Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

Сонымен қатар, өңірде денсаулық  сақтау саласында ресурстар тиімсіз  пайдаланылады. Облыста 10 000 адамның төсек-орынмен қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғарғы болып табылады және тиісінше 68,3-ке қарсы 93,0 құрайды, ол амбулаториялық емдеу түрлерімен салыстырғанда маңызды шығындарға әкеліп соғады. Облыста күшейтілген желі қуатына байланысты қаржылық ресурстарды жоспарлау жалғасуда, ол төсек-орындардың жыл сайын артуына әкеледі. Медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде жұмыс нәтижесіне – аурудың сырқатынан айығуына қаржыландыру уәждемесі және құштарлық жоқ.  Облыстағы көптеген медициналық ұйымдар мемлекеттік мекемелер болып табылады және соңғы нәтижеге бағыттаусыз бекітілген смета бойынша жұмыс істейді. Емдеу мекемелерінің басшылары денсаулық сақтау саласының кәсіби әзірленген менеджерлері болып табылмайды. 

Тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылықты дамыту. Ақмола облысының ТКШ саласындағы өзекті проблема инфрақұрылымның ескіруі, бірқатар жағдайларда 100%-ға дейін тозған. Осы проблеманы шешу үшін барлық тартылған субъектілердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру қажеттілігі туындайды.

Облыстағы тұрғын үй қорының  ағымдағы жай-күйі кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді. 188 көп пәтерлі тұрғын үйлер апатты жағдайда, олардың ішінде 112 үй Көкшетау қаласында орналасқан. Жергілікті атқарушы органдардың есептеулері бойынша 1947 мың шаршы метр тұрғын үй жөндеуді қажет етеді. 

Ақмола облысында көп  қабатты тұрғын үйлерде баллон газын пайдалану да өзекті мәселелердің бірі болып табылады, ол қабылданған қауіпсіздік нормаларын бұзады.  Облыс толығымен орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілмеген, қолданыстағы 323 газ бөлуші қондырғының 214 данасы ғана жиынтықталған. 

Ақмола облысының ғажайып табиғи ортасын қорғау қажеттілігіне байланысты қалдықтарды шығару және пайдаға асыру, пайдаға асыру үшін полигондармен қамтамасыз ету мәселесі де көкейтесті. 

Көлік инфрақұрылымын дамыту.  2000-2007 жылдар кезеңінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзақтығы  7920 км-ден          7892-ге дейін, яғни 28 км-ге немесе 0,35 пайызға қысқарды. Сондай-ақ                    2000-2007 жылдары қатты жабынмен төселген жалпы пайдаланудағы автожолдардың ұзақтығы  7890 км-ден 7853 км-ге, яғни 37 км-ге немесе 0,46%-ға төмендеді.

Пайдалануға келмейтін  автомобиль жолдарын ұстау және пайдалану  жөніндегі жұмыстар көлемінің төмендігі  қатты жабынмен төселген жалпы пайдаланудағы  автомобиль жолдарының ұзақтығын қысқартудың  негізгі себебі болып табылады.  

Сонымен қатар, өңірде жолдардың сапасы мен жай-күйі төмендеуде.  Бұл факт жолдардың көптеген бөлігінің 1960-1980 жылдары жобаланып, төселуіне байланысты. Сонымен қатар, 1990 жылдары жолдар жөнделмеген. 

Облыста бүгінгі таңда  жолаушылар мен жүк автокөлігінің тозуы жолаушыларды және жүкті автомобильмен тасымалдау саласындағы проблемалардың бірі болып табылады.  Қала маңындағы және қаларалық бағдарларда жалпы пайдаланудағы жолаушылар автокөлігінің тозуы 55%-ды құрайды, ал 80% жылжымалы жүк автокөлігі 10 жылдан астам уақыт пайдаланылуда. 

Ақмола облысының ауа  көлігі саласы негізінен «Көкшетау» авиакомпаниясы» АҚ-ның үлесінде. Ол Көкшетау қаласының әуежайына  иелік етеді және пайдаланады, сондай-ақ жеке ауа көлігі паркімен ауа тасымалы қызметін ұсынады.  2007 жылы Көкшетау әуежайы облыс бойынша  39,5 тонна жүк тасымалдады немесе 2006 жылға 126,2% және          10,1 мың адам немесе 79,7%. 

 Мақсаты,стратегиялық көрінісі және міндеттері

 

Стратегия мақсаты  – Ақмола облысы халықының өмір сүру сапасының жоғарғы стандарттарын қалыптастыруға жеткізетін ұзақ мерзімді, тұрақты бәсекеге қабілеттілік өсімін қамтамасыз ету. 

Стратегиялық  көрінісі: 2015 жыл қарсаңында Ақмола облысы халықтың ең жоғарғы өмір сүру деңгейімен  Қазақстанның бес облысының қатарына кіреді және орталық-азия өңірінде аграрлық азық-түлік өнімдерін жеткізуші болып табылады. 

Ағымдағы жағдайды талдау нәтижесі бойынша және стратегия  мақсаттарына қол жеткізу үшін төмендегі  негізгі стратегиялық міндеттер белгіленген: 

І. Адами капиталды  алдын ала дамыту және бәсекеге қабілетті өмір сүру жағдайын қалыптастыру; 

ІІ. Агроөнеркәсіптік секторды Ақмола облысының экспорттық жайғастырудың  негізгі бағыты ретінде дамыту; 

ІІІ. Бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін көлік  инфрақұрылымын дамыту; 

ІҮ. Аграрлық әлеуетті іске асыруға ықпал ететін инновацияны жеделдетіп дамыту; 

Ү. Мемлекеттік басқару  жүйесінің тиімділігін арттыру. 

Адами капиталды  алдын ала дамыту және бәсекеге қабілетті  өмір сүру жағдайын қалыптастыру

 

          Әлемдік экономиканы дамытудың қазіргі заманғы тенденциясы білім мен ақыл-ойды бірінші орынға қояды, осыдан Адам ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттіліктің дербес негізі болып табылады. Бұл жағдайда бүгінгі таңда еңбектің төменгі бағалануына емес, инновациялық ойлау шеберлігіне, біліктілігіне және қабілеттілігіне аса назар аударылады.  

Облыс тұрғындарының  өмір сүру жағдайы мен сапасын  жақсарту жөніндегі негізгі стратегиялық бағыттар мыналар болып табылады: 

  1. Тұрғындар денсаулығының жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің қызмет көрсету сапасын арттыру; 
  2. Білім беру жүйесін дамыту; 
  3. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жай-күйін жақсарту. 

 

Тұрғындар денсаулығының  жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету  және денсаулық сақтау жүйесінің  қызмет көрсету сапасын арттыру 

 

Денсаулық сақтау саласындағы  саясат толығымен алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінің тиімділігін  арттыруға және салауатты өмір салтын белсенді насихаттауға бағытталатын болады. 

Денсаулық сақтау саласында  үш негізгі бағыт бойынша әсер ету шаралары көрсетілетін болады: ана мен баланы қорғау, туберкулезбен ауыруды төмендету және денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру.   Осы бағыттар тек эпидемиологиялық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экономикалық көзқарас бойынша көктейтесті болып табылады және жүйелі сипатқа ие. 

 

Ана мен баланы қорғау

 

         Бала туатын (фертильдік) жастағы  әйелдер денсаулығының индексі,  ана мен бала өлімінің көрсеткіштері,  балалар мен жасөспірімдер денсаулығының  көрсеткіштері ана мен баланы  қорғау жай-күйінің ең маңызды индикаторларының бірі болып табылады. 

Ана мен баланы қорғаудың  тиімді жүйесін құру бағытында негізгі  басымдықтар ретінде төмендегілер белгіленген. 

Бірінші басымдық – бала туатын (фертильдік)  жастағы әйелдер денсаулығының деңгейін арттыру. Бұл 18-ден 49 жастағы әйелдерді кешенді қарау іс-шараларын жүргізуді, оның ішінде дәрі-дәрмек құралдарымен тегін қамтамасыз етуді көздейді. 

Екінші басымдық – отбасын жоспарлау. Бұл әлеуметтік және медициналық көрсеткіштер жағдайында орынсыз жүктіліктің алдын алуды көздейді. 

Үшінші басымдық – «Жүктілік пен туудың қауіпсіз технологиялары» бағдарламасының барлық қадамдарын енгізу. Жүктілікті анықтау мен жүргізу, облыс аумағында акушерлік-геникологиялық көмекті өңірлендіру, тууға көмектесетін персоналды бастапқы неонатальды кезеңде туу және баланы бағып-күтудің халықаралық хаттамасымен дербестендіріп оқыту әдісімен жүзеге асырылатын болады. Барабар аппараттық жарақтандыру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету болжанып отыр. 

Төртінші басымдық – балалар ауруын біріктіріп емдеу жүйесін құру  (БАБЕЖ). Жас балалардың ішек қуысы ауруларымен және жіті тыныс алу жұқпалы ауруларымен (ЖТЖ) ауырған кезде диагностика және емдеудің халықаралық хаттамалары енгізілген. 

Бесінші басымдық – балалар мен жасөспірімдер денсаулығының әлеуетін арттыру. Жыл сайын медициналық бақылаулар өткізіледі, мектеп медицинасы енгізіледі, денсаулық мәселелері бойынша гигиеналық дағдылар мен құзыреттіліктер енгізіледі. 

 

Туберкулез

 

Туберкулез проблемасы Қазақстан Республикасында көкейтесті мәселеге айналып отыр. Осы ауру Жаһандық Бәсекеге қабілеттілік Индексі индикаторларының бірі болып табылады, осыған сәйкес Қазақстан 94 орында тұр. Туберкулез проблемасын шешу үшін кешенді тәсіл, әртүрлі министрліктер мен ведомстволарды және қызметтерді тарту керек. Сонымен туберкулезге қарсы күресте сектораралық тәсіл негізгі сәт болып табылады. 

Бірінші басымдық – туберкулезбен ауыратындарды тиімді анықтау. Бұл бағытқа туберкулездің бастапқы диагностикасында, көбінесе, бастапқы бактериоскопиялық диагностика, сондай-ақ туберкулездің бастапқы белгілерін ескеру жолымен АМСК ролін арттыру жатады.

Екінші басымдық – ауруларды тиімді емдеу. Облыстың туберкулезге қарсы қызметінің маңызы зор. Облыстық туберкулезге қарсы диспансері ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді және барлық кезеңдерде туберкулезбен ауыратындарды туберкулездің мультирезистенттік нысандарын емдеу ерекшеліктерін ескеріп, DOTS-терапия қағидаттарын нақты және қатаң сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз етеді. 

Үшінші басымдық – туберкулез эпидемиологиясы. Осы бағытқа тікелей ведомстволар мен қызметтерді ғана емес, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, әкімдіктер мен азаматтық қоғамды қоса алғанда сектор аралық өзара байланыс кешені жатады. 

Туберкулез эпидемиологиясынан негізгі жұқтыру көздері  ауруды жұқтырған адамдар мен жануарлар екендігі белгілі. Бірқатар субъектілер жұқтырудың алдын алу үшін осы көздерге әсер етуге міндетті. Мұндай субъектілерге төмендегілерді жатқызуға болады: 

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау – ошақты сауықтыру және зарарсыздандыру (ағымдағы және қорытынды), туберкулезге қарсы мекемелерде санитарлық-гигеналық нормаларды бақылау, жаңадан анықталған жағдайларды зерттеу, балалар арасында туберкулезді жұқтырудың алдын алу. 

туберкулезге қарсы қызмет – ауруларды емдеу және анықтау, АМСК және СЭС іс-әрекетін үйлестіру, мәжбүрлеп емдеу, туберкулездің мультирезистенттік нысандарын бақылау, аурулар арасында туберкулез туралы ақпараттандыруды арттыру, АМСК қызметтерімен сабақтастықты сақтау; 

алғашқы медициналық-санитарлық көмек – туберкулезді ертерек анықтау,  вакцинация, амбулаториялық емдеу;

ветеринарлық  қызмет – ірі мал фермаларын бақылау, ауыратын жануарларды анықтау, малды сауықтыру іс-шараларын жүзеге асыру; 

білім беру – тұрғындардың арасында туберкулез және оның пайда болуы туралы білімін арттыру, халықты туберкулез проблемасына тарту; 

ішкі істер  министрлігі – мәжбүрлеп емдеу ұйымдарына көмек, түрме қызметтерінің жай-күйін бақылау және жақсарту, сотталғандарды емдеуді ұйымдастыруға көмектесу, мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыруға көмек көрсету; 

бұқаралық ақпарат  құралдары – қоғамның назарын туберкулез проблемасына аудару,  ауруға қатысты стигманы төмендетуге көмек көрсету, халықты құлақтандыруға қатысу, саяси және әкімшілік назарды аудару; 

әлеуметтік  қорғау – ауруларды әлеуметтік қолдау, аз қамсыздандырылған ауруларға материалдық және психологиялық көмек көрсету. Өкінішке орай, туберкулезбен ауыратындарға әлеуметтік көмек мөлшерін және түрлерін анықтау жөніндегі ереже жобасын көруге мүмкіндік болмады; 

үкіметтік емес ұйымдар (ұлттық және халықаралық) – қоғамдық, халықаралық және әкімшілік назарды туберкулез проблемасына тарту; 

әкімдік – туберкулезге қарсы қызметке әкімшілік және саяси көмек, басқа қызметтер мен ведомстволарды үйлестіру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 839 қаулысына сәйкес туберкулезге қарсы күрес жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық кеңестер ұйымдастыру;

қоғам – мәдениеттілікті арттыру, туберкулезбен ауыратындар қатысында теріс ұғымды төмендету. 

 

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

 

Саланың тиімділігін  арттыру үшін басты кедергілердің  бірі бюджет желісінің қуатты (құрылымдық) көрсеткіштеріне тәуелділігі болып  табылады.  Бұл қуатты негізсіз арттыру, емдеудің ресурс жинақтаушы технологияларын және әдістерін енгізуге уәждемені төмендету тәрізді жағымсыз ынталандыруға әкеліп соғады. 

Денсаулық сақтау жүйесінің  тиімділігін арттыру бағытында  мыналар негізгі басымдықтар  болып табылады: 

Бірінші басымдық – нәтижеге бағытталған бюджеттеу енгізу. Денсаулық сақтауда БОР басымдықтарды анықтау (АМСК, ана мен баланы қорғау, туберкулез, медициналық технологиялар және т.б.) негізінде медициналық қызметтерді жеткізушілердің нақты нәтижелеріне қол жеткізу үшін денсаулық сақтау бюджетін қалыптастыруды көздейді. 

Екінші басымдық – медициналық қызмет көрсететін жеткізушілердің көпшілігін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға ауыстыру, ол уәджемеленген тетікті енгізу үшін дербестілік және автономдық беруге бағытталған. 

Үшінші басымдық – мемлекеттік тапсырысты (КЗГ, ДКПН) орындауға ынталандыру төлемақы әдістерін енгізу. Осы төлем жүргізу әдістері медициналық қызметті жеткізушілерге клиникалық жағдайлардың сапасы мен күрделілік көлеміне байланысты дифференциалды төлем жүргізуге мүмкіндік береді. 

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)