Адам даму индексі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 13:07, реферат

Описание работы

АДИ үш басты қағидалардан тұрады:
Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді

Работа содержит 1 файл

дам Даму Индексу.doc

— 345.00 Кб (Скачать)

– Адам капиталы тұрғысына алғанда, қазір біздің еліміз үшін не маңызды?

–Үш мәселе аса  маңызды. Білім, екінші денсаулық, үшінші әлеуметтік әділдік, құқықтық сала. Бір  сөзбен айтқанда, бүгін білімді, дені сау, заңға, әділдікке сенетін азамат тәрбиелеудің маңыздылығы артып отыр.

– Заң – мемлекеттің тірегі. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды”, “Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар”, “Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең” деген жолдар арнайы баптарда жазылған. Бұл – қоғамның басты байлығы да, қазынасы да адам екендігіне кепілдік береді емес пе?

– Әрине. Қоғамның қазынасы – адам. Адамның қоғамдағы  орны мен оның басты құндылық екені  Конституцияның “Адам және азамат” деген бөлімінде жан-жақты айтылған. Яғни, еліміз Конституциясында жазылғандай, “Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі”. Сол себепті, азаматтың кез келген қадамы, мемлекеттің кез келген бастамасы заңмен тығыз ұштасып отыруы тиіс. Заңның, әділеттіліктің орнауы, дұрыс жолға қойылуы, бірінші кезекте, азаматтардың мақсат-мүддесі мен құқығын, бостандығын көздің қарашығындай қорғау үшін қажет. Мәселен, Америка ғалымдары, атап айтқанда, құқықтық мемлекетке қол жеткізді. Себебі, сен қанша білімді болғаныңмен, қанша маман болғаныңмен де қоғамда әділеттілік болмаса, заң үстемдік етпесе, бойыңдағы ешқандай қасиеттеріңді іске асыра алмайсың.

– Ал адам капиталы дамыған елде қандай мамандық иелерінің мәртебесі биіктейді?

– Үш мамандық алға шығады. Бірінші – педагогтік біліктілік. Мейлі ол мектептің, мейлі ол жоғары оқу орнының педагогі болсын. Екінші – дәрігер. Бұл мамандық иелерінің  де еңбекақысы жоғары болады. Ал үшіншісі – заңгер. Себебі, ол қай жағынан да қоғамдағы еңбек етуші, білікті адамды түрлі заңсыздықтан қорғайды. Батыс елдерінде, міне, осы үш мамандықтың мәртебесі жоғары.

– Білім саласына келейік. Сіз еліміздегі білім жүйесіне сапалық тұрғыдан көңіліңіз тола ма? Жалпы, сізді көбіне не толғандырады?

– Мынандай бір  қызық жағдай бар. Біз білім саласына ішкі жалпы өнімнің 3,6 пайызын жұмсайды екенбіз. Сөйте тұра, біз әлемдегі ең сауатты мемлекетпіз. 2009 жылғы  есеп бойынша, Қазақстанда орта және жоғары білімді адамдар халықтың 85 пайызын құрады. Салыстырып көрейік. Бұл көрсеткіш Германияда – 78 пайыз, Испанияда – 50 пайыз. Бірақ, біз ең сауатты ел болсақ та, ең білімді ел болсақ та, жаңа технология саласында артта қалдық. Неге? Себебі, біз сапа емес, сан қуып кеттік. Біз білім емес, диплом қуып кеттік. Сондықтан да бүгін біз сан жағынан жаңағы 70 елдің қатарына қосылдық, бірақ сапалық тұрғыдан емес. Өйткені, сапа мәселесі көңіл көншітпейді.

Десек те, бүгінде  еліміздің білім саласында ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалар  қолға алынуда. Солардың бірегейі деп Елбасының тікелей бастамасымен бой көтерген “Назарбаев университетін” айтуға болады. Мұндай университетті ашу арқылы біз өзіміздегі адам капиталының дамуына жол ашып отырмыз. Болашақта мұнда білім алған жастар елінің өркендеуіне үлестерін қосады деген ойымыз бар.

Қазақстандағы ата-аналардың балаларына құйып отырған қаржысы – 10 млрд. АҚШ доллары

– Қазіргі таңда ел болашағы – жастарға, олардың біліміне құйылар инвестиция – ең құнды инвестиция екені талас тудырмас. Бұл елдік мәселе бізде қалай шешілуде?

– Енді бүгінгі  күнгі ең құнды инвестиция, қай  мемлекетте болмасын, бұл, әрине, адамға жұмсалған инвестиция. Әсіресе, жас  ұрпаққа жұмсалатын инвестиция. Бұл  ең тиімді әрі құнды инвестиция. Бүгін солай болып та тұр. Себебі, қазіргі таңда Қазақстан болсын, басқа да мемлекеттер болсын, қаржысын негізінен қайда жұмсап жатыр? Ең алдымен көп қаржыны жастарға, балалардың білім алуына жұмсап жатыр ғой. Яғни, мемлекет те жұмсап отыр, ата-аналар да жұмсап отыр.

– Яғни, біздің елімізде жастарға, олардың білімді қару еткен ұрпақ болып қалыптасуы үшін тиісті мөлшерде қаржы бөлінуде деп айта аласыз ба?

– Бүгінгі күні кейбір есептерге қарағанда, Қазақстандағы ата-аналардың балаларына жұмсап отырған қаржысы 10 млрд. АҚШ долларына жақындап қалған екен. Бұл мемлекеттің білім саласына жұмсап отырған қаржысынан бірнеше есе көп. Себебі, бүгінде еліміздің жоғары оқу орындарындағы жастардың 18-20 пайызы ғана мемлекеттің қаржысымен, қалғаны ата-аналардың қаржысымен оқып жатыр. Сондықтан бұл салада, яғни инвестиция құюда аянып қалмағандаймыз. 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында адам капиталы мәселесін жан-жақты қолдады. Оның маңыздылығын көптеген мысалдармен дәлелдеді. Президенттің осы мәселеге мән беріп отырғанының бір себебі осында жатыр деп ойлаймын.

– Бұл – тез арада бағыт-бағдарымызды түзеп, етек-жеңімізді жинау керек дегенді білдіреді ғой…

– ХХ ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-та ақпараттық қоғам, ашық қоғам қалыптасты. Себебі, осы кезде  АҚШ-та 12-14 жылдық білім деңгейі негізге  алынды. 12 жылдықты бітіреді, сосын колледжде оқиды. Содан кейін тағы 4-5 жыл университетте білім алады. Яғни, 12-14 жылдық білім негізге алынған. Бұл ел сол 70-ші жылдардың соңында жоғары деңгейдегі кәсіби білімге, ақпараттық технологияға, күрделі интеллектуалдық техника мен технологияға қол жеткізіп үлгерді.

Өкінішке қарай, бұл салада Ресей де, біз де АҚШ-тан, болмаса Еуропа елдерінен 30-40 жыл  кеш қалдық. Сондықтан бұл саладағы бағыт-бағдарымызды тезірек түзеуіміз  қажет.

Ел жастары шет елде қалып қойса, оларды патриот емес деген сөзден аулақ болайық

– Сіздің ойыңызша, балаға қай кезден бастап инвестиция құю керек? Бұл орайда, әлемдік  тәжірибеден қандай мысал келтірер едіңіз?

– Америка ғалымдарының зерттеуі бойынша, жалпы адам капиталы терең дамуы үшін сәбиге 4 жасқа дейінгі жұмсалған қаржы ең тиімді инвестиция саналады екен. Оның әсері көзге көрінбегенмен де, қайтарымы 1 долларға – 5 доллар болады. Егер, 1 млрд. жұмсалса, қайтарымы – 5 млрд.

Біз бүгінде  балалар бақшасы мәселесін көтеріп  жүрміз ғой. Елдің үлкен болашағы, міне, осында жатыр. Кедей елдер, балабақшасы дұрыс қолға алынбаған елдер дұрыс дамымай, қайыршы мемлекет болып қала береді. Сондықтан, бұл біз үшін үлкен сабақ. Сонымен бірге, баланың екінші даму кезеңі бар. Ол 11 жасқа дейінгі мерзімді көрсетеді. Осы кезде, яғни 4 пен 11 жас аралығында екінші үлкен инвестиция құю керек. Себебі, 11 жасқа келген баланың қандай азамат болатыны белгілі. Не ол ізденгіш, шығармашылықпен айналысатын адам екені белгілі болады, не ол керітартпа мінезді азамат екені айқындалады. Осы стереотип 11 жаста қалыптасады.

ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарының аяғында, 80-ші жылдарының басында  Америка Құрама Штаттарында мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және мектептен  кейінгі бір балаға ол азамат болып  кеткенге дейін мемлекет және жеке ата-аналар бөлетін қаржы көлемі бір жылға 400 мың долларды құраған екен. Яғни, сол 400 мың доллар жұмсалған кезде ол бала колледж бітіреді. Мектепке дейінгі сатылардан өтеді. 12 жылдық білім кейін оның қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Міне, бойына 400 мың доллар қаржы жұмсалып, білім алған жас көне техникамен жұмыс жасамайды. Аз еңбекақыға қызмет етпейді. Мұны америкалық ғалымдар жақсы білді. Бойында білімі бар, өзін-өзі сыйлайтын адам біреудің алдында төмендемейді. Керісінше, өзін сыйлайтын, жоғары еңбекақы төлейтін мемлекетті іздейді. Ол өз бақытын шет елден іздейді.

– “Бақытын шет елден іздейді” дегеннен шығады. Бүгінде “Болашақ” мемлекеттік бағдарламасымен шетелде оқып жүрген жастар ең алдымен ой көкжиегін білім нәрімен сусындатып, тәжірибелерін бағыттауы керек қой. Ал егер сол жас шетелде қалып қойса, бұған сіз қалай қарар едіңіз?

– Егер де біздің мамандар шетелден өзінің бақытын тауып  жатса, сол шетелде көп қаражат  алып, оны маман ретінде сол  ел сыйлап жатса, ол жасты патриот  емес, Отанын сатты деген сөзден біз аулақ болайық. Себебі, біз ол маманды сыйламай отырмыз ғой. Ол жас өсуі керек. Ол жас өз білімін одан әрі арттыруы керек. Егер, өзінің туған елінде мұндай жағдай жасалмаса, ол ертең бара-бара барынан айырылып қалады ғой.

Яғни, ол жас  сол елде қалып қойса, ең әуелі қателікті өзімізден іздейік. Біз көп жағдайда жастарды кінәлаймыз. Шын мәнісінде, сол жастарды өсіруге, олардың бойындағы қабілеттерін дамытуға, еңбегін бағалауға мемлекет жағдай жасады ма, жасамады ма? Мәселе осында.

АҚШ бірінші  кезекте өз елінің білікті азаматтарын сыйлап, оларға жағдай жасауға үлкен мән берді. Сондықтан, бүгінгі күні АҚШ-та шетелден 550 мың студент оқиды. Бұл бір ғана АҚШ-та. Жарты миллионнан астам. Себебі, бұл ел көбінесе жақсы мамандарды өзінде алып қалады. Жағдай жасайды. Жоғары еңбекақы төлейді. Бүгінде көп адам осы елге қоныс аударып, сол елден бақытын іздеп жатыр. Яғни, жаңағы адам капиталын, адамның бойындағы білімі мен қадір-қасиетін сыйлайтын елдерге қоныс аударуда. Бұл – қазіргі жаһандану заманындағы бір заңдылық, құбылыс. Сондықтан, бұл – елдік тұрғыдан терең ойланатын жағдай.

– Білім-білігі жоғары жастың өз елінің өндірісіне де жаңа леп алып келетіні белгілі ғой.

– Әрине. Мысалы, бір жылда АҚШ-та ХХ ғасырдың 80-90-шы жылдары 4 млн. адам мектеп, колледж, жоғары оқу орындарын бітірген екен. Сол 4 млн. адамды жылда қабылдайды. Ол 4 млн. адамның әрқайсысына 4 мың доллар жұмсағанда, бұл ел жалпы алғанда 1 триллион 600 млрд. доллар көлемінде сұрапыл қаржы жұмсайды екен. Сол қаржымен білім алған жастар, әрине, өндіріске өз ұсыныстарымен, жаңалығымен келеді. Ортасын жаңартады. Яғни, ұрпақ алмасады. Сол ХХ ғасырдың 80-ші жылдары АҚШ-та үлкен өзгеріс болды. Жаңағы жастар көптеген жұмыс орнының қысқаруына өз идеяларымен әсер етті. Бүгінде бұл елде өндірістегі 4 адамның біреуі ғана зауыт, фабрика, құрылыста жұмыс жасайды. Қалған бөлігі басқа салаларда. Соның ішінде жол құрылысы, байланыс, білім, ғылым салаларында, сондай-ақ, мейрамхана, қонақ үй секілді жалпы халыққа қызмет көрсететін салаларда еңбек етеді.

Ал сол ХХ ғасырдың 90-жылдарының аяғы, ХХІ ғасырдың басында Мәскеудің өзінде жағдай керісінше болды. Жұмыс істейтін жұмыскерлердің 70 пайызы зауыт, фабрикада жүрді де, ал қалған 30 пайызы ғылым, білім, халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етті. Әлемдік тәжірибеден осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ал бізде бұл жағдайды керісінше жасау тиімді әрі пайдалы.

– Қалай?

– Мәселен, АҚШ-та жаңа техника мен технологияны енгізе отырып, зауыт, фабрикаларда еңбек ететіндер санын азайту, басқа салаларға, әсіресе, халыққа қызмет көрсететін салаларға көп мән беру керек болды. Қазір мұндай өзгеріске, адам капиталына негізделген экономикаға біз де өтіп жатырмыз. Бірақ, АҚШ-тың үлкен бір ерекшелігі – онда үш сатылы білім кеңінен қанат жайған. Мектеп, колледж және университет. Үш сатылы білім кезеңінің 1-ші сатысын бітірген адам жылына 16 мың доллар еңбекақы алады. Ал колледж бітірсе, жылына 27 мың, университет бітірсе, 40 мың долларға дейін табыс табуы мүмкін. Яғни, біліміне лайық еңбекақы алады. Сондықтан, білімі жоқ адамдарға қарағанда, білімді адам жақсы өмір сүреді.

Денсаулық мәселесі бөлінген қаржымен емес, емделген адамдардың санымен өлшенуі тиіс

– Денсаулық экономикалық категорияға айналды ғой. Адам капиталының бір критерийі де – денсаулық. Ел Конституциясында “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар” деп атап көрсетілген. Бүгінде бұл салаға қаншалықты назар аударылып отыр деп айта аласыз?

– Расымен де, денсаулық, бірінші кезекте экономикалық категорияға айналды. Егер, денсаулығы жоқ болса, ол адам ақша таба алмайды, екіншіден, денсаулығын әлсіретіп алса, оған үлкен шығын кетеді. Біздің елімізде денсаулық саласына бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімнің 2,3 пайызын құрайды. Ал Жапония, Германия, Норвегия, Швейцария секілді аса дамыған елдерде – 6,2 пайыз. Мәселен, өзіміз сөз етіп отырған АҚШ-ты алайық. АҚШ-та Обама денсаулық саласына бөлінетін қаржыны 14 пайызға дейін көтеріп отыр. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесі бойынша, бұл салаға бөлінетін қаржы ішкі жалпы өнімнің 5 пайызынан кем болмауы керек екен.

Ал біздегі  денсаулық сақтау саласының критерийі  қандай? Бізде көбіне денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны айтады. “Былтырғыға қарағанда, мынадай млрд. теңге артық бөлінді” деп. Шын мәнісінде, әлемде денсаулық мәселесі бөлінген қаржымен емес, емделген адамдардың санымен өлшенеді. Мәселен, құрт ауруының, сәбилердің шетінеуінің, аналардың өлімінің азаюымен. Өкінішке қарай, бұл көрсеткіштер бойынша, біздің елдегі халықтың жағдайы төмен. ХХ ғасырдың талабына сай оқуға, еңбек етуге қазақстандықтардың денсаулығы сай болмай тұр. Біз бұл мәселеге енді-енді мән берудеміз. Мүмкіндіктер де енді туып жатыр. Сондықтан, осы идея, адам капиталы тек сән секілді кезекті ұранға айналмай, еліміздің, халықтың мәртебесін көтеретін нақты іске айналсын деген тілек бар.

– Бүгінде Америка, Еуропа елдерін адам капиталының иелері деп те айтуға болады. Бұл сол елдердің білім-ғылым, денсаулық, ғылыми-зерттеу салаларының дамуына да оң әсер етті ғой. Солай емес пе?

– Солай десек те болады. Мәселен, Еуропа Америкадан ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында көп дүние үйреніп, адам капиталына айрықша мән беріп, тез өсті. Бүгін Американың деңгейіне жақындап келеді. Обаманы президент етіп сайлауға ең алдымен, қарапайым азаматтар үлкен үлес қосты. Біріншіден, АҚШ-та мысалы, президенттікке, не болмаса, депутаттыққа түскен азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету қорлары жұмыс істейді. Қаншама миллион адам Обамаға көмектесті. Оның нәсіліне қарамастан, қаншама азамат дауыс берді. Демек, адам капиталы – қай жағынан да азаматтарды белгілі бір жоғары сатыға көтеретін әрі интеллектуалдық әрі адамгершілік деңгей.

Информация о работе Адам даму индексі