Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді. Бұл курстық жұмысымда мен қаржының әр ресурсына тоқталамын және Қазақстан Реcпубликасының қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторларын қарастырамын.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................4
1. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................................6
1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары және рөлі………………………....…….......6
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары..................................................8
1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру..................................................................13
2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ.....................................18
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері.18
2.2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау……………………...22
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары………………………………………23
3. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ........................................26
3.1. Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамуда қалыптасқан мәселелері.................................26
3.2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары...............29
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

        Өзінің ортақ  қағидалы біртұтастығын қарамастан, қаржы қатынастары ұйымдастырудың  нысандары  мен  олардың  сыртқы көрінісі әр түрлі.Бұл мағынада қаржы  құрамы туралы айтуға болады.  Қаржы қатынастарының сфералары  мен  буындары  өзара  тығыз  байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын  құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің  қаржы  саясатын  жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы  қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

         Қазақстан   Республикасында  макро - және  микроэкономиканың  қаржы жүйесін  реттеліп отыратын қаржы  қатынастары  мен ақша ресурстарының  жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен  несиелендіруге  байланысты  бөлуді  жүзеге  асыратын қаржы  мекемелері құрайды.

        Бүгінде Қазақстанның  қаржы жүйесінің құрамы қаржы  қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан  тұрады:

 -мемлекет бюджет жүйесі;

 -арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

- мемлекеттік кредит;

 -жергілікті қаржы;

 -шаруашылық  жүргізуші субьектілердің  қаржысы;

 -халықтың  қаржысы.

        Қаржы  қатынастарының  алғашқы  үш бөлігі жалпымемлекеттік,яғни орталықтандырылған қаржыларға  жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды үшін пайдаланылады. Шаруашылық  жүргізуші субьектілердің  қаржысы  орталықтандырылмаған  қаржыларға  жатады  және микродеңгейдегі  экономика мен әлеуметтік реттеу  және ынталандыру үшін пайдаланылады.

       Жергілікті  қаржы   мемлекеттің   қаржы  жүйесінің   маңызды   құрамы болып  табылады.Жергілікті  қаржының  әлеуметтік  рөлі, оның  құрамы мен құрылымы бүтіндей  жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай – ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық  бағыттылығымен  анықталады.

        Жалпы, қаржылардың  бүкіл құрамы екі ірілендірілген  бөлікке біріктіріледі:

-  мемлекеттік және  муниципалдық  қаржы;

-  шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы.

        Мемлекеттің   қаржысы қаржы ресурстарының  орталықтандырылған қорын жасаудың  экономикалық  нысаны мен мемлекеттің   негізгі қаржы жоспары ретіндегі  мемлекеттік бюджетте, қоғамдық  құжаттарды мақсатты  қаржыландырудың  қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы  қорларда, мемлекеттік  кредитте  көрінетін  қаржы қатынастарын 

қамтиды.

         Кредит  қатынастарының қаржы қатынастарынын  айырмашылығы болғанымен  мемлекеттік  кредит қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ кредиттің бұл түрі  мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын  жабу мақсатына  бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылығын  қамтамасыз  ететіндіктен, ол бойынша  есеп айырысу  бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан – бұл буын  қаржы  жүйесін де, сондай – ақ  кредит жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.[4]

        Қаржы қатынастары   сфераларының  әрқайсысының  ішінде  буындар бөлінеді, оның  үстіне  қаржы  қатынастарын топтастырып,  мақсатты ақша  қоларының  құрамы  мен  арналымына  белгілі бір әсер ететін субьект қызметінің  сипатына  қарай жүргізіледі.Бұл белгілі кәсіпорындар мен   ұйымдар   қаржысы сферасында  мынандай  буындар беруге   мүмкіндік береді:коммерциялық  кәсіпорындар мен ұйымдардың  қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың  қаржысы.

        Қаржы  жүйесінің   әр  буыны   өз кезегінде   буыншаларға  (ондағы қаржының  өзара  байланысының  ішкі  құрылымына  сәйкес ) бөлінеді. Мәселен,  салалық бағыныштылығына  қарай   коммерциялық  негізде жұмыс   істейтін  кәсіпорындар  қаржысының  құрамына өнеркәсіп, ауыл  шаруашылық, сауда, көлік, құрылыс  және  т.б. кәсіпорындарынын  қаржылары болып мүшеленеді.Мемлекет  қаржысының  құрамында буындар ішіндегі  қаржы қатынастарын топтастыр, мемлекеттік басқарудың  деңгейіңе сәйкес  жүзеге асырылады.Сақтық  қатынастары сферасында  буындардың  әрқасысы  сақтандырудың  түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру )бөлінеді.

       Мемлекеттердің  көпшілігінде  қаржы   жүйесін   құрудың қағидаты-фискалдық  (қазыналық)   федерализм  қағидаты.

 

 

1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды  ұйымдастыру

 

         Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінін тәсілдері мен  әдістерінің жиынтығы.

         Адамдардың  саналы, мақсатты қызметі ретіндегі  басқару эко-номикалық заңдардың  объективті зандылықтары мен  талаптарына негізделген. Осы  зандардың талаптарын танып білуге  сүйене отырып және оларды  пайдаланудың нысандары мен әдістерін  жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде   басқарады.

          Қаржыны  басқару - бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінін түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объсктіге мақсатты ықпал жасаудың әдістері мен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тесілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

        Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (үштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

       Қаржыны басқарудың  негізіне мына қағидаттар қойылған:

    - басқарудағы демократизм; қаржы мәселслеріне саяси тәсілдеме (көзқарас);

     -басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);

   - баскарудың ғылымилығы;

     -орталықтаңдырылған, салалық жөне аумақтық басқарудағы келісушілік;

     -басқарудағы жауапкершілік;

     -шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

       Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мең әрбір буынында басқару субъектілері каржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік өдістері мен нысаңдарын пайдаланады. Мәселен, қаржьшы басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың  ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесің оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері Қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық өрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттыгы мен уақыттылығы нсгізделген шсшімдер қабыл-Дауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

      Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

      Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салык комитеттері мен каржы полициясының және ұлттык шаруашылық салаларындагы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы қүрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

       Қаржылық реттеу — бүл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нөтижеден теріс ауытқулардын барлық түрін алдын алуға және жоюға багытталған; мүның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

       Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесіңде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асы-рылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дүрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы қүқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын каржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бакылау қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруга, қаржы ресурстарын өсірудін резервтерін айқындауга, шаруашылықты неғүрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

       Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің каржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруа-шылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық қүрлымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.[5]

       Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарың, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

      Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.

       Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікгі бөлуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.

       Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.

        Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ инақ банктеріндегі халықтын салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.

      Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.

       Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару.Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен болімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілсрдің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.

      Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

       Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жүмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

      Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі аркылы және соның шеңберіндс элеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы мснеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді.етіп тартуға, оларды неғүрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, кайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды үйымдастыру.

       Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік қүқыктар. жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

       Қаржы менеджменті уәждемелерге - адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніңдегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек енімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.

       Шаруашылык жүргізуші субъектілердін қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларьшың (акциялардың, вексельдердің, факторингтің жөне басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен онтайландыруды жүзеге асырады.

       Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ак басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жагдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да ролі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғүрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы кагаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

       Мемлекеттің қаржысын баскару.Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналган қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Информация о работе Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы