Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Октября 2011 в 21:11, дипломная работа

Описание работы

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызға аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылықтардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы қалыптасқан материалдық-техникалық базаның құлдырап, егіс құрылымындағы дақылдардың үлес салмағы мен ауыспалы егістердің бұзылуына себепші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дақылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………4

1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ.................................................................6

2 ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ БӨЛІМ....................................................................18

2.1 Жұмыс орындалған жердің топырақ, климат және агротехника

жағдайлары………………………………………………………………………18

2.1.1 Шаруашылықтың орналасқан орны……………………………………...18

2.1.2 Рельефі……………………………………………………………………..19

2.1.3 Климат жағдайлары……………………………………………………….19

2.1.4 Топырақ жағдайлары………………………………………………………20

2.1.5 Өсімдік жамылғысы……………………………………………………….21

2.2 Зерттеу әдістемелері…………………………………………………………22

2.2.1 Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері…………………………………….22

2.2.2 Тәжірибе сызбасы………………………………………………………….22

2.2.3 Зерттеу учаскесінің топырағы…………………………………………….22

2.2.4 Тәжірибеде жүргізілген бақылаулар мен есептеулер..………………….23

2.2.4 Зерттеу жүргізілген жылдағы қалыптасқан метеорологиялық жағдай..23

2.3 Зерттеу нәтижелері………………………………………………………….25

2.3.1 Арпа сорттарының даму кезеңдерінің ұзақтығы………………………..25

2.3.2 Арпа сорттарының өсімдік жиілігі.………………………………………26

2.3.3 Арпа сорттарының аурулармен және зиянкестермен зақымдануы..…...28

2.3.4 Арпа сорттарының өнімділігі және оның құрылымы...…………………29

2.3.5 Арпа сорттарының дәнінің сапасы..……………………………………...31

3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ…………34

4 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……………………………………………37

Қорытынды және қуат пен қор үнемдеу туралы ұсыныстар…………………40

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………42

Работа содержит 1 файл

Дипломдық жұмыс.doc

— 276.00 Кб (Скачать)

    Табиғат – біртұтас, бір-бірімен тығыз  байланысты күрделі құбылыстардың  жиынтығы. Олардың біреуінде болған жағымды немесе жағымсыз өзгерістер басқаларына әсер етпей қоймайды. Егер өте ыстық жаз күндерінде бір экологиялық жүйеге күн көзінің  радиациясы зиянды әсер етсе, бұл құбылыс басқа экологиялық жүйеде де ізсіз қалмайды. Осының салдарынан әр түрлі табиғат ресурстарында өзгеріс болады. Ауаның атмосферасы жоғарлайды, топырақтың сыртқы бетінің температурасы көтеріліп, тезірек кебеді, өзендер, көлдер құрғап, өсімдіктердің көпшілігі сасып кетеді, жайылымдардың өнімділігі кенет төмендейді.

    Өсімдік өмірі табиғатпен тығыз байланысты болады. Егер өсімдік өсуі үшін оптимальды жағдай болса, оларды қанша пайдаланғанмен өзінің өсу қарқынын бәсеңдетпейді. Өсімдіктің өсуіне керекті оптимальды жағдай жасау үшін пайдалану интенсивтілігі өсу жағдайынан жоғары болмауы керек. Дәлірек айтқанда: топырақта жеткілікті мөлшерде жемдік организмдердің болуы, ылғалдың, жылудың, таза атмосфералық ауаның жеткіліктілігі, жайылысқа малды шамадан тыс шоғырландырмау топырақтың құнарлылығын төмендетпеудің басты шарты. Бүгінгі таңда экологиялық мәселені шешу – адамзаттың алдына қойған басты міндеті. Табиғатты қорғау мәселелері табиғат пен қоғамның өзара әрекеті тоғысатын жерде тұр және өзін кең ауқымды кешенді түрде шешуді талап етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды және қуат пен қор  үнемдеу туралы ұсыныстар 
 

    Тұқым себуден арпа өскіндері пайда  болған кезеңнің ұзақтығы барлық нұсқаларда 11 күнге тенеліп, кейінгі көктеу-түптену  аралығы 13-14 күн,  түптену-масақтану 18-20 күн, масақтану – толық пісу 24-26 күн құраған. Сыналған сорттардың жалпы вегетациялық кезең ұзақтығы – 66-71 күн аралығын көрсетті. Стандарт сорт Донецкий 8  вегетациялық кезең ұзақтығы 66 күн болды.

    Өсімдіктің  өскіндерінің толық пайда болу кезеңінде  жүргізілген есептеулер зерттелген сорттар бойынша  1 м2 көктеп шыққан өскіндер саны 248-262 дана арасында болды. Егістік өнгіштік 83-87% аралығын көрсетті. Ең жоғары сабақ жиілігін (262 дана/м2) Илек 34 сорты қалыптастырды. Оның егістік өнгіштігі 87 % болды. Стандарт Донецкий 8 сортында тиісінше 259 дана/м2; 86%.

    Еегін орағы алдына дейін сақталу деңгейі 203-225 дана/м2 арасында болады. Өсімдіктердің сақталу деңгейі стандарт Донецкий 8 сортында 87% болды. Жалпы зерттелген сорттардың сақталу деңгейі 80-87% болды.

    Зерттеудегі сорттардың ішінде тек Илек 9 сорты тозаңды қаракүйе ауруымен 1% деңгейінде зақымданған. Зерттелген сорттардың бұл аурумен зақымдану деңгейі 0,1-1,0 % көрсетті. Стандарт Донецкий 8 сортында зақымдану деңгейі 0,1% шамасында болды.

    Жаздық  арпа сорттарына швед шыбынынан келген залал 0,4 – 1,0 % аралығында болып, Жайық 1 сортты ең жоғары 1 % деңгейінде зақымданды.

    Бидай трипсі зерттелген сорттар егісінде саны  2-6 дана аралығында болды. Бұл  зиянкестердің ең максималды мөлшері Жайық 1 сортында болды.

    . Сорттардың өнімді түптенуі 1,0-1,1 аралығында болды. Стандартты сорттың өнімді түптенуі барлық сорттардан 0,1 – ге жоғары болып, олар 1,1дананы құрады.

      1 м2 жердегі өнімді сабақтар саны 203,0-247,0 дана аралығында болды.

    Жаздық  арпа сорттарының масақтағы дән саны орта есеппен 7,6-11,5 дана аралығын көрсетті. Стандартты сорттың масақтағы орташа дән саны 10,4 дананы құрады. Сорттардың 1000 тұқымының салмағы 32,4-ден 41,2 грамм аралығында болды. Стандартты сорттың 1000 тұқымының салмағы 39,6 грамм болды.

      Жаздық арпа сорттарының биологиялық өнімділігі 69,0 – 102,0 г/м2 аралығын құрады. Стандартты сортта биологиялық өнімділік деңгейі 102 г/м2 болды.

    Жаздық арпа сорттарының  нақты өнімділігі гектарынан 6,9-10,2 центнер аралығын көрсетті, ал стандартты сорттан ауытқуы –0,9 – 3,3 аралығында өзгерді. Стандартты сорттың өнімділігі 10,2 ц/га құрады.

    Зерттеу нәтижелерінде  арпаның көлемдік салмағының орташа мәні 663,5 г болды. Ол сыналған сорттар бойынша 642-687 г/л аралығын көрсетті. Бұл көрсеткіш бойынша Целинный голозерный сорты басқа сорттармен салыстырғанда басым болып 687 г/л құрап, стандарт сорттан 17 г/л –ге артық  болды.

    Біздің  деректеріміз бойынша бұл 1000 дән салмағы зерттелген сорттар бойынша 32,4 - 41,2-ға дейін ауытқып,  оның орташа мәні 37,8 г құраған. Илек 34 сортында 1000 тұқым салмағы басқа сорттармен салыстырғанда жоғары 41,2 г болды.

    Арпаның азықтық сапасын бейнелейтін  көрсеткіштерінің бірі дән құрамындағы қауыздылығы болып есептеледі Тәжірибе үлгісіне сәйкес айтылған шаманың ауытқуы нұсқалар бойынша 7,0-7,5 % аралығында тіркелді.

    1-га  егістік жерден алынған өнім  құны 13,9-20,6 мың теңге аралығын  құрады, себебі, өнімділік әртүрлі  болды. 1 га егіске өндірістік шығын 13,6-18,0мың га аралығында ауытқыды, ең көп өндірістік шығын стандарт Донецкий 8 сортында болды (18,0 мың теңге). Шартты таза пайда 0,3-2,6 мың теңге аралығында болды, ең жоғары шартты таза пайданы стандарт Донецкий 8 сорты көрсетті (2,6 мың теңге). 1 ц өнімнің өзіндік құны 1764-1971 теңге аралығында болды. Рентабельділік деңгейі 2,2-14,4 %-ды құрады.

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

    1 Борисоник З.Б. Ячмень яровой, М.: колос, 1974, 254 с.

    2 Вербицкая Н.М. Совершенствование агротехники ячменя // Сельское хозяйство за рубежом, 1977, №8, С.2-5.

    3 Белоножко М.А., Кусаинов Х.Х., Нугманов  А.Б. Влияние норм высева и  способов внесения удобрений  на кормовые качества зерна  ярового ячменя // Интенсивная технология  выращивания кормовых культур,  Киев, 1990, С.9-13.

    4 Каскарбаев Ж.А. Формирование  урожая ярового ячменя в сухой   степи Северного Казахстана // Вестник  с.-х.науки Казахстана, 1991, №8, С. 38-41.

    5 Кожабаев Ж.И. Богарный ячмень // Сельское хозяйство Казахстана, 1984, №11, С.18-19.

    6 Сауранбаев К.О. Продуктивность и оценка условий формирования урожая ячменя по различным предшественникам в зернопаровых севооборотах на необеспеченной богаре юго –востока Казахстана. Автореф. дис. канд.Алматы, 1989, 22 с.

    7 Прянишников Д.Н. Частное  земледелие, М.: Сельхозиздат, 1963, Т.2, 712 с.

    8 Лаппо А.И. Основные  вопросы  посева зерновых культур, Минск:  АН БССР, 1950, 218 с.

    9 Прянишников Д.Н., Якушкин И.В.  Растения полевой культуры (Частное  земледелие), М.: Сельхозиздат, 1938, 759 с.

    10 Жаңабаев Қ.Ш., Саудабаев Т.С., Сейтов И.С. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, Алматы: Қайнар, 1994, 352 бет.

    11 Кереев А.Қ., Қожабаев Ж.І., Умбетов  А.Қ. Тәлімі аймақтағы жаздық  арпа агротехникасы // Ұсыныстар,  Алматы: Бастау, 2000, 20 бет.

    12 Белецкий С.М., Ковалев Л.Г. К вопросу об урожайных свойствах семян// Селекция и семеноводство, 1970, №1, С.46-48.

    13 Денисов П.В. Полевая всхожесть  зерновых культур в Нечерноземной  полосе // Труды по прикладной  ботанике, генетике и селекции  ВИР, Л., 1971, Т.44, Вып.3, С.38-43.

    14 Лепайюэ Я.Я. Формирование урожая  и пивоваренных качеств зерна  ячменя при различной густоте  посева и величине семян // Труды  Эстонской с.-х. академии, 1973, Вып.72,С.81-92.

    15 Сорокина Т.А., Нугманова Г.К. Казанов  Б.С. Урожайность ячменя Омский  13709 в зависимости от крупности семян и нормы высева // Труды Целиноградского СХИ, 1975, Т.13, Вып.4, С.125-129.

    16 Кожабаев Ж.І. Сапалы тұқым  – мол өнім кепілі // Жаршы, 1999, №3, 45-51 б.

    17 Кожабаев Ж.І. Сыртқы ортаның  өнім мөлшері мен дән сапасына  әсері // Проблемы экологии АПК и охраны окружающей среды, Усть-Каменогорск, 2000, С.46-48.

    18 Сариев Б.С., Нұрғалиев Д.Қ. Қожабаев  Ж.І., Жүндібаев Қ.Қ. Жаздық арпаның  жергілікті селекциясы мен нәтижелері // Жаршы, 2002, №2,55-58 б.

    19 Алабушев В.А., Ткачева Н.А. Способы сева ячменя // Зерновое хозяйство, 1986, №6, С.26.

    20 Смаглий Д.Ф. Зависимость урожая  ячменя от погодных условий  и удобрений // Зерновое хозяйство, 1987, №4, С. 33-34.

    21 Алабушев В.А., Ткачева Н.А. Агротехника,  урожайность и качество зерна  ячменя // Зерновое хозяйство, 1984, №6,С.33-34.

    22 Мальцев В.Ф. Особенности интенсивного  возделывания ячменя // Зерновые  культуры, 1991, №3, С.36.

    23 Терлецкая Н.В., Искаков А.Р., Сариев  Б.С. Некоторые физиологические  механизмы засухо- и жаростойкости  ярового ячменя // Вестник с.-х. Науки Казахстана, 1994, №3, С. 51-59.

    24 Глуховцев В.В. Изучение комплексной  устойчивости ярового ячменя  к неблагоприятным биотическим  факторам // Аграрная наука, 1995, №2, С. 33-35.

    25 Кожабаев Ж.И., Боранбаев С. Сорт  выходит в поле // Агропромышленный комплекс Казахстана, 1989, №3, С.27.

    26 Яблоков Ю.Н. Формирование стеблестоя  ячменя при разных нормах  высева // Селекция и семеноводство, 1985, №3, С.57-58.

    27 Қожабаев Ж.І. Тәлімі жерде  арпа өсіру, Алматы: Кайнар, 1981, 8 бет

    28 Қожабаев Ж.І., Ожанов Ғ.С. Құрғақ далалы аймақта аудандастырылған арпа сорттарының өсіп-өну ерекшеліктері // Жаршы, 2000, №5, 35-40 б.

    29 Қожабаев Ж.І., Қошқаров Е.Х. Сорт  және Қазақстанның оңтүстік шығысындағы  арпа өнімі // Авторлық куәлік, №149, 20.09.2001.

    30 Неттевич Э.Д., Сергеев А.В., Лызлов Е,В. Зернофуражные культуры, М.: Воссельхозиздат, 1980, 235 с.

    31 Ващенко М.И. Продуктивность ячменной  нивы // Зерновые культуры, 1982, №1, С.17

    32 Сулейменов М.К. Пути интенсификации  почвозащитной системы земледелия // Вестник с.-х. Науки Казахстан, 1987. №1. С.3-8.

    33 Милащенко Н.З. Зональные системы  земледелия и воспроизводство  плодородия почв // Вестник с.-х.  Науки, 1987. №3, С.34-40. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Батыс Қазақстан облысы Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы жағдайында жаздық арпа сорттарының өнімділігін зерттеу