Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:03, курсовая работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасның әлеуметтік- экономикалық саясатына талдау жасай отыра елімізде жүргізіліп жаткан бағдарламаларға тоқталып, атқарылған жұмыстарға баға беру. Елбасының Қазақстан халқына 2012 жылғы жолдауындағы он негізі бағыттарға тоқталу. Ел басы жолдауының жақын болашақтағы дамуының маңыздылығы. Жеке аймақтарда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық саясаттқа тоқталу. Аймак бойынша атқарылған жұмыстарға баға беру. Аймақтардың алдағы уақыттағы мемлекеттік бағдарламаларды дамытудағы бағытына токталу.

Содержание

Кіріспе ............................................................................................................ 3
1 Ақмола облысының физикалық-географиялық сипаттамасы........................9
1.1 Географиялық орны................................................................................10
1.2 Жер бедері геологиялық құрлысы..........................................................9
1.3 Климаттық жағдайы............................................................................... 9
1.4 Ішкі сулары өзен,көлдер......................................................................... 9
1.5 Топырақ жамылғысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі…..............12
2 Қазақстан экономикасының- жаңарып даму переспективалары..................12
2.1 “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты
бағыты”..................................................................................................16
2.2 Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы..................................................58
2.3 ТКШ жаңғырту бағдарламасы...............................................................58
3 Ақмола облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асурылу
жағдайы мен динамикасы...................................................................21
3.1 Облыстың әлеуметтік-экономикалық географиясына сипаттама......21
3.2 Тұрғындарының жағдайы және жұмыспен қамтылуы........................23
3.3 Ақмола облысының тұрғын-үй бағдарламасы.....................................74
3.4. Облыстағы ауыл шаруашылығының даму тенденциясы.................. 76
Қорытынды...........................................................................................................78
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................80
Қосымашлар

Работа содержит 1 файл

жазу керек.doc

— 453.00 Кб (Скачать)

 

Кіріспе

 

Мемлекет басшысы өзінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың  іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыспен айналысушыларды жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларына тарту міндеттерін жүктеді. Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының бірі болып табылады. Жұмыспен лайықты қамтуды қамтамасыз ету - халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстары әлеуетін дамыту және іске асырудың маңызды шарты, қоғамдық байлықтың артуы мен өмір сүру сапасын жақсартудың басты құралы. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру барысында елде қарқынды дамушы еңбек нарығы құрылды, халықтың экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамту деңгейі тұрақты өсуде. Соңғы 10 жылда жұмыспен қамтылған халық саны мыңнан 8141,4 мың адамға артты, ал жұмыссыздық деңгейі 2001 жылғы 12,8 %-дан 2010 жылдың соңында 5,5 % төмендеді. Жол картасы шеңберінде жұмыс орындарын сақтау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы шараларын әзірлеу және іске асыру әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен байланысты уақытша экономикалық қиындықтар кезеңінде (2008 -2010жылдар) де жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық- инновациялық дамуға көшу, бір жағынан, жұмыспен қамтудың одан әрі өсу мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - еңбек нарығына жұмыс күшінің ішкі резервін тартудың, еңбек ресурстарының сапасы мен экономикалық белсенділігін арттырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді және іске асыруды талап етеді.

 

Ағымдағы жағдайды талдау

 

Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын және жұмыспен қамту саласын реттеу 1991 жылдан бері негізінен халықты жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламалары форматында жүзеге асырылды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 маусымдағы № 833 қаулысымен бекітілген Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі 2000 – 2002 жылдарға арналған бағдарлама, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлікті азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарлама және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халкын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы.

2008-2010 жылдарға жұмыссыздықтың өсуінің алдын алуға, жұмыспен нәтижелі қамтудың артуына жәрдемдесуге, жұмыс күшінің сапасын арттыруға және ұлттық еңбек нарығын қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1114 қаулысымен бекітілген болатын. Алайда әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерімен 2008 жылғы күзден бастап Қазақстан Республикасында өндіріс қарқыны төмендей бастады, инфляцияның өсуі байқалды, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық табысының азаюы белең алды. 264 кәсіпорын өндірісін толық немесе ішінара тоқтатты. Қырық мыңнан астам қызметкер ішінара жұмыспен қамту режиміне ауыстырылды не ақысы төленбейтін демалыстарға жіберілді. Жұмыссыз халық саны 559,3 мың адам болды (немесе экономикалық белсенді халықтың 6,6 %). Жұмыссыздықтың өсуі, қызметкерлердің одан әрі босатылуы әсіресе өндірістің экспортқа бағытталған салаларында болжанды. Құрылыс, сауда, көлік және байланыс салаларында да жұмыс орындарының қысқару қаупі орын алды. Осындай жағдайда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмыспен қамтуға, жұмыссыздықтың айтарлықтай өсуіне жол бермеуге, жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған арнайы Жұмыспен камту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын (Жол картасын) әзірледі.

Жол картасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кеңінен қолдану нысаналы топтар кұрамындағы адамдардың белсенділігін арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (4,7 %) алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен көрсеткіште белгіленді. Жол қартасының негізгі нәтижелері: шамамен 9 мың жоба іске асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; шамамен 150 мың адам даярлауға және қайта даярлауға жіберілді, олардың жартысына жуығы жұмысқа орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасы шеңберіндегі жұмыс орындарына орналастырылды. Дағдарыс жағдайында іске асырылған халықты жұмыспен қамтудың қысқа мерзімді стратегиясы - Жол картасы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуімен қатар, оның деңгейінің 2009 жылғы екінші тоқсандағы 6,9%-дан 2010 жылғы желтоқсанда 5,5% -ға көрсеткішке дейін төмендеуіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жұмыспен қамтудың өсуі халық табысының артуы мен кедейлік деңгейінің төмендеуіне негіз болды. Табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халык үлесі 2001 жылғы 46,7%-дан 2006 жылы 18,2%-ға және 2010 жылы 6,9%-ға азайды. Алайда оң өзгерістерге қарамастан, ұлттык еңбек нарығында теңгерімсіздік сақталып отыр. Жұмыссыздар бар болғанымен, бос жұмыс орындары толықтырылмай отыр, экономика салаларының мамандарға деген қажеттілігінің объективті болжамы жоқ. Еңбек ресурстары сапасының төмендігіне және өндіріс пен оқудың арасында нақты байланыстың болмауына байланысты жұмыс күшінің, бірінші кезекте білікті кадрлардың, техникалық және қызмет көрсету еңбегі қызметкерлерінің тапшылығы байқалып отыр. Жұмыспен қамтылған халықтың шамамен үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың үлесі - 33,3%-ға немесе 2,7 млн. астам адамды құрайды. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың негізгі бөлігі ауылдық жерлерде тұрады және жеке шаруашылығын жүргізумен айналысады, одан түсетін табыс тіршілік етуге жеткілікті деңгейде ғана болады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың басым бөлігі әлеуметтік қорғау және қолдау жүйесімен қамтылмаған.

Ауыл жастарының жағдайы  ерекше алаңдаушылық тудырып отыр, кәсіптік білім алуға қолжетімділігі шектеулі болғандықтан, олар ресми еңбек нарығында іс жүзінде бәсекеге қабілетсіз болып табылады. Еңбек нарығында қалыптасқан мұндай ахуалдың тікелей салдары кедейліктің сақталуы болып табылады, 2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 1,1 млн. астам адамның табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз. Табысы аз адамдарды әлеуметтік қолдау мәселесінде жұмыспен қамтуға және табыс табуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жеткілікті қолданылмайды. Жандандыруды мемлекет жүзеге асыратын әлеуметтік қолдау жүйесімен үйлестіру («құқықтар мен міндеттер» немесе «өзара міндеттер» стратегиялары, бұл жағдайда мемлекет жұмыспен қамту және оқыту бойынша жоғары сапалы қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал ЕНББ-ға қатысушы жұмысты қарқынды іздеуді жүзеге асыруға міндеттенеді) арқылы жүзеге асырылады.

ЕНББ экономикалық тұрғыдан-жұмыспен нәтижелі қамту ықтималдығының артуын, еңбек өнімділігі мен жалақының өсуін, әлеуметтік тұрғыдан-жұмыссыздықтың төмендеуін, еңбек белсенділігінің артуы мен адам әлеуетінің дамуын болжайды. Бастапқыда мұндай бағдарламалар экономикалық күйзеліс кезеңінде және жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болған кезде қолданылған, ал қазіргі уақытта-экономикасы ауыспалы елдердегі өнеркәсіптік қайта құрылымдаудың кері әсерін азайту және еңбек нарығынан айтарлықтай алшақ халықтың әлжуаз топтарын кіріктіру үшін қолданылады.

 

Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және нысаналы индикаторлары

 

Жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары 2016 жылға карай: Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасымен (бұдан әрі- Бағдарлама)1,5 млн. дейін адам қамтылатын болады; Кедейлік деңгейі 8,2%-дан 6%-ға төмендейді; Жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан аспайтын болады; Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушы адамдардың үлесі 33,3%-дан 26 %-ға төмендейді; Бағдарламаны іске асыру есебінен еңбек өнімділігінің қосымша өсімі 20%-ды құрайтын болады. 2020 жылға дейінгі сандық индикаторлар Бағдарламаның бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін, оған тиісті өзгерістер енгізілу мүмкіндігімен айқындалатын болады.

 

Бағдарламаның міндеттері

 

1.Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту.

2.Қазақстан Республикасын  үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны (бұдан әрі - ҮИИДМБ) іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту.

3.Атаулы әлеуметтік  көмек көрсету жүйесін жетілдіру. Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналастыруға, өзінің жеке ісін ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, жұмыспен нәтижелі қамтудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге және экономикалық даму орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. Осыған орай, Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

1.Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмыска орналасуына жәрдемдесу.

2.Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.

3.Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.

 

Бағдарламаны  іске асыру үшін

 

Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданатын болады; жекелеген мамандықтар бойынша ағымдағы бос жұмыс орындары және болжамды жұмыс орындарының жалпыұлттық дерекқоры (бұдан әрі - Дерекқор) қалыптастырылды. Дерекқор индустрияландыру картасының жобалары, «Бизнестің жол картасы 2020» және жеке сектордың басқа да бастамалары есебінен қалыптастырылатын болады. Индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға, кәсіпкерлікті дамытуға жауапты орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерге деген бар және болжамды қажеттілік туралы өңірлер мен жекелеген мамандықтар бөлінісіндегі ақпаратты белгіленген нысан бойынша тұрақты негізде Бағдарлама операторына жіберетін болады. Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрқайсысы үшін қаржыландыру лимиті өз бетінше жұмыспен айналысушылардың, жұмыссыздардың санына байланысты айқындалатын болады. Лимит бойынша берілген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету және бағдарламада көзделген нәтижелерге (нысаналы индикаторларға) қол жеткізу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар арасында мынадай негізгі параметрлер бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалатын болады:

2011 жылы әлеуметтік  жұмыс орындарына орналастырылган Бағдарламаға қатысушылардың бір айдағы жалақысына берілетін субсидия мөлшері, салықтар мен әлеуметтік аударымдарды ескергенде алғашқы 6 айда 26 мың теңгеден аспайтын болады. Азаматтардың Бағдарламаға қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделетін болады.

 

Іске асыру  тетігі:

Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті  тізбесін ұсына отырып, Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш береді. Жергілікті жұмыспен қамту органдары берілген өтініштердің негізінде әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастырады. Қалыптастырылған тізімдер мен әлеуетті қатысушылар туралы мәліметтерді жергілікті жұмыспен қамту органдары қарайды. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша жергілікті жұмыспен қамту органы өтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар қатарына енгізу не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы мен жергілікті жұмыспен қамту органы арасында әлеуметгік келісімшарт жасалады. Кәсіптік білімі бар Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына, оның ішінде жалақыны ішінара субсидиялау мүмкіндігімен, орналасу ұсынылады. Бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналастырылған азаматтарға, қажет болған жағдайда, оқу ақысы Бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражат есебінен төленетін қысқа мерзімді (6 айдан аспайтын) кәсіптік оқу курстарында оқуға қосымша мүмкіндік берілуі мүмкін. Дерекқор шеңберінде бар бос жұмыс орындарына орналаса алмайтын Бағдарламаға қатысушылар басым мамандықтар бойынша кәсіптік оқыту курстарына жіберіледі. Басым мамандықтардың тізбесін Бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырп, жыл сайын айқындайды. Кәсіптік оқуды оқығаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға Дерекқорда бар бос жұмыс орындарына немесе құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу ұсынылады. Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды оқығаннан кейін жұмысқа орналаса алмастырыла алмайтын болса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады. Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын жергілікті жұмыспен қамту органы бақылайды. Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. Кәсіпкерлікті ынталандыру жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған. Бағдарламаның бұл бағытына ауыл кәсіпкерлері және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар қатарындағы жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар адамдар қатыса алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтын әйелдерге қатысудың басым құқығы беріледі. Осы бағыт шеңберінде мемлекеттік қолдаудың мынадай тұрлері көрсетілетін болады: микрокредит беру; инженерлік-коммуникаңиялық инфрақұрылымды дамыту; консультативтік қызмет көрсету; кәсіпкерлік негіздерін оқыту. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы адамдардың Бағдарламаның осы бағытына қатысу және оларға мемлекеттік қолдау көрсету шарттары ауылда кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасында көзделетін болады. Микрокредит беруді ұйымдастыру үшін Бағдарлама операторы жергілікті атқарушы органдарға 5 жыл мерзімге бюджеттік кредит береді. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, микроқаржы ұйымдарын іріктеу және кредит ресурстарын беру, сондай-ақ олардың осы бағыт шеңберінде бөлінген кредит ресурстарын мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары Микроқаржы ұйымдарына конкурстық негізде кредит беру қағидасында көзделетін болады. Микрокредит беру шарттары: республикалық бюджеттен берілетін бюджеттік кредит жергілікті атқарушы органға қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және ақылылық қағидаттары негізінде ұсынылады; бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты-жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру; кредит тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді; кредит беру мерзімі-5 жылдан аспайды; кредиттің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды; республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органға берілетін бюджеттік кредиттің сыйақы ставкасы.Қазақстан Республикасының заңнамасына соңғы қарыз алушыға, микроқаржы ұйымдарына кредит бойынша негізгі қарызды өтеу бойынша 18 айға дейін, алайда кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін; уәкілетті ұйымның микроқаржы ұйымдарына ұсынатын кредиті бойынша сыйақы ставкасы айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджеттің ақтарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган комитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындагы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік комиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді; соңғы қарыз алушы үшін микрокредит бойынша жылдық ең жоғары тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді. Инженерлік-коммуникаңиялық инфрақұрылымды дамыту. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар іске асыратын жобалар үшін қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрізге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желілеріне жетіспейтін инфрақұрылымды салуды меңзейді. Инженерлік-коммуникаңиялық инфрақүрылымның дамуын

қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар белгілі бір техникалық талаптар немесе заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттама және бизнес-ұсыныстар негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте инфрақұрылымды сапу немесе реконструкциялау құны жобаның (жобалардың) құнынан аспауға тиіс. Жетіспейтін инфрақұрылымды салу елді мекенді дамытудың бас жоспарына (ауылда - инженерлік-коммуникациялық желілердің жергілікті схемаларына) сәйкес келуге тиіс және бір немесе бірнеше жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

 

Әлеуметтік  көмек көрсету жүйесін жетілдір

 

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру 2012 жылдан бастап жұмыспен қамту мен атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі-АӘК) көрсету арасында оңтайлы байланыс орнатуға бағытталған. Осы мақсатта әлеуметтік көмек көрсетудің мынадай тәртібі мен шарттары ұсынылады. АӘК күнкөрісі төмен отбасылардағы еңбекке жарамды жастағы адамдарға, олар осы Бағдарламада көзделген іс-шараларға қатысқан жағдайда ғана тағайындалатын болады. Олар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан немесе келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар АӘК төлеуді оларға тоқтата тұрады, бұл ретте отбасы АӘК алу құқығын сақтайды. Халықты жұмыспен қамту орталықтары азаматтардың әлеуметтік келісімшарттың талаптарын орындауына бақылау жүргізеді және ұсынылған көмектің тиімділігін бағалайтын болады. Құрамында еңбекке қабілетті мүшелері жоқ (жалғызбасты, қарт адамдар) не отбасында мүмкіндігі шектеулі мүшелері (мүгедектер, әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдар) бар күнкөрісі төмен отбасыларға АӘК Қазақстан Республикасының Бағдарламаны іске асыру кезеңдері. Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезең-2011жыл, пилоттық жыл болады, екінші кезең-2012-2015жылдар Бағдарламаны енгізу кезеңі, 2016-2020жылдар бағдарламаны толық ауқымда іске асыру кезеңі.

Бірінші кезеңде (2011 жылдың 2-жартыжылдығы) Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары барлық өңірлерде пилоттық режимде енгізілетін болады. Үшінші бағыт (экономикалык өсу нүктелеріне қоныс аудару) жергілікті атқарушы органдардан келген ұсыныстарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тиісті нормативтік құқықтық база жасалады, Бағдарламаға қатысушыларды экономикалық даму орталықтарына көшіру механизмі пысықталады, Бағдарламаға қатысушыларды ҮИИДМБ жобаларын іске асыруға тарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңіне дайындалу үшін облыстық және аудандық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар. Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалардың тізбесін, қатысушылардың санаттарын, олардың белсенділігін арттыру шаралары мен тәсілдерін (Бағдарлама операторымен келісім бойынша) айқындайды. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесін ескере отырып, Бағдарламаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынады.

Информация о работе Қазақстан Республикасның жеке аймақтарындағы әлеуметтік саясатты зертеу (Ақмола облысы мысалында)