Қаржылық инвестиция есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 07:58, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет»

Содержание

Кіріспе
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
1.2 Инвестицияның бағалануы
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

инвестиция есеби курс.doc

— 299.50 Кб (Скачать)

    Экономика, бизнес және құқық колледжі

    Қазтұтынуодағы  Қарағанды Экономикалық Университеті 
 
 
 
 
 
 

              

    0705002 мамандығы бойынша «Бухгалтерлік  есеп» пәні 

    КУРСТЫҚ  ЖҰМЫС 
 
 

    Тақырып: Қаржылық инвестиция есебі 
 
 

                                                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Орындаған: Ермуханов А.Т

                                                                     Тексерген: Өмірбаева З. М 
 
 
 
 
 
 

                                 Қарағанды  2008-2009 жыл

    Жоспар 

    Кіріспе

    I. Инвестиция есебі

    1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі

    1.2 Инвестицияның бағалануы

    II. Қаржылық инвестиция есебі

    2.1 Қаржылық инвестиция есебі

    2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы  және қайта бағалануы

    2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі

    Қорытынды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Мазмұны 

    Кіріспе.........................................................................................................3

    I. Инвестиция есебі.....................................................................................4

    1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі..................................................4-7

    1.2 Инвестицияның бағалануы...........................................................8-12

    II. Қаржылық инвестиция есебі..............................................................13

    2.1 Қаржылық инвестиция есебі.......................................................13-23

    2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30

    2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі..........................................31-34

    Қорытынды..............................................................................................35

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................36 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Кіріспе 

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

    Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.

    Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын,  ал ІІ бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып,  қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.

     Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.                                                                     

     Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

     Қаржылық инвистициялардын есебі   ХҚЕС сәйкес №32 <<Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру>>, №39 <<Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы>>,және №2  ҰҚЕС стандартында қарастырылған.

   Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I. Инвестиция есебі

    1.1 Инвестиция түсінігі  және жіктелуі 

    Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

    Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз  бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі  фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

    Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.

    Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар   болып табылады.

    Қаржылық  инвестициялар — бұл субъектінің  табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.

    Инвестиция мыналарға бөлінеді:

    • үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;
  • борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.

    Инвестиция көздері:

    а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );

    ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);

    б) кредиттік ресурстар.

    Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

    1.Жұмсау  мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
    • ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;
    • мерзімсіз инвестициялар.

    Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.

    2. Тағайындалуы бойынша:

    • қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
  • нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

    3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.

    4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.

    5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.

    6. Қолдану түрі бойынша-инвестициялық  (капиталдық), инвестициялық емес.

    7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.

    8. Шығарылым формасы бойынша- эмиссиондық,  эмиссиондық емес.

    9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік,  корпоративтік.

    10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.

    11. Тәуекелдік деңгейі бойынша- аз  тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.

    Тәуекелдік  түрлерін мынаған бөлуге болады:

  • капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық босатып ала алмайтын тәуекелдік;
  • уақытша тәуекелдік- міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелділік;
  • заңдық өзгерістер тәуекелділігі- шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін тәуекелдік;
  • өтімділік тәуекелділігі(риск ликвидности)- инвестицияны өткізу барсындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • нарықтық тәуекелдік- нарықтың жалпы құлдырауы мен байланысты инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
  • кредиттік және іскерлік тәуекелдік- борыштық құнды қағаздар шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
  • пайыздық тәуекелдік- нарықтағы пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
  • валюталық тәуекелдік- шет елдік валютадағы инвестициямен байланысты тәуекелдік.

    12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.

    13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:

  • борыштық – құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
  • иелі үлестік (владельческие долевые)- нарықты субьектінің капиталындағы үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
  • жеке жобалар (кенішті игеру).

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі