Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

 

Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесі

 

Тұрғын үй құрылысы жинақтарыны жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қарыз алу мақсатында жеке жинақтардың (қазіргі кезде тұрғын үй құнының 50%-інен кем емес) қорлануына негізделғен тұрғын үйлерді қаржыландыру тетігін білдіреді. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының бұл жүйесі көп жағдайда екінші деңгейдегі банктерден ипотекалық кредиттер алу кезінде бастапқы жарнаны енгізу үшін жеткілікті қаражаты жоқ бірақ жеткілікті тұрақты кірісі бар азаматтардың санаттарына арналған. Құрылыс жинактары жүйесінің субъектілері арасындағы қатынастардағы мемлекеттің рөлі Қазақстан Республикасының азаматтары-салымшыларға көрсетілген жинақтарға салымдар бойынша сыйлық беру жолымен түрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесіне қолдау көрсету болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банктері, осы банктердің салымшылары және салымдар бойынша сыйлықтарды тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріне аудару мен төлеуді жүзеге асыратын мемлекет құрылыс жинақтары жүйесінің қатысушылары болып табылады. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесін енгізу үшін 2000 жылы "Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасының Үкіметі жарғылық капиталына мемлекеттің 100 процент қатысуымен "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (бұдан әрі - ТҚЖБ) құрды. 1,5 млрд. теңге жарғылық капиталы бар ТҚЖБ қызметі кезеңі ішінде 2003 жылғы 29 қыркүйектен бастап 1,05 мың салымшы тартты. ТҚЖБ тартқан тұрғын үй құрылысы жинақтары жалпы шартты сом 900 млн. теңге.

 

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

 

Жеке тұрғын үй құрылысын  одан әрі дамыту үшін мынадай шараларды жүзеге асыру көзделеді:

Тұрғын үй құрылысында халықтың әр түрлі жігінің элиталық тұрғын үйге де, табысы жоғары емес азаматтарға арналған тұрғын үйлерге де төлем қабілеттік сұранысының түр-түрі мен номенклатурасы бойынша жауап беретін үдемелі технологияларды, сәулет-құрылыс және қала құрылысы шешімдерін, экологиялық таза, дизайны бойынша қазіргі заманғы өнімдер мен материалдардың түрлерін пайдалану;

Үй салуға жер учаскёлерін  бөлуді, магистралдық инженерлік желілер маңынан, сондай-ақ құрылыспен және коммуникациялармен қамтылмаған аумақтардан көздеу. Ипотекалық кредит беру мен тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесінің қолайлы шарттарын қолдану, тиімді энергия-ресурс үнемдеуші жүйелерге көшу де жеке тұрғын үй құрылысын одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

 

Жекеше капитал  инвестицияларын тарту есебінен тұрғын үй салу

 

Алдағы жылдары қымбат емес тұрғын үй кұрылысына қосымша  инвестициялар тарту, одан әрі дамытылатын болады. Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін құрылыс салуға міндетті түрде беруді (сатуды) Бағдарламаны қаржыландыру үшін жергілікті бюджеттерге косымша түсімдерді қамтамасыз етуге тиіс аукциондык негізде ғана беруді енгізу қажет. Бұл ретте жер учаскелерінің белгілі бір бөлігі ерекше: кейін мұндай учаскелерде халыққа сатылатын қолжетімді тұрғын үй салу шартымен аукционға койылуға тиіс. Құрылыс салушы компаниялар арасында және еңбек рыногында бәсекелестікті күшейту қажет.

 

Коммуналдық тұрғын үй салу

 

Мемлекет олардың алдында белгілі бір міндеттемелер алған азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй проблемасын шешу жергілікті атқарушы органдардың айрықша құзыреті болып табылады. Осының негізінде әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жекешелендіру құқығынсыз мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй беру жүзеге асырылады. Азаматтардың қалған санаттары нарықтық тетіктерді пайдалана отырып, тұрғын үйді меншікке сатып алады. Бағдарлама шеңберінде жыл сайын әр облыста, Астана және Алматы қалаларында кейіннен әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жекешелендіру құқығынсыз беру үшін 100 пәтерлік тұрғын үй салу болжанады.

 

Мемлекеттік қаражат есебінен қолжетімді тұрғын үй салу

 

Бағдарламаны іске асыру мақсатында мемлекет орта топ үшін құны 1 шаршы метр үшін 350АҚШ долларынан аспайтын арзан және қолжетімді тұрғын үйлерді (бұдан әрі - қол жетімді тұрғын үй) салу арқылы азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайтын болады. Қолжетімді тұрғын үй Индустрия және сауда министрлігімен келісілген жобалар бойынша салынады және белгілі бір техникалык және бағалық параметрлері болады, соның ішінде:

3 бөлмелі пәтердің орташа алаңы - 80 шаршы метр; бір шаршы метрдің құны Республика бойынша орта есеппен 350 АҚШ долларынан аспайды. Көрсетілген тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының құнын төмендетуге бағытталған шаралар әзірленетін болады. Тұрғын үй кұрылысы процесінде қамтамасыз ететін іс-шаралардың белгілі бір кешенін жүргізу қажет.

Бұл үшін жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-ЖАО): жоспарланатын тұрғынүй құрылысын ескере отырып, облыс орталықтары кұрылысының бас жоспарларын әзірлейтін болады; жоспарланатын болашақ құрылысқа әзірленіп жатқан бас жоспарлар шеңберінде инженерлік коммуникаңиялар желілеріне қосуды ескере отырып, жер учаскелерін бөледі. Бұл ретте таңдау өлшемдері мыналардың бар-жоғы болып табылады: желілер мен инженерлік және қалаішілік көліктік қамтамасыз ету коммуникаңиялары (орталық жылу беру, су құбыры мен кәріз, телефондандыру, электрлендіру, газбен қамтамасыз ету, көше-жол желілері), мектептер, бала бақшалар, дүкендер, дәріханалар мен басқа да инфракұрылым объектілері; сәулет-жоспарлау міндеттерінің параметрлерін, өңірлік ерекшеліктерді, үдемелі (мейлінше арзан) материалдарды өңірлік кұрылыс индустриясының мүмкіндіктерімен және перспективаларымен тығыз байланысты пайдалануды ескере отырып, таңдауды жүзеге асыратын болады; 2005-2007 жылдардағы тұрғын үй кұрылысы жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдер өткізетін болады; "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген жоба бойынша тұрғын үйдің кұрылысын тікелей жүзеге асыратын мердігер ұйымды таңдауды жүзеге асырады. Бұл ретте жергілікті шикізат ресурстары мен құрылыс индустриясының дамыған базасы жоқ өңірлерде конкурстарға қатысу үшін шетелдік құрылыс компаниялары белсенді түрде тартылатын болады. Тұрғын үй кұрылысы ЖАО-дағы тұрғын үй құрылысы үшін белгіленген тәртіппен 2005-2007жылдары тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 126 млрд. теңге, соның ішінде 2007 жылы бұрын - 2005 жылы бөлінген кредиттік қаражаттарды өтеу есебінен қайта инвестиңиялауға 42 млрд. теңге сомасында сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша кредит бөлінеді. Индустрия және сауда министрлігі облыстардың, Астана, Алматы қалаларының 2005-2007жылдарда кредиттерге қажеттілігін анықтайтын, соған сәйкес тиісті жылға арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеген кезде қажетті қаражатты айқындайтын құжат әзірлейтін болады. Қаражатты қайтару Қаржы министрлігі мен ЖАО арасындағы Кредиттік келісімге сәйкес жүзеге асырылатын болады. ЖАО құрылыс, магистралдық және кварталішілік инженерлік-коммуникаңиялық желілерді кеңейту (қайта жаңарту), тұрғын үй құрылысы кезінде құрылыс нормалары мен нормативтерінің сақталуына мониторингті және сәулет-құрылыс қадағалауын жүзеге асыратын болады. Құрылыс аяқталғаннан кейін қолжетімді тұрғын үйді қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Халыққа қолжетімді тұрғын үйлерді сату

 

Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдарға түрғын үй құрылысы үшін кредит беру ережесі мен тұрғын үйді халыққа сату ережесін әзірлейтін болады. Халықтың қолжетімді тұрғын үйлерді сатып алуы басым түрде ипотекалық кредит беру арқылы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінің кредиттері есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте риэлторлар тарапынан қолжетімді тұрғын үйдің алыпсатарлығын болдырмас үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына ипотекалық кредиттерді алғашқы үш жыл ішінде мерзімінен бұрын өтеу ауыртпалығымен оларды беру мүмкіндіктерін бекіту бөлігіне өзгерістер енгізілетін болады. Қолжетімді тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотека және тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі бойынша кредиттердің барынша көп сомасы жөнінде шектеулер көзделетін болады.

 

Қолжетімді тұрғын үйді халыққа сату кезінде оны сатып алуға мыналарға:

1)  балалары бар жас отбасыларына;

          2) мемлекеттік  бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне;

3) әлеуметтік саланың мемлекеттік кәсіпорындары кызметкерлеріне басым құқық берілетін болады.

Бағдарлама шеңберінде қолжетімді тұрғын үй сатып алған азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ заңды тұлғалар мен резидент еместердің қолжетімді үйді сатып алуына жол берілмейді. Рәсімдердің ашықтығын және жер учаскелерінің бөлінуіне, мердігерлік ұйымдарды таңдауға, құрылыс барысы мен тұрғын үйді бөлуге бакылауды қамтамасыз ету үшін ЖАО қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстар (қалалар, аудандар) әкімдерінің басшылық етуімен комиссия құрады. ЖАО комиссиялары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі басшылық ететін Мемлекеттік комиссия алдында есеп береді.

 

Бұл шаралар кейін қайта сату үшін тұрғын үйлерді салыну кезеңінде сатып алатын риэлторлардың жаңадан салынып жатқан арзан үйлермен алып сатарлықты азайтуға мүмкіндік береді. Қолжетімді тұрғын үй алыпсатарлық үшін емес, онда түру үшін салынуға тиіс.

 

Бағдарламаны  іске асырудан күтілетін нәтиже

 

Тұрғын үйлерді іске қосу-2005 жылы-3 млн. шаршы метрден астам, 2006 жылы 4 млн. шаршы метрден астам, 2007 жылы 5 млн. шаршы метрден астам жалпы көлемді құрайды. Осы жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша шамамен 195 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету күтіліп отыр. Оның ішінде ипотека жүйесі бойынша - 49 мыңға таяу отбасы: 2005 жылы-11,7 мың отбасы, 2006 жылы-16,5 мың отбасы, 2007 жылы-20,8 мың отбасы. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру өсімінің жыл сайынғы қарқыны кезінде үш жылда жалпы алаңы 12 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынатын болады 45 мыңнан астам адамға жаңа жұмыс орындары құрылады азаматтардың тұрғын үйлерде тұруының қауіпсіздігі жоғарылайды тұрғын үй қорының жайлылығы жақсарады қалалар мен басқа да елді мекендердің сәулеттік бейнесі жақсарады тұрғын үйдің бастапқы рыногы одан әрі дамиды және инвестициялық процесс жанданады құрылыс өнімі импортының көлемі төмендейді инвестициялық салымдардың тиімділігі және Қазақстандық жаңа сметалық нормативтердің жүйесі арқылы қаржы қаражатын жұмсауды оңтайландыру артады құрылыс қызметінен бюджетке түсетін салық, соның ішінде мүлікке салынатын салықтың, құрылыс саласы қызметкерлерінен алынатын табыс салығының алымдары ұлғаяды құрылыс материалдары, электротехникалық, металлургия және химия өнеркәсіптерінің өнімдерін, сондай-ақ жаңа тұрғын үйді жайластыру заттарын шығаруды ұлғайту есебінен сабақтас салаларда мультипликативті әсер күтіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДИНАМИКАСЫ

 

3.1 Облыстың  әлеуметтік-экономикалық географиялық  сипаттамсы

 

Қазақстан тәуелсіздік  алған жылдары Ақмола облысында  едәуір әлеуметтік-экономикалық прогресс байқалады. 1990 жылдардың бірінші жартысындағы құлдыраудан кейінгі бастапқы кезеңде қолда бар ресурстарды, инфрақұрылымды және өндірістік қуатты қолдауға негізделген қалпына келтіру кезеңі басталды. 

Қалпына келтіру кезеңі аяқталғаннан кейін облыстағы экономикалық жағдай жалпы республикалық беталыспен ұласты. Құрылыс секторы экономикалық дамудың негізгі генераторы болды, ол қаржы қаражатының маңызды ағынымен, негізінен сыртқы көздерден қамтамасыз етілді. Бұл жағдайда жаңғырту мен технологиялық дамуға жеткілікті назар аударылмады. Бұл беталыс ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты болуы мүмкін емес. 

2007 жылдардың соңында  әлемдік қаржы жүйесіндегі қалыптасқан  жағымсыз жағдай және нақты  секторды дамытуда туындаған  қиыншылықтар Ақмола облысының дамуында жаңа тәсілдерді іздестіру қажеттілігін туындатты.  

Осы қалыптасқан жағдайда бәсекеге қабілетті экспортқа бағытталған  экономикалық жүйе ғана ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ете алады. 

Осы стратегия жаһандық және республикалық экономикадағы ауыспалы жағдайды ескеріп, өңірдің бәсекеге қабілеттілік факторларын түбегейлі талдау негізінде әзірленген. Ол Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігін кешенді арттыру бағдарын белгілейді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. 

 Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілігінің ағымдағы жай-күйін және проблемасын талдау

 

Облыстың бәсекеге қабілеттілігін арттыру экономикалық дамудың жоғарғы  тұрақты қарқынына қол жеткізу  қабілеттілігімен қорытындыланады  және халықтың өмір сүру сапасы стандарттарының өсуімен теңдестіріледі. Дүниежүзілік экономикалық форум тәсіліне сәйкес бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары нақты секторды, адами капиталды, инфрақұрылымды, инновацияны дамыту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.  

Экономиканы дамыту және нақты сектордың бәсекеге қабілеттілік деңгейі. Соңғы бес жылда Ақмола облысының экономикасы барлық көрсеткіштер бойынша өсу беталысымен сипатталады. Сонымен, жалпы өңірлік өнім мен инвестицияның серпімді өсімі байқалады, ол өз кезегінде облыс тұрғындарының табысының артуына әкелді. Бірақ, Ақмола облысының осы көрсеткіштері республикалық орташа деңгейден төмен. 

Ақмола облысы экономикасының қолданыстағы құрылымы Қазақстан экономикасының құрылымынан едәуір ерекшеленеді. Жалпы өңірлік өнім көлеміндегі ауыл шаруашылық және өнеркәсіп үлесі  26% және 20% құрайды, ал бұл уақытта республикада тиісінше - 6% және 28%. Осы факт өңірдің аграрлық-индустриалдық бағыттылығын сипаттайды. Бұған қарамастан, облыстағы ауыл шаруашылығының және өңдеу өнеркәсібінің өндіргіштік деңгейі Қазақстан бойынша төмен, ол Ақмола облысының бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмен екендігін айқындайды. 

Инновацияны дамыту. Ақмола облысы ғылыми әлеуеті салыстырмалы төменгі деңгейдегі өңірлердің тобына кіреді. 

Ауыл шаруашылық және медициналық ғылымдар (9,0%) Ақмола облысындағы  ҒЗТКЖ-ның басымды салалары болып  табылады. 

Адами капиталды  дамыту. 2008 жылғы шілдедегі жағдай бойынша Ақмола облысында 96 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Тұрақты жұмыс істейтін (жылына 10 айдан артық жұмыс істейтін) мектепке дейінгі ұйымдардың балалармен қамтылу коэффициенті  34,5% құрайды, ол Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен сәл жоғары. Сонымен қатар, Целиноград 5,4%, Еңбекшіл 9,9%, Астрахан - 14,7%, Сандықтау - 18%, Бұланды - 19,4%, және Зеренді - 20,3% аудандарында мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту мекемелерінде балалармен қамтылу деңгейі төмен.  Кадрлық проблема өзекті мәселе болып қала береді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 1843  педагог жұмыс істейді. Педагогикалық кадрлардың жетіспеушілігі, төменгі еңбекақы проблемасы қалыптасқан. 

Қазіргі уақытта Ақмола облысының алты ауданында: Егіндікөл, Еңбекшілдер, Бұланды, Жақсы, Жарқайың және Қорғалжын аудандарында техникалық және кәсіби білім ұйымдастырылған, ол ауылдық жерлерден жастар үшін кәсіби білімге қолжетімділікті төмендетеді. 

Денсаулық сақтау саласында  ана мен бала өлімі, сондай-ақ туберкулезбен  ауыру медициналық көмек көрсету  қолжетімділігі мен сапасының біріктірілген  көрсеткіштері болып қана қоймай, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын да сипаттайды.  

Облыс бойынша ана  өлімі өсіп, 2005 жылы - 18,6;  2006 жылы- 35,3;  2007 жылы - 32,1 құрайды. Облыс бойынша  бала өлімінің көрсеткіші  (бір жасқа  дейінгі бала өлімі), 2005 жылы 1000 туған баланың 13,09 пайызын, 2006 жылы 11,84 пайызын және 2007 жылы 12,11 пайызын құрайды. Осы көрсеткіштер оның тұрақсыздығын, ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі жүйелі жұмыстың және сенімділіктің жоқтығын куәландырады. 

Ақмола облысында туберкулезбен ауыру деңгейі 2007 жылы 100000 адамға шаққанда  155.1 құрайды, ал Қазақстан бойынша орташа көрсеткіш  126.4 құрайды. 2002 жылмен салыстырғанда (220,6) оңтайлы серпімге қарамастан, ауыратын адамдардың саны жоғарғы деңгейде қалып отыр және ол туберкулезге қарсы күрестің жеткіліксіздігі туралы куәландырады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)