Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша

Автор: n************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

Курс жұмысын зерттеуде пайдаланылған әдебиеттер: зерттеу, еңбектер, оқулықтар, мерзімді басылымдар. Оларға сілтеме жасап өтсем, география оқулықтарымен, сөздіктерді пайдалану, Қазақстанның демографиялық картасымен, кескін картасымен жұмыс жасау және мектеп оқулығы бойынша Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі тақырыбына толдау жасап, оқушыларға көрнекіліктер даярлап, карта, сызба – нұсқалар, тест өткізу. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілген.

Содержание

Кіріспе 3

Бөлім 1. Демография ғылымы туралы жалпы түсінік және негізгі ұғымдары
Демография ғылымының зерттеу обьектісі және негізгі түсініктері
5
1.2 Халық саны және ұдайы өсуі. Халықты санау әдісі. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары 6


Бөлім 2. Қазіргі заманға сай Қазақстан жағдайының дамуының анализі (Ақмола облысының мысалында)
2.1 Демографиялық процестің дамуының тарихы (динамикасы) 16
2.2 Ақмола облысының демографиялық жағдайы 21
2.2.1 Халық саны 24
2.2.2 Енбек ресурсы
2.2.3 Көші-қон
2.3 Астана қаласындағы демографиялық ахуал

Бөлім 3. Мектеп бағдарламасы бойынша жер бедері тақырыбын түсіндіру
3.1 География пәні бойынша демография тақырыбына байланысты сабақтың өтілу барысы 27
3.2 «Халық саны және табиғи өсімі» тақырыбы бойынша сабақ жоспары 28
3.2 «Халық саны және табиғи өсімі» тақырыбы бойынша сабаққа қорытынды анализ 30

Қорытынды 32

Әдебиеттер тізімі 34

Қосымша 35

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 480.39 Кб (Скачать)

    Кейбір  халық туралы статистикалық мәліметтер және мал саны аймақ бойынша қайта-қайта  есепке алу жолымен жиналған. Мұны негізінен Ресейдің саяхатшы шенеуніктері жүргізген. Бірақ бұндай жолмен есептеу  кезінде бірыңғай әдіснама ескерілмей, жалпы бағдарлама және оның өткізілу уақыты сақталған жоқ. Халық көбіне өздерін, туылған ер балаларының  және нақты мал санын жасыруға тырысқан. Оның себебі халық патшалық үкіметтің бұл мәліметтерді халықтан қалайда болса көбірек салық  жинау үшін қолданатындығын түсінген.

    Соған қарамастан, Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік статистикасының принциптері  Қазақстан аумақтарына да ене  бастады, алдағы уақытта олар ХІХ  ғасырдың 60 жылдары соңындағы Патшалық Ресей тарапынан Қазақстанды  басқарудағы әкімшілік реформаларын жүргізгіліп, аумақта арнайы статистикалық  органдар және жергілікті қызмет көрсету  органдары құрылғаннан соң түпкілікті бекітілді.

    ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдің ғалым  статистиктері қазіргі Қазақстан  аймақтары және онымен шектесіп жатқан кейбір аудандарда басым бөлігі қазақтардан  тұратын територриялардағы қазақ  халқының санына келесі бағалау (есебін) берді.

    1830 -1870 жылдары Қазақстан халқының  динамикасы (млн. адам)

    Жылдар     Барлық  халық саны     Қазақтардың саны
    1830     1,5     1,3
    1850     1,7     1,5
    1870     3,6     2,4
 

    Ресей империясында алғашқы және бірегей  жалпы халық санағы 1897 жылдың ақпан  айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және заңды (тіркелген) жұртшылықты сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты (күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі, физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.

    Санақ бір күндік санақ принципі бойынша  жүргізілген. Санақ парақтары ауылдық  жерлерде санаққа дейін 20-30 күнде  таратылып толтырылған, қалалық  жерлерде жалпы санаққа қойылған мерзімге дейін 5-10 күн қалғанда толтырылған. Санақ парақтары жалпы санақтың басталуына дейін ауылдық жерлерде 20 күн, қалалық жерлерде 10 күнде толтырылған. Содан соң 9-10 ақпанда қалалық  жерлерде, 9-12 ақпанда ауылдық жерлерде тіркеушілер санақ парақтарын жинап  оларға түзетулер енгізген. Санақ  мәліметтері, жалпы айтқанда жақсы  жасалып 100 том болып шыққан. Томдардың  біраз бөлігі Қазақстан халқына  арналған.

    Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты  және заңды бөлігін қамтыған. Кейінірақ  санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері  бойынша, Ресей империясының 1897 жылғы  жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында  ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар - 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық  орыстар мен қазақтардың Қазақстан  бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен  қамтылмағандығымен түсіндіріледі).

    Қазақстан халқына 1897 жылдың 9 ақпанына

    Ұлты     қазақтар     орыстар     Өзге  де ұлттар     барлығы
    Халық, мың. адам     3392,8     454,4     300,6     4147,8
    %-бен  барлығына     81,8     11,0     7,2     100

    1897 жылдың бірінші жалпылама санақ  мәліметтері мен жұмыс жасаудың  қиындығы мынада болды; Ақмола  облысының құрамынан Омбы уезі  мен Омбы қаласын алу керек,  Орал облысына Букеев ордасы  кірді, Семей облысының құрамына  Павлодар уезі, Сырдария облысынан  Бішпек және Пржевальский уездін  алу керек, Маңғышлақ уезіне  Закаспийский облысы қосылған, Торғай  облысы Қостанай және Ақтөбе  уездерімен бірге алынуы керек  еді. 1897 жылғы санақ этникалық,  лингивистикалық жұртшылық санағы, бұл дегеніміз санақ негізіне  тіл индентификациясы енгізілген. Украйндар, белорустар, еврейлер, мордвалардың  бөлігі ана тілін орыс тілі  деп (санақ мәліметтерінде «великорусский»), қырғыздар, татарлар, өзбектердің  бөлігі ана тілін қазақ тілі  деп (санақ мәліметтерінде «киргизский»  немесе «киргиз-кайсацкий») көрсеткен.

    1897 жылғы Ресей империясында жүргізілген  санақ мәліметтері бойынша қазақ  халқының саны 3745 мың. адам, ал  Қазақстан шекарасында 1927 жылға  3392 мың. адам болды. Демогорф  М.Б. Тәтімовтың ойынша 1897 жылғы  санақ кезіндегі қазақ халқының  саны 10%-ға, ал 1926 жылы 6%-ға аз көрсетілген. 

    1911 жылы қазақ халқының үлес салмағы  60%-ға дейін төмендеген, орыстар  жалпы халық санының 19,6%-ын  құраған. 1914 жылы қазақ халқының  үлес салмағы 58,5%, ал орыстар  29,6% құраған.

    1917 жылы Қазақстан бойынша қазақ  халқы 4 млн. 980 мың. адамға жеткен (Семиреченск облысы бойынша 750 мың., Самарқанд облысы – 120 мың., Амудария және Сырдария облыстарында 1 млн.150 мың.). ССРО көлемінде 5 млн. 480 мың. қазақтар тұрған. М. Тынышпаевтың  есебі бойынша, қазақтардың жалпы  саныны 6 млн. адам болған.

    Бірінші жалпы кеңес жұртшылығының санағы 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілді. Бұл  санақ әскери коммунизм мен большевиктер террорының кезінде жүргізілген. Азамат соғысы аяқталмағандықтан, Қазақстанның барлық аймағы санаққа кірмеген. Жалпы  халық санағымен бірге ауылшаруашылық санағы да жүргізілді.

    1923 жылдың 15 наурызында бірінші қалалық  халық санағы жүргізілген. Санаққа  сонымен бірге өндірістік және  сауда мекемелері алынуы тиіс  болатын. Халық жыныс, жас және  шұғылданатын ісі бойынша бөлінген. Жаңа экономикалық саясаттың  басталуымен ірі және кіші  мекемелердің, яғни мемлекеттік  немесе жеке коммерциялық мекемелердің  жалпы тіркелуін жаңарту қажетті  екендігі түсінікті-ақ болатын.  Аталғандар салық төлеу мен  мемлекеттік бюджетті толтыруға  аса құштарлық білдірмеген. Бұл  санақ кеңес үкіметтің билігінің  нығаюы кезінде жүргізілген және  ССРО территориясының, сонымен  бірге Қазақстанның толық географиялық  көлемін қамтыған. Санақтың мәліметтерін  өңдеуде ССРО ОСБ (Центральное  Статистическое Управление) демография  бөлімінің меңгерушісі Б. Михайловский  басты рөл атқарған.

    Ең  толық халық санағы бұл 1926 жылы өткізілген Бүкілодақтық халық санағы болды. Қазақстан  толығымен 1914 жылғы дәрежеге жеткен. 1925 жылдан бастап (санаққа дейігі 2 жыл  ішінде) халық санағын жүргізуге  дайындық пен санақты жүргізуіне байланысты мәселелер қызу талқылана  бастады. 1920 жылдың орта шенінен бастап Қазақстанның губстатбюросы КазЦСУ дың басқаруымен құрылған.

    ССРО  ОСБ, РСФСР ОСБ, Қаз АССР ОСБ және жергілікті статистика мекемелерінің  жұмысты орталықтандыру қызметтері жақсаруда. 1925 жылы Каз СРО ОСБ  түбегейлі қайта құрыла бастады, бұл 1926 жылғы халық санағының  басталуына дейін аяқталған болатын. Халық санағы статистика мекемелерінің  қайта құрылған жүйесінің негізінде  жүргізілген. Санақтарды жүргізумен негізінен  Қаз ОСБ демография бөлімі айналысқан. Кадрлар негізінен бұрынғы статистика бөлімдерінің, қоныс аударған, уездік және губерниялық статистикалық  бюроларының қызметкерлерінен құралған. 1927 жылғы екінші Қазақстандық статистикалық  конференцияда Қаз ОСБ санақ  бөлім меңгерушісі Н. Крутилинның  баяндамасы бойынша резолюциясында, халықты санақпен қамту толық  болғандығы айтылған.1926 жылдың 17 желтоқсанындағы  халық санағы бүкіл халықтық іс болды. Партияның орталық комитеті, жергілікті партия органдары статистиканың талаптарын бірінші кезекте орындады. Осы маңызды іс-шараға бүкіл халықты жұмылдырды.

    1926 жылғы халық санағына дайындық  кезеңіндегі басты жұмысы бұл  санақ сызбалары мен қолданыс  құралдарының дайындығы. Ең бірінші  тапсырмалардың бірі бұл географиялық, схемалық, өзге де карталарды  құрастыру және оларға елді-мекендерді  енгізу болды. Ауылдардың әкімшілік  шекараларын анықтау қиындық  туғызды. Бұл мәселені шешу  үшін Ленинград қаласындағы ірі  мұрағаттың мәліметтері, жоғарғы  геодезия басқармасының әскери-топографиялық  бөлімінің және де Мәскеу қаласындағы  хабарласу жолдары комиссариятының  мұрағатының мәліметтері қолданылған.  Картографиялау 1926 жылдың жазында  ауылшаруашылық санағы кезінде  және халық санағының жүргізілуі  кезінде жүзеге асырылды. Қазақстанмен  Бүкілодақтық халық санағының  дайындық және оны жүргізу  жоспары жалпы түрде 1925 жылдың  қаңтар айында дайын болған. Ю.М.  Иванованың «1926 жылғы Бүкілодақтық  халық санағынына дайындық жұмыстарын  жүргізу туралы» баяндамасында  жұмыстың 2 кезеңі жайында айтылған: 1) техникалық жұмыстардың атқарылуы, - оларды санақ комиссиясының  тек қана штабтық статистикалық  жұмысшылары атқарады; 2) бағдарламаны  ойластыру, дайындық жұмыстарының  ұйымдастырылуы мен оларды орындау.  Санақ 1926-1927 ж.ж. қатаң қыстың  жағдайында жүргізілді. Жұмысқа  статистиктер, мектеп және интернат  мұғалімдері, халықтық жер комитетінің  жұмысшылары, халықтық қаржы комитеті, халықтық ішкі істер комитетінің  және жергілікті атқарушы комитеттерінің  қызметкерлері тартылды. Қолдағы  бар ауылдар мен қыстаулардың  тізімі бойынша, кестелер, елді  мекендердің схемалық карталары  бойынша халық санағы басталған.  «...орыс және өзге қазақ емес  шаруашылықтарда халықтың бір  жерге жиналуын болдырмау, ауыл-қыстауларды  аралауды міндетті түрде жүргізу  – қазақ халқына арналған».  Халық санағын қалаларда және  қалалық үлгідегі елді мекендерде 1926 жылдың 25 желтоқсанына дейін аяқтау  жоспарланған, ауылдық жерлерде  орыс және өзге тұрақты халықты  – 1927 жылдың 3 ақпанына, көшпелі қазақтар  үшін – 1927 жылдың 18 ақпанына, тіркелген  жерлердегі қазақ халқын қоспағанда, ол жерлерде халық санағы 1927 жылдың 15 қаңтарында аяқталуы керек болған. Жалпы санақ қойылған мерзімде  аяқталған. Қоғамдық санақ бағдарламаларының  қоры қазақ шаруашылықтары жайындағы  арнайы шығарылған жинақпен толықтырылды. Бұл қосымша жинақ бақылау  парақшасы ретінде қолданылды  және қазақ жұртшылығының толық  есепке алынуына мүмкіншілік  берді. 1926 жылғы халық санағы кеңейтілген  бағдарлама бойынша жүргізілген.  Жеке парақша, жанұя картасы  және т.б. сұрақтар енген, қосымша  жинақ қазақ шаруашылықтарына  арналған көп түрлі сұрақтар  бағдарламасынан құрылған, мұнда  этнографиялық, әлеуметтік–экономикалық  аспектілерді қамтыған. Санақ бағдарламасын  құруда белгілі демогрофтар, экономистер,  этногрофтар, статистиктер жұмыс  жасаған. 

    1897-1926 ж.ж. Қазақстан халқы

    Ұлты     Жылдар     Абсолюттік

    өсімі

    Үлес  салмақтағы өзгерулер     
    1897     1926
Қазақ     3392,8     3627,6     234,8     107
%-бен     81,8     58,5
    -23,3
     
Орыс     454,4     1275,1     820,7     281
%-бен     11,0     20,6     +9,6      
Өзге  де ұлттар     300,6     1293,7     903,1     430
%-бен     7,2     20,9     +13,7      
Барлығы     4147,8     6196,4     2048,6     49
%-бен     100     100            
 

    Келесі  санақ 1937 жылдың қаңтар айында өткізілген. Бұл «атыс санағы» болған. Үлкен  шығындар жасалып, маңызды ұйымдастырушылық жұмыстардың жүргендігіне қарамастан, санақ қорытындылары нәтижесіз  болды, өйткені санақты ұйымдастырушылардың  көп бөлігі ату жазасына ұшыраған. Бұл санақ, яғни оның бағдарламасы ал ең бастысы санақтың көңіл толтырмайтын қорытындылары Сталин мен оның қарамағындағыларды қанағаттандырмаған. Бұл санақтың мәліметтері  өңделмеген және басылым беттеріне  де шықпай мұрағаттарда қалған. Сондықтан  тоталитарлы – репрессиялық өкіметтің  қысымы жоғарылағандықтан жаңа санақты  жүргізуге дайындықтар басталған, санақ алдыңғы екі бес жылдықтың  табысты өткендігін дәлелдеуі керек  еді, большевиктердің қуатты қаруы  ретінде қызмет көрсетуі керек болған.

Информация о работе Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша