Адам даму индексі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Октября 2011 в 13:07, реферат

Описание работы

АДИ үш басты қағидалардан тұрады:
Өмір Ұзақтығы - Халық денсаулығы мен ұзқтығын өлшейді
Білім деңгейі мен білім бері жүйесі
Өмір сүру стандарты, адам басына шаққандағы жалпы ішкі өніммен өлшенеді

Работа содержит 1 файл

дам Даму Индексу.doc

— 345.00 Кб (Скачать)
 

 

 

             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2010 жыл үшін  Қазақстан АДИ - 0.714 – Еуропа  және Орта Азия елдері үшін  орташа көрсеткіштен төмен 0.702, Еуропа және Орталық Азия елдері  үшін, сондай-ақ жоғары көрсеткішті  дамыған елдер үшін 0.717 орташа  көрсеткіштен төмен. Еуропа және  Орталық Азия елдеріндегі көршілер үшін 2010 жылғы АДИ индексі бойынша демек АДИ және АДИ бойынша жақын елдер мен халықтың саны бойынша Қазақстан Украйна және Ресеймен бір деңгейде тұр. тиісінше 69 және 65 (C кестесін қараңыз).

  C кестесі: Өзге  елдермен және  аймақтармен салыстырғандағы 2010 жыл үшін  Қазақстанның АДИ Индикаторлары
АДИ индексі АДИ рейтингісі Туылған кездегі күтілетін  өмір сүру ұзақтығы Оқытудың  күтілетін жылдары  саны Оқыту жылдарының орташа саны Халықтың  жан басына шаққандағы ІЖӨ (ППС $)
Қазақстан 0.714 66 65.4 15.1 10.3 10,234
Украина 0.710 69 68.6 14.6 11.3 6,535
РесейФедерация 0.719 65 67.2 14.1 8.8 15,258
Шешен Республикасы 0.841 28 76.9 15.2 12.3 22,678
Еуропа  және Орталық Азия 0.702 70.4 13.9 9.4 12,555
АДИ жоғары деңгейі 0.717 72.6 13.8 8.3 12,286

Басқа елдерге қатысты прогресті бағалау

Ұзақмерзімдік прогресті басқа көрші елдерге  қатысты, географиялық орналасу деңгейі  ретінде де, сол сияқты ИЧР деңгейі  ретінде де бағалауға болады. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан, Албания және Болгария Еуропа және Орталық Азияда АДИ кестесінің көрші жолдар бойынша соңғысын иеленген болатын. Бірақ 1990 – 2010 жылдар кезеңі үшін АДИ елдер АДИ прогресіне түрлі жолдармен өтті (2-суретті қараңыз).  
 
Деректер 
Деректер бойынша 2 жылға кешеуілдеумен берілетін АДИ соңғы жылдардағы баяндамадан айырмасы осы баяндама өзімен АДИ көрсеткіштері мен ағымдағы жыл үшін рейтингін білдіреді. 2010 жыл үшін деректер туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығымен және оқытудың орташа жылдар саны бойынша қол жетімді болды, сондай-ақ жаңа деректер оқытудың күтілетін ұзақтығын бағалау үшін қол жетімді. 2010 жылға арналған халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ бағалау (АҚШ ППС $) ЖІӨ бағалау бойынша Дүниежүзілік Банктің және ІЖӨ бойынша Халықаралық Валюта қорының деректерін пайдаланумен жасалды.

Баяндама туралы. Адамның дамуы туралы баяндама, 1990 жылы жарыққа шыққан алғашқы шығарылым, кейбір анағұрлым өзекті уақыт сындарына жаңаша қарауға мүмкіндік береді. Адамның дамуы туралы баяндама – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының жылсайынғы тәуелсіз жарияланымы. 2010 жылғы баяндаманың жетекші авторы Джени Клугман (Jeni Klugman). Баяндама оннан астам тілге аударылады, және оның тұсаукесері жылсайын 100 ден астам елде жасалады. 2010 жылғы баяндаманың, сондай-ақ 1990 жылдан бастап барлық бұрынғы Баяндамалардың толық мәтіні БҰҰ-ның негізгі жұмыс тілінде ақысыз көшіріп алу үшін Баяндама веб-сайтында мына адрес бойынша: http://hdr.undp.org/ орналастырылған

Қоян  жылы кіргелі алдымен Тунис, одан соң Мысыр болып бірқатар мұсылман елдерінде халықтың билікке қарсы  шығуы күшейіп тұр. Қазір ел-жұрт Ливиядағы оқиғаларға алаңдап отыр. Дегенмен, біраз сарапшылар бұл толқулар өзге елдерді де шарпуы мүмкін екендігін  айтуда. Жақында, Американың The Wall Street Journal басылымы бұқаралық сипаттағы толқулар болуы мүмкін елдердің тізімін жариялады. Бір атап өтер жай, бұл тізімде Қазақстан да жүр екен. 
The Wall Street Journal басылымының блогында жүрген бұл тізімге сенсек, халқының көңіл-күйі бұзылып, өз билігіне қарсы шығу мүмкіндігі жоғары елдердің тобын Кения бастап келе жатқан көрінеді. Бұл ел халқының билікке оппозициялық көзқарастары 100 пайызды құрап отырса, одан соң 94,5 пайызбен Камерун, 90,8 пайызбен Пәкістан тұрған көрінеді. «Үздік төрттікті» 88,9 пайыздық көрсеткішпен Нигерия аяқтап тұр екен. Жалпы, бұл тізімге 85 мемлекет еніпті. ТМД елдерінің арасынан алғашқы топқа кіргендердің қатарында Әзербайжан елі бар екен. Қап тауын жайлаған ағайындар өз басшыларына наразы жұрттың тізімінде 10-орынға шығыпты. Орыстар болса 58 пайыз көрсеткішпен 40-орында екен. Өзбекстан 15, Түркіменстан 19, Украина 22-орындарға ие болыпты. Ал, біздің ел 31 орында тұрған көрінеміз. Әлгі зерттеуді жасағандар қазақстандықтардың «нілдей бұзылған көңіл-күйін» 64 пайыздық көсреткішпен бағалаған көрінеді. Бұл зерттеуді жасағандар үш мәселеге баса назар аударғандарын айтыпты. Олардың біріншісі Transparency International ұйымы жасайтын жемқорлық индексі, екіншісі БҰҰ жасайтын адам потенциалының даму индексі, үшіншісі Джини индексі екен. Зерттеушілер осы үш өлшем арқылы халықтың билікке қатысты көңіл-күйін анықтаған көрінеді. 
Әрине, алаш баласының өз басшыларына деген көзқарасын нақты білу қиын шығар. Дегенмен, жоғарыда атаған үш өлшемге сүйенсек, «бұқараның көңіл-күйі онша емес» дегенді құптауға болады. Мәселен, өткен жылы біз жемқорларын азайтқан елдердің ішінде жүздіктің ішінде жүрдік. Президент, соңғы үш жылда 45 сатыға жоғарыладық дегенімен, біз өткен жылы 105- орында болдық. Демократиялық құндылықтарға адалдығымыз жағынан 132 орындамыз. Джини индексі бойынша бай мен кедейдің арасындағы айырмашылық та бізде үлкен. Адам дамуының потеницалы да керемет емес әрине. Оның үстіне ұлттық мәселеге келгенде бұқараның билікке өкпесі аз емес, Бәлкім, әлгі The Wall Street Journal басылымының зерттеушілері осы жайларды да біліп қойған шығар. Қалай болғанда да, Қазақ елін батыстағы біраз зерттеушілер бұқаралық бұлқыныстың алдында тұрған елдердің қатарына қосып қойыпты. Ал, әлгі рейтингте «ең тыныш» елдердің тізімін Швеция бастап тұр екен. Оның көрсеткіші 26,7 пайыз. Одан соң Австрия, Канада, Дания мен Германия, Швейцария тұр. «Ақыл айтқыш» АҚШ 32,3 пайыз көрсетішпен 70-орында екен. Бұлар тізімнің соңынан санағанда «топ бастап» тұрғандар. Сөз жоқ, бұл тізімді абсолютты шындық деуге келмес. Бірақ, «жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды» деген тағы бар. Өзгені қайдам, өз басым Қазақ елінде бұқаралық толқу бола қояды дегенге сенбеймін. Алайда, ел-жұрттың басшы-қосшы келгенде, мемлекеттік телеарналар мен газеттердің журналистеріне айтатын ұранға толы пікірі мен от басы, ошақ қасында айтатын наразы пікірі екі түрлі екендігін жақсы білемін. Күнде көріп жүрміз. Оның үстіне, мына сайлаудың «қызықтары» тағы қосылып жатыр. Әсіресе, Ғани Қасымовтың тіл емтиханынан «сүрінбей» өтуі бұқараны ойландыратын сияқты. Шамасы, билік қалық қазақты ақмақ санап жүр ме, жоқ әлде өздерінің ақылға қонбайтын қылықтарын өздері сезбей қала ма, кім білсін?! Әйтеу, мұндай «ойындардың» түбі жақсылыққа апармасы анық. Бірақ, Құдай дүрбелеңің бетін әрі қылсын. Дегенмен, «халық қаласа, хан түйесін сояды» дегенді ұмытпаған жөн-а
 
 

  • Газет туралы

Сәрсенбі, 21 Шілде, 2010

Амангелді АЙТАЛЫ: “ЖІГЕРЛІ АЗАМАТТАРДАН ТҰРАТЫН ҚОҒАМ  ТАБЫСҚА ЖЕТЕДІ”

Бөлісу… 

Сана көкжиегі – адам болмысының айнасы. Ал ел тұғыры азаматтардың парасат биігімен, олардың ішкі рухани құндылығымен өлшенеді. Себебі, адам капиталы – жеке бір адамның ғана емес, қоғамның азығы. Үстіміздегі жылдың 30 тамызында 15 жылдығы атап өтілетін еліміздің Ата Заңында да адамға, азаматқа ерекше орын берілген.

Біз философия ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық заң университетінің профессоры Амангелді АЙТАЛЫМЕН әңгіме барысында Қазақстан Конституциясында атап көрсетілген адам мен азамат мәселесіне тереңірек үңілуге тырысқан едік.

Бір топ сауатсыздың қолына тамаша конституция ұстатсаңыз да, тамаша қоғам құра алмайсыз

– Амангелді аға, адам капиталы ұғымы, оның өзектілігі, оны қоғамға жаппай сіңіру мәселесі елімізде кейінгі кезде ауық-ауық болса да көтеріліп жүр. Десек те, оның тамыры тереңде жатыр ғой. Батыс елдері бұл мәселені әлдеқашан мемлекеттің негізгі саясатына айналдырды. Ұлттық идея ретінде өз бағыт-бағдарын түзеді. Бұл ұғымның ел үшін құндылығын түсінуге алғаш нелер түрткі болды деп ойлайсыз? Адам капиталы ұғымының қалыптасуына кімдер еңбек сіңірді?

–XX ғасырдың 20-шы жылдары алғашында ресейлік, кейін  америкалық көрнекті әлеуметтанушы ғалым Питирим Сорокин Ленинмен үлкен пікірталасқа түсті. “Сіз социализм қоғамын құрамын дейсіз. Сіздің адамдық материалыңыз қандай? Кімдермен құрасыз? Ресей социализмге әлі дайын емес. Сіз оны күшпен, я қуғын-сүргінмен құрмасаңыз, адамдық потенциал, адамдық әлеует Ресейде жоқ”, дегенді айтады ол. Кейін П. Сорокин сол айтыстан кейін көп кешікпей Ресейден Америкаға қоныс аударып, сол жерде 90 жасында қайтыс болады. Сол Питиримнің мынадай сөздері бар: “Қандай да қоғам болмасын, сол қоғамның жағдайы ең алдымен оның азаматтарының қадір-қасиетіне, біліміне байланысты”, деген. Ол сондай-ақ: “Нақұрыстар мен қабілетсіз адамдардан тұратын қоғам ешуақытта да үлкен табысқа ие бола алмайды. Бір топ сауатсыз надандарға тамаша конституцияны берсеңіз де тамаша қоғам құра алмайсыз. Ал, керісінше, талантты, дарынды, білімді, дені сау, жігерлі азаматтардан тұратын қоғам сөзсіз өмір сүрудің жаңа, ілгері жолдарына бастап, табысқа жетеді”, дегенді де айтады. Кейін Питирим Сорокиннің осы ойы көптеген адамдардың назарын аударды. Белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға айналды.

Ал америкалық экономист Теодор Шульц XX ғасырдың 60-шы жылдарының басында “адам капиталы” деген ұғымды енгізді. Шульцтің бұл тақырыпқа мән беруі кездейсоқ емес. Сол жылдардан бастап осы адам капиталына мән беріле бастады.

– Адам капиталы ұғымы бұрын тек жеке адамның  бойындағы бай рухани құндылықтарымен бағаланып, өлшенген деп түсініп келсек, бүгінде оған елдің жоғары экономикалық көрсеткішінің бір тетігі ретінде қарау байқалуда. Мәселен, жаңадан пайда бола бастаған “Білім экономикасы”, “Парасатты экономика” деген жаңа, тың тіркестер осының көрінісіндей көрінеді. Сіз қалай ойлайсыз?

– Шынымен де, оқу-білім, кемел ақыл және экономика  – қазір егіз ұғымдар. Егер, бұрын  ол бөліп-бөліп қаралса, қазір егіз ұғым болды. Жалпы, бүгінгі әлеуметтік ғылымда экономикалық, әлеуметтік, әкімшілік, мәдени, саяси, тағы басқа да капиталдар туралы әңгімелер айтылып жүр. Ал осылардың барлығының жиынтығы – адам капиталы. Себебі, барлығы айналып келгенде адамға тіреледі.

Біз бір мәселеге мән берейік. Капитал деген ұғым бізше қаржы, байлық, ақша, құн мағынасында түсіндіріледі. Ал адам капиталы дегенде ең басты мәселе – бұл адамгершілік қасиет, оқу-білім, кемелдік сана. Егер олар экономика саласына жұмсалса, онда адам капиталы болып есептеледі. Себебі, бұрын оқу-білім, парасат экономикамен тығыз байланыста болмады. Енді келіп жаңағы айтқан “умная экономика” – “ақылды экономика”, “экономика знании”–“білім экономикасы” деген сөздер шықты. Демек, дамыған мемлекет болу үшін ақыл, парасат, білім, ғылымды экономикаға жұмсау – бұл адам капиталының мәні.

– Сонда адам капиталының негізгі өлшемдері  қандай?

– Адам капиталының  бірнеше өлшемдері болады. Демографиялық, әлеуметтік, құқықтық, отбасылық. Мәселен, демографиялық өлшемді алайық. Елдегі халықтың саны мен сапасы. Бұл, сөз  жоқ, үлкен капитал. Мысалы, Қытай үшін халық санының өсуі Қытай экономикасының дамуына үлкен қиындық туғызса, ал Қазақстан секілді мемлекетке адам санының өсуі – ол тек жақсылық. Демек, әр елде демографиялық капиталдың жағдайы әр түрлі. Сондай-ақ, адам капиталы – сол адамның бойындағы білімнің, тәжірибенің, даналықтың, құндылықтардың көрінісі. Қоғамның, жеке адамның азығы. Жеке адамның бойындағы сол адам капиталын, мемлекеттегі азаматтардың бойындағы адам капиталын қоғамдық өлшеммен айтқанда ешкім ұрлап ала алмайды, ешкім оны сатып ала алмайды. Ол елді өрге бастайды. Ол, сонымен бірге, білім мен тәрбиені, адамдардың парасаттылығын арттырады. Сондықтан, адам капиталы немесе білім, тәрбие, оның пайдасы көзге көрінбеуі мүмкін. Көрінбейді де. Десек те, бұлар, ең бастысы, қоғамның дамуына әсер етіп отырады. Сол себепті, білікті адам, өзіне өзі сенетін адам көптеген жағдайда қоғамды дүниеқоңыздықтан, жемқорлықтан қорғайды. Білімді, парасатты адам бірінші кезекте өзінің бойындағы қасиетіне сенеді. Жеке басқа табынбайды. Ұрлықтан аулақ болады.

Соңғы жылдары  адам капиталын өлшейтін оның бір  қыры пайда болды. Оны адам әлеуетінің даму индексі дейді. Барлық елдерде  адамның әлеуетін, адам капиталын  үш өлшеммен бағалайды. Бірінші –  өмір сүру ұзақтығы. Ең аз өмір сүретін  елдерде адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 25 жыл. Сондай елдер бар. Мысалы, Африкада. Африкада бүгінде 20 млн.-нан астам адам СПИД-пен ауырады. Сол себепті, мұнда өмір сүру ұзақтығы өте төмен. Ал Еуропаның дамыған елдерінде, Жапонияда бұл көрсеткіш 85 жасты құрайды. Бұл – бір көрсеткіш.

Екінші көрсеткіш  – ересектердің сауаттылығы және балалардың мектеппен қамтылуы. Әлемде 300 млн.-ға жуық бала мектепке бармайды. Оның көбісі Африка елдерінде. Ал 0-ден 100 пайызға дейін ересектері түгел  сауатты, балалары мектепке баратын  елдер де бар.

Үшіншісі –  ішкі жалпы өнімнің жан басына шаққандағы үлесі. Мысалы, ең кенже  қалған елдерде ішкі өнімнің жан  басына шаққандағы үлесі 100 доллар болса, бірқатар елдерде 40-44 мың доллар. Міне, осындай үш өлшеммен БҰҰ жылда  әлем елдеріндегі ахуалды саралап  отырады. Сондай зерттеу мәліметтеріне сүйенсек, ең артта қалған елдер – ол Африка елдері. Яғни, Африканың 30 елі. Ал ең дамыған елдер – Норвегия, Австралия, Канада, Ирландия, Германия, Швейцария, Швеция, Жапония, Франция, АҚШ. Бұл елдердің бір жылы біреуі бірінші орында болса, екінші жылы ол мемлекет үшінші орында тұруы мүмкін. Солай ауысып отырады. Бұрын АҚШ алдыңғы үш орында жүретін еді. 2008 жылдың есебі бойынша бұл мемлекет 15-ші орынға түскен. Себебі, Америкаға қоныс аударушылар көп. Олардың білімі төмен, сондықтан табыс деңгейі де төмен. Денсаулығы да төмен. Америкалықтардың өздері “бұл АҚШ-тың жалпы көрсеткішін төмендетіп отыр” деп түсіндіреді.

Ал енді бұрынғы  Кеңес Одағы республикалары елдерін алатын болсақ, Литва – 43, Эстония – 44, Латвия – 45, Беларусь – 64, Ресей – 67, Қазақстан 68 орында тұр. Жалпы әлемде 200-ге жуық ел бар десек, солардың ішінде 70-ке дейінгі орында тұрған елдер дамыған елдер деп есептеледі. Ал Америка, басқа да бұрынғы капиталистік елдер – бұлар өте дамыған елдер қатарына жатады. Біздің еліміз орта деңгейдегі дамыған елдердің қатарына соңғы жылдары қосылды. Бүгінде Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 65 жастан 68 жасқа өсті. Бұрынғы кеңестік республикалардың ішінде Украина –76, Армения – 83, Грузия – 96, Әзірбайжан – 98, Түркіменстан – 109, Молдавия – 111, Өзбекстан – 113, Қырғызстан – 116, Тәжікстан – 122 орында. Бұларға қарап, әрине, біздің шүкіршілік ететін жағдайымыз бар. Бірақ ең дамыған елдер ахуалынан үлкен пікір түю керектігі көрінеді.

Қоғамда заң үстемдік етпесе, бойыңдағы ешқандай қасиеттеріңді іске асыра алмайсың

Информация о работе Адам даму индексі