Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 12:27, реферат
Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың басты мақсаты:
Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде)
ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның іс әрекетіндегі конверсия – бұл сыртқы орта өзгерістеріне әр түрлі реакциялардың үздіксіз тізбегі күйінде болады, соның ішінде тауарлар және технологиялар нарығына қатысты айтылған.
Конверсия әкелген жаңалықтар әр түрлі дәрежедегі радикалдылықты көрсетеді:
- өнімді тарату каналын өзгертуден басталады;
- технологиялық маманданудың түбегейлі өзгеруіне дейін жұмыс атқарады.
Ең тиімді өнімнің
ассортиментінің құрылымын
Ол ассортиментке өнімнің жаңа модельдерін құру мен кіргізумен байланысты болып келеді. Бұндай өзгерістер бәсекелестік сипатқа ие. Ассортиментті толық ауыстырудың стратегиясы мен тактикасы инновациялық реакцияға негізделген. Мұнда технологиялық сұраныстың жаңа өмірлік цикліне өту жүзеге асыруды, технологиялық жүйені қайта құру кезінде өнімнің барлық ассортиментінің жаңа үлгілерін және жаңа құрылымын жоспарлауды қарастырады.
Кең ассортимент кезінде
бірнеше этаптарда
Ковалева А.М. айтқанындай технологиялық мамандануды өзгертудің стратегиясы мен тактикасы инновациялық немесе кәсіпкерлік реакцияға сәйкес келеді және өндірістің диверсификация мүдделерінде іске асырылуы мүмкін [3, 31б].
Технологиялық мамандықты ауыстыру аясында шешімдер кешенді сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, қорғаныс өндірісінің конверсиясы біруақытты диверсификация мен біруақытты жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы дамуымен жүзеге асуы мүмкін.
Өндіріс конверсиясының негізгі бағыттарының бірі - сұраныс технология сұранысындағы өмірлік циклінің сатысымен нарықтың талаптарына сай кәсіпорын қызметінің басымдылықтарына бейімделу. Бастапқы сатысында тұтынушылардың талаптарын түсіну және осы талаптарға сәйкес өнімнің сапасының ассортиментін және параметрлеріне бейімделу. Бұл мақсаттарда кәсіпорындар маркетингтік зерттеулер жүргізеді және жобаларды басқарады.
Сұраныс технологиясының өмірлік циклінің өтпелі сатысындағы өндірістің тиімділігін максималды жүзеге асыру мақсаты технологияны өнім өзгерісіне бейімдейді. Басқаруда ең негізгі назарды еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға көңіл бөледі.
Қарастырылып отырған өмірлік циклінің дамыған сатысында ассортимент құрылымының және сапаның параметрлерінің тұрақтылығына қол жеткізу маңызды болып табылады. Технологияны одан әрі дамыту еңбекті өндірудің артуына және өндірістің қарыздарының қысқаруына бағытталған. Басқару өндірістік процесте жүреді.
Мамыров Н.К. айтуына қарағанда ғылыми-техникалық дамудағы тактика мен стратегия қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және ол ұзақ кезең ішінде тұрақты болып қала береді [4, 39б].
Ғылыми-техникалық даму
капиталды процесс болып
Нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық дамуындағы тактика мен стратегияның қалыптасуы акционерлер басқаратын корпорация немесе фирма деңгейінде орындалады. Мұнда ұсақ сериялы өндірістің төменгі шығындары мен жоғары еңбек өнімділігінің бейімделуі және серпімділігінің арқасында жаңа типтегі шаруашылық кешендер қалыптасады.
Өндірістік жүйелердің жаңа түрлері «жаңашылдықтарды енгізу» тәртібінде жұмыс атқаруы тиіс. Ол өндіріске мына ммүкіндіктерді жүзеге асыруға көмектеседі:
- жаңа бұйымдарды енгізуге;
- өнім шығарудағы шығындардың азаюына;
- бағаны төмендеткен кезде сапаның көрсеткішінің жоғарлауына.
Көшбасшының артынан
ерілетін стратегиялар мен тактикалар
технологиялық дамудың
Бәсекедегі ұзақ мерзімді басыдылықтарды қамтамасыз ететін технологиялық секірімнің стратегиясы мен тактикасы жаңа қажеттіліктерді және жаңашылдықтарды қанағаттандыру мақсатындағы жаңа техникалық принциптерді іздестірумен сипатталады.
1.3 Шетелдік тәжірибе. Қазақстан Республикасында қаржы
менеджментінің инвестициялық стратегиясы мен тактикасын қолдану тиімділігі
Кәсіпорын қызметін талдау барысында, жағдайдың
пайда болу келешегін бағалауда стратегияның
төрт түрінің сапалы ара қатынасын қарастыру
маңызды болып саналады. Қарастырылған
сыныпталуда стратегияның алғашқы үш түрі
ілгерішілдікке бағытталған қызметті
бейнелейді. Оның нысандары болып нарықтағы
Бұл түсінік пайдалылығы төмен өндірістен кәсіпорынды босату үдерісімен және ертеректе қарастырылған үш стратегияның біреуін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жеделдетірілген перспективалық даму үшін әлуетті құрумен теңбе-тең.
Американдық менеджменттегі стратегия компанияның ресурстарын бөлу және үйлестіру негізіндегі қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті әрекеттер моделін көрсетеді. Бұл жерде екі стратегияны бөліп көрсетуге болады:
- жеке меншікті (сатып алу және сату) басқарумен байланысты портфельді стратегия;
- іскерлік стратегия, оның мақсаты – бәсекелестік артықшылыққа жету.
Сонымен, кәсіпорын стратегиясы негізгі экономикалық мақсаттармен анықталады, және де өз кезегінде нарықтық тауашасын айқындайды, инфрақұрылымды құруға, кәсіпорынды сыртқы ортаға бейімдеуге және әрекеттердің іштей үйлесуін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Пивоваров С.Э. айтуымен, қаржылық стратегия түсінігіне бірыңғай көзқарастың болмауы ұлттық нарықтық қатынастар ерекшелігімен, және де мемлекет жағынан оларды реттеу деңгейімен түсіндіріледі [5, 22б].
Осындай көзқарас жағынан шаруашылықты жүргізудің отандық тәжірибесін талдау, дағдарысқа қарсы басқарудың айрықшалықты мезеттерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптік кәсіпорын стратегиясы нысаналылық даму үдерісі ретінде. Бұл стратегия мыналарды болжайды: негізделген мақсаттар және міндеттердің қойылуын, белгіленген әрекеттер (теңгерімділік, жүйелік қөзқарас, ұтымдылық) қағидаларын бөліп шығаруын, әрекеттердің (проблемалардың мәнділігін бөліп шығару және оларды саралау) басымдылығын.
Кәсіпорынның мақсаттарына жету бойынша жұмыстың бағыттары (экономикалық стратегияның негізгі құраушылары):
- жаңа нарықтарды іздеу;
- жаңа өнімді әзірлеу;
- тауарлардың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету;
- қызмет көрсетуді жақсарту;
- жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
- табиғи ресурстарды сатып алу және оларды ұтымды пайдалану;
- өндірістің өсуін қамтамасыз ету;
- нарықта тауарлардың тиімді жылжуы;
- жоспарлы кезеңде пайданың өсуін қамтамасыз ету.
маркетинг аумағында:
- нарық сегменті (бұл
жерде барлық күш-жігер
- өнімнің сапасы және ассортименті;
- сату кезеңінде ресурстарды бөлу;
- баға саясаты;
өндіріс аумағында:
- өндірістің қажетті деңгейі;
- материалды ресурс қорларының мерзімі;
- персоналды таңдау немесе оқыту саясаты;
қаржы аумағында:
- ағымдағы және күрделі шығындардың көлемі;
- инвестициялардың мерзімі және бағыты;
- қаржыландыру көздері;
инновациялық қызмет аумағында:
- зерттеулердің бағыты;
- өнімдегі өзгерістерді
жүргізудің мерзімі және
Стратегияны әзірлеудің негізгі кезеңдері:
- белгілі бір статистикалық кезеңде, (ұзақтығы стратегия қызметінің кезеңіне тең) кәсіпорынның қызмет нәтижесін талдау (бұл өз кезегінде дамудағы басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді);
- өнім портфелін талдау, оған мыналарды анықтау жатады: тұтынушыға -- -тауарлық жиынның бағдарлануын (шығарылатын өнімді жайғастыру); өнімнің сапасы, шығындары, қызмет көрсетуі бойынша бәсекеге қабілеттілігін; өнімнің әрбір түрі бойынша пайдалылық деңгейін; ықтималдылық тәсіл негізіндегі өнім шығарылымының болжанатын көлемін;
- кәсіпорындағы ұйымдастырушылық өзгерістер қағидасын өндіру;
- баламалы нұсқауларды,
және де қабылданатын
Стратегиялық пәрменділік шарттары:
- кәсіпорын қызметінің барлық саласын қамту;
- сыртқы жағдайлармен келісушілік;
- ресурстық мүмкіндіктермен келісушілік;
- кәсіпорын миссиясының есебі;
- шешімдердің орындалуы және іскерлілігі.
- Стратегиялық қағидалар:
- кәсіпорында қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбау;
- өзгерістерді жоспарлау;
- инновацияларға басты назарды аудару;
- күн сайын болашақ қызмет үшін жағдайларды құру.
Инновацияларды енгізу
кәсіпорындардың меншіктік
Бүгінгі күнде Қазақстанда келешекке даму стратегиясын таңдаудың негізі болып табылатын өзінің ғылыми-технологиялық және халықаралық кооперацияны іске асыру мен дамытудың жаңа мүмкіншіліктері ашылуда. Нарықтық реформа жолында ілгерілеген мемлекеттің ғылыми потенциалындағы құрылымдық өзгерістерді талдау екі бағыттағы өзгерістердің болуын анықтайды:
- академиялық ғылым
жоғары оқу орындарымен
- салалық институттар-
Нарық жағдайында
ғылым ұлттық инновациялық жүйе
Жақын келешекте кәсіпорындардың
бәсеке қабілеттілігіне білімді
дамыту мен сәйкестендіру
Шетел тәжірибесі
көрсеткендей компаниялар
Компанияның ішінде эксперттік бөлімдер білімді анықтау, дамуын сәйкестендіру сұрақтарымен айналысып, олардың бәсеке қабілетті өнімге және процесске айналуын ұйым ішінде берілуімен айналысады. Бұл жүйелердің және жеке эксперттердің қызметі көбінесе қысқа мерзімді дамытуларды ізденуге емес, ұзақ мерзімді бәсекелестердің деңгейінен асып түсетін жобалардың іске асуына, нарықтық қызметтердің стратегиялық генераторларын өңдеуге бағытталған. Крок пен Венцин анықтағандай Sensorp америкалық компаниясына өзінің оперативтік жүйесіне білім менеджменті моделін өңдеу мен енгізуге 10 жылдан артық уақыт кеткен.
Стратегиялық менеджмент теориясында соңғы 10 жылда ресурстық тәсілдеме жаңа аналитикалық бағыты туған бұл жерде компанияның нарықтағы ролі, оның ішкі ситуациясынан маңызды болып табылады. Ресурстық тәсілдеме көмегімен ғалымдар бәсекелестік артықшылықтарын нарықтық позицияда ғана емес, сонымен қатар компанияны ішкі ресурстармен қамтамасыз етуді анықтауда.
Информация о работе Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы