымен  құрғақ, ыстық жазымен ерекшеленеді. Гидротермиялық коэффицент 0,6-0,8 деңгейінде болады. 10º-тан жоғары температуралар жиынтығы 2800-3000ºС аралығында өзгереді. Жылдық ылғал жиынтығы 240-260 мм, 10º-тан жоғары кезеңде (көктемнен күзге дейін) – 120-140мм. Аязсыз кезең 145-155 күнге созылады. Қыста тұрақты қар қабаты 4 ай жатады.

    Көктемнің басындағы 1 метр топырақ қабатындағы  ылғал қоры 80мм, бұл астық тұқымдастардың ылғалмен қамтамасыз етілуі қанағаттанарлықсыз екендігін көрсетеді.

    Көктемгі  процесс наурыздың аяғында басталады, тұрақты 0º-тан жоғары температура  сәуірдің бірінші және екінші онкүндігінен басталады.

    Жазғы мезгіл құрғақ, ыстық және ашық ауа-райымен  сипатталады. Ауа температурасының тәуліктік амлитудасы 14-15ºС деңгейінен ауыспайды. Ауа температурасының максимум шектілігі 41-42ºС, шілдеде 27-31ºС және тамызда 25-28ºС.

    Жауынсыз  кезең ұзақтығы кейде 1,5-2 айға созылады. Ауаның құрғақтылығы айқын байқалады. Жаз кезінде ауаның ылғалдығы 37-54 % деңгейінде ауытқиды, ал қыста 77-88 %.

    Күз. Егер күздің басталуын 15º-тан бастап есептесек, бұл қыркүйектің 10-дары шамасында  болады. Тұрақты орташа тәуліктік температура 5ºС қазанның ортасында басталады, ал 0ºС қарашаның басында басталады.

    Қыс тұманды ауа-райымен сипатталады. Ең суық қаңтар айының орташа температурасы -15-16ºС аяз. Топырақ қыстың аяғына қарай 1,5-ден тереңге қатады. Көктемгі үсік 28-ші сәуірде тоқтайды. Қысқы айлар жоғары желдің жылдамдығымен сипатталады (4,5-5 м/сек). Әсіресе қатты желдер ақпан, наурыз айларында байқалады, бұл боранға әкеліп соғады, егістіктегі топырақ арқалықтарға үріледі.

    Ылғалдың  аз түсуі, көктайғақты, қары аз қатал қыс, ылғалы аз қысқа көктем, жазғы кезеңдегі жоғары температура және құрғақ ауа, қатты жел түрі жағынан бай емес өсімдіктер әлемінің дамуына көп кедергісін келтіреді. Өсімдіктер қалдықтарымен гумус қорының минерализациялануы аймақ топырағында маңызы жоқ. 

    2.1.4 Топырақ жағдайлары

    Топырақ қыртысы негізінен сортаң және шалғынды-қызылқоңыр топырақпен кешендегі қызылқоңыр және боз-қызылқоңыр сазды және саздақ топырақтардан  тұрады, тек аймақтың шығысында ғана механикалық құрамы жеңіл топырақтың кей түрлері кездеседі.

    Қызыл-қоңыр  топырақта гумус горизонтының қуаты  аз болады, түсі қоңыр реңі бар сұрғылт, құрылымы ұнтақты түйіртпекті келеді. Карбонатты горизонт – 50-60 см тереңдікте “ақкөз” формасында; гипс пен оңай еритін тұздардың жиналуы 125-150 см тереңдікте. Қызылқоңыр топырақты оңтүстікке таман боз-қызылқоңыр топырақ алмастырады.

    Боз-қызылқоңыр топырақ тереңде қайнайтын боз-қызылқоңыр қалыпты боз-қызылқоңыр және сортаңдау  боз-қызылқоңыр топырақ болып бөлінеді. Қызылқоңыр топырақ пен боз-қызылқоңыр топырақты салыстыру соңғысының гумус бояуы неғұрлым әлсіз болатынын және горизонт аралығында неғұрлым өзгеретінін көрсетеді. 

    2.1.5 Өсімдік жамылғысы

    Шаруашылық  бай өсімдіктер түрімен ерекшеленбейді. Өсімдік жамылғысын айтпастан бұрын, оның аптап ыстық, құрғақ ауа-райы жағдайында құрылғанын айтқан дұрыс. Топырақ және өсімдік жамылғысы арасындағы қатынаста заңдылық бар.

    Өсімдік жамылғысы негізінен жіңішке  жапырақты шөптер, ксерофитті түрлер. Ең көп тараған өкілдері; кәдімгі  бетеге, бидайық, селеу және аласа жусан.

    Каштан  топырақты жерлерде бетегелі-бидайықты, бетегелі, селеулі-бетегелі-жусанды  қауымдастық таралған. Бетеге жобалы қабаттың 50-60%-ын құрайды.

    Сортаңды  жерлерде қара жусанды-изенді қауымдастық  кездеседі. Өсімдік жамылғысының қалыңдығы 20-30%.

    Көлтабандарда бидайық, қияқөлең, ақ жусан таралған. Өнімділігі орташа 12-15 ц/га.

    Жайылымдарда  өсімдіктердің негізгі түрлері: сортаңды қара жусан, изен, ащышөп. Микротөмендеу  дәнді-әртүрлі шөптер түрлерімен толған. Басты өсімдік түрлері мыналар; бетеге, ақ жусан, төскейшөп, қоңырбас. Кей жерлерде тобылғы бөлек арал болып кездеседі.

    Жайылым шаруашылықтың орталық бөлігіне жақын орналасқан. Арамшөптерден  көкпен, шырмауық, қарасұлы кездеседі.  

    2.2 Зерттеу әдістемесі

    2.2.1 Тәжірибенің мақсаты  мен міңдеттері

    Жұмыстың  мақсаты – Батыс Қазақстан  облысында жаздық арпа сорттарының салыстырмалы өнімділігін анықтау. Бұл мәселені жүзеге асыру үшін алдымызға төмендегідей міндеттер қойылды:

  • жаздық арпа сорттарының өнім қалыптастыру ерекшеліктерін зерттеу;
  • арпа сорттарын шаруашылықтық құнды белгілері бойынша сипаттау;
  • арпа сорттарының өнімділігі мен оны құрайтын элементтеріне талдау жасау;
  • арпа сорттарын өсірудің экономикалық тиімділігін анықтау.

      2.2.2  Тәжірибе сызбасы

      Арпаның әртүрлі сорттарының өсу және даму заңдылықтарын бақылау бойынша тәжірибе 2008 жылы Орал ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының жағдайында жүргізілді. Тәжірибе қайталанымы төрт ретті. Нұсқалар жүйесіз әдіспен орналасқан. Мөлдектің есепті ауданы 100 м2.

    2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы

    Тәжірибе   учаскесінің топырақ жамылғысы  ашық-қоңыр корбонатты топырақ болып  келеді. Топырақтың физикалық құрамы кесіндісі бойынша 54,1-ден  61,06 %  аралығында өзгеріп отырады. Топырақтың 0-23 см қабатында ұсақ бөлшектер кездеседі. Топырақтың су  физикалық құрамын жоғары ылғал жинақтағыш қабілеті куәландырады. Топырақтың  жоғарғы  жыртынды қабаты (0-30 см) су сыйымдылық  қасиетіне ие. Топырақтың су өткізгіштігі 131 км/сағ. Агротехникалық  зерттеулерге қарағанда тәжірибе учаскесі  топырағының 0-40 см қабатындағы гумус мөлшері 2,7%   құрайды. Тәжірибе топырағының ортасы бейтарап болып келеді. Жылжымалы азот және фосформен орташа  қамтамасыз етілген , ал  калий мөлшері жоғары. Топырағының сіңіру қабілеті жоғары қабатында 30-34 мг экв/100 г топырақта, бұл көрсеткіш тереңдеген сайын азая түседі. Алмасу катиондарының ішінде кальций басымдылық көрсетеді. Сіңіру қабілеті бойынша калий жоғарғы қабатқа жақын, ал натрий 95-100 см тереңдікте.    

    2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер

    Тәжірибеде мынадай бақылаулар, есептеулер мен талдаулар жүргізілді:

    • арпа өсімдіктерінің негізгі даму кезеңдерін тіркеу мемлекеттік сорт сынау комиссиясының әдістемесі бойынша жүргізілді;
    • мөлдектегі өсімдіктер саны көктеу кезінде және өнімді жинар алдында 4 тұрақты алаңнан есепке алынды;
    • арпа өнімінің құрылымы оны жинар алдында 1 м2 алынған қайталануы 4 ретті баулы әдіспен мемлекеттік сорт сынау комиссиясының әдістемесі бойынша анықталды;
    • мөлдектегі нақты өнім САМПО-500 комбайндарымен тікелей жинау арқылы дәннің ылғалдылығы мен тазалығы ескеріліп, есепке алынды;
    • зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу Б.А. Доспеховтың дисперсиялық талдау әдісі бойынша жүргізілді;
    • дәннің технологиялық  сапасы шаршы әдіспен алынған орта үлгілерден анықталды.
    • Тәлімі жердегі арпа өсірудің экономикалық тиімділігі арнайы әдістемелік нұсқаулар бойынша есептелді.

    Егістік тәжірибеде тәлімі аймақ үшін ұсынылған  агротехникалық шаралар қолданылды. Зерттеу нысаны ретінде облыс  бойынша аудандастырылған Донецкий 8 сорты қолданылды. Себу жұмыстары  СН-16 сепкішімен атқарылды.

    2.2.5 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай

Информация о работе Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу