Ақша - несие сясаты

Курсовая работа, 05 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя

Описание работы


Ақша - несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын кызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардын ерекше жүйесін зерттейді.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Работа содержит 1 файл

Kursovoy.docx

— 85.52 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Ақша - несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын  кызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардын ерекше жүйесін зерттейді.

Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған  ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Курстық жұмыста ақша-несие  саясатының epeкшеліктері және келесідей  сұрактар карастырылған:  

  • ақша саясаты туралы түсінік, оның даму кезеңдері;
  • ақша жүйесі оның, элементтері және негізгі типтері;
  • несие саясаты, онын зелементтері;
  • несие механизмінің дамуы;
  • несиелеуді уйымдастыру принциптері;
  • несиелеу әдістері
  • ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі.
  • ҚР-ның    ақша-несие     саясатының  даму    ерекшеліктері

Еліміздегі ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Казақстан  Ұлттық банкінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді кояды:

инфляция каркынының бәсеңдету  және инфляцияның өсуінің  теріс  салдарларын азайту үшін нақты айырбас  бағамының тиісті икемдідігін колдауға және сонымен бірге экономикалық  өсуді ынталандыру ең  төменгі  резервтік талаптарды есептеу әдстемесін жетілдіру.

Ақша-несие саясатының мақсаты - елдегі қаржы нарығының тұрактылығын сақтауға, сақтандыру нарығының бағалы кағаздар нарығының әрі  карай  дамуына және банк жүйесінің нығая  түсуіне экономикалық нақты секторды банкгердің несиелеуінің әрі қарай  өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинактаушы зейнетақы қорларының жетілдіруіне мүмкінік туғызады және ұлттық валюта тұрақтылығын,  яғни оның төлем кабілеттілгі мен басқа шетел валюталарына катысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді  көздейді.

Ақша-несие саясаты мынадай мiндеттердi шешуге бағытталады:

  • инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру; 
  • теңге бағамын қайта бағалауға жол бермейтiн валюталық саясат жүргiзу; 
  • банк жүйесi мен сақтандыру нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету; 
  • банктердiң ресурстық базасының одан əрi  өсуiне жəне экономиканың нақты секторын несиелеуді
  • кеңейтуге жəрдемдесу; 
  • төлем жүйесiнiң орнықтылығын жəне одан əрi дамуын қамтамасыз ету

Ақша-несие реттеудің  негізгі объектісі - жалпы төлемқабілетті сұраныстың әр түрлі компонеттерінің  өзгеру динамикасына әсер ететін, экономикадағы  жалпы ақшалай және ақшалай емес ақша массасы болып табылады.

Өз мәніндегі ақша-несие  саясатын жүргізу ғaнa Ұлттық банкке және оның жүргізіп отырған ақша-несие саясатына деген нарық қатысушыларының және жалпы халыктың сенімін қамтамасыз ететін болады.

Курстық жұмыстың мақсаты  ақша-несие саясатының теориялық  аспектіде толық ашу, Ұлттык Банктің  ақша-несие саясатын және КР екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттің экономикасын реттеудегі ақша-несие саясатынын перспектива  бағыттарын көрсету.

 

Койылған мақсаттарға  жету үшін қарастырылатын негізгі бағыттар:

  •   Тауарлар мен қызметтерге бағаның қалыптасуы.
  •   Тауар айырбасымен қызмет ету. 
  •   Нәтижелі өдіріс құрылыстың қалыптасуы.
  •   Еңбек өнімділігінің артуы үшін стимул жасау.
  •   Шаруашылық субьектілерге қызметтерінің нәтижелерін бағалау.
  •   Жанадан жасалған құнның қайта бөлінуі.
  •   ақша-несие саясатының мәні және  стратегиялық мақсатын карастыру;
  •   ақша-несие саясатының кұралдары мен әдістерін көрсету;
  •   Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
  •   КР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын ашу;
  •   2007-2010 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясын баға беру.

 

 

 

 

 

 

  1. Ақша-несие саясатының теориялық негіздері.

 

 

    1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаты

 

Ақша-несие саясаты - бұл  айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге  жалпы банк жүйесінін қызметін реттеуге бағытталған шаралар  жиынтығы ақша-несие  саясатының макроэкономииалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады.Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне  экономикадағы қолма-қол және қолма-қол  ақшасыз жиынтығы жатады.

Нарық жағдайында банк жүйесі  екі  деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаруалардың нэтижесінде коммерциялық банктер  ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі кұнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттін  алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міңдетті резервтерін сақтайды, коммерциялық банкгердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру  ретіде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы кызметін орындайды  және шет мемлемкеттердін және банктерінің  істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде  орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін кадағалайды  және ұйымдастырады. Орталық банк пен  коммерциялық банк операцияларының  және банктен тыс секторлардың шешімдері  нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы кадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемін коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені  кабылдау және беру арқылы кұрылады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік  ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Казақстан Ұлттык банкі ақша-несие  саясатының басты мақсаты  ұлттык валютаның тұрақгылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел  валюталарына катысты тұрақтыларын қамтамассыз етуді көздейді.

Ақырғы мақсат:

- эмономикалык өсу;

- толық жұмысбастылық;

- бағаны тұрақтандыру;

- Төлем балансын тұрақтандыру.

- аралық мақсат:

- ақша жиыны;

- пайыз мөлшерлемесі;

- айырбас курсы.

Ұлттық банк ақша-несие  саясатының мақсаттарын жүзеге асырады:

  1. Ақша жиынын білгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң   

монетарлык саясаты),

  1. Немесе пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлык   

саясат),

Шаруашылық жағдайына  байланысты ақша-несие саясатының екі  типі болады:

1.  Рекстрикциялык ақша-несие саясаты.

2.  Экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рестрициялық ақша-несие  саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға  бағытталған шаралар  жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие  саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың  әлсіздігімен және сыйақы  сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамассыз ету.

Ақша-несие саясатының стратегиялық мақсаттары болып - акша-несие саясаты  саласында инфляциялық үрдістерді реттеу тиімділігін, бағамдык саясаттың  икемділігін арттыру, валюталық  реттеуді сатылап ырықтандыру міндеттері алға койылмақшы.

Валюталық реттеудің мақсаты - тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемелекет саясатына жәрдемдесу.

Валюталық ретеудін міндеттері мынадай:

1. Республикада валюталық  құндылыктардың айналысының тәpтібін белгілеу.

2. Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға одан әpi кірyi үшін жағдайлар жасау.

3. Валюталық операциялар мен капитал легі жөндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету.

Қазакстан Республикасында  валюталық реттеудің негігі органы Ұлттык банк болып табылады.

Валюталық бақылауды Ұлттык банк заңмен белгіленген заңдар шегінде  өзге де мемлекеттік органдар (валюталық  бақылау органдары) және валюталық  бақылау агенттepi жүзеге асырады.

Валюталық бақылаудын мақсаты  экспорттық түсімнің толық және уақтылы  түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен  және теңгемен қаражатты импорт мақсатына пайдаланудың заңдылығы және негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Валюталық бақылаудың негізгі  бағыттары:

-   жүргізілетін экспорт-импорт валюта операцияларының заңға сәйкес келуі және қажет болған жағдайда Ұлттык банктің тиісті лицензиялары немесе тipкey куәліктерінің болуын анықтау;

-       төлемдердің негізділігін тексеру;

-      экспорт-импорттық валюта операциялары жөніндегі есептерін    

       толық және дұрыс болуын тексеру.

Инфляциямен күрес - ақша-несие  саясатының басты мақсаты. Бiз өзіміздің  шетелдік әрптестеріміздің бұңан дейінгі  байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне  арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты  айырбас бағамынын кажетті икемділігін  камтамасыз етуіміз керек.

Елбасының Қазакстан халкына  арнаған жыл сайынғы жолдауында Ұлттык банктің алдына:

    • инфляция қарқының бәсеңдету  және инфляциялық өсудің тepic салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін колдауға және сонымен бipгe экономикалық өсуді ынталандыруға;
    • ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіруге;
        • компаниялардың жарғылық  капиталындағы үлесті шамалы инвесторлардың, акционерлердің және  кұрылтайшылардың  кұқықтарын корғауға бағытталған заң жобасын әзірлеуге;
        • мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған міндеттер қойылды.

 

 

 

1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен түрлері

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

- несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

- ең төменгі міндетті резервтердің нормасының өзгеруi;

- есептеу мөлшерлемесінің өзгкрісі;

- ашық нарыктағы операциялар.

Тікелей несие берудің  лимиті, пайыз мөлшерлемсінің тікелей  реттеу және жанама ең теменгі мінндетті  резервтер нормасынын өзгеруін есептеу  мөлшерлемесінің өзгepici, ашық нарыктағы  операциялар кұралдарының арасында айырмашылыктар бар. Жанама кұралдары  тиімді пайдалану ақша нарығының  дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашкы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама кұралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Қазақстан Ұлттық  Баннкінің  пайыз саясатының басты мақсаты  – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты  азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны  және инфляцияның өсуін төмендетуді  қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мелшерлемесі шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін кұрайды, демек, жаңа  пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелерніе қол жеткізуі тиіс.

Міндетті резервтер - коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз  мөлшерлемесі есептелмейтін салым  ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі  ақшаның белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.

Ақша нарығындағы тепе-тендікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттуде және  оларды міндеттемелері бойынша төлемсіздікі төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлердің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі пайыздық мөлшерде ақша кұралдарымен қамтамасыз етеді.

Ақша-несие саясатының кұралыдары 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық кооперативтік және жеке банктердің кызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын.қaзipгi уақытта олтөмендеп 10,5%-ды құрады. Банктер резервтерінің  артық болуы, яғни ұлттық ьанктегікорреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтуге, яғни бұл  банктердің нормативтерін орындау  барысында корреспонденттік шоттағы  қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер  мөлшерінен төмен болмауын сақтап отыруға  тиістілігін білдіреді.

Информация о работе Ақша - несие сясаты