Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді. Бұл курстық жұмысымда мен қаржының әр ресурсына тоқталамын және Қазақстан Реcпубликасының қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторларын қарастырамын.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................4
1. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................................6
1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары және рөлі………………………....…….......6
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары..................................................8
1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру..................................................................13
2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ.....................................18
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері.18
2.2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау……………………...22
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары………………………………………23
3. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ........................................26
3.1. Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамуда қалыптасқан мәселелері.................................26
3.2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары...............29
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

     Бұл   шығындарды    орталықтандырылмаған  қаржы  ресурстарын  пайдалану  есебінен  жүзеге  асыру  микродеңгейдегі   ұлғаймалы  ұдайы  өндіріс  процесін  ақша  қаражаттарымен   қамтамасыз  етуге  мүмкіндік   береді. Ұдайы  өндірістік  процесті  жүзеге  асырудың  мұндай  тәртібі  объективті   және  меншік нысандарына   тәуелсіз  болып табылады.

      Таза  табытың  басқа  бөлігі  қаржының  мәніне  сәйкес  макроэкономикалық   деңгейді  қамтып  көрсететін   жалпы  мемлекеттік  қажеттіліктерді  қаржымен   қамтамасыз  етудің  негізі  болып  есептелетін  орталықтандырылған   қаржы  ресурстарын  қалыптастырудың  негізгі  көзі  болып  табылады.

      Егер   орталықтандырылмаған   қаржы  ресурстары  тікелей шаруашылық   жүргізуші  суъектілердің    ұлғаймалы  ұдайы   өндірісін  қамтамасыз  етудің   басты  нысаны  болса,  орталықтандырылан   қаржы  ресурстары, атап  айтқанда  таза  табысты  салық  және  салыққа  жатпайтын  төлемдер  мен  аударымдар  арқылы  қайта  бөлудің  нәтижесі  болып  табылады. Тап  таза  табыстың, оның  көрінісінің  негізгі  нысанындағы  пайданың  өсуі  қаржы  ресурстары  өсуіні  жоғарғы  немесе  төменгі   қарқынын  қамтамасыз  етеді.

     Перспективада  ақша  қорланымдары  (табыс, қосылған  құнға  салынатын  салық, акциздер), сыртқы   экономикалық   қызметтен  түсетін  түсімдер  қаржы  ресурстарының  негізгі  көздері  болып   қалады.

     Жекешелендіруден,  мемлекет  меншігін  сатудан  түсетін  түсімдер  сияқты  уақытша  көздер  болып  табылатын  қаржы  ресурстары  олардың  таусылуына  қарай  азаятын  болады. Көздері  жер  қойнауын  пайдаланушылардың  салықтары  мен  арнаулы  төлемдері – роялти,  бонустар  болып  келетін  қаржы  ресурстары  артады.

      Еңбекке  ақы  төлеудің,  тұтыну  қорларының  одан  әрі  қаржы  ресурстарының  құрамына  тартылатын  халық  қаржыларының  мөлшерінің  өсуіне  жеткізеді.

      Материалдық   өндірісті  және  өндірістік  емес  сфераны  қаржыландыру  бөлімі  бекітілген  бюджетке  сәйкес   тиісті  бағыныштағы  кәсіпорындарды, ұйымдарды  және   мекемелерді  бюджеттен  қаржыландыруды  жүзеге  асырады  және  олардың  өндірістік  және  қаржы  болжамдарының,  жоспарларының  және  көрсеткіштерінің  орындалуына  қарай  бюджет  қаражаттарын  үнемді    және  мақсатқа  сай  жұмсалуына   алдын  ала,  ағымдағы  және  кейінгі  (келесі)  бақылау  жүргізеді.

     Қаржы  ресурстарының   тағы  бір ресурсы ретінде - әлеуметтік  салық. Әлеуметтік  салық  - мемлекетте  алынатын  салықтардың  бірі. Ол  1999 жылдан  бері  бұған  дейін  қолданылып  келген  әлеуметтік  қорларға: зейнетақы, мемлекеттік  әлеуметтік  сақтандыру, міндетті  медициналық  сақтандыру, халықты  жұмыспен  қамту  қорларына  аударылатын  сақтық  жарналары  аударымдарының  орнына  енгізілген.Аударымдардың  жиынтық  мөлшерлемесі  еңбекке  ақы  төлеу  қорының  28 %  мөлшерінде  белгіленді, ал  төленетін  жарналардың  сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.

    Әлеуметтік  салықтан  түсетін  түсімдер  мемлекеттік  бюджетте  17 % алады.

    Айналым  қаражаттарына  келетін  болсақ,  айналым  қаражаттарының  өсімі  кәсіпорындардың  меншікті  немесе  оған  теңестірілген   қаражаттары  есебінен  қаржыландырылады.  Олар  жетіспеген  кезде  негізінде  жаңа  кәсіпорындар  үшін  бюджет  қаражаттары  бөлінеді  немесе  кейін  өтелетін  кредит  беріледі. Бұдан    басқа,  меншікті айналым  қаражаттарының   жетімсіздігін  жабуға  мақсатты  қаржыландырудың  қаражаттары  бағытталады.

    Дамыған   нарықтық  экономикасы  бар  елде  биліктің  жергілікті  органдарының  бюджеттері  мемлекеттің  бүкіл  қаржы  ресурстарының  30  пайыздан  60 пайызға  дейінін  қайта  бөледі  (Англия, АҚШ, Жапония, Германия  және  т.т.)  және  аймақтың  өндіргіш  күштерін,  бүкіл  әлеуметтік  сферасын  дамытуда, нарықтық  инфрақұрылым   құрып, кеңейтуде  маңызды  рөл  атқарады:  олар  арқылы  өндірістік  сфераны  қаржыландыруға  жұмсалатын  шығындардың   үлкен  бөлігі  өтеді  (жергілікті  өнеркәсіпті,  ауыл  шаруашылығын,  су  шаруашылығын, көлікті  және  басқаларын  қаржыландыруға  жұмсалады.

     Жергілікті  бюджеттер  билік  пен  басқаудың  жергілікті  органдарының   сан  қырлы  қызметінің  негізгі  қаржы  базасы  бола  отырып, олардың  экономикалық  дербестігін   нығайтады,  шаруашылық   қызметін  жандандырады,  ведомствоға  қарасты  аумақтарда   оларға  инфрақұрылымды  дамытуға,  аумақтың   экономикалық  әлеуетін  кеңейуге,  қаржы  ресурстарының  резервтерін ашып,  пайдалануға мүмкіндік жасайды.

     Қазіргі  кезде  жергілікті  бюджеттерге  түсетін  салықтар, алымдар  және  міндетті  төлемдер  мыналрды  қатиды: 

      Астана  қаласының  аумағында  салық  төлеушілер  ретінде  тіркелген  тұлғалар  өндірген   тауарларға,  көрсеткен қызметтерге салынатын қосылған  құн салығы;

спирттік  ішімдіктерге,  ойын  бизнесіне  салынатын  акциздер; жеке  табыс  салығы; әлеуметтік  салық; жер  салығы; көлік   құралдарына  салынатын  салық;

жасалған  келісімшарттарға орай  жергілікті  бюджетке  түсетін бөлігінде өнім  бөлу  бойынша   Қазақстан Республикасының үлесі; алымдар, төлемдер, баждар  (бағалы  қағаздар  эмиссиясын  тіркегені  үшін  алымды  қоспағанда).

     Жергілікті  бюджеттерге  түсетін  салыққа  жатпайтын түсімдер  мынларды  қамтиды:

Коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорындар  табысының   ( пайдасының )  үлесі;

Коммуналдық  меншік  болып  табылатын  акциялардың  пакеттерінен  алынатын   дивидендтердің  түсімі;

Жергілікті  өкілді   органдардың   шешімдері  бойынша   өткізілетін  мемлекеттік   лотереялардан   алынатын  кірістердің  түсімі;

Жергілікті  бюджеттен  кредиттер  бергені  үшін  алынған  сыйақылар  (мүдделер);

Жергілікті органдарға  қатысты  мүлікті  студан  түсетін  түсімдер;

Жергілікті  бюджеттен  қаржыланатын  мемлекеттік  мекемелер  көрсететін  қызметтерді   өткізуден  түсетін    түсімдер;

Коммуналдық  меншік  мүлігін  жалға  беруден  түсетін  түсім;

Жер  учаскелерін  жалға  беруден  түсетін  түсім;

Қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін  50 %  мөлшерінде  төленетін  төлемдер;

Басқа  әкімшілік  алымдар;

Жергілікті  атқарушы  органдарға  бағынышты  мемлекеттік   мекемелер  өндіріп  алатын  әкімшілік   айыппұлдар  мен  санкциялар;

Қазақстан  Республикасының  заңдарымен  қарастырылған  өзге  де  түсімдер;  Мемлекеттік  баж  және  басқалары.[11]

      Дамудың  қазіргі  кезеңінде  Қазақстан  Республикасының   жергілікті   бюджеттері  кірістерінің  негізін  аумақтағы  шаруашылық  жүргізуші  суъектілер  мен  халықтың  салықтық  түсімдері  (2001-ші  жылдағы  көрсеткіші  - 82,4 %)  құрап  отыр.

      Түсімдердің  екінші  көзі  республикалық  бюджеттен  берілетін  трансферттер  болып  табылады. Әйтседе, орта   есеппен, олар  түсімдердің  14 %  құрғанымен, бірқатар  субвенциялық  облыстардың  бюджеттерінде  әлеуметтік- экономикалық  қажеттіліктерді  қаржыландырудың  қолайлы  деңгейіне  жету  үшін  меншікті  салықтық  және  басқа  түсімдердің   жетіспейтіндігінен  бұл  түсім  көзі  50 % -ға  дейін  барады. Бұл  мұндай  облыстардың  салық   базасының  нашарлығымен  байланысты. Бұл  жағдайда  республикалық  бюджет  арқылы  бюджеттік  алынымдар  мен  субвенциялр  тетігінің  көмегімен  түсімдерді  қайта  бөлу  проблемасы  көкейтесті  болып  табылады, яғни   бұл  тетік  объективті  негізделген  жетілдіруді  қажет  етеді.

      Жергілікті  бюджеттердің  шығыстарында  әлеуметтік  инфрақұрылымдарды- білім  беруді, денсаулық  сақтауды, халықты  әлеуметтік  қорғауды  қаржыландыру  (45,4 %), экономикалық  салалардан  - көлік  және  бйланысқа  жұмсалған  шығыстар  басым болып  отыр.Ресми  трансферттерге – жоғарғы  тұрған  бюджетке 

( бұл   жерде республикалық   бюджетке)  беру  үшін  жергілікті  бюджеттерден  қаражаттарды  алуға   жұмсалынған   шығыстардың   үлес  салмағы   айтарлықтай   жоғары.

      Кез  келген  субъектінің  қаржы  ресурстарына  қажеттілігі  және  оны  қанағаттандырудың  нақты  көздерімен  тура  келмеуі  қаржы  рыногінің  жұмыс  істеуінің   объективті  алғышарты  болып  табылады.

     Қаржы  рыногінің   жұмыс  істеуінің  негізгі  алғышарттарына  мыналар  жатады:

1) бәсекені  дамыту  мен  монополизмді  шектеу  мақсатындағы  материалдық   өндіріс   сферасының   бастапқы   шаруашылық  буындарының   - меншіктің  барлық  нысандары  кәсіпорындарының, соның   ішінде   мемлекеттік   сектордың   да  кең  дербестігі;

2) қаржы   ресурстарын қайта бөлудегі  мемлекет  рөлінің қысқаруы: өндірістік  күрделі жұмсалымдарды орталықтан  қаржыландырудың,  қаражаттарды   кәсіпорындар  арасында  ішківедомстволық  қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық  жүргізуші  субъектілер   мен   халықтың  бағалы  қағаздарға  және  басқа активтерге  инвестицияланатын   ақшалай  табыстарының   өсуі;

4) бюджет  тапшылықтарын  қаржыландыру  үшін  несие  қорын  пайдалнуды  тоқтату; республикалық,  сондай-ақ  жергілікті  бюджеттердің  тапшылықтары    мемлекетік  қарыздарды   шығару  арқылы  жабылуы  тиіс.

   Қаржы  тактикасы қаржы  байланыстарын  ұйымдстыруды  дер  кезінде  өзгертіп  отыру, қаржы  ресурстарын  қайта  топтастыру  арқылы  қоғамды  дамытудың  нақтылы   кезеңінің    мәселелерін  шешуге  бағытталған.

    Қаржы  механизмі    мемлекет  белгілеген  қаржы  шараларын   атаулы, нақтылы  нәтижелерге  - қоғамдық – экономикалық  өмірдің  барлық  деңгейлері  мен  сфераларындағы   қоғамдық  өнімнің, материалдық  емес  игіліктердің,  қызметтер  көрсету  мен   құндылықтардың  толып   жатқан  барлық  элементтері құнының   құрамына  кіретін   қаржы ресурстарының   ұдайы өндірілуіне   айналдырып,  іске  асырады.  Ұдайы    өндірістің  әр алуандылығы   өз   кезегінде  қаржы  механизмі  құрамды  және  ажырағысыз  бөлігі  болып табылатын экономикалық  (шаруашылық)  механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті  әр  алуандығын   тудырады.

     Жаңа   қаржы  стратегиясы  меншіктің   әр  түрлі  нысандарын,  нарықтық  қатынастардың  дамуын, тауар  рыногінің  толық  құқықты  жұмыс  істеуін, жұмыс  күшін, капиталдарды  ескере  отырып  жасалуы  тиіс. Қоғам  өмірінің  экономикалық  және  әлеуметтік   салаларына  қаржымен  ықпал  жасаудың  негізгі  әдістері  мыналар: салық  салу, қаржы  ресурстарын  шебер  пайдалану,  қаржы  рыногі  және  басқалары. Дүниежүзілік  тәжірибе  мұндай  шаралардың  икемділігі  мен  тиімділігін  дәлелдеп  отыр.

     Қаржы  ресурстарының   көлеміне   белгіленген  және  жұмсалған   шығындардың  тікелей  тәуелділігі   жай  ғана  қаржы   саналылығының  айғағы   болып  табылады  және  шаруашылық   жүргізудің  барлық  деңгейлерінде   қолдап  отырылуы  тиіс. Бұл  маңызды   талапты  сақтамау   бюджет  тапшылығының,  мемлекеттік  борыштың  пайда  болып, көбеюіне,  инфляциялық  процестерге  ұрындырады.

    Қаржы  саясатының  мақсаты – қоғам  дамуының   аса  маңызды  қажеттіліктерін   қанағаттандыру  қажет  қаржы  ресурстарын   толық  жұмылдыру. Осыған   байланысты   қаржы  саясаты  кәсіпкерлік  қызметті  жандандыра  түсуге  қолайлы  жағдайлар  жасауға  шақырады. Мемлекет  пайдасына  кәсіпорындардың  табысын  алудың  ұтымды  нысндарын, сондай- ақ  қаржы  ресурстарын  қалыптастыруға   халықтың  қатысу  үлесін  анықтауға  көп  көңіл  бөлінеді. Қоғамдық   өндіріс  салалары  арасында  қаржы  ресурстарын  бөлу жолымен    оларды   пайдаланудың  тиімділігін арттыруға, сондай – ақ  оларды  экономикалық  және   әлеуметтік  дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға  үлкен маңыз беріледі.

    Шаруашылық  және  қаржы  механизмдерінде  қаржы – экономикалық  нормативтер  мен  лимиттер  пайдаланылады. Нормативтер  - шығындардың  немесе  ресурстарды  бөлудің  есептік  түрде  негізделген  мөлшерлері,  лимиттер  - ресурстарды  пайдаланудың  шекті  мөлшерлері  (көлемдері)  қаржылық  жоспарлауда  пайдаланылады.

     Олардың  көмегімен  жалпымемлекеттік, ұжымдық  және  жеке  мүдделердің  бөлгіштік  қатынастарындағы  оңтайлы  ұштасуы, экономикалық  және  әлеуметтік  дамудың  перспективалық  және  ағымдағы  жоспарларының  тапсырмаларын  іске  асыру  үшін  мемекеттің, аймақтың  басқарудың  салалық  және ведомстволық  органдарының  шаруашылық  құрылымдардың  ресурстарға  деген  қажеттіліктер  қамтамасыз  етіледі.

 

 

3.2  Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары.

 

   Қоғамдық  өндіріс  процесінде  қаржы  ресурстары  неғұрлым  көп  жасалса,  соғұрлым  ол  тиімдірек  болады. Сонымен  бірге  бүкіл  ұдайы  өндірістін  тиімділігін  арттыру  проблемасын   шешу  және  экономикалық  өсудін  қарқынын   тездету  ұлттық  шаруашылықта  қаржы  ресурстарын  тиімді пайдалануға байланысты.

   Қаржы  ресурстарының  қаржы  қорларынан  айырмашылығы  бар. Қаржы  қорлары (қорланым, босалқы  қор) – қаржылық  әдіспен  қалыптастырылған, белгілі  бір  қажеттіліктерді  қанағаттандыруға  пайдаланылатын  мақсатты  ақша  қаражаттары. Біріншіден, қаржы  ресурстары  деп  ақша  қаражаттарының  көздерін,  шаруашылық  органның  немесе  шаруашылық  жүргізуші  субъектінің  мұндай  қаражаттарды  жасау  мүмкіндіктерін   түсінеді. Екіншіден,  қаржы  ресурстары  - қорлардағы, яғни  ақша  қаражаттарының  мақсатты  босалқы  қорларындағы  «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ  әлі  мақсатты  белгілі  бір  бағыттылығы  жоқ  қорлар  бойынша  қалыптаспаған  ақша  қаражаттары. Мысалы, ақша  қаражаттарының  бір  бөлігінің  алғашқыда  қор  сипаты  болмайды – бұлар  шаруашылық  органдардың  олардың  шаруашылық   әріптестері  тарапынан  келісім  шарттарды, өзара  шарттарды  және  шаруашылық  жүргізудің  басқа  шарттарын  бұзғаны  үшін  алатын  айыппұлдары,  өсімдері, тұрақсыздық  төлемдері. Мұндай  қаражаттардың  түсуін  күні  бұрын  есепке  алу мүмкін  емес. [12]

   Мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің елдің ортақтандырылған бюджет  қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақа қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджеке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.

Информация о работе Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы