Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 12:27, реферат

Описание работы

Сондай-ақ, «кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетелдің озық тәжірибелерін пайдалана отырып басқаруды жетілдіру» жолдары да алға қойған мақсаттардың бірі болып табылады. Кәсіпорын қызметінің оңтайлы нәтижеге жетуі үшін, бизнестің жалпы құрылымындағы қаржылық менеджменттің маңызы өте зор.
Курстық жұмыстың басты мақсаты:
Қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын, стратегиялық және тактикалық басқаруды талдау («Лесозащита» ЖШС материалдары негізінде)
ҚР кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің даму стратегиясы мен тактикасын жетілдіру жолдарын көрсету.

Работа содержит 1 файл

курс.doc

— 350.50 Кб (Скачать)

Инновациялық шешімдер бөлігінде компанияның стратегиясын өңдеу кезінде ресурстар мінездемесінің белгілерінің есебі маңызды. Мұндай белгілерге жатады:

- тұтынушы тарапынан  өнімдер мен қызметтердің құндылығы; 

- бәсекелестермен салыстырғанда  түп нұсқалығы; 

- еліктеу қиындығы;

- ауыстыру мүмкінсіздігі. 

 Соңғы екі белгі  ерекше маңызды болып табылады.

 Білім қиын еліктелінетін  және қиын ауыстырылатын ресурс болып қарастырылғандықтан, оларды басқаруға бәсекелестік күресте маңызды роль беріледі. Бұндай жағдайда менеджменттің мақсатына білімдердің жинақталуы және оның бәсекелестік артықшылыққа айналуы жатады.

Компанияның стратегиясы  білімді басқа ресурстарымен араластыру жағдайында ерекше тиімділікке ие болады. Менеджмент теориясының негізін салушы америкалық ғылым П.Дракер білімді басқарудың қиындығын ескере отырып инновациялық белсенділіктің бірқатар қайнар көздерін анықтаған. Оларға қосымша атап көрсетті: саладағы болып жатқан күтілмеген оқиғаларды, келіспеушіліктерді, процесс қажеттілігін өзгерістерді, клиенттің өнімге қатынасын, клиентураның демографиялық құрылымын.

 Әр түрлі ресурстар  мен білімдерді білікті басқару  компанияға қамтылған нарықтағы бәсекелестерден асып түсуге, сонымен қатар жаңа нарыққа енуге мүмкіндік туғызады.

 Компанияның инновациялық  құзыретін жаңартуды ынталандыруға  ішкі салалық нарықта қалыптасқан  жағдайлар қызмет етеді: компания  өзінің білімін бағалау, бәсекелестерде  сәйкес білімдердің болуы, салада компанияның жағдайын позитивтік өзгертуге әсер ететін құзыретін анықтау.

 Құзырет инновацияның  маңызды қайнар көзі болып  табылғандықтан инновациялық процесске  қажетті инфрақұрылыммен әлеуметтік  жағдаймен қамтамасыз ете отырып  оларды ынталандыру қажет.

 Білім менеджментінің  ролі артады егер ол туралы  мынадай нақты ұсынымдар болса: 

- ұйым қандай білімдермен  қамтылған; 

- білім қандай формада  және қай жерде шоғырланған; 

- саладағы жағдайы  бойынша ұйым қандай мәліметтермен  қамтылған;

- қандай облыстарда  білім жетіспеушілігі байқалады; 

- олардың ұйым үшін  артық болу мүмкіншілігі;

- таза оперативтік  жұмысты ескере отырып қызметкерлерге  өзін білім қорын дамыту үшін  орташа уақыт қажеттілігі; 

- бұл жағдайда оның  қызметінің марапатталуы;

- менеджерлердің стратегиялық  сұрақтар бойынша пікір таласу  жиілігі; 

- пікір алмасудың  жүргізілуі;

- ұйымда білімнің  дамуымен қолданылуы;

- қолданылмаған білімдердің  қалып кетуі; 

- келешекте ұйымның  алдындағы жаңа міндеттері және  оларды шешуге қажетті білім;

- өнімдерді өңдеу  барысында нарықпен қарсы байланысы. 

 Сонымен жоғарыда  айтылғандарды қорытындылағанда  білім облысындағы инновациялық  шешімдер компанияның қаржылық  стратегия варианттарын өңдеуде  міндетті түрде ескерілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Кәсіпорынның қаржылық  жағдайын, стратегиялық және тактикалық  басқаруды талдау («Лесозащита»  ЖШС материалдары негізінде)

 

2.1 «Лесозащита»  ЖШС   жалпы сипаттамасы және ұйымдық  құрылымы

 

Компанияның іс-әрекетінің негізгі мақсаты көлік шиналарды сату, Астана қаласында жолаушылар тасымалдануын жүзеге асыру, меншік формаларына қарамастан әр-түрлі субъектілерді тарту, жаңа өндіріс пен жұмыс орындарын қамтамасыз ететін әлеуметтік және қазіргі кезеңдік өндірісті құру. ЖШС   «Лесозащита»   компаниясының өзінің қызметін келесідей негізде құжаттар мен нормативтік актілерде жүзеге асырылады: ЖШС   «Лесозащита»   компаниясының жарлығы, кәсіпорынның келісім-шарттары, Қазақстан Республикасының   Азаматтық  кодексіндегі 1.07.1999ж №409-1( қосымша және өзгерістер есебінде), Қазақстан Республикасының   «Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі туралы» заңдары (қосымша  және өзгерістер есебінде), Қазақстан  Республикасының  қаржылық-шаруашылық ұйымдардың қызметін реттейтін басқа заңдар, нормативтік актілер, нұсқау мен әдістемелік  кепілдемелері жатады.

«Лесозащита»   ЖШС-ң  директоры  жалпы   қатысушылар  жиналысына өкілетті саласы болып табылады. Сондықтан «Лесозащита»   ЖШС-гі  директоры өзінің өткен ай ішіндегі атқарылған жұмысы туралы қатысушылардың жалпы жиналысында хабарлайды. Болашақтағы мақсаттарына жетуі үшін  ол өзінің ұсыныстарын  қатысушылар  жиналысында  ұсынады. Соңғы шешімді қатысушылар жиналысы қабылдайды. Әр жиналыста хатшы мен төраға болады. Директордың қол астында бірге жұмыс істейтін  оның орынбасары  мен   оның көмекшілері бар. Компанияның қызмет ету мерзімі шектелмеген. ЖШС «Лесозащита»  компаниясының органдары:

- жоғарғы  органы-қатысушылардын жалпы  жиналысы;

- атқарушы- Директор;

- реттеу органы- ревизиялық комиссия.

Компания заңды тұлға құқықтарына мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап  енеді. Компанияның дербес балансы, мемлекеттік және  орыс тілдеріндегі толық фирмалық  аталуы көрсетілген мөртаңбасы, банктерде есеп шоттары, фирмалық  бланкілері болады [6, 11б].

Өз  қызметінің  мақсаттарына  қол жеткізу  үшін  кәсіпорын  өз атынан мәмілелер жасауға,  мүліктік құқықтар  мен міндеттемелер сатып алуға, сотта талап етуші және жауапкер болуға,  Қазақстан Республикасының заңдары бойынша тыйым салынбаған   өзге  де  құқықтарды  жүзеге  асыруға  құқылы.

Компания Қазақстан  Республикасы аймағындағы және шетелдердегі филиалдары мен өкілдіктерін қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша ашуға құқылы. Филиалдар   мен  өкілдіктер  ашқандағы, сондай-ақ олардың  орналасқан  жері  туралы  серіктестік  оны  мемлекеттік  тіркеуден  өткізген  органға хабарлап  отыруы тиіс.

ЖШС   «Лесозащита»   мүлкі негізінен келесілерден құрылады: қатысушылардың Жарғылық капиталға енгізетін  салымдарынан; алынған табыс, сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары  тыйым салынбаған  негіздер бойынша ие болған өзге де мүліктен қалыптастырылатын мүліктің меншікті иесі болып табылады.

Серіктестің  мүлкі  оның  балансында  есепке  алынады.  Қаржыға   деген  мұқтаждығын қанағаттандыру  үшін серіктестік,  Қазақстан   Республикасының   қолданыстағы  заңдарында   және осы  Жарғымен  белгіленген тәртіп  бойынша,  Қазақстан   Республикасында,  шетел  банктерінде   немесе  өзге   де  қаржы  мекемелерінде теңгеде  және шетел    валютасында      қарыздар  ретінде қаржы тартуға құқылы.

Компанияның басқаруы сызықтық иерархиялық  құрылым бойынша жүзеге асады. Басқарудың басты органы акционерлердің жалпы  жиналысы  болып табылады. Ол стратегиялық шешімдер мен өндірістік бағдарламаларды қамтамасыз етеді [6, 45б].

Кәсіпорынды оперативті басқаруды Басқарма жүзеге асырады. Олардың қарамағында өндірістік, техникалық басқару аппараты бар. Оперативті басқарушы кәсіпорынның қызметі туралы барлық сұрақтарда  басқарушылық шешім қабылдайды.  Фирманың ұйымдық құрылымын 1 суретте көруге болады.

 



 

 


 

 



 


 

 




 

 

 

1 сурет -  «Лесозащита»  ЖШС-ң ұйымдық құрылымы

 

Серіктестіктің  қызмет көрсетуді айналысатындығын көруге болады. Ұйымның төрт бөлімшесі бар:

а) бухгалтерия бөлімі;

ә) әкімшілік-құқықтық бөлім;

б) қызметтік бөлім;

г) клиенттермен жұмыс жасау бөлімі.

Кәсіпорынның басқаруды  ұйымдастыру негізгі өндірістік қорлары экономикалық болашақтық материалдық  базасын, олардың өндірістік аппаратын  құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың  тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.

Кәсіпорынның техникалық мүмкіншілігін тиімді пайдалануды  басқаруды ұйымдастыру көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс үрдістерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық жетістік шараларын жүргізу және т.с.с.

Өнімнің өндірісін өсіру, өзіндік құнын азайту, өнім сапасын  жақсарту, мүлікке салықтың азаюы  және баланстық өсімнің түсуі, кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалануын жақсарту оның қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.

«Лесозащита»  ЖШС қаржылық жағдайын қаржылық  оның өтімділік, қаржылық тұрақтылық іскерлік белсенділік, өтімділік және табыстылық көрсеткіштері есептеу 2010 және 2011 ж.ж материяларына негізделген.

Басқару қызметінің тиімділігін  анықтауда ұйымның қаржылық экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізудің манызы зор. Ол кәсіпорынның балансы мен оның қаржылық - шаруашылық қызметінің жылдық есебінің мәліметтеріне негізделеді. 2010 жылы  775825,0 мың теңге табыс алды, соның ішінде өткізуден түскен табыс 621145,8 мың теңгені құрады. Басқа да қызметтен түскен табыс 591,0 мың теңгені құрады.

Рентабельділік 2011 жылы 0,7 % өсіп 13,2% құрады (2010 жылы 12,5%).  Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі.

1 кесте - «Лесозащита»  ЖШС негізгі қаржылық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2009ж

2010ж

2011ж

Өзгерістер,

(+; - )

Өткізілген өнімнің  көлемі

566645

691301

514850

-25,6

Тауарлы өнімнің өзіндік  құны

469690

614598

454624

-26,1

Табыс

96955

75703

60226

-20,5

Рентабельділік

17,1

12,5

13,2

+0,7


Активтердің жалпы құрылымын  және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                            Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.

Алайда, кәсіпорын мүлік  құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі баланстық есептің  номиналды көрсеткіштерінің нақты  көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына  әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық құнын құру барысында жүргізіледі. Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.

Қаржы тұрғысынан алғанда  оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды  өзгеріс болып табылады - яғни мүлік  әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің  өскендігін көрсетеді. Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.                                                                                                            

Кәсіпорынның өтімділігің  талдау үшін ағамдағы, жылдам және абсолютті өтімділік коэффиценттері пайдаланылады, олар 2 - кестеде көрсетілген.

2 кесте - «Лесозащита»  ЖШС өтімділік көрсеткіштерін талдау

Көрсеткіштер

2011 жылға

31.12.2010 жылға

31.12.2010 жылға

Өзгеру, мың тг.

1

Ағымдағы активтер, мың  теңге

89491,31

111376,0

84995,5

-26380,5

2

Өтімді активтер, мың тг.

20232,7

80548,5

33915,3

-46633,2

3

Ақша қаражаттары, Мың  тг.

2107,48

3951,2

9217,8

5266,6

4

Қысқа мерзімді міндеттемелер, мың теңге

 

125810,69

33738,9

85600,7

51861,8

5

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті (1-жол \4 -жол), %

 

0,71

3,30

0,99

-2,31

6

Жылдам өтімділік коэффициенті (2- жол\ 4- жол), %

 

0,16

2,39

0,40

-1,99

7

Абсоютті өтімділік  коэффициенті (3-жол\4-жол ), %

 

0,01

0,12

0,11

-0,01

Информация о работе Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасы