Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін менеджменттің принциптер негізінде зерттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 16:37, курсовая работа

Описание работы

Қазақстандық экономика туралы айтқан кезде, менеджмент әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажеттілігі туралы ешкімде келіспеушіліктер пайда болмайды. Өткен бес жыл ішінде Қазақстан экономикасы сапалы жаңа түрге ие болды, өтпелі кезеңнің мәселелері күтілгенге қарағанда, неғұрлым күрделі және ауыртпашылық тудырғанына қарамастан, экономикалық жағдайдың тұрақтануы мен толыққанды нарыққа өту үшін қажетті жағымды жағдайлар мен алғышарттар жасалуда.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3


1. Банктік менеджменттің теориялық негіздері
1.1. Банктік менеджменттің түсінігі және мәні....................................... 6
1.2. Банктік саладағы менеджменттің дамуы......................................... 15


2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін
менеджменттің принциптер негізінде зерттеу
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының жалпы
сипаттамасы және қаржылық жағдайын талдау............................. 27
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік
менеджмент жүйесінің элементтерін талдау.................................... 40


Қорытынды............................................................................................................ 60


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................... 62

Работа содержит 1 файл

Курcовая.doc

— 399.00 Кб (Скачать)

       Бесіншіден, жоғарыда аталған шектеулердің реттеушілік  қызметімен байланысты банктік индустрия  арнайы салаларда қызмет етуі үшін жағымды жағдайлар жасалған банктік  емес ұйымдар санының өсуімен ұқсастырылады. Мысалы, General Motors сияқты көп уақыт бойы сату бойынша агенттер мүмкіндігімен және өзінің қаржылық жағдайымен байланған, автомобильдерді өткізу көлеміне тәуелді автомобиль компаниялары енді өзінің тұрақты клиенттері шеңберінен шығып, лизингтік операциялары мен несиелік қаржыландырудың кеңею мүмкіндігіне қол жеткізді. American Express сияқты туристік чектер мен несиелік карточкаларды шығаратын компаниялар біраз қосымша төлем үшін өзінің салымшыларына қаржылық қызмет көрсетулердің үлкен спектрін ұсыну мүмкіндігін ойлап тапты. Sears Roebuck сияқты сауда компаниялары банктерге жүзеге асыруға тыйым салынған халықаралық қаржылық қызмет көрсетулерде өзіне жақсы болашақты қамтамасыз ете отырып, өткізудің жалпы ұлттық нарықтарын құру мүмкіндіктерін пайдаланды.

       Алтыншыдан, банктік индустрияға технология көп әсерін тигізе бастады. Әсіресе  бұл операциялардың құны мен қағаз  ағындары өсе бастаған бөлшек банктік  қызметке әсер етті. Өсіп келе жатқан қызмет өндірісінің көлемін жеңу үшін банктер  пластикті карточкалар мен электронды машиналарды енгізуге ұмтылды. Сонымен қатар, көрсетілетін қызмет көлемінің өсуіне деген қажеттілік, әсіресе жұмыс уақытынан тыс, бірінші кассалық автоматтарды, ал содан кейін автоматты кассалық машиналарды, пайдаланудың өсуіне алып келді. Сөйтіп, көптеген мекемелер мүмкіндігінше автоматтандырыла бастады және нарықтық операциялардың жаңа түрі болып табылған мәліметтерді ақпараттық өңдеу бойынша нақты қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды.

       Жетіншіден, жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша банктік қызметте де бәсекелестік өсе бастады. Жинақтаушы және ссудалық банктердің тарапынан жасалатын, яғни салымшылардың қаражаттарын табысты тартуды жүзеге асыру коммерциялық банктермен қатты бәсекелестікке алып келді. АҚШ шекарасынан тыс орналасқан жинақтаушы банктер мен құрылыс ұйымдары ұсақ салымшылардың қаражаттарын тарту үшін өте көп қызметтер санын ұсынды. Ірі салымшылардың қаражаттары көп жағдайда ақша нарығының қорларымен немесе Merrill Lynch «Қолда бар ақшаны басқару жүйесі» брокерлік үйі ұсынатын қаржылық қызметтердің жаңа кешенімен алынып отырды. Бұл жағдай банктердің жұмысын біршама қиындатты. Жеке тұлғаларды несиелеуде бақталас өсе берді. Банктер арқылы операцияларды жүргізетін және несиелік карточкаларды қолданатын компаниялар арзан несиелерді ұсынды; дүкендер клиенттерге автоматты түрде жаңартылатын жүйелер ұсынды; несие-қаржы компаниялары мүлікті кепілге беретін займдар ұсынды және т.с.с.

       Сөйтіп 70-ші жылдардың аяғына таман банктік  индустрия неғұрлдым бәсеке қабілетті  болды. Қаржы институттарының әр түрлі түрлерінің арасындағы дәстүрлі айырмашылықтар тез жойылды. Бәсекелестердің көбісі ұлттық шекара шеңберінен шығып, ғаламды масштабта қызмет етті. Сонымен қатар заңнама тарапынан шектеулермен шектелмейтін нарықтың көп жаңа субъектілері пайда болды және бұл жағдай оларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылықтар берді. Жаңа технологиялар мен қызметтер баламаларының пайда болуы банктік қызметтің дәстүрлі әдістеріне нақты әсер ете алды.

       80-ші  жылдар банктік индустрияда өзгерістердің  одан да жоғары қарқындары сипатталды.

Бөлшектік банк  қызметі (жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша банктің қызметі)

    1. Тұтынушылық топтардың сегментациясы өсті.

    Ерекше  маңызы бар сегменттерге мыналар  жатады:

       Бай. Банктердің көп бөлігінде салымдары 100,000 $ асатын жеке  тұлғаларға тұтынушылық қызмет көрсетумен айналысатын бөлімдер ашылуда. Мұндай бөлімдер салық деңгейі біршама төмен аудандарда орналастырылады және швейцарлық банктермен көп тәжірибеленетін персоналды қызмет көрсету мен салымдардың құпиялығын сақтау қағидасына сүйене отырып салынады.

       Табыстылық  деңгейі жоғары тұлғалар. Бұл сегмент тұрғындардың өмір сүру деңгейі жоғары топтарының арнайы қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін дамыды. Осы мақсатпен Merrill Lynch брокерлік үйі, жетілдірілген компьютерлік жүйелерді пайдалана отырып, өзінің «Қолда бар ақшаны басқару жүйесін» енгізді, сол арқылы 20,000 $ және одан да жоғары салымдар бойынша ақша нарығында тиімді ссудалық пайызды қамтамасыз етті. Сонымен қатар Merrill Lynch шотта жатқан сомалар шегінде кепілге негізделе отырып, Visa карточкалары мен чек шоттарының иелеріне займдарды автоматты түрде алуға мүмкіндік ұсынды. Операциялардың мұндай типінің тез өскен сәттілігі банктерді жауапты іс-әректтерге және ақша нарығының ставкалкрына сүйене отырып, ағымдық шоттар бойынша пайыздарды ұсынуға итермеледі. Бірақ көптеген компаниялар да клиенттерді тарту үшін жаңа қызметтерді енгізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде коммерциялық банктердің депозиттік базасы біршама қысқарды.

       Дамыған бәсекелестік шоттарды ары қарай  зерттеуді талап етті. Банктер өздерінің қалыптасқан дәстүрлі депозиттік базасына әсер етуіне жауап ретінде олар әр түрлі арнайы қызмет көрсету мүмкіндіктерімен клиенттерді анықтауды қарастыра бастады. Ондай арнайы қызметтерге персоналды займдар, несиелік қаржыландыру, сақтандыру, бірінші және қайталама салымдармен операциялар және т.б. жатады. Көптеген банктердің депозиттік базасының негізін клиенттердің табысы аз контингенті құрайды. Олар үшін басқа қаржылық институттармен күшті күрес жүріп жатты.

    1. Ақпаратты қағаз жүзінде өңдеуге негізделген жүйелерді ауыстыру.

       70-80-ші  жылдары банктердің жұмысы көрсетілетін  тұтынушылық банктік қызметтердің  құнын төмендетуге бағытталды. Бұл  банк ісінің максималды автоматтандырылуын  қажет етті. 80-ші жылдардың аяғына  таман дәлдігі жоғары автоматты кассалық машиналар ғана емес, банктік қызметті үйде жүргізу де дами бастады. Сонымен қатар, қызметтердің тізімін кеңейтуге мүмкіндік беретін және ақпараттың үлкен көлемін сыйдыратын дебеттік және несиелік карточкалар көмегімен есептеулер жүйелері дамыды. Адам еңбегін машиналармен ауыстыру жеделдетілген қарқынмен жалғасады, себебі ақпаратты жеткізу жүйелерінің жаңа технологияларының құны үнемі төменде барады, ал кассирлер мен басқа персоналдың еңбекақысына төлемдерінің шығындары тұрақты өсу тенденциясына ие.

  1. Қаражаттарды тарту саласындағы сияқты, ссудалық қызмет көрсетуді ұсыну саласында да бәсекелестіктің өсуі.

       80-ші  жылдары өздерінің клиенттеріне  қаржылық қызметтерді ұсынатын  банктер мен басқа қаржы институттарының  арасында бақталастың күшеюі жалғасуда. Американдық банктерге депозиттерді тарту мәселесін шешуді күрделендіретін, филиалдарды ашуға өте қатты тұрақтанған шектеулердің қысымы әлі де байқалды. 1927 жылдың өзінде Конгресс Макфэдден Заңын қабылдады, оған сәйкес ұлттық банктерге олардың бас конторасы орналасқан қала шегінде ғана бөлімдерді ашуға рұқсат берілді, бірақ, сонымен қатар, барлық штаттардың заңнамасы мұндай іс-әрекеттерге рұқсат берген жоқ. Банктер мұндай тиімсіз жағдайдан шығу жолдарын іздестіре бастады, нәтижесінде көптеген ірі банктер бүкіл ел бойынша ірі қалаларда өзінің конторларын аша бастады. Бұл конторлардың функциясына салымдарды қабылдау қызметі кірген жоқ. Мұндай конторлар штат ішінде бөлімдерді ашуға тыйым салатын инструкцияларға қарама-қайшы келеді, себебі заңнамаға сәйкес мемлекеттің реттеушілік әсері тек депозиттердің әр түрлі типтері ашатын бөлімдерге ғана таралады. 80-ші жылдардың аяғына таман көптеген штаттар басқа штаттарда орналасқан холдингтік банктік компаниялар мен банктердің бөлімдеріне өзінің территориясында қызмет етуге рұқсат берді.

       Сөйтіп, АҚШ-та, нәтижесінде әр түрлі штаттарда  ірі қаржы банктік орталықтарына  ие штатаралық банктік жүйе нығая  түсті, әсіресе олар Күн белдеуі  және оңтүстік-батыс сияқты елдердің аймағында тез дами бастады. Сонымен  қатар банктік конгломераттар арасында таралған штат аралық карточкалық жүйелер шетелдік банктер тарапынан бәсекелестікке қарсы тұра алады деп саналды.

       Бөлшек  нарықтың таңдалған сегменттерінде банктерден басқа басқа да ұйымдар  енуін жалғастырды. Мысалы,   Merrill Lynch компаниясы көрсеткен әректінің артынан American Express және тағы басқа сақтандыру компанияларымен сияқты, банктер және басқа да институттармен өзара байланыста болған барлық негізгі ұйымдар ерді. Клиенттерді тарту үшін, нарықты жаулап алу үшін қажетті әр түрлі қаржылық қызметтерді көрсететін  Sears Roebuck сияқты сауда топтары да банктердің сәтті қызмет етуіне күрделі әсер етті.

       Мұндай  бәсекелестік көптеген басқа елдерде  де байқалды. Ұлыбританияда қосымша  бәсекелестік сақтандыру компаниялары, құрылыс ұйымдары, шетелдік банктер мен сауда фирмаларының тарапынан байқалды. Германияда дәстүрлі банктік жүйеге несие карточкаларының жүйесін кеш енгізу факты үлкен әсер етті. Бұл жағдай карточкаларды пайдаланатын сауда фирмаларына, әр түрлі компанияларға, жинақтаушы және шетелдік банктерге депозиттік базаға күрес кезінде маңызды артықшылытарға ие болуға мүмкіндік берді. Жапонияда коммерциялық банктердің қызметіне әр түрлі компаниялар мен пошта маңызды әсер етті.

Көтерме банктік қызмет (кәсіпорындарға қызмет көрсету бойынша банктік қызмет)

    1. Бәсекелестіктің күшеюі.

       Күшті бәсекелестік 80-ші жылдары да жалғасты, себебі банктер бұл күресте артықшылыққа ие болғысы келді.

       70-ші  жылдардағы американдық халықаралық  банктердің бәсекелестік басымдығы  80-ші жылдары Barclays, Banque Nationale de Paris, Deutsche Bank, Credit Lyonnais, Algemmene Bank сияқты ірі еуропалық банктердің жауапты әрекетімен алмастырылды. Себебі бұл банктер АҚШ-ң алдыңғы қатарлы банктерінің қызметіне үйрене отырып, өзінің глобалды желілерін құруда, немесе құрылған бөлімдердің құрылысын аяқтауда. Көтерме сауда бизнес-орталықтарына және барлық негізгі корпорацияларға кіретін банк-бәсекелестердің жалпы саны шамамен 50-ге жетті.

       70-ші  жылдардың аяғына дейін негізгі  банктердің қатарына Industrial Bank of Japan және Bank of Tokyo сияқты ірі жапон коммерциялық банктері мен алдыңғы қатарлы мамандандырылған банктер кірген жоқ. Массивті индустриялық топтардың орталығында орналасқан бұл банктер өте қуатты және күшті бәсекелестер болып табылды, ал индустриалды топтардың өздері ұлттық шекара шеңберінен шығып, Жапонияның халықаралық сахнада орнын нығайтты. Сөйтіп, 80-ші жылдардың ортасына таман әлемнің алдыңғы қатарлы банктерінің алғашқы ондығына 5 ірі жапондық банктер кірді.

       Жаңа  индустриалды және мұнай долларларында біраз артықшылықтарға ие елдерінде бірқатар жаңа қаржы институттары пайда болды. Жақын болашақта әлемдік банк ісінде Banco do Brasil, Hong Kong & Shanghai сияқты банктер және Парсы шығанағының елдерінің банктері маңызды рөлді атқарады деп күтілуде.

         Сонымен қатар, банктік емес  институттар тарапынан да бәсекелестік  өсуде. American Express, Merrill Lynch және негізгі несие-қаржы компаниялары корпоративті нарықта белгілі бір позицияларды иеленді, және бұл тенденция сақталады. Сыртқы нарықтарға шығу мақсатымен индустриалды компаниялардың өсіп келе жатқан саны өзінің қаржылық қызмет көрсету шекарасын кеңейтеді. General Motors Acceptance Corporation сияқты ұйымдар өнеркәсіпті несиелік қаржыландыру бойынша, лизинг және операциялардың басқа түрлерін General Motors құрамына кірмейтін компанияларға ұсынады. Көптеген тәуелді сақтандыру компаниялары қазір үшінші тұлғалар – ұйымдармен заңды түрде операциялар ұсынады.

    1. Жүйелік өнімдердің дамуы.

       Бөлшек  нарығындағы сияқты көтерме нарықта  да жүйелік өнімдердің дамуы үлкен  маңызға ие бола бастады. Клиенттердің көңілін табу үшін ірі банктер  өзінің глобалды желілері мен алдыңғы  қатарлы коммуникацияларды, сонымен  қатар ақпаратты компьютерлік өңдеу мүмкіндігін пайдалануда. Банктер қолда бар ақшаны басқару жүйесі мен әр түрлі ақпаратты өңдеу бойынша қызметтерді ұсына бастады.

       Сөйтіп, бәсекелестіктің үнемі өсіп келе жатқан деңгейінің және жаңалықтардың  тез ауыстырылуының нәтижесінде көптеген банктер бәсекелестік күресте өзіне сәттілікті қамтамасыз ету үшін немесе сыртқы қауіпті төмендету үшін, өзінің құралдарын стратегиялық жоспарлау саласында неғұрлым тиімді орналастыруға тырысу арқылы өз күштерін нығайтуда. Осы уақытта менеджмент банктік жоспарлауда маңызды элемент ретінде пайда болады. Дәстүрлі банктер стратегиялық жоспарлауға да, менеджментке де қажетті көңіл бөлмейтін, соның нәтижесінде олардың көбісі шеттен кеңес берушілердің немесе өнеркәсіптік компаниялардың, олардың тұжырымдамасы мен әдістемесін түсіну үшін, көмегіне жүгінетін. Бірақ 70-ші жылдар бойы, банктер жаңа тұжырымдамаларға біраз көңіл бөлсе де, олар бұрынғыдай өзінің қызметінде басқару өнеріне қарағанда, дәстүрлі «банктік» әдістерге   басымдықты көп беретін. 80-ші жылдардың бәсекелестік ортасы мұндай жағдайды қайта қарастыруға әкелді, және басқару өнерінің маңызы өсті.

       Біздің  елімізде банктік қызмет саласында  менеджменттік тұжырымдаманы пайдалану туралы айту, мысалы өнеркәсіптегіге қарағанда, біршама негізделген. Бұл тауарлар нарығында «сатып алушы нарығы» ғана емес, «сатушы нарығы» да жасалмаған, сонымен қатар мұнда жалпы қоғамдық тапшылық орын алуда. Банктік қызмет саласында – басқаша сурет. Мұнда екі деңгейлі жүйенің пайда болуына байланысты нарықта әр түрлі қызметтерді ұсынатын коммерциялық банктердің санының өсуі байқалды. Бұл жағдай күшті бәсекелестіктің пайда болуына әкелді. Соған сәйкес, «сатып алушы нарығының» қалыптасуы үшін қажетті барлық алғышарттар пайда болды. Ал бұл, өз кезегінде, банктердің менеджмент тұжырымдамасын қолдануды талап етеді.

Информация о работе Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының банктік іс-әрекетін менеджменттің принциптер негізінде зерттеу