Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

Ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлімді төмендету  мәселесі бірінші кезекке шықпақ. Үкіметке екі ай мерзім ішінде Қазақстанда, біз жүрек- қан тамырлары аурулары мәселесі бойынша жасағандай, Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Сол сияқты Ұлттық медициналық холдинг арқауында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру мәселесін де қарастыру қажет. Үкімет үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуі тиіс.

Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ - медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар жақсы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.

Әкімдерге халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың колжетімділігін кеңейту туралы мәселені шешуді тапсырамын. Соңғы жылдары Астанада да, облыстарда да көптеген спорттық нысандар салынды. Оларға балалар да, үлкендер де бара алмайды деген шағым көп. Осы спорттық ғимараттардың бәрін де қолжетімді ету керек. Адамдар спортпен айналысатын болсын.

 

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру

 

Қазақстан посткеңестік кеңістікте бірінші болып жинақтау жүйесін табысты енгізді. Салымшылар саны 8 миллион адамды құрайды. Жиналымдар көлемі 17 миллиард доллардан асады. Сонымен бірге, бүгінде салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан да зейнетақы аударымдарына алымға қарағандай қарау қалыптасқан. Ал жекелеген зейнетақы қорларының басшылығы оларды өзінікіндей көріп, көбіне-көп шығындарын жабу арқылы акционерлердің мүдделеріне қызмет істейді. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бірінші жартыжылдықтың соңына дейін зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар қалыптастыруы керек.

 

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар

 

Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді. Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс. Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануга берілді. Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды. Біз экономикамыздың озык кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс.

Үкіметке инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржы қарастыруды тапсырамын.

Бірінші. Оңтүстік өңірлердегі энергия тапшылығы проблемасын шешу үшін Үкіметке үстіміздегі жылы қуаты 1320 мегаватт, құны 2,3 миллиард доллар тұратын Балқаш ЖЭС-інің бірінші модулінің құрылысын бастауды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл өте маңызды. Қарқынды дамып келе жатқан оңтүстік өңірде электр энергиясы бойынша тапшылық бар. Біз ешкімге тәуелді болмауға тиіспіз. Бұл мәселе өте көптеген жәйттерді шешеді. Балқаш ЖЭС-і бойынша барлық мәселелер шешілді. Істі жеделдетіп, осы жұмысты бастау қажет.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автомобиль дәлізінің қазақстандык учаскесінің құрылысын аяқтаудың маңызы зор. Бұл шынымен де ғасырдың халықтық құрылысы. Бұрын қай жерде 3 жыл ішінде 2700 шақырым сапалы автомобиль жолы салынып еді? Біз алдағы жылы бұл жұмысты аяқтауға тиіспіз. 1200 шақырымға созылатын Жезқазған - Бейнеу және Арқалық - ІІІұбаркөл екі темір жол желілері құрылысына кірісудің де маңызы үлкен. Бұл жобалар Жезқазған-Арқалық өңірінің дамуына қуатты серпін беретін болады.

Екінші. Үкіметке Жамбыл облысында құны шамамен 2 миллиард доллар тұратын кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жөніндегі жобаны жалғастыруды тапсырамын. Бұл тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы үшін қажет. Жоба Жамбыл облысының және бүтіндей оңтүстіктің экономикасын көтеруге мүмкіндік береді.

Үшінші. Атырау мұнай өңдеу зауытында құны 1,7 миллиард доллар тұратын мұнайды терең өңдеу кешенін құруды қамтамасыз ету қажет. Ол бензин өндіруді үш есе дерлік - 1,7 миллион тоннаға дейін, ал дизель отынын

миллион тоннаға дейін  ұлғайтып, Қазақстанды отынның осы  түрлерімен қамтамасыз етеді.

Төртінші. Құны 6,3 миллиард доллар тұратын Атырау газ-химия кешенінің жобалық қуатына шығуын қамтамасыз ету қажет, ол жыл сайын 500 мың тонна пропилен мен 800 мың тонна полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді. Мұндай өнімді біз Қазақстанда әлі шығарған емеспіз.

Бесінші. Жобалауды аяқтап, Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 5 миллиард текше метр газ өңдеуге жететін зауыт құрылысына кірісу қажет.

Алтыншы. Үкіметке елдің, Астананы қоса алғанда, орталық өңірін газдандыруды қамтамасыз ететін құбырлы өткізгіш жүйесін жоспарлап, жүзеге асыруға кірісуді тапсырамын. Бұл көп қаржыны қажет ететін, маңызды жұмыс. Газға тәуелділіктен арылу үшін біз оны жасауымыз керек. Қазақстан - мұнай мен газ өндіретін ел. Біз елімізді газдандыруға міндеттіміз. Бұл жобалардың көпшілігі бойынша инвестициялау мәселелері шешілген, ал қалғандары бойынша шешу қажет. Үкімет пен Парламентке жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыруға қажетті қаржы бөлу үшін бюджетті қайта қарау жөнінде ұсыныс енгіземін. Тұрғын үй, ірі кәсіпорындар құрылысы төңірегінде құрылыс индустриясы, металлургия, өңдеу өнеркәсібі дамитын болады. Жаңа, жас кәсіпкерлердің пайда болуына көптеген мүмкіндіктер туады. Олар мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тиіс. Қаржы шығындарын бақылау үшін 2008-2009 дағдарыс жылдары кезеңінде нақты және тиімді жұмыс істеген және өзінің тиімділігін дәлелдеген комиссия секілді арнайы комиссия құруды тапсырамын. Бұл жобалардың барлығын біз осы жылдың өзінде бастайтынымызды атап көрсетемін.

 

Отандық ғалымдарды қолдау қажет

 

Назарбаев Университеті төңірегінде трансферт пен жаңа технологиялар құруга ықпал ететін инновациялық-интеллектуалдық кластер қалыптасуы тиіс. Астанада жоғары технолоғиялы кәсіпорындар құра отырып, біз бұл тәжірибені Қазақстанның басқа да ғылыми-білім беру орталықтарына тарататын боламыз. Бізде заңнамалық негіз бар. Бұл менің тапсырмам бойынша қабылданған «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» жаңа заң. Соның негізінде мемлекеттің, бизнес пен ғылымның өзара іс-қимылының инновациялық әлеуетін өрістету қажет. Үкіметке мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді қарастыратын заң жобасын дайындауды тапсырамын. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.

Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді. Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді. Үкіметке осы ғажайып аймақты, сондай-ақ Ақмола облысындағы Бурабай курортты аймағын дамытудың Жүйелі жоспарын жасауды тапсырамын. Өздеріңіз білетіндей, менің қамқорлығымдағы ерекше шаруа - іскерлік және инвестициялық ахуалды нығайту.

Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде көптеген қазақстандықтар оның тиімділігіне көз жеткізіп үлгерді. Үкіметке бағдарламаға инновациялар енгізу үстіндегі бастаушы және жас бизнесмендерді қолдаудың қосымша шараларына қатысты өзгерістер енгізуді тапсырамын. Бүгінде қаржы-экономикалық, оның ішінде салықтық кұқық бұзушылықтарды қылмыссыздандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.

Кеден және салық комитеттеріне, қаржы полициясына құқықтық нормаларды, оның ішінде қосарланған салық салу бойынша құқықтық нормаларды қолдануда бірізді болу қажет. Отандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын қорғау мен қолдау, заңнамалардың болжамдылығы мен транспаренттілігі Қазақстандағы іскерлік инвестициялық ахуалдың негізі болуы тиіс. Біздің шенеуніктер инвесторларға тосқауыл коюға емес, қай жағынан да оңды жәрдемдесуге тиіс деп табанды талап етемін. Біз отандық және шетелдік инвесторлармен нормативтік-құқықтық актілер жобаларын жасау үдерісінде тұрақты консультациялар өткізудің тетігін нығайтуға тиіспіз. Кәсіпорындардың бизнесті жауапкершілікпен жүргізудің қағидаттарын сақтауын ынталандырудың стратегиясын жасап, жүзеге асыру бойынша ұлттық байланыс орталықтарын құру қажет.

2012 жылы Қазақстанның  БСҰ-ға өтуі туралы келіссөздер аяқталуы тиіс. Бұл біздің экономикамыздың инвестициялық тартымдылығын айтарлықтай жоғарылатады.

 

 

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту

 

Қазақстанның аграрлық секторы үлкен экспорттық мүмкіндіктерге және инновациялар енгізу үшін жоғары әлеуетке ие. Азық-түлікке деген қажеттілік әлемде жыл сайын өсе беретін болады. Бізге бұл мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды. Мемлекет ауыл шаруашылығына орасан көмек көрсетіп отыр. Бізге жеке инвестициялардың аграрлық өндіріске тәуекелін төмендету үшін заемдарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін жасап енгізу керек. Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту үшін балама жолдар табу қажет. Үкіметке бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін жасап, енгізуді тапсырамын. Мемлекетке астық саласын ұйымдастыру және құрылымдау, бір тұтас астық холдингін құру қажет. Ет өндірудің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыруды белсендірек ету қажет. Үкіметке мал шаруашылығының басқа салаларын, оның ішінде қой шаруашылығын, сондай-ақ жемазық өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту жөніндегі бағдарламаларды жасауды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндеттерді  орындап, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамымызды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз. Сонымен бірге, Қазақстан әлемдік саясаттың лайықты қатысушысы ретінде бейбітшілікті нығайту мен қауіпсіздік жолдарын айқындауға белсенді қатысуын жалғастырады. Біз ядролық қауіпсіздік, Ядросыз әлемнің жалпыға бірдей деклараңиясын қабылдау жөніндегі бастамаларды ілгерілеттік. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Сеулде өтетін Ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жаһандык саммитте олар нақтыланатын және толықтырылатын болады. Осы жылы біздің әлемдік дағдарыстан шығу жөніндегі «G global» идеясы талқыланады деп үміттенетін Астана экономикалык форумы үлкен маңызға ие болады. Сондай-ақ осы жылы Астанада халыкаралық конфессияаралық үнқатысудың маңызды алаңына айналған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтеді.

Біз Қазақстан жариялаған Жаһандық энергиялық-экологиялык стратегияны жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Біз «жасыл» технологиялардың трансфертіне бағытталған Астананың «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Қазақстанның сыртқы саяси ұсыныстары әлемдік қоғамдастықтан қолдау тапты.

Әлеуметтік жаңғырту - бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің - партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіби одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлык патриоттары қызметінің темірказық мәселесі.

 

2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың  іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліг, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері.

 

Бағдарламаның мақсаты

 

Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

 

Бағдарламаның міндеттері

 

Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен нәтижелі қамтылуға тарту; Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту;

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру:

Бағдарламаны іске асыру мерзімі және кезеңдері:

кезең-2011 (пилоттық)

кезең - 2012 - 2015 жылдар

кезең - 2016 - 2020 жылдар

 

Бағдарламамен 1,5 млн. дейін  адам камтылатын болады; кедейлік деңгейі 8,2 %-дан 6 %-ға төмендейді; жұмыссыздық деңгейі 5,5 % аспайтын болады; жұмыспеп қамтылған халық кұрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі 33,3 %-дан 26 %-ға төмендейді;

Жұмыспен қамту бағдарламасын  іске асыру есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі 20 % құрайтын болады.

          Қаржыландыру көлемі 2011 жылы Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға жұмсалатын республикалық бюджет шығыны 40,2 млрд. теңгені құрайтын болады. Келесі жылдары мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге арналған тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады. Бұл ретте 2012 - 2015 жылдары қаржыландыру көлемі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңгені құрайтын болады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)