Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша

Автор: n************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 16:59, курсовая работа

Описание работы

Курс жұмысын зерттеуде пайдаланылған әдебиеттер: зерттеу, еңбектер, оқулықтар, мерзімді басылымдар. Оларға сілтеме жасап өтсем, география оқулықтарымен, сөздіктерді пайдалану, Қазақстанның демографиялық картасымен, кескін картасымен жұмыс жасау және мектеп оқулығы бойынша Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі тақырыбына толдау жасап, оқушыларға көрнекіліктер даярлап, карта, сызба – нұсқалар, тест өткізу. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілген.

Содержание

Кіріспе 3

Бөлім 1. Демография ғылымы туралы жалпы түсінік және негізгі ұғымдары
Демография ғылымының зерттеу обьектісі және негізгі түсініктері
5
1.2 Халық саны және ұдайы өсуі. Халықты санау әдісі. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары 6


Бөлім 2. Қазіргі заманға сай Қазақстан жағдайының дамуының анализі (Ақмола облысының мысалында)
2.1 Демографиялық процестің дамуының тарихы (динамикасы) 16
2.2 Ақмола облысының демографиялық жағдайы 21
2.2.1 Халық саны 24
2.2.2 Енбек ресурсы
2.2.3 Көші-қон
2.3 Астана қаласындағы демографиялық ахуал

Бөлім 3. Мектеп бағдарламасы бойынша жер бедері тақырыбын түсіндіру
3.1 География пәні бойынша демография тақырыбына байланысты сабақтың өтілу барысы 27
3.2 «Халық саны және табиғи өсімі» тақырыбы бойынша сабақ жоспары 28
3.2 «Халық саны және табиғи өсімі» тақырыбы бойынша сабаққа қорытынды анализ 30

Қорытынды 32

Әдебиеттер тізімі 34

Қосымша 35

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 480.39 Кб (Скачать)

    1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік  халық санағы өтті. Ол санақ  6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ  болды. Бұл санақты 1932 жылы  өткізу жоспарланған, одан кейін  1935 жылы өткізуге қалдырылған,  нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы  сынақ халық санағы Тула қаласында  және бірқатар ауылдық аудандарда  өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы  жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай  санақты өткізуге бес жыл бойы  дайындықтар жүргізілген. О.А.  Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В.  Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген  еңбектерін атап өткен дұрыс.  Санақ бюросын О.А. Квиткин  басқарған, ол 1926 жылы табысты  өткен санақтың ұйымдастырушылардың  бірі, математик және медик (Сорбонн  (Париж) университетін және МГУ  медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша  сұрақтарды Берлин қаласында  зерттеген, неміс, француз және  ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап  халық санағына белсенді дайындық  жұмыстары жүргізіле бастады.  ОК БКП (б) және ССРО ХКК  халқына арналған арнайы үндеу  таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық  мағынасы жайында айтылған және  санаққа қатысу - әрбір адамның  міндеті екендігі айтылған. Сонымен  қатар, елде тотаритарлық құрылымның  билігі байқалған. Идеологиялық  тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының  күрт өсуі байқалған, әлеуметтік  қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды  қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар  ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап  алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың  сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы  мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В.  Сталин мен Молотовқа халық  санағының ең алғашқы қорытындыларын  хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті  және әскер қатарындағылар бөлек  тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы  қанағаттанарлықтай еді. Халық  санағының ұйымдастырушылық жоспары  бойынша қайталап бақылау жұмыстары  аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық  кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан  тыс қалмағандығын тағы да  тексеру жүргізу үшін шаруашылық  кеңестерінде санақ парақтарына  жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен  салыстырған. Санақпен қамтылмаған  халықтың саны 1 пайыздың бөлігін  ғана құраған. Санақ ағымдағы  тіркеудің халықтың санын асырып  көрсететіндігін анықтаған, АХАЖ  тіркеу жүйесі, туу мен өлімді  тіркеу жүйесінде кемшіліктер  барын көрсетті. Мәліметтердің толық  болуын қамтамасыз ету үшін  бұл санақ тұрақты және нақты  халықты есепке алудың дұрыстығын  көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер  ғана санаққа алынбай қалған. Нұсқаулық нақты болмаған, анық  нұсқауларсыз, сөздіктерді құру  кезінде де біраз кемшіліктер  болған. Бұл санаққа деген соңгы  талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне  қатысты болған.

    1937 жылғы халық санағының қорытынды  мәліметтері өңделіп қатаң түрде  құпияландырылған. Өңдеушілер жоғалтылған  мәліметтер үшін сотқа берілген  болатын.

    1937 жылғы халық санағы халықтың  ұлттық құрамы бойынша мардымсыз  мәліметтер берген болатын.

    1937 ж халық санағының Қазақстандағы  халықтың ұлттық құрамы бойынша  саны

    Ұлты     Халық саны     % бен     
    Барлық  халық     5 126 676     100
    қазақтар     2 181 520     42,6
    орыстар     1 917 673     37,4
    украиндар     549 859     10,7
    өзбектер     109 978     2,2
    татарлар     92 096     1,8
    немістер     80 568     1,6
    ұйғырлар     32 982     0,7
    мордвалар     21 511     0,4
    дүнгендер     7 007     0,1
    қырғыздар     5 024     0,1
    өзге  де     128 458     2,5
 

    ССРО  аумағындағы қазақ халқының саны 1937 жылға, мынадай 2 862 458, оның ішінде РСФСР  – 292 099, ҚазССР – 2 181 520, УзССР – 287 214, Түркімен ССР – 60 035, Тәжік ССР  – 12 396, Қырғыз ССР – 25 541.

    ҚазХШЕБ (халықшаруашылығы есебі басқармасы) тығырыққа тірелді. Себебі Қазақстанның 20-шы жылдардың аяғындағы жалпы  халық санының күрт азаюының себебін  ашаршылықты атамай көрсетуі қажет  еді. Ағымдағы тіркеу бұл жылдары  өте нашар жүргізілген еді, соған  қарамастан ҚазХШЕБ орталыққа келесі халық санының өсу динамикасын  көрсеткен.

    Қазақстан халқының динамикасы(1930-1936ж.ж.)

жылдар 1930 1931 1932 1933 1934 1935 1936
абсолюттік  саны (мың. адам) 5873,0      5114,0 3227,0 2493,5 2681,8 2926,0 3287,9
жыл бойына абсолюттік өсімі       -759      -1887 -734 +188,3 +244,2 +361,9
 

    Халық санының азаюы ҚазХШЕБ ССРО көшіп  кеткен халықтың үлкен санымен түсіндірген (қайтып келгендерді есептен шығарылуымен және шығарылмауымен қоса). Сонда, қайтқандардың есептен шығарылуымен халықтың азаюы 1,3 млн. адам, ал қайтып оралғандырды есепке алғандағы сальдо шамамен 2 млн. адам санына жеткен.

    1939 жылдың 17 қаңтарында ССРО да тағы  бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті  қорытындыларды берген жоқ, оның  қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», сонымен қатар тұрғындардың санын  ұлғайтқан. 

    1939 жылғы санақтың мақсаты партия  және үкіметтің бұйрығымен берілгенді  есептеу болған. Статистика осы  қойылған шартпен орындап шығатындығына  ешкімде күмән болған жоқ. Қала  жұртшылығының күрт өсуіне дәлелдеу  үшін бірқатар елді мекендердің  мәртебесі өзгертілген: жүздеген  поселкілер қала атағын алған.  Қорытындыда керекті цифрларды  алуға мүмкіндік туды. Сөйтіп  бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге  көбейгендігін көрсетті.

    Қамаудағы адамдарды санаққа алу бөлек  мәселе болатын. Халықтың тығыздығының бір шаршы метрге бір адамнан  келетін облыстардың, бір сәтте  халқы тығыз қоныстанған облыстар болып шығуына жол берілмеуі  керек болған. Сондықтан қамауда  отырған адамдарға арналған санақ  парақтары (1939 жылы шамамен 3 млн. дана болған) бүкіл елдің территориясы бойынша азғана мөлшерлермен біркелкі таратылған .

