Қаржылық инвестиция есебі

Автор: k************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 07:58, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет»

Содержание

Кіріспе
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
1.2 Инвестицияның бағалануы
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

инвестиция есеби курс.doc

— 299.50 Кб (Скачать)

    14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша-  мүліктік, міндеттік.

    15. Халықаралық стандарт бойынша  бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • №27 ХҚЕС « Бірлескен  қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі»;
  • №28  ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
  • №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану  және бағалау»;
  • № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».

    Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:

  • тікелей- басқа субьектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
  • портфельдік- субьект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
  • венчурлік (тәуекелшіл)- жаңадан пайда болған субьектілердегі (мұнай және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез өтелімді инвестициялық салым ақшалар.   
 
 

    1.2 Инвестицияның бағалануы

    Инвестиция  мына 2 әдіске салынады:

    • Үлестік қатысу әдісі;
    • Құндық әдіс (немесе құн әдісі).

    Үлестік қатысу әдісі - бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады. Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе змян ретінде танылады.

    Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.

    Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған таза табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендттер инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.

    Егер  де инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық серіктестеріндегі алған зиянына тең немесе артық болса, онда мұндай зияндар келешекте есепке алынбайды. Инвестицияның нөлдік құны бойынша көрініс табады.

    Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалауына байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.

    Инвестор  өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің  таза табысында үлестік қатысын  қайта жаңғырту үшін таза табыс пен  таза шығындар тең болуы керек.

    Егер  де тәуелді серіктестіктердің активтері  қайта бағаланса, онда олардың баланстық құны да өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы қайта бағалауға арналған резервте көрініс табады, ал егер де ол азайса, онда сол қайта бағалауға арналған резервті азайтады.

    “Топар” АҚ қоғамы “Арко” АҚ-ның 33%және “Күнгей” АҚ-ның 28% акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың құны: 3110 мың теңге және 4600 мың теңге құрған.

    “Топар” АҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Топар” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгені қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қортындысы бойынша “Топар” АҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Күнгей” АҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидентті жария еткен. Ал келесі жылы “Арко” АҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Күнгей” АҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.

    Екінші  жылдың қорытындысы бойынша “Күнгей” АҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, “Арко” АҚ – 1500 теңге деңгейінде зиян шеккен.

    Енді  осы жасалған операциаларымен байланысты бухгалтерлік жазбасын қарастырып көрейік. 

Қатар

Шаруашылық  операциялар мазмұны

Сомасы,

теңге

Бухгалтерлік  жазу
Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1 Заңды тұлғалардан  оларда қалыптасқан баға бойынша  акциялары сатып алынды:

-«Арко» АҚ-33%айналысындағы акциясы

-«Күнгей»АҚ-28%айналысындағы акциясы

 
 
 
 
3110000 

4600000

 
 
 
 
2210 

2210

 
 
 
 
3310 

3310

 

Жиыны

7710000    

Бірінші жылы

2 “Арко”  АҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының обьектісін қайта бағалаудың нәтижесінде  үлестік қатысу әдісі сомасы артып, инвестицияның құны өскен “Күнгей”АҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99000 теңге құраған (300000*33%)  
 
 
 
 
 
 
99000
 
 
 
 
 
 
 
2210
 
 
 
 
 
 
 
5320
3 Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:

-инвестицияның құнының өсуімен бірге «Арко» АҚ үлесі өскен, өйткені «Күнгей» ААҚ үлесі 1400000 теңге құраған(5000000*28%)

-“Арко”АҚ зиян шеккендіктен ,”Күнгей”АҚ инвестициясының құны да азайған

“Арко”АҚ шеккен зияннан “Күнгей” АҚ-на  тиесілі 3267000(9900000*33%)теңге құраған

(Шеккен зиянының  үлесі инвести-цияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған(3267000-3110000-99000)

-“Арко”АҚ –нан “Топар”АҚ –на тиесілі, дивиденд сомасына инвестиция құны азайды, ”Топар” АҚ-ның алынатын дивиденд сомасы 560000 теңге құраған (2000000*28%)

 
 
 
 
1400000 
 
 
 
 
 

3209000 
 
 
 
 
 

58000 
 
 
 

560000

 
 
 
 
2210 
 
 
 
 
 

7610, 7620 
 
 
 
 
 

011 
 
 
 

1220, 1240

 
 
 
 
7610, 7620 
 
 
 
 
 

2210 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2210

Екінші жыл

5 “Топар” АҚ –ында инвестициясы-ның құны азайған, өйткені “Арко” АҚ  өзінің кейбір негізгі  құралдары-ның құнын арзандатқан.

-бұрындары жасалған  қайта бағаланған соманың шегінде

-бұрындары артық  жасалған соманың шегінде 36000 теңге(135300-99000)

 
 
 
 
 
99000 
 

36000

 
 
 
 
 
5320

7330, 

7610

 
 
 
 
 
2210 
 

2210

6 “Арко”АҚ  өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, ”Топар” АҚ –ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны  өскен  
 
40000
 
 
2210
 
 
5320
  Екінші жылдың нәтижесінде “Топар” АҚ  балансында 5160000 теңгеге “Арко” АҚ –ның және 70700 теңге “Күнгей” АҚ –ның инвести-циясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5230700 теңге құрады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен  сипатталады:

    • шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табыстағы қатысу үлесі инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;

    • шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;

    • тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді.

    Инвестор  «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы  «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.

    а) инвестицияның сату құнына :

      Д                 К                

    2210           1030            70 000

    Жыл қорытындысы бойынша: 

    - тәуелді серіктестіктің таза табысы-30000 теңге болады.

    - жарияланған дивидендтер-15000 теңге

    ә) таза табыс үлесіне:

      Д                 К                            

     2210          7610, 7620        30000*35%=10500теңге

    б) дивиденттер үлесіне:

      Д                 К                            

    2170             2210               15000*35%=5250 теңге

    Егер  тәуелді шаруашылықты серіктестік  қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.

    Құн әдісіинвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.

    Инвестиция  сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің катарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.

    Егер  де дивиденд инвестицияны алғанға дейін  алынса, онда ол капиталды қайтарған  болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды. 

    II. Қаржылық инвестиция  есебі

    2.1 Қаржылық инвестиция  есебі 

    Қаржылық  инвестиция – ол акция, облигация  және басқа да құнды қағаздар мен  банктегі депозиттерге салынған  салымдар.

    Олар  қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.

    Қаржылық  инвестициялардың есебі  ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып  және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.

    Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында  І және ІІ бөлімдерінде  1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.

    Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. ҚР-ның қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:

    • валюