Ақша - несие сясаты
Курсовая работа, 05 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ақша - несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын кызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардын ерекше жүйесін зерттейді.
Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Работа содержит 1 файл
Kursovoy.docx
— 85.52 Кб (Скачать)
- Жаңадан жасалған құнның қайта бөлінуі.
- Несие жүйесі кең мағынада несие қатынастарының, несие нысандарының қаржы мекемелерінің жиынтығы.Несие жүйесі тармағында бұл есеп айырысуына қатынастарын ұйымдастырушы елдегі ақша айгалысын реттейтін басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер тарабы болып табылады.
Айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолы мен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады. Кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады. Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді. Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді. Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіп пен міндеті сараптауын жүргізеді.Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы.Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді.
Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу-сату және айырбастау ұйымдарына бақылаумен қадағалау жүргізеді әрі пруденциялық нормативтер белгілейді.
Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсендете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді.
ҚР-ның Ұлттық банктің міндеттері:
- Ақша айналымы, несие банктік есеп айрысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
- Ақша-несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
- Несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатыпалу , сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді;
- Қазақстан экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негіздері келесіде:
- Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысынбасқару
- Өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
- Халық шаруашылығындағы несиелік, есепайрысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық норматитік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруі ұйымдастыру;
- Банк ісін лицензиялау, ақша – несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- Банк ісін қадағалау;
- Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- Ғылыми – зерттеу және аналитикалық жұмыстаржүргізу.
- Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу.
2.3 2007-2010 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясы
Басқарманың 2006 жылғы 11 наурыздағы
№20 қаулысымен мақұлданған ақша- несие
саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі
бағыттарына сәйкес мұнайдың әлемдік
бағасының деңгейіне қарай
Бұл жағдайларда Ұлттық Банк Қызметінің 2007-2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары әзірледі.
Ұлттық Банк Қызметінің 2007-2010 жылдарға арналган негізгі бағыттары.
«Қазақстан Республикасының Ұлттык Банк туралы» Қазақстан Республикасы Заңынын 29-бабына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жыл сайын алдағы жылға арналған ақша несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамдарын қоса және алдынғы жылға арналған шараларды нақтылай отырып айқындалады.
Ақша-несие саясатының 2007-2010 жылдарға арналған көрсеткіштерінің болжамдарын әзірлеу кезіндегі трансмиссиялық механизм үлгісі пайдаланылды. Есептеу кезінде орташа мерзімді кезеңде әлемдік эеономиканың өсу қарқыны және әлемдік тауар нарыктарының конъюнктурасы Казақстан эконокасының дамуына қолайлы жағдай жасайтын болады деген болжамдар пайдаланылды. Бұдан басқа, eceптеулер мен ұсыйыстар негізіне елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2010 арналған орта мерзімді жоспарының (бұдан әрі Орта мерзімді жоспар) өлшемдері алынды. Сонымен бірге республикалық бюджеттің 2007 жылға арналған жобасын сәйкес, республикалық бюджеттің 2007 жылға арналған шығыстары бюджеттің 2006 жылғы шығыстарымен салыстырғанда 28,1 %-ға кебейді деп болжап отыр.
2008 жылдың аяғында – 2010 жылдың басында ішкі валюта нарығында теріс девальвациялық күтулердің едәуір өсуі байқалды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету және нақты емес дәлізді бір АҚШ доллар үшін 120 теңге ±2% шегінде сақтау жөнінде айтарлықтай күш салды.
2008 жылғы қазаннан бастап 2010 жылғы ақпан аралығындағы кезеңнің өзінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз етуге 9 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады. Алтынвалюта резервтерінің көлемі осы кезеңде 10,4%-ға төмендеді.
Алайда, 2010 жылдың басында әлемдік экономикада қалыптасқан ахуал, оның ішінде Қазақстан Республикасының сауда-әріптес елдері валюталарының девальвациясы және қазақстандық экспорттың негізі болып табылатын энергия ресурстары бағаларының айтарлықтай төмендеуі төлем балансының 2010 жылғы көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз етпеді және олардың күрт нашарлауына әкеліп соқты.
Ақша- несие саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті.
Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті.
Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2010 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтынвалюта резервтерінің көлемін толықтыра алды. 2010 жылдың аяғында ол 23,2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 16,8% артық.
Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-несие саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді. 2010 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2010 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2008-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2010 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды.
Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің сақталуы және нақты сектор тарапынан несиелік ресурстарға деген сұраныстың шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы несиелік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді ноталары бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уақытша лагты ескере отырып қабылдаған шараларының тиімділгі 2010 жылы көрінетін болады.
Инфляцияға болжам ІЖӨ-нің әлуетті деңгейінең инфляциялық күтулерден және еңбекақыдан ауытқуы арасындағы теориялық өзара байланысты көрсетеді. Соңғы көрсеткіштер өз кезегінде, экономикаға берілген несиелер, айырбас бағамы, ақша массасы және басқа да көрсеткіштер арқылы айқындалады. Сыртқы борыш карастырылатын үлгілерге тікелей кірмейді.
2007-2010 жылдарға арналған әлуетті инфляцияға P-star үлгісі бойынша жасалған болжам бірршама шетел капиталының экелініп, iшкі қаржы нарығындағы өтімділіктің асып кетуі, мемлекеттік бюджет шығыстарының өcyі жағдайларында орта мерзімді кезеңде инфляция динамикасының төмендеу үрдісі болғанымен экономиканы дамытудың тнфляциялык сақталатындығын көрсетеді.
Инфляцияға орта мерзімді
кезекте болжам және 2007-2009 жылдарға
арналған негізгі бағдарлар
Ел экономикасы ахуалының энергоресурстар, әсіресе мұнай бағасына және елге әкелінетін капиталға үлкен тәуелділіктің ескере отырып, инфляциялық 2007-2010 жылдарға арналған болжамын әзірлеу кезінде экономикалық дамуының 3 сценарийі карастырылды.
- «капиталдың калыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарий (мұнай бағасы бip баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен капиталдың әкелінуі елге соңғы 2 жылда әкелінген орташа жылдық капиталдан төмен);
- «капиталдың көп әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарий (мұнай бағасы бip баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен капиталдың әкелінуі елге соңғы 2 жылда әкелінген орташа жылдық капиталдан төмен);
Барлық үш нұсқада да нақты
сектордың негізгі
республикалық бюджеттің 2007 жылға арналған шырғыстары 2006 жылғы бюджетімен салыстырғанда 28,1%-ға артады деген болжам бар.
Сондай-ақ eкінші деңгейдегі банктер тартатын шетелдік капиталдың әкелінуін шектеу жөніндегі жұмыстар шеңберінде Ұлттық Банк пен ҚҚА колданып отырған шараларда ескерілді.
Ақша-несие саясаты
«Капиталдың калыпты әкелінуі
жағдайында мұнайға қалыпты баға»
сценарий бойынша ұзақ мерзімді үрдіс
ретіндегі мұнай бағасының
2.4 Қазақстан Республикасының 2011 жылғы ақша-несие саясаты
2011 жылы елде баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету және жылдық
инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің негізгі мақсаты
Қазақстан Республикасының ақша - несие саясатының шаралары елдің тұтыну нарығында тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция мақсатты дәліз шегінде 7,4% деңгейінде қалыптасты.
2009 жылдың соңынан басталған
ұлттық валютаны нығайту үрдісі
2011 жылдың басында да жалғасты.
Бұл ретте нарықта теңге
2011 жылдың ортасында әлемдік
нарықтағы ахуалдың аздап