Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 12:27, реферат

Описание работы

Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың басты мақсаты:
Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде)
ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 350.50 Кб (Скачать)

И.А. Бланктың [24, б.26,27] ойынша қаржылық стратегия - функционалдық стратегияның негізгі түрлерінің бірі, қаржылық қызметінің негізгі дамуының барлық бағытын және ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды қалыптастыру мен оларға жетудің тиімді жолын анықтау арқылы қаржылық қарым –қатынастарды, сонымен қатарсыртқы орта жағдайларының өзгеруінде қаржылық ресурстарды қалыптастырубағыттарын өзгеру мен қолдануды қамтамасызетеді. В.А. Слепов пен Е.И. Громова [55, б.50] қаржылық стратегия - әдістер жиыны болып табылады, сол арқылы кәсіпорынның қаржылық саясатты жүргізіледі және қолданылады, саясат стратегияға қарағанда бірінші депқарастырады.

А.Н. Жилкина [64, б.325] қаржылық стратегия - кәсіпорынды ақша қаражаттармен қамтамасыз ететін басты жоспар деп қарастырады. Бірақ біздің ойымызша, бұл анықтама ұғымның толық мәнін ашпайды,себебі кәсіпорынның тиімді дамуы үшін тек қана қаражылық ресурстар жеткіліксізжәне И.А. Бланк берген анықтамаға келісеміз. О.С. Виханский [27, б39] мен А.И.Наумов [28, б. 140-141], Н.Н. Турусова [60, б.15], В.С. Кузнецов [47, б34] стратегияны - стратегиялық жоспарлаудың бес басқару процессінің бірі деп қарастырады. Бұл процесстер бір бірімен байланысты. Бірақ та бұл процестің кері байланысы да бар және бұл әр бір процесстің кері әсерібарлық процестің жиынтығына әсер етеді.

 Ортаны талдау стратегиялық мененджмент соңғы процесі болып табылады, себебі ол кәсіпорынның миссия мен мақсатын анықтауүшін да, стратегияны таңдауға да базаны қамтамасыз етеді.

 И.А. Бланк [24,б.72-78, 103-106], О.С. Виханский [27, б.40-61] мен А.И. Наумов [28, б.141-149], Н.Н. Турусова [60, б.16], И.П. Кислицына [20,б.182—186], Е.А. Иванова [57, б.126-138], С.Д. Ильенкова [37,б.77,78] ұйымның өмір сүру ортаса екіге бөлінеді: сыртқы (макроортамен негізгі қызмет ету ортасы) мен ішкі орта. Макроорта экономикаға әсерін зерттейді, құқықтық тексеру мен басқару, саяси процестер, табиғи ортамен ресурстар, әлеуметтік және қоғамның мәдени құраушысы, ғылыми-техникалық және қоғамның техникалық дамуы және т.б. Негізгі қызмет ету ортасын талдау келесі негізгі компоненттардан тұрады: сатыпалушылар, жеткізушілер, бәсекелестер, еңбек нарығының күші. Ішкі ортаны талдау фирманың кадрларына, олардың квалификациясы, басқаруды ұйымдастыру, өндірістік,қаржы, маркетинг, ұйымастырушылық мәдениетіне көңіл бөлінеді.

 Стратегиялық қаржылықталдаудың  мақсаты – қаржылық стратегияны  қалыптастыру негізі. И.А. Бланк [24,б. 47-63] келесі әдістерді анықтайды: SWOT-талдау, PEST-талдау, SNW-талдау, қоржындық талдау, салыстырмалы қаржылық талдау, қаржылық коэффициенттерін талдау, Дюпон моделінің интегралдыталдау, эксперттік талдау.

 Қоржындық талдау мақсатында А.Н. Петров [56,б.96-103], А.А. Томпсон мен А.Дж. Стрикленд [59,б.380-392], С.Д. Ильенкова [37,б.90-91] Ботонск консультатциялық топ матрицасын қолдануды ұсынады. Альтернативалық матрица негізінде А.Н. Петров [56, б.392-397] – «саланың қызығушылығы/бәсекелестердің позициясын» матрицасы, өмірлік цикл матрицасы, С.Д. Ильенков [37, б.91] – «өнім/нарық» матрицасы.

 Ішкі ортаны бағалау үшін, яғни оның қаржылық жағдайын факторлық әдіс арқылы З.А. Круш пен Л.В. Лущикова [46, б.158-179] Д. Уил Кокстың формуласын, Альтманның екі факторлы немесе бес факторлы моделін, коэффициенттік әдіс – У. Бивер формуласы, баланс құрылымын коэффициенттік талдау, кәсіпорынның қаржылық саясатын шығару бойынша методологиялық ұсыныстармен сәйкес интегралдық баға арқылы қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, З.А. Круш пен Л.В. Лущиковаматрицалық әдісті көрсетеді және Ж. Форшон мен И. Романемен шығарылған қаржылық стратегия матрицасына көп көңіл бөлінген. Бұл матрица Е.С. Стояновамен толықтай сипатталған. Біздің ойымызша,ешбір кәсіпорын бәсекелестік ортада тиімді жұмыс істей алмайды, егер оның нақтыориентациясы, бағыты болмаса.

Соған байланысты, басқарудың ортаны талдаудың басқа да маңызды мәселелерінің бірі ұйымның миссиясы мен мақсатынанықтау болып табылады.

 С. Кузнецов [47,б.35] бойынша миссияны анықтау кәсіпорынның қызметінің функционалдығының негізгі идеясын анықтайды, сонымен қатар кәсіпорынның бөлімшелерінің алдына нақты мақсаттарды қою.

И.П. Кислицын [20, б.190] бойынша миссия дегеніміз - бұл кәсіпорынның болашақта қандай болу керек екенін көру дегенді білдіреді.

О.С. Виханский мен  А.И. Наумов миссия дегеніміз - кең мағынада ұйымның өмір сүруі, тар мағынада ұйымның неүшін және қандай мақсатта құрылғанын, яғни миссия бұл ұйымның өмір сүру қажеттілігін көрсетеді және оның өзге ұйымдардан айырмашылығын көрсетеді деп санайды. Біз О.С. Виханский мен А.И. Наумовтың ойымен келісеміз, бұл ұғымның нақты және түсінікті мағынасын көрсетеді.

 Егер миссия жалпы ориентацияны көрсетсе, ұйымның функциялық бағытын, оның өмір сүруін мәнін көрсетсе, ал нақты дәл осы мерзімде және оның соңғы көрінісі мақсат ретінде болады, ол И.П. Кислицинамен (20, б.190) белгілі бір нәтижеге алуды анықтайды деп санайды. Біз О.С. Виханский мен А.И. Наумовтың ойымен келісеміз, ұйымның жеке сипаттамасындағы жағдайларының нақты мақсаты, оларға жету үшін қызметін бағыттайды.

 О.С. Виханский менА.И.  Наумов бойынша негізгі мақсаты ұйымның даму мақсаттары болып табылады,яғни сату көлемінің темптерінің өзгеру мен толықтай саланың және ұйымның табысының арасындағы ара қатынасты көрсетеді. Осы қатынасқа байланысты ұйымның даму темпі жылдам, тұрақты немесе қысқарғаны болуы мүмкін. Осы типтарға сәйкес даму темпі үшін жылдам даму мақсаты, тұрақты даму мақсаты мен қысқарту мақсатын қалыптастыруған болады. Е.А.Иванов келесідей типтерді көрсетеді: табысты мотивациялау, рационалды қызмет, максималды табыс, нарықтың белгіліүлесін алу мақсаты, ұзақ мерзімді мақсаттар, персоналды мақсаттар, әлеуметтік жауапкершілікті, даму мен диверсификация мақсаты.

И.А. Бланк келесідей  мақсаттарды көрсетеді: табысты  максималдау моделі,трансакциондық шығындарды минималдау, сату көлемін  максималдау, кәсіпорынның нарықтық бағасын максимизациялау моделі [24, б.122-139].

 Көп жағдайда мақсатқа жетудің жолын таңдауда оның сол мақсаттың қалайтын нәтижесіне жете алуына тәуелді болады. Мақсаттар бойынша дұрыс шешемідермен қатар мақсатқа жетуде стратегиялық дұрыс шешімдерде маңызды. Соған байланысты миссия мен мақсаттарды анықтаудан соң стратегияны таңдау мен талдау кезеңі басталады.

 О.С. Виханский мен А.И. Наумов келесідей базистік немесе эталондық стратегияны көрсетеді:

1 бағытты даму стратегиясы: нарықта позицияның күшейуі,нарықта даму стратегиясы, өнімді дамыту стратегиясы;

2 интегрирленген даму стратегиясы:  кері вертикалды интеграциялық стратегия, алға жылжу вертикалды интеграция стратегиясы;

3 диверсификацияланған даму стратегиясы: орталықтандырылған диверсификация стратегиясы, көлденең диверсификацияланған стратегия, конгломентирленген диверсификация стратегиясы;

4 қысқарту стратегиясы: «өнімді жинау» стратегиясы, ликвидация стратегисы, қысқарту стратегиясы, шығындарды қысқарту стратегиясы;

5 комбинирленген стратегия.

 И.А. Бланк екінші  және үшінші топтағы стратегияны  қосып оны жылдамдатылған стратегия деп атайды. Сонымен қатар, И.А. Бланктың зерттеу нәтижесі бойынша келесідей қаржылық қызметтің доминантты сфераны (бағыттарды) көрсетті: кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру стратегиясы, кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы, кәсіпорынды қаржылық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету стратегиясы, кәсіпорынның қаржылық қызметін басқару стратегиясы. В.А Горемыкин келесідей стратегияларды көрсетеді: даму стратегиясы, шектелген даму стратегиясы, қысқарту стратегиясы, комбинирленген стратегия, қоржындық стратегия, диверсификация стратегиясы мен өнімнің диверсификация стратегиясы.

 

1.2 Қаржы менеджментінің  стартегиясы мен тактикасының  әдістемесін  қалыптастыру және  оларды іске асыру жолдары

 

Кәсіпорынның стратегиясы  – нақты мақсаттарға жетуді көздейтін, келешекке негізделген шаралар  жүйесінен тұрады. Стратегияны дайындау мен оны жүзеге асырудың мәні –  сансыз баламаның ішінен дұрыс даму бағытын таңдап алу мен өндірістік шаруашылық қызметті таңдап алынған бағыт бойынша бағыттауында жатыр. Қазіргі кезеңде даму бағытын алған стратегиялық басқарудың жүйесі мыналарды қарастырады:

  • шаруашылық басқару қызметінің нақты құрылымына тәуелсіз стратегиялық мақсаттарға ресурстардың бөлінуі;
  • әрбір стратегиялық мақсатты басқару орталықтарының құрылуы;
  • стратегиялық мақсатқа жету дәрежесіне байланысты өндірістік бөлімшелер мен оның басшыларын ынталандыру мен бағалау.

Стратегияны дайындау басқарудың жоғарғы деңгейінде жүзеге асырылады  және келесідегідей міндеттерді шешуге негізделеді: стратегиялық мақсаттарды дайындау; банк мүмкіндіктері мен ресурсын бағалау; маркетингтік қызмет саласында тенденцияны талдау; қызметтің баламалы бағыттарын бағалау; келешекке стратегияны анықтау; егжей-тегжейлі оперативтік (жедел) жоспарларды, бағдарламаларды, бюджетті дайындау; белгіленген мақсат пен жоспарлардың нақты белгілері негізіндебанкқызметін бағалау.

Ковалева А.М. пікірінше қаражатты стратегиялық, тактикалық жоспарлаудың екінші сұрағы инвестициялау қайнар көздеріне қатысты болып келеді [1, 12б].

Мұндай қайнар көздердің  үш түрін бөлуге болады:

- жеке;

- кірістірілген; 

- қарызға алынған. 

Кәсіпорынға жеке ақша құралдары  ең тиімді түрі болып табылады, өйткені  олар оның тәуелсіздігі мен өз бетімен  дамуын қамтамасыз етеді. Жеке капиталды қалыптастыру үшін екі шартты ұстану қажет.

Кірістірілген қаражат  көздері ішінде бірінші орынды акционерлер  қаражаттары жатады. Акциялардың  қосымша эмиссиясы немесе фирма  басшылығымен жасалған бақылау пакет  акцияларының бір бөлігін сату және сол арқылы инвесторларды өзіне тарту болып табылады. Бірақ та бұл өте қауіпті. Өйткені, біріншіден, фирманы басқаратын тұлғалар фирманы басқару билігінің жарты бөлігінен айырылады. Сондай-ақ халық арасында акцияларды табысты ендіру күрделі мақсат болып табылады.

Ұсақ инвесторды жақсы  құрастырылған бизнес жоспарлармен өзіне қарата алмайсын, ал ірі инвестор көп мөлшердегі кемітулерді қажет  етеді. Сондықтан да акционер капиталын  өзіне қарату үшін екі негізгі  шартты ұстану қажет:

- ұсақ акционерлерді оларға төленетін дивидендтер жиі төленетінін;

- олардың бағасы түспейтіндігі  туралы жөнінде көндіруге тырысу  керек.

  Ал ірі компанияларды өздеріне қарату үшін олар үшін сіздің кәсіпорыныңыз мөлдір болуға қажет. Келтірілген ақша құралдары ішкі қажеттілікті өтеу үшін жұмсайды, демек еңбекті төлеу үшін жұмсайды.

Еңбекақыны төлеуде  қарыздың оптималды деңгейін орнатып, кәсіпорын еңбекақы қорын автоматты  түрде жоғарлатып жіберсе, инвестицияға қолдануға болатын қаражатты  орнына қарыз мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл қаражаттар айналым капиталына салынған онсыз ешбір жерде бір коммерциялық жоба бұнсыз өз ісін жүзеге асырылмайды.

Данилова Н.Ф. пікірі бойынша  қарыздарды банкирлерден және облигационерлерден алуға болады. Банкирлер қарыз  бен оның құнын қайтарылуын қалайды. Ұзақ мерзімді инвестициялық несиені қамтамасыз етеді. Қарыз берушіге кім аманат бола алады  [2, 19б].

Бұл және басқа да күрделі  сұрақтарға кәсіпорынның менеджерлері жауап бере алады, олар белгілі бір  банкке ссуда алуға барғанда, бұл  сұрақтарға жауап қайтару қажет екендігі туралы естерінен шықпауы қажет. Корпоративтік облигациялар акциялар сияқты қасиетімен белгілі, бірақ та Қазақстан Республикасында олар қолданылмайды.

Келтірілген несиені  жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда оны кеңейту мақсатында қаражаттандыру өте тиімді.

 Банкирлер ойы бойынша  бұған салынатын қаражаттың тәуекелділігі  сонша үлкен емес, демек несие  құнын төмендетуге болады деген  сөз. Сондай-ақ мұндай кәсіпорында  активтердің мөлшері көбірек,  олар оның сенімді материалды  қамтамасыздандырылуын қамтамасыз етеді, ал жаңадан ашылған кәсіпорындарға ең жақсысы жарналық немесе акционерлік капиталды келтіру болып табылады.

Бұл несие алынған  жағдайда несиені өтеу жөнінде қатаң  график құрылады, онда несие өтеу мен  оның пайыздарын да өтеуге тырысу қажет. Бұндай кредитті жаңадан құрылған кәсіпорындардың өтеуге шамасы да жетпей қалу қаупі бар. Бұл сұрақты шешу үшін салымдардың өтем уақытын есептеуге арналған арнайы есептеулер мен әдістерді қолдануға қажет.

Қаржылық менеджменттің  үшінші сұрағы былай көрсетілген: «Жобаға салынған қаражаттардың қайтарылуы қашан күтіледі?». Бұл сұраққа жауап беру үшін салынған қаражаттардың мерзімін анықтай алатын арнайы есептеулер мен тәсілдерді қолдану қажет.

Қаржылық менеджмент кәсіпорынның жалпы кірісі, акция  кірісі  ( дивиденд ) және акция сценариімен жұмыс атқарады, сонымен қатар нақты нарық жағдаятының күтіп отырған нәтижесіне сәйкес келмегендіктен болатын шығын тәуекелімен де жұмыс атқарады. Пайданы барынша көбейту мақсатын басшылыққа ала отырып, компания пайданың барлық түрін алуға болатын баламаны таңдауға тиіс. Акция курсын көбейтуге немесе төленетін дивиденттің көбеюіне әкелетін шешімдерді қабылдау керек. Бірақ, тәжірибеде мұндай әрекеттер капиталдың бір бөлігін жоғалтумен , меншік иелері алдағы кірістерінен айрылуымен, іскерлік имидждің төмендеуімен және кейде фирманың құруымен байланысты болады. Сонымен қатар фирма өз тарапынан ешқандай да әсері жоқ факторлар бар (ішкі немесе экзоиндік факторлар), осы факторлар фирманың пайдасын азайтады, олар: технологиялық, ресурстық, қаржылық, эколгиялық және саяси шектеулер.

Кәсіпкерлікпен айналысатын  кәсіпорындарға тән болатын, ең алдымен, сыртқы ортаның  өзгерісіне серпімді диверсифицирлі реакцияның болуы және өндірістің дамуындағы ғылыми-техникалық зерттеулердің үздіксіз жүруі.

Бұның барлығы кәсіпорын  дамуындағы стратегия мен тактиканы  құрастырудың негізгі мәселелердің шешімі болып табылады.

Информация о работе Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы