Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

Төртінші басымдық – мониторингілеу және бақылау (МИАЦ, компьютерлеу, ЕИСЗ) жүйесінің тиімділігін арттыру. БОР және тиімді менеджментті енгізу барабар ақпарат алуды және талдауды қамтамасыз етеді. 

Бесінші басымдық – АМСК жүйесінің тиімділігін және жедел дамуын арттыру.  Қымбат стационарлық технологиялары бар ресурстарды амбулаториялық деңгейге қайта бөлу АМСК-ны медициналық көмек көрсету бөлігінде ғана емес, алдын алу іс-шараларын маңызды арттыруда басымды дамуын болжайды, ол аурудың төмендеуіне әкеледі. 

Алтыншы басымдық – денсаулық сақтау менеджерлері институтын енгізу. ПХВ мәртебесінде емдеу ұйымдарының жұмыс істеуі, медициналық қызмет көрсетудің орнын толтыратын ынталандыру әдістерін енгізу, кәсіби оқыған мамандардың – менеджерлердің болуын талап етеді. 

Жетінші басымдық – тиімді медициналық технологияларды енгізу. Заманауи және тиімді медициналық технологияларды (МРТ, КТ, эндо-бейне, АКШ және т.б.) енгізу аурулардың стационарларда орташа болуын қысқартуға және емдеу нәтижесін – емделушінің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 

 

Күтілетін нәтижелер 

Денсаулық сақтау саласында  алдыға қойған мақсаттарды іске асыру  үшін төмендегі нәтижелерге қол  жеткізіледі: 

  1. 2010 жылы жаңа туған нәрестелердің өлім үлесі 85%-ға, 2500 грамнан артық өлі туған нәрестелердің үлесі 75%-ға, сондай-ақ орталық аудандық ауруханалар деңгейінде нәресте өлімінің салыстырмалы салмағы 50%-ға және үйде 70%-ға төмендейді;
  2. 2012 жылы өлім және туберкулезбен ауыру 1990 жылғы деңгейге дейін (ауыру мың адамға шаққанда 64,5, өлім 7,8 адамға) төмендейді; 
  3. 2010 жылы медициналық персонал толығымен халықаралық қағидатпен оқытылады; 
  4. амбулаториялық көмекті пайдалану артады, қаражат тиімді пайдаланылады, сондай-ақ жаңа медициналық технологиялар енгізіледі;
  5. КЗГ, ДКПН енгізу есебінен денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру, бағдарламаларды шоғырландыру және бюджеттік-қазынашылық тәртіптемелерді жеңілдету тиімділігі артады; 
  6. 2015 жылы денсаулық сақтау саласында сектораралық тәсіл есебінен халықтың денсаулық сапасы артады - өмір сүрудің орташа ұзақтығы 5 жылға, басқарылатын себептерден өлім 30%-ға төмендейді, әйелдердің денсаулық индексін арттыру  50%-дан төмен болмайды;
  7. өңірлендіру қағидаттары есебінен халықтың мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 

 Білім беру жүйесін дамыту

 

Білім беру саласында  екі негізгі бағыт бойынша  ықпал ету шаралары көрсетіледі: 

  1. Мектепке дейінгі білімді дамыту; 
  2. Техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және жетілдіру. 

Осы бағыттар адами капиталды дамыту, жақсы өмірді және сапалы білім алуға кең ауқымды қолжетімділікті  қамтамасыз ету саясатында, сондай-ақ осы деңгейлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар шегінде көкейтесті болып табылады. 

 

Мектепке дейінгі  білімді дамыту

 

Мектепке дейінгі білімді дамыту бағытындағы негізгі басымдықтармен төмендегілер белгіленеді: 

Бірінші басымдық – тұрғындардың отбасының материалдық қамтамасыз етілуіне, тұратын жеріне, ұлтына және денсаулық жағдайына қарамастан толық мектепке дейінгі білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;  

Екінші басымдық – мектепке дейінгі біліммен қамтылу деңгейін арттыру.

Үшінші басымдық – республика деңгейінде мысал ретінде кейінінен енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың жаңа модельдерін дамыту және саралау. 

Мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы модельдерін дамыту үшін мынадай нысандар енгізіледі: 

1. Мектепке дейінгі шағын орталықтарды ұйымдастыру есебінен жалпы білім беретін мектептің әлеуетін пайдаланумен мектепке дейінгі біліммен қамтылатын болады. Шағын орталық – 1 жастан 6 (7) жасқа дейінгі балаларды дамыту және олардың ата-аналарын баланы тәрбиелеуді және оқытуды ұйымдастыруда, әлеуметтік бейімдеуде кеңес беру-әдістемелік қолдау көрсету мақсатында құрылатын мектепке дейінгі мекемелердің баламалы нысаны. 

2. Ауылда мектепке дейінгі жастағы балалар отбасылық түрдегі балалар бақшасының жаңа моделін ұйымдастыру есебінен мектепке дейінгі біліммен қамтылуы артатын болады. Осы модель ауылдық аудандарда мектепке дейінгі білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету, балаларды ынталандыру және ата-аналарын ақпараттандыру үшін әзірленуде.  Орталықтар жергілікті үйлердің 1-2 бөлмесінде орналасады, оны отбасы онда мектепке дейінгі білім беру орталығын ұйымдастыру үшін тапсырған; кейбір жағдайларда үй толығымен тапсырылады. 

3. Жеке меншік балалар бақшалары желісі дамитын болады.   Балалармен қамтылу деңгейі төмен елдердің қалалық жерлерінде мектепке дейінгі білімді дамыту проблемасы үкіметтің жеке меншік секторын қолдау үшін жағдай жасау есебінен шешіледі. Осы жүйенің арқасында мемлекет мектепке дейінгі білім беруге қолжетімділікті кеңейтеді. 

4. Ірі кәсіпорындар қаржыландыратын (бизнестің әлеуметтік корпоративтік жауапкершілігі қағидатын қолданып) балалар бақшасы есебінен қамтылатын болады.  

 

Техникалық  және кәсіби білім беруді дамыту және жетілдіру

 

Техникалық және қызмет көрсететін кадрларды дайындау тұрақты  экономикалық дамуды қамтамасыз ететін орта сыныпты қалыптастыру үшін негіз  болып табылады. Осыған байланысты облыстың техникалық және кәсіби білім  беру жүйесін жетілдіру еңбек нарығындағы ақпараттық технологиялар мен өсіп келе жатқан бәсекеге қабілеттіліктің әсерімен білім экономикасына көшу және жаһандану жағдайында облыстың индустриалды-инновациялық даму міндеттерін шешумен байланысты техникалық және қызмет көрсететін кадрларды дайындауда сапалы серпіліс қажеттілігін туындатады. 

Техникалық және кәсіби даму басымдықтары мыналар болып  табылады: 

Бірінші басымдық – техникалық және кәсіби білім беру сапасын және кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осы бағыт бойынша негізгі күш-жігер инженерлік-педагогикалық жұмыскерлерді дайындау, техникалық және кәсіби білім беруді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жақсарту, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және білім беру сапасын бағалау мен басқарудың тәуелсіз жүйесін енгізу деңгейін арттыруға бағытталған.  

Екінші басымдық – әлеуметтік әріптестік тетігін дамыту. Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде жұмыс берушілерді мамандарды оқытудың жаңа әдістерін, әдістемелерін және қағидаттарын әзірлеуге белсене қатысуға тарту жөніндегі бағдарламалар енгізілетін, кәсіби-техникалық білім беретін оқу орындарда педагогикалық қызметке кәсіпорынның біліктілігі жоғары мамандары тартылатын болады.  Жұмыс берушілердің қажетті біліктілікті, білім мен дағдыны, стандарттарды белгілеу үшін техникалық және кәсіби білім берудің білім беру үдерісіне қызығушылығы техникалық және қызмет көрсетуші кадрларды дайындауда әлеуметтік әріптестіктің дамыған жүйесінің көрсеткіші болып танылады. 

Үшінші басымдық – білікті кадрларға қажеттілік мониторингі және болжау жүйесін жетілдіру. Облыстың техникалық және қызмет көрсетуші кадрларға қажеттілігін анықтау үшін техникалық және қызмет көрсетуші кадрларға білім беру тапсырысын жүзеге асыратын тұжырымдаманы есептеудің және талдаудың, өзгертудің тиімді әдістемесі дайындалатын болады. 

Төртінші басымдық – өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың біліктілігін арттыру.  Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарға базалық білім беру үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылатын болады, мысалы, шаруашылық жүргізу, менеджмент, маркетинг, бухгалтерлік есеп, компьютерлік дағды. Бұл тұрғындардың кәсіпкерлік белсенділігін арттырады және шағын бизнесті дамытуды ынталандыратын болады. 

 

Күтілетін нәтижелер

 

Білім беру саласындағы  міндеттерді іске асыру облыс  тұрғындарының толық мектепке дейінгі  білім алуына тең қолжетімділігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, техникалық және кәсіби білім беру сапасын арттырады және орта білім  беру деңгейінде аз жиынтықталған мектептерде 12 жылдық білім алуға көшуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі: 

  1. 2012 жылға дейін облыста 7 ауданда мектепке дейінгі білім берумен 50%-ға дейін қамтуды арттыру есебінен мектепке дейінгі біліммен 60%-ға дейін қамтылатын және Көкшетау және Степногорск қалаларында кезектілік 80%-ға төмендейтін болады; 
  2. Облыста мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандары/модельдері енгізілетін болады; 
  3. Техникалық және кәсіби білім  түлектерінің саны және мамандығы бойынша жұмысқа орналасатын түлектердің үлесі артатын болады;   

Кәсіби білім беру және оқыту жүйесін жетілдіру  өз кезегінде Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ете отырып, техникалық және қызмет көрсетуші кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін толығымен арттырады.

 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жай-күйін жақсарту

 

Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылықты (ТКШ) дамыту деңгейі едәуір деңгейде тұрғындардың өмір сүру жағдайын белгілейді және облыстың бәсекеге қабілетті  кадрлық әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған байланысты ТКШ-ны дамыту жөніндегі міндеттерді шешу облыстың бәсекеге қабілеттілігін толығымен арттырудың  маңызды элементі болып табылады. 

ТКШ-ны дамытудың негізгі  бағыттары мыналар болып табылады: 

  1. Облыстың тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту; 
  2. Коммуналдық қызмет көрсету саласындағы инфрақұрылымның тозуын төмендету; 
  3. Коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын жұмысын тиімділігін арттыру.  

 

Облыстағы тұрғын үй қорының жай-күйін жақсарту

 

Тұрғын үй қорының  жай-күйін жақсартуда негізгі роль тұрғын үй меншік иелерінің бірлестіктеріне тиесілі.  Тұрғын-жай қорына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау үшін ПИК жұмысының тиімділігін арттыру қажет, табысы төмен азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысы тетігі көмегімен атаулы қолдау көрсету, тұрғын үй қорының жай-күйі туралы деректер қорын тиісті жағдайда құру және қолдау. 

Осы бағыт бойынша  негізгі басымдықтар ретінде  мыналар белгіленеді: 

Бірінші басымдық – ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуді қамтамасыз ету. Тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу және одан әрі нормативтік пайдалану үшін қаржылық негізді қамтамасыз ету табысы төмен азаматтарды қолдау жағдайында меншік иелерінің күрделі жөндеуге (бұл жағдайда төлемақы деңгейінің артуы мүмкін) төлем жүргізу арқылы жүзеге асырылады.  

Екінші басымдық – ПИК жұмысының тиімділігін арттыру. Тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізу және одан әрі нормативтік пайдалануды жүзеге асыру үшін жағдай жасау тек ПИК жұмысының тиімділігін және олардың басқа тартылған тараптармен өзара байланысын арттырған, оның ішінде ПИК төрағаларын және қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру, олардың жұмыс істеуі үшін оқулықтар, әдістемелік ұсынымдар және нормативтік-құқықтық актілер жиынтығын шығару жолымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 

Үшінші басымдық. Басқару нысаны жоқ көп пәтерлі тұрғын үйлерде ПИК қалыптастыруды қолдау жолымен тұрғын үй қорын басқаруды жетілдіру. 

Төртінші басымдық. Облыстың тұрғын үй қоры және жұмысты жоспарлау бойынша ақпарат жинау жүйесін құру. 

 

Коммуналдық қызмет көрсету саласында инфрақұрылымның тозуын төмендету

 

Бірінші басымдық – газ бөлгіш жүйенің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету.  Орталықтандырылған газбен қамтамасыз етуді қалпына келтіру, газ бөлгіш қондырғыларды жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Көп қабатты үйлерде баллон газын пайдаланудан толығымен бас тарту қажет. 

Екінші басымдық – жөндеу жұмыстарын жүргізу есебінен сумен қамту және кәріздеу желілерінің тозуын төмендету. Сумен қамту және кәріздеу желілерінің тозуына байланысты олардың тұрақсыз жұмыс істеуіне қауіп бар. 

Үшінші басымдық – электрмен қамтудың сенімділігін арттыру. Ақмола облысында электрмен қамтудың артып келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы электрмен қамту желілеріне жөндеу жүргізіледі. 

Төртінші басымдық – жылумен қамту сенімділігінің артуы. Жылумен қамту саласында тек желілердің тозуын төмендетіп қана қоймай, жылумен қамту көздерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру қажет. 

Бесінші басымдық – елді мекендерді тұрақты тазалау және қалдықтарды пайдаға асыру. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары қайта жаңартылады және қалдықтарды шығару және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуды ынталандырады. 

 

Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорынның жұмыс істеу  тиімділігін арттыру 

 

Коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорын, меншік нысанына қарамастан,  өз жұмысын нарықтық тиімділік қағидатына негіздеуі қажет. Осыған байланысты осы бағыт бойынша басымдық мынадай болып табылады: 

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)