    Дегенмен, талпыныстарға қарамастан 1939 жылғы  халық санағының қорытындылары 1937 жылда алынған қорытындыларды жоққа  шығарған жоқ. Санақты ұйымдастырушылар өздеріне дейіңгілердің қайғылы  тағдырын кешетіндіктерін сезгеннен  соң, шұғыл түрде санаққа алынбаған  азаматтарды іздей бастады. Үй жайы жоқ адамдарды ұстап, санаққа  алған және де қатынауға қиын жерлерге арнайы экспедициялар ұйымдастырған.

    Үкіметке  санақтан алынған қорытындылар аса  көңіл қонарлықтай болған жоқ, соған  қарамастан тағы да бір халық санағын  ақаулы санақ деуге де болмады. Соңында  ұйымдастырушыларды арнайы марапаттаған, ал мәліметтерді өте қысқа түрде  басылымдарға шығарған. Санақтың басты  мәліметтерін онымен қоса басылымға  дайындалған жеті томдық басылымды  қауіптік мақсатта құпияландырған, себебі аймақтық мәліметтерді қосқанда жалған қорытындыларының анықталуы мүмкін еді.

    Санақты саясаттандырыу мен идеологияландырудың  арқасында методологиялық және методикалық  деңгейі күрт төмендеді. Статистикалық  мекемелер 1926 және 1939 жылдардағы санақ  мәліметтерінің қайталап есептеуін  Қазақстанның әкімшілік-территориялық  облыстары жүргізген бойынша.

    1926 және 1939 ж.ж. Қазақстандағы халық  санағы бойынша халықтың этникалық  құрамы

    Ұлты     көрсеткіштер
    1926 жыл     Абсол.

    % бен

    1939 жыл     Абсол.

    % бен

Барлық  халық     6 198 467     100     6 093 507     100
Қазақтар     3 627 612     58,5     2 313 674     38,0
Орыстар     1 275 055     20,6     2 449 128     40,2
Украиндер     860 201     13,9     656 676     10,8
Немістер     51 094     0,8     92 379     1,5
Татарлар     79 758     1,3     106 943     1,8
Өзбектер     129 399     2,1     103 240     1,7
Белорустер     25 584     0,4     31 309     0,5
Ұйғұрлар     63 432     1,0     35 354     0,6
Корейлер     42     0,0     95 903     1,6
Басқа да ұлттар     86 290     1,4     208 902     3,3     
 

    Бірақ, бұл мәліметтер ұзақ уақыт бойы ССРО мұрағаттарының қорларында сақталған. Олардың жаңадан өңделуі 1959 жылы басталған. Дегенмен, этностар жайлы мәліметтер мардымсыз түрде болған. 1937-1939 жылдары репрессияға ұшыраған кәсіби мамандардың жоқтығы білініп тұрды. 1959 жылдың қаңтарында соғыстан кейінгі бірінші халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтерінде сталинизмдік идеология көрінісін тапты. Сонымен қатар 1939-1959 жылғы қайталап есепке алудың мәліметтері басылым беттеріне шығарылып, зерттеушілердің қолдануына ыңғайлы болды. Осы кезеңде ғылым әлеміне жаңа демографтар буыны енді. Демография 20-жылдардан кейін алғаш рет қайтадан қоғамдық ғылымдардың құрамына енгізілді.

    1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда  тағы бір кезекті халық санағы  жүргізілді. Санақ есепке алу  кезіндегі (1959 жылдың 14-нен 15-ші  қаңтарға қараған түні) сол ғимараттағы  адамдар, сол ғимаратта тұрақты  немесе тұрақсыз түрде тұратындықтарына  қарамастан, басқа қалаларға, ауылдар  мен елді мекендерге, санаққа  алынбауы мүмкін болатын жерлерге  кеткен адамдар санаққа алынған.  Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаңтарындағы әкімшілік-территориялық  шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына  қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай  ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының  құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскемен,  Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық  қоныстар: Талғар, Сырдария және  т.б. құрылған.

    Қазақстандағы 1959 жылғы халық санағының ұлттық құрамы.

    Ұлты     Ұлттың  саны     %-бен
    Барлық  халық     9309847     100
    Қазақтар     2794966     30
    Орыстар     3974229     42,7
    Украиндар     762131     8,2
    Немістер     659751     7,1
    Татарлар     191925     2,1
    Өзбектер     136570     1,5
    Корейлықтар     74019     0,8
    Ұйғырлар     59840     0,6
    өзгеде  ұлттар     656416     7

Информация о работе Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша