Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 15:53, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы – мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып алынған қаржыларды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды білдіреді. Бұл курстық жұмысымда мен қаржының әр ресурсына тоқталамын және Қазақстан Реcпубликасының қаржы ресурстарын өсірудің маңызды факторларын қарастырамын.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................4
1. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ.....................................................................................................................................6
1.1. Қаржы ресурстарының мәні, функциялары және рөлі………………………....…….......6
1.2. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары..................................................8
1.3. Қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастыру..................................................................13
2. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ.....................................18
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы ресурстарының статистикалық көрсеткіштері.18
2.2. Қазақстан Республикасының қаржылық ресурстарына талдау……………………...22
2.3. Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары………………………………………23
3. ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ........................................26
3.1. Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамуда қалыптасқан мәселелері.................................26
3.2. Мемлекеттік қаржы ресурстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жолдары...............29
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................................................35

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 314.50 Кб (Скачать)

     Қаржы  ресурстарынын  көзі  жиынтық  қоғамдық  өнімнін  барлық  үш  элементі: «c», «v», «m»,  болып табылады.Мысалы,  «C»   элементінен амортизациялық  аударымдар, табиғи ортамен минералдық  - шикізат базасын ұдайы өндірудін аударымдары,  кәсіпорындар  өнімнін өзіндік құнындағы материалдық шығындардын құрамына  кіретін төлемдер  және  басқалары   құрылады.  «V» элементі   халықтан  алынатын  мемлекеттік салықтар,  әлеуметтік  қажеттіліктердін  аударымдары,  заемдар   мен лотореялар  бойынша   түсімдер  сияқты   қаржы ресурстарынын көзі  болып табылады.  «M» элементі  пайданы (табысты),  жанама   салықтарды,  сыртқы  экономикалық  қызметтен түсетін табыстар  мен төлемдерді  (кеден баждарын,  кеден рәсімі  үшін  төленетін төлемді)  қамтиды. [8]

     Қаржы  ресурстарының  әр  ресурстарына  тоқтала  келсек, табиғи  ресурстар  дегеніміз  өндірісте  өндеусіз  табиғи  түрде  қолданылатын  барлық  заттар, мысалы:  құнарлы  жер, құрылысқа  арналған  бос  орындар, тоғайлар, минералдар  және  тағы  басқалары. Қаржы  ресурстары   бір-бірімен  тығыз  байланыста  болады,  қаржы  ресурсының  тағы  бір  бөлігі – ол  Ұлттық  табыс. Таза  ұлттық  өнімнен  жанама  салықтарды  алып  тастасақ, басқа  көрсеткіш  аламыз. Оның  атауы – ұлттық  табыс. Капиталдың  негізгі  тозу  құны  - бұл  өндіріске кеткен  шығындар, сонда   жалпы ұлттық  өнімнің осы құннан  айырмасы  экономикалық  қызметтің таза  нәтижесін сипаттайды. Осы себептен,  көптеген  экономистердің  айтуынша, таза  ұлттық  өнім  көрсеткіші  жалпы ұлттық  өнімге  қарағанда экономика жағдайын  жақсы сипаттайды. Ұлттық  есеп  жүйесіндегі келесі  көрсеткіш фирмалардағы  жанама  салық сомасына  жүргізіледі, мысалға, сату  салығы. Осындай салықтар  таза  ұлттық өнімнің 10 %-ына дейін құрайды және  тұтынушының тауарға бөлетін бағасы  мен  фирманың  сату  бағасының   арасындағы  бір  бөлігі  болып  табылмайды. Ұлттық  табыс  барлық  экономика  агенттерінің  табыс  жиынтығын  көрсетеді. Ұлттық  есеп  жүйесінде   ұлттық  есеп  жүйесінде  ұлттық  табыс,  табыс  алу  тәсіліне  байланысты  бес  құрауышқа  бөлінеді. Осы  5  санат  (категория),  сонымен  бірге  әрқайсысының  ұлттық  табыстағы  үлесі  төменде  пайыз  түрінде  көрсетілген:

Еңбекақы  (73 %). Жұмысшылардың  алатын  жалақысы  мен  сыйлығы.

Жеке  меншік  табыстар ( 70 % ). Мәселен, кішігірім  дүкендер,  фермалар, т.б.

Ренталық  табыс  (2 %). Жылжымайтын  мүлік  иелерінің  алатын  пайдасы, оған  қоса  өздері  өзіне  «  төлемейді»  деп  есептелінген  жалдау  ақысы  жатады.

Корпорация  пайдасы  (11 %). Жұмысшылар  мен  несие  берушілерге  төленген  төлемнен  қалған  корпорация  пайдасы.

Таза  пайыз  (7 %). Белгілі  бір  елдің  кәсіпорын  төлемдерінің  пайызды  сома  мен  олар  арқылы  алынған  пайыздық   сома  елдердің  экономикалық  агенттерінен  түскен  пайыздық  соманы  қосқанға тең. Осындай түзетулердің  көмегімен ұлттық  табыстан  жеке  табысқа өтуге болады, яғни  үй  шаруашылығы мен корпоративті  емес  кәсіпорындар  алатын  табыс. Осылардың ішінде  3  ең  керекті түзетулер бар:

     Біріншіден, өзінің  пайдалануына  қалдыратын  немесе  мемелекет  салығын  төлемеуге  бағыттайтын  корпорация  пайдасын  ұлттық  табыстан  алып  тастау  керек, бұл  үшін  ұлттық  табыс  көлемінен  корпорация  пайдасын  алып  тастайды  және  дивидендтер  сомасын  қосады.

     Екіншіден,  ұлттық  табыс  көлеміне  трансферттік  төлемдердің  әлеуметтік  сақтандыу  үшін  мемлекетке  аударған  салымнан  алып  тастаған  сомасына  тең.

     Үшіншіден, кәсіпорындардың  пайыздық  төлемдерінің  орнына  үй  шаруашылығының  пайыздық  түсімдерін  енгізу  керек, бұл  түзету  пайызы  түрінде  алынған  жеке  табыстың  қосылғанынан  және  таза  пайыз  көлемін  шегеріп  тастау  жолымен  жүзеге  асады.

     Ресурстар  жұмыспен  толық  қамтылмаған  жағдайында да  тепе-теңдік  жағдай  қалыптаса  береді. Сондықтанда  пайда болған  үзілісті  жою үшін, экономиканы мемлекет  тарапынан реттеу  құралдары пайдаанылады. Олар  бюджетке  төленетін  салық  төлемі  мен мемлекеттік  шығындар  көлемінің  өзгеруі  арқылы  жүзеге  асырылады.

     Қаржы  ресурстарының   бір   бөлігі  кешенді  түрде  қоғамдық  өнімнің    бірнеше  элементтерінің  құрамында  қалыптасады. Мәселен,  шаруашылық         органдар  деңгейінде  өнім  (жұмыс,  қызметтер)  өндіруге  және  өткізуге  жұмсалынған  шығындарға  сай   келетін  «с»  және  «v»   элементтерінен  салықтар, алымдар   және  арнаулы   қорларға  төленетін   аударымдар, жер  қойнауын  пайдаланушылардың   төлемдері – роялти, бонустар, көлік   құралдарына  салынатын  салық,  мемлекеттік  баж,  ластаушы  заттардың  тасталындары  мен   қалдықтарды  орналастырғаны  үшін  төлемдер  және  басқалары   түріндегі  ресурстар  қалыптасады.  Ал  жекешеліндіруден  түсетін   түсімдер  сияқты  түрінің   көзі  ұлттық  байлық,  яғни  жинақталған  (қорланған)  ұлттық  табыс  ( v+m )  болып  есептеледі.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасының қаржы қатынастары.

 

      Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың  қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

     Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

-мемлекеттің бюджет жүйесі;

-арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

-мемлекеттік несие;

-жергілікті қаржы;

-шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

-халықтың қаржысы.

    Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

     Жергілікті  қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүтелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

     Жалпы, қаржылардың  бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

 мемлекеттік және муниципалдық қаржы;

шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы.

     Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.[9]

      Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы  жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің  тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу  бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан  –  бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.

      Қаржы қатынастары  сфераларының әрқайсысының ішінде буындар  бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір  әсер ететін субъектк қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

      Қаржы жүйесінің  әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен,  салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

     Мемлекеттердің  көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың  қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

      Қаржы жүйесінің  функциялық құрылысы мынадай негізгі  қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:

  біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

  екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір  нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

      Қаржы жүйесін  құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:

      Қаржы жүйесін  ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.

     Бұл қағидат  жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы  қаржы органдарына екі жақты  бағынышты жүйесін алдын ала  айқындайды.

      Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық  негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капипалды (негізгі және айналым  капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға  құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық  қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта  бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

      Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы  міндеттемелерді орындағаннан кейін  қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

     Ұлттық  және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.

      Нарықтық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің ролі мен маңызы шұғыл  артады. Қаржы-несие нарықтық мехенизмдердің неғұлрым тиімді жұмыс істейтін секторларының  біріне айналыу тиіс.

     Қаржы және ең алдымен бюджет жүйесі жалпы ішкі өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро және микроэкономика кәсіпорындарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай  ықпал жасайды.

      Қоғамда істің жайы қаржы ахуалымен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың  бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі  жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.  ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ДАМУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1  Қаржы ресурстарының қазіргі кездегі экономикалық дамуда қалыптасқан мәселелері

 

     Қаржы  ресурстарын  өсірудің  маңызды  факторы  қоғамдық  еңбек  өнімділігін  арттыру  болып  табылады, бұл  ұдайы  өндіріс  процесінде  ұлттық  табыстың  артуын  білдіреді, сондай-ақ  экономикалық  қызметтің  қаржылық  нәтижесінің  өсуіне  жеткізеді. Еңбек  өнімділігімен  қоғамдық  өндіріс  тиімділігінің  басқа  көрсеткіші  - қор  қайтарымы  (капитал  қайтарымы)  тығыз  байланысты. Қор  қайтарымын  арттыру  қаржы  ресурстарын  қалыптастыруға,  атап  айтқанда, олардың  негізгі  көзі  -  таза  табыстан  өсіміне  сөзсіз  әсер  етеді, ол  өнім  өндіру  ауқымы  өсімінің, сондай- ақ  ағымдағы  шығындарды  (ең  алдымен  жалақы  мен  амортизациялық  аударымдарды)  үнемдеудің  нәтижесінде  артады және, керісінше,қор  қайтарымының  төмендеуі  қаржы  ресурстарын азайтады. [10]

     Екінші  фактор – бұл  материалдық  шығындардың  орнын  толтыру  қоры  мен  өндірілген  ұлттық  табысқа  жалпы  қоғамдық  өнімнің  бөліну  үйлесімдері. Жиынтық  қоғамдық  өнімдегі  материалдық  шығындардың  үлесін – материал  сиымдылығын  төмендету  өндірілген  ұлттық  табысты

-  қаржы   ресурстарының   негізгі  көзін  - арттыруға   мүмкіндік  беретін   фактор  болып  табылады.

      Қаржы  ресурстарына  өсуіне  сонымен  қатар  жалпы  алғанда  қоғамдық  өндірістің,  сондай – ақ  өнеркәсіп  өндірісінің   материалдық- заттық  құрылымы  да  әсер  етеді.

      Қаржы  ресурстары  орталықтандырылған  және  орталықтандырылмаған  тәртіппен  қалыптасады. Орталықтандырылған  тәртіппен  мемлекеттік  бюджеттен,  зейнетақы   қорының, бюджеттен  тыс  қорлардың  ресурстары  жасалады. Орталықтандырылмаған  әдіспен  материалдық  өндіріс  сферасы  шаруашылық  жүргізуші   субъектілерінің  тұтыну  қорлары,  амортизациялық  аударымдардың  қорлары, қаржы  резервтері  мен  валюта  қорлары,  шаруашылық  органдардың  басқа  қорлары  қалыптасады. Әрі  таза  табыстың   бір  бөлігі   есебінен  жасалатын  орталықтандырылмаған   қаржы  ресурстары   жиынтық  қоғамдық  өнімнің  екінші  элементінің - жұмыс күшінің (v)  ұлғаймалы ұдайы өндірісінің көзі  болып табылады. Орталықтандырылмаған  қаржы ресурстары  есебінен  жасалатын ақша  қорлары қызметкерлерді  әлеуметтік   қамсыздандыруға,  қосымша материалды  жағынан ынталандыруға,  жаңа  күрделі  жұмсалымға, айналыс  қаражаттарын  көбейтуге, ғылыми-техникалық   процесті  қаржыландыруға, табиғатты  қорғау  шараларын  жүргізуге  және  тағы  басқаларына   бағытталады.

Информация о работе Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы