Құлсары қаласында 2010 жылы 11829

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 13:05, реферат

Описание работы

Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады. Жұмыссыз азаматтар мен олардың отбасын анықтау, кедейшілік тегінде және табысы аз қамтылған отбасыларын, жастар, мүгедектер арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында мониторинг өткізілуде. 1308 адамның жұмыссыздығы анықталды, қала бойынша 2491 адам жұмыссыздыққа тіркелген, тіркелмеген адамдардың тізімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды, әлі де анықталу үстінде.

Работа содержит 1 файл

Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады.docx

— 25.17 Кб (Скачать)

Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады. Жұмыссыз азаматтар мен олардың отбасын анықтау, кедейшілік тегінде және табысы аз қамтылған отбасыларын, жастар, мүгедектер арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында мониторинг өткізілуде. 1308 адамның жұмыссыздығы анықталды, қала бойынша 2491 адам жұмыссыздыққа тіркелген, тіркелмеген адамдардың тізімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды, әлі де анықталу үстінде. 

2010 жылы қала тұрғындарының тұрмыс деңгейін зерделеу қортындысы бойынша күнкөріс деңгейінен төмен табыс алатындар саны 1003 отбасы, 4230 адам анықталды. Оның ішінде кедейлік деңгейінен төмен табыс алатындар саны 13 отбасы, 52 адам. 2350 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмыссыздықтар үшін ұйымдастырылған кәсіби мамандыққа оқуға, қайта оқуға және кәсіби біліктілігін арттыруға 992 адам жіберіліп, жұмыссыздар бұрғылаушы, жүк ілуші, жылу қазандығы операторы, дәнекерлеуші, труба ораушы, 1 С есепші, ЭВМ операторы, автокран жүргізуші, смета және хим.лаборант, эксковаторщик, автопогрузщик т.б. көптеген мамандықтарға оқытылуда. 840 адам уақытша қоғамдық жұмысқа тартылды. Комиссия отырысының анықтауымен 22 отбасының 91 адамына атаулы көмек тағайындалды. Балалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдем ақыны 1017 отбасы 2704 балалар алады. Тұрғын үй көмегін 165 жанұя алады. Жергілікті бюджеттен арыздары негізінде 128 отбасына ақшалай көмек берілді. Қала бойынша қылмыстық жазасын өтеп келген адам жұмысқа орналасты, 5 адамды жұмыссыздыққа тіркелуі ескертілді. Қала бойынша 1042 мүгедектердің дерек қоры жасақталды, мониторинг қорытындысымен жаңадан қосылған, қатарынан шыққан, қайтыс болған адамдар анықталды. 

1 топ - 45 адам 

2 топ – 437 адам 

3 топ - 385 адам 

бала жастан – 175 адам 

Ақтөбе, Атырау қаласындағы шипажәйларға ҰОС қатысушыларымен Ауған соғысы жауынгерлері және жалпы аурулығына сәйкес мүгедектер кезекпен жіберілуде. 

Қала әкімі жанындағы мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері жұмыс жасайды. 

Бөлімшеде 1 меңгеруші, 1 нұсқаушы, 10 әлеуметтік маман 84 балаға қызмет көрсетіп келеді. Бөлімше өз қызметін заң ережесімен жылдық , жарты жылдық, тоқсандық, айлық жоспарлар бойынша ұйымдастырып келеді. Үстіміздегі жылы 10 әлеуметтік маманның 5-нің жоғары білімі қалғандарының орта арнаулы білімдері бар. Бөлімше жаныннан мүмкіндігі шектеулі кемтар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасау, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке баулу мақсатында әлеуметтік мамандарға арнап әдістемелік көмек кабинеті жасақталды. Онда балалардың жас ерекшеліктерімен денсаулықтарына байланысты түрлі кітап, брошюра, балалардың өздері салған суреттер көрмесі тағы басқа материалдар,әлеуметтік мамандардың жұмыс жоспарлары, тәжірибелері, айлық жұмыстарының есептері, хаттамалар қойылған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға қажетті құжаттар тізімдері жасақталған.  

Әлеуметтік мамандарға мүгедек балалар Құлсары қалалық әкімшілігінің және бөлімше меңгерушісінің нұсқауымен бекітіліп беріліп, кесте бойынша оларды аптасына 2-3 реттен қамту жүзеге асып келеді. Бөлімше меңгерушісі мүмкіндігі шектеулі балалардың бос мезгілдерін көңілді өткізу мақсатында әр түрлі шараларды ата-аналармен, мектеп, спорт кешендері, денсаулық сақтау органдарымен бірлесе отырып, жоспарлы түрде әр түрлі шаралар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді. Жаңа жыл, Наурыз,1 маусым Халықаралық Балаларды қорғау күні мейрамдарына арналған кештер өткізілді.  

Алматы қаласының «Көркем өнер студиясының» көрсеткен концерттері мүгедек балалардың ой-санасын одан әрі қарай дамытып және шақырылған қонақтарды риза етті. 

Науқас балаларды демалту мақсатында табиғат аясында «Жем» өзені жағасында ұйымдастырылған «Көңілді саяхат» балаларға үлкен әсер етті. Саф таза ауада ойын ойнап, ән шырқап, би билеп көңілді дастарқан жайып ата-анасымен бірге болу балалардың көңіл күйін жадыратты. Мұндай саяхаттар жылма жыл дәстүрге айналып келеді.  

Мереке атаулы күндер қарсаңында кештер ұйымдастыру, оның қызығына бөлену әр уақытта балалармен бірге болу, демеушілер шақыру, олардан түрлі сыйлықтар алу және баспасөз беттерінде көріну өтіп келеді. Оларға әр түрлі мекемелер, кәсіпкерлер тартуы өз жалғасын тауып келеді.  

«Нұр Отан» Халық демократиялық партиясының Республика бойынша ұйымдастырылған «1000-қайырымдылық іс» акциясына 7-8 азаматтар демеушілік көрсетіп, балаларға киім-кишек,тамақ сыйлады. 

Биылғы жылы 9 бала емделіп қалыпқа келіп мектепке кетті. Ата-аналар жиналысында әр баланың жағдайы талқыланып тиісті орындарға заңға сәйкес ұсыныстар берілуде. Әсіресе, емдеуден келген балалардың жайы әрі қарай емделуі массаж т.б. режимдері күтінуі әңгіме болуда. Биыл «Жүрек жылуы» Қоғамдық бірлестігі арқылы сылап сыйпауды әрбір балаға дәрігердің ұсынысымен беріліп жатыр. 

Құлсары қаласы бойынша бөгде адамның көмегін қажет ететін әлеуметтік қызметтерге бекітілген жалғызбастылар саны – 80, оның ішінде мүгедек – 13, бөлімше бойынша барлығы бір бөлімше меңгерушісі, 9 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Әлеуметтік қызметкер бекітілген кесте бойынша аптасына 2 – 3 рет қарттар мен мүгедектердің үйлеріне барып, жағдайын біліп, үй жұмысына көмектесіп, тазалық жұмыстарын, қажетті тағамдарын сатып әкелу, суын тасу, төлемақыларын төлеу, дәрі-дәрмектерін ауырған кезде сатып әкелу, жаз айларында ақтау – сырлау жұмыстарын жасайды. Күні бүгін желтоқсан айына дейін аудан әкімінің қайырымдылық дүкені жұмыс жасауда. Әр ай сайын кезекпен өз қажеттілігіне сай тамақтарды осы дүкеннен алып отыр. Әлеуметтік қызметкерлердің жұмыстары бақыланып, тексеріліп тұрады. 

Информация о работе Құлсары қаласында 2010 жылы 11829