Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша

Автор: n************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

Курс жұмысын зерттеуде пайдаланылған әдебиеттер: зерттеу, еңбектер, оқулықтар, мерзімді басылымдар. Оларға сілтеме жасап өтсем, география оқулықтарымен, сөздіктерді пайдалану, Қазақстанның демографиялық картасымен, кескін картасымен жұмыс жасау және мектеп оқулығы бойынша Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі тақырыбына толдау жасап, оқушыларға көрнекіліктер даярлап, карта, сызба – нұсқалар, тест өткізу. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілген.

Содержание

Кіріспе 3

Бөлім 1. Демография ғылымы туралы жалпы түсінік және негізгі ұғымдары
Демография ғылымының зерттеу обьектісі және негізгі түсініктері
5
1.2 Халық саны және ұдайы өсуі. Халықты санау әдісі. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары 6


Бөлім 2. Қазіргі заманға сай Қазақстан жағдайының дамуының анализі (Ақмола облысының мысалында)
2.1 Демографиялық процестің дамуының тарихы (динамикасы) 16
2.2 Ақмола облысының демографиялық жағдайы 21
2.2.1 Халық саны 24
2.2.2 Енбек ресурсы
2.2.3 Көші-қон
2.3 Астана қаласындағы демографиялық ахуал

Бөлім 3. Мектеп бағдарламасы бойынша жер бедері тақырыбын түсіндіру
3.1 География пәні бойынша демография тақырыбына байланысты сабақтың өтілу барысы 27
3.2 «Халық саны және табиғи өсімі» тақырыбы бойынша сабақ жоспары 28
3.2 «Халық саны және табиғи өсімі» тақырыбы бойынша сабаққа қорытынды анализ 30

Қорытынды 32

Әдебиеттер тізімі 34

Қосымша 35

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 480.39 Кб (Скачать)
 

    1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық халық  санағы жүргізілді, бұл санақтың  ұйымдастырушылық-методологиялық және  баспа жұмыстары бойынша да  алдыңғы жүргізілген санақтардан  басым болды және оның қорытындылары  1926 жылғы халық санағының деңгейне  жетті. 1970 жылғы халық санағының  мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат  жүргізу нәтижесінде алынған,  бұл мәліметтер сол уақытта  жоғары салыстырмалыққа ие болды.

    1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар  аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз  ету үшін Бүкілодақтық халық  санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық  санақтары сияқты қаңтар айының  орта шенінде жүргізілді. Халық  тұратын жерінде, ең болмағанда  уақытша тұрғын жерлерінде санаққа  алынды, бірақ бұрынғыдай жұмыс  немесе қызмет атқару орындарында  есепке алынған жоқ. Санақ парақтарын  арнайы іріктеліп дайындалған  сұхбатшылар халық тұратындай  немесе тұрғын үйлердегі, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді аралап  бақылау тәртібі бойынша толтырды. Санақ парақтарына әр бір ғимараттағы  нақты халық 14-нен 15-ші қаңтарға  қараған түні сағат 12-00 ден  бастап есепке алынған. Тұрақты  тұратын халықтың санына уақытша  кеткендер де есепке алынған  болатын. 1970 жылғы халық санағы  бағдарламасы барлық халыққа  арналған 11 сұрақтан және халықтың 25%-ы сұхбатталған тағы 7 сұрақтан  тұратын. Санақ парақтары сұхбатшылардың  халықпен сұхбат жүргізу арқылы  толтырылған. Халық санағы аяқталғаннан  кейін 1970 жылдың 24 мен 29 қаңтар  аралығында 6 күн бойы санақтың  дұрыстығын тексеру мақсатында  іріктеп бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарды нұсқаушы-бақылаушылар  сұхбатшылармен біріге отырып  жүргізді. Қайталап бақылау мен  қалалық жерлердегі әрбір есептік  учаскедегі тұрғын ғимараттарының 50%-ы қамтылды, ал ауылдық жерде  есепші учаскелердің 50%-ы қамтылған.  Қайталап бақылау нәтижесінде  халақтың 0,2%-ы сұхбатшылармен есепке  алынбағандығы анықталды, ал бүкіл  халықты тексеру кезіндегі көрсеткіш  0,25%-ды құраған. Халық санағының  қорытындысын өңдеу мен дайындау  кезінде әкімшілік – территориялық  қайта жаңартулар да ескерілген, мысалы, Торғай облысындағы да, Қазақ  пен Өзбек ССР араларындағы  шекараларының ішінара жаңартулары да ескерілген.

    1970 жылғы санақ бойынша Қазақстан  халқының

    этникалық құрамы

    Ұлты     Ұлттың  саны     %-бен
    Барлық  халық     13 008 726     100
    Қазақтар     4 234 166     32,6
    Орыстар     5 521 917     42,4
    Украиндар     933 461     7,2
    Немістер     858 077     6,6
    Татарлар     287 712     2,2
    Өзбектер     216 340     1,7
    Белорусьтер     198 275     1,5
    Ұйғырлар     120 881     1,0
    Корейлер     81 598     0,6
    Әзірбайжандар     57 699     0,4
    өзге  де ұлттар     498 600     3,8
 

    ССРО  аумағында 5 298 818 қазақ халқы, соның  ішінде РСФСР – 477 820, Өзбек ССР  – 476 310, Қазақ ССР – 4 234 166, Қырғыз ССР – 21 998, Тәжік ССР – 8 306, Түркімен ССР-да – 65191 халық тұрақтаған. 1970 жылдың халық санағының бағдарламасындағы адамдардың ұлты мен ана тілі бойынша сұрақтары былай тұжырымдалған: «Ұлты. Шетелдіктер қосымша азаматтылығын көрсетіуі керек» және «Ана тілі. Сонымен қоса ССРО елдерінің қайсысының тілдерін еркін меңгерген». Халық санағының нұсқаулықтарының талаптары бойынша ұлты жайындағы сұрақтарға сұхбатшылар «сұраққа алынушының атаған ұлтын » және ана тілі жайындағы сұраққа «сұраққа алынушының өзі ана тілім деп есептейтін тілді ғана» жазулары керек. Және де ана тілімен қатар ССРО елдерінің ішіндегі тілдер де жазылған (еркін меңгеріп, сол тілде сөйлей алған жағдайда).

    Балаларының ұлтын анықтау қиындық тудыратын  отбасыларда анасының ұлты жазылатын  болған, бұл тәсіл 1939,1959 және 1970 жылғы  санақтарда да қолданылған.

    1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық  халық санағы жүргізілді. Халық  17-24 қаңтар аралығында 8 күн бойы  жұмыс немесе қызмет атқару  орындары бойынша емес, тұрғылықты  тұратын жерлері бойынша санаққа  алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді  16-нан 17-ші қаңтарға қараған  түнінің сағ 12-00-ден бастаған. Тұрақты тұрғындар санына уақытша  болмаған адамдар да есепке  алынған. 

    Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты  тұрақты халықтың - 25% нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ  кезінде және одан кейін де деректердің  дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде  анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы  жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген.

    Қазақстан Республикасы халық санының серпіні

    1999 жылдың басында Қазақстан халқының  жалпы саны 14955,1 мың адамды құрады, 2002 жылы халық санының айтарлықтай  14851,1 мыңға немесе 104,1 мың адамға  төмендегені байқалады. 2003 жылдан  бастап бүгінгі күнге дейін  халық санының өсуі байқалады, 2009 жылдың басына халық саны 15776,5 құрады. 1999 және 2009 жылдар аралығында  халық санының өсімі 821,4 мың  адамды құрады.

    Қазақстан Республикасы халық санының серпіні (Республика, қала, ауыл)

    1999 жылдың басында Қазақстандағы  қала халқының жалпы саны 8414,5 мың адамды құрады, ауыл халқы  6540,6 мың адам, қала халқының өсу  қарқыны жеткілікті жоғары қала  берген, 2007 жылдың басына қала  халқының саны 8833,2 құрады, оның үлесі  ең жоғары мәнге жетті - 53,08%. Сонан соң қала халқы кеми  бастады. 2008-2009 жж. ішінде ол 438,1 мыңға  азайды. 2009 жылдың басына Қазақстанда 8395,1 қала тұрғыны есептелді.

    Қала  тұрғындарының кемуімен бір уақытта 6 жыл ішінде ауыл халқы өсті: 2003 ж. басына - 6409,7 мың адам, 2004 ж. - 6432,9 мың  адам, 2005 - 6460,1 мың адам, 2006 - 6522,7 мың  адам, 2007 ж. - 6563,6 мың адам, 2008 ж. - 7305,5 мың адам, 2009 жылдың басына - 7381,4 мың  адамды құрады. Небәрі осы 6 жыл ішінде ауыл халқы 971,7 мың адамға өсті.

    Тұтастай 1999-2009 жж. аралығында ауыл халқы 840,7 мың  адамға өсті, ал қала халқы 19,3 мың адамға азайды. Нәтижесінде қала тұрғындарының  үлесі төмендеді.

    Қазақстан Республикасы жынысына қарай саның  серпіні

    1999 жылдың басына Қазақстан халқының  жалпы саны 14955,1 мың адамды құрады, соның ішінде 7202,9 мың ерлер және 7752,1 мың әйелдер. Аталған күнге ерлер халықтың 48,1% , тиісінше әйелдер 51,9 % құрады.

    Ерлер санының айтарлықтай төмендеуі 2002 жылдың басында байқалады, ол 7153,4 мың  адамға тең.

    2003 жылдан бастап ерлер саны шапшаң  қарқынмен өсе бастады, 2003 жылдың  басына - 7160,2 мың адам, 2004 ж. - 7199 мың  адам, 2005 ж. - 7256,9 мың адам, 2006 ж. - 7324,8 мың адам, 2007 ж. - 7409,3 мың адам, 2008 ж. - 7491,5 мың адам, 2009 ж. - 7590,5 мың адам  болды.

    Сондай-ақ әйелдер санының төмендеуі 2002 жылдың басында байқалады, ол 7697,6-ға тең. Сол  сияқты 2003 жылдан бастап әйелдер саны жылдам өсе бастады, 2003 ж. - 7706,6 мың  адам, 2004 ж. - 7752,2 мың адам, 2005 ж. - 7817,8 мың адам, 2006 ж. - 7894,5 мың адам, 2007 ж. - 7987,6 мың адам, 2008 ж. - 8079,9 мың адам, 2009 ж. - 8185,9 мың адам болды.

    Атап  айтқанда, Қазақстан үшін халық құрамының  жыныстық сәйкессіздігі тән. 2009 жылдың басына әйелдер саны 8185,9 мың адамды, ал ерлер саны 7590,5 мың адамды құрады, мұнда тұрғылықты халықтың жалпы  санынан әйелдер 51,9 %, ерлер 48,1 % құрайды.

    2009 жылғы 1 қантардағы халықтың жас-жыныс  пирамидасы

    30 жастан бастап барлық жас топтарында  әйелдер саны ерлер санынан  асады.

    Үлкен жастағы жыныстық сәйкессіздік айрықша  байқалады. 39 жастан асқандар арасында әйелдердің сандық басымдығы анық байқалады.

    Халықтың  жекелеген жас топтарына қарай  құрамы

    1999-2008 жж. ішінде халықтың жас құрылымы  кейбір өзгерістерге ұшырады. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша  1999 жылмен салыстырғанда халықтың  жалпы санынан балалар мен  жасөспірімдердің үлесі 4,5 пайыздық  тармаққа төмендеді, сол уақытта  15-64 жас және одан үлкен жастағы  тұлғалардың үлесі, керісінше,  тиісінше 3,8 және 0,8 пайыздық тармаққа  өсті.

    1999 - 2008 жылдардағы туу серпіні

    1999-2008 жж. ішінде республикада 2668,5 мың  адам туылды, оның ішінде 356,6 мыңы 2008 жылы туылған. 1999 жылмен салыстырғанда  2008 жылы балалар 1,6 есеге артық  туылды.

    Туғандағы өмірінің күтілетін ұзақтығы

    2008 жылы Қазақстанда күтілетін өмір  сүру ұзақтығы ерлерде 61,9 жас,  ал әйелдерде 72,4 жас. Республикада  күтілетін орташа өмір сүру  ұзақтығы көрсеткішінің өсуіне  қарамастан (1999 ж. - ерлерде 60,6 жас,  әйелдерде 70,9 жас) гендерлік белгі  көрсеткішінің жоғары алшақтығы  сақталады: 1999 ж. 10,3 жастан 2008 ж. 10,5 жасқа  дейін.

    1999 - 2008 жылдардағы  өлгендердің жалпы  саны

    1999-2008 жж. ішінде республикада 1527,3 мың  адам өлген, оның ішінде 152,7 мыңы 2008 жылы. Бұл көрсеткіш кейбір  өсу мен төмендеуге қарағанда  2008 ж. 158,3 мың адамға жеткенін, ал 2009 ж. 5,6 мың адамға төмендегенін  атап өткен жөн.

    Туудың, өлімнің жалпы коэффициенттері, және туудың жиынтық коэффициенті

    1000 тұрғынға шаққанда Халықтың жалпы  туу коэффициенті 1999 ж. 2008 ж. аралығында 1999 ж. 14,6 адамнан 2008 ж. 22,7 адамға дейін  өсті. 1000 тұрғынға шаққанда халықтың  жалпы өлу коэффициенті 1999 ж. 9,9 адамнан  2008 ж. 9,7 адамға дейін төмендеді.  Туудың жиынтық коэффициенті (осы  коэффициент есептелген жылдың  туу деңгейін әрбір жаста сақтағанда, бір әйел барлық бала туатын  кезеңі ішінде (15-49 жас) орташа  алғанда қанша бала туа алады) 1999 ж. 1,8-ге қарағанда 2008 ж. 2,7 құрады.

    1999-2008 жылдардағы сыртқы көші-қоң айырымы

    1999 жылы кеткен адамдар санының  көптігі байқалады, нәтижесінде  көші-қонның кемуі 123 627 адамды  құрады, бұл көрсеткіш 2003 жылы 8 306  адамға дейін төмендеді. Келген  халықтың жылдам өсуі 2004 жылдан  басталды, оң айырманың шыңы 2006 жылы 33 041 адамға жетті, бүгінгі күнге  көші-қонның оң айырмасы 1117 адамды  құрайды.

    1999-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасы  сыртқы көші-қон

    1999-2008 жж. ішінде республиканың сыртқы  көші-қон процесіне шамамен 1,5 млн адам қатысты: республикаға 575,8 мың адам келді және оның  шегінен тысқары 895,6 мың адам  кетті, нәтижесінде халық көші-қонының  кемуі осы кезеңде 319,8 мың адамды  құрады.

    1999-2008 жылдардағы Қазақстан Республикасы  халқының ішкі көші-қон

Информация о работе Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша