Құлсары қаласында 2010 жылы 11829

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2012 в 13:05, реферат

Описание работы

Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады. Жұмыссыз азаматтар мен олардың отбасын анықтау, кедейшілік тегінде және табысы аз қамтылған отбасыларын, жастар, мүгедектер арасындағы жұмыссыздық себептерін анықтау мақсатында мониторинг өткізілуде. 1308 адамның жұмыссыздығы анықталды, қала бойынша 2491 адам жұмыссыздыққа тіркелген, тіркелмеген адамдардың тізімі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырылды, әлі де анықталу үстінде.

Работа содержит 1 файл

Құлсары қаласында 2010 жылы 11829 отбасында 54031 халық тұрады.docx

— 25.17 Кб (Скачать)

Еліміздің егемендігінің нәтижесінде құрылып, қызметін бастаған Теңізшевройл біріккен кәсіпорны аймақтағы әлеуметтік саланың және экономиканың дамуына айрықша көңіл бөліп келеді. ТШО қызметін бастағалы бері «Игілік» бағдарламасы Атырау облысында әлеуметтік саланы дамытуда маңызы ерекше. Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС бөлген қаржыға «Игілік» бағдарламасы аясында жалпы құны 45 миллион доллар тұратын “Құлсары қаласындағы сумен қамту жүйесін қайта құру” жобасы жүзеге асуда. Бұл жоба үш жылға бағытталып, 2009-2011 жылдар аралығын қамтиды. Жобада қаланың ықшам аудандарына су желілерін жүргізу, жаңа Құлсары су айдау станциясын салу және «Жылыойсу» МКК-ның әкімшілік кеңсе ғимаратын салу қарастырылған. Осыған сәйкес ықшам аудандарға 2009 жылы 23 шақырым полиэтилен су құбыры тартылып, 73 құдық ауыстырылды. 2010 жылы 49,2 шақырым тартылды. 2011 жылы тағы да су желілері тартылып, Құлсары қаласының түгелге жуық көшелеріне су құбырларын жүргізу жоспарда тұр. Аталмыш жобаның аясында жаңадан қуаттылығы 10 000 м3 Құлсары су айдау станциясы және «Жылыойсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның әкімшілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Су айдау станциясының құрылысында озық технология және бай шетелдік тәжіриебе қолданылуда. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2012 жылдың желтоқсаны. Сонымен қатар бұл жоба қаладағы көпқабатты ықшам аудандардағы үйлерге баратын ауыз су құбырын жүргізу, аталған ықшам аудандардың жер төлелеріндегі ескі су құбырларын полиэтилен құбырларына ауыстыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 2-ші және 5-ші ықшам аудандар және үйлерінің жертөлесіндегі су құбырлары ауыстырылды. Қазіргі таңда 3 ықшам ауданның су құбырлары ауыстырылуда. 

2010 жылы аудан  орталығын көгалдандыру мақсатында Махамбет даңғылына, аллеяларға, мектептер мен балабақшаларға 1840 дана тал, 2000 м2 гүл егілді. Бұған қоса сахна алдына және 3 ы.а 4 дана гүл егілетін гүл бағы және 50 дана гүл салатын контейнерлер дайындалды. 

Құлсары қаласында әр жылы қала 43 секторға бөлініп, сенбілік ұйымдастырылып отырады. Әр сектордың бекітулі мекемесі бар. 2009 жылы пайдаланылып отырған лас қоқыс төгетін алаңдағы ескі 1000 шаршы метр қоқыс алаңы қаладағы мекемелердің күшімен толық көміліп, орнына жаңадан жан-жағы топырақпен биіктетіліп қоршалған қоқыс алаңы жасалды.  

Сондай-ақ, қаладағы үйлердің арасындағы лас қоқыстарды, заңсыз салынған шарбақтарды тазалау жұмыстары демеуші мекемелердің жұмысшы күштерімен жүргізілді. Құлсары қаласын санитарлық тазалауға «Жылыой тазалық» ЖШС-мен келісім-шарт жасақталды. Биыл қалада екі ай санитарлық тазалық айы бойынша іс-шара жасалды. Санитарлық тазалық жұмыстары бойынша 43 секторда тазалық жұмыстары жүрді. Сонымен қатар, №9 кәсіптік лицей және орта мектеп оқушылары cенбілікке ұйымшылдықпен қатысып, Қамыскөл жағасын толық тазартты. Осы сенбіліктерде барлығы 400 тонна лас-қоқыс қала шетіне шығарылып, арнайы полигонға апарылды.  

“Жылыой Тазалық” ЖШС Құлсары қаласының тұрғындарымен қоқыстарды алып тұруға келісім-шарттар жасап, қоқыстарды уақытылы жинауда. Құлсары қаласының орталық көшелерін, жол жиектемелерін “Жылыой Тазалық” ЖШС-нің жұмысшылары тазалап тұрады. Биыл оңтүстік Аэропорт ы/а-ның 25 тн қордаланған қоқыстары полигонға апарылды.  

2010 жылы Құлсары қаласында жалпы ұзындығы 22 шақырым, жалпы сомасы 52 млн. тенге көше жарығын жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, сыртқы айналма жол-13 шақырым, Тайманов көшесі-2,4 шақырым, Ұ.Абдрахманов көшесі-0,720 шақырым, Махамбет даңғылы - 3 шақырым, С.Датов - 2,3 шақырым, Ш.Ізбасов көшесі-1,2 шақырым. Сонымен қатар, қаладағы Аэропорт ы/а-нда 2 шақырым электр желілері тартылып, жаңа КТП қойылды. 

Құлсары қаласында 2009 жылы 5,2 км жол жөнделіп, 2010 жылы бұл көрсеткіш 33 км құрады. Сонымен қатар 2010 жылы Махамбет даңғылымен, Тайманов көшесінің қиылысында айналма, 17 117 м2 жаяу жүргіншілер төсемтас төселді. 9626 м жол жиектемесі, 912 метр су арығы жасалды. 1798 м2 билборд ілінді.  

2010 жылы жалпы  сомасы 215,1 млн теңгеге Құлсары қаласының 1,2,3,4,5 , вокзал маңы, орталық ы/а және водстрой ы/а-ның және ЛПУ кәріз құбырларын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу басталды. Қазіргі таңда 5 ы/а-ның кәріз құбырлары ауыстырылып, Вокзал маңы, 1, 3 ы/а-да жұмыстар жүргізілуде.  

Биыл көпқабатты ықшам аудандарға су беру мақсатында, жаңа су көтеру насосты станциясы іске қосылып, күніне екі мезгіл 1, 2, 3, 4, 5 ықшам аударына су жіберуде.  

Құлсары қаласында қазіргі уақытта Мемлекеттік лицензиялары бар, жеке жарғысы бар 8 балабақша халыққа қызмет көрсетуде. Олар “Айгөлек”, “Аққайың”, “Әсем”, “Балапан”, “Гүлдәурен”, “Салтанат”, “Еркем-ай” балабақшалары. Барлығы балабақшада 1550 бала тәрбиеленуде. 

2010 жылдың басынан бастап балабақшаға бала алу өтінішімен 2377 арыз келіп түсті, балабақшаға орналасу үшін кезекте 2446 бала тұр. 

Мемлекеттік «Балапан»  бағдарламасы бойынша Құлсары қаласындағы «Балапан» балабақшасына 120 орындық жапсарлас құрылыс салынуда. «Жауқазын» балабақшасына 120 орындық жапсарлас құрылыс және балабақша ғимаратына қайта жаңғырту жұмыстары жұмыстары жүргізілуде. 5 ауылдан 280 орындық жаңа балабақша құрылысы жүріп жатыр. 

Жергілікті бюджеттен  «Алтын кілт» балабақшасын сатып алуға қаражат бөлініп, 85,0 млн. теңгеге мемлекетке кері алынды. Бұрынғы «Алтын кілт» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, жаңадан құрал – жабдықтар алынып, балабақша осы жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Балабақшаға «Еркем-ай» деген атау беріліп, 9 топқа 220 бала және санаторлық 2 топқа 40 бала қабылданып, мектепке дейінгі тәрбие мамандарымен қамтамасыз етіліп, бүлдіршіндердің жан-жақты тәрбие алуына толық жағдай жасалған. Балабақша талапқа сай спорт зал, ән-саз бөлмесімен толықтырылған.  

Информация о работе Құлсары қаласында 2010 жылы 11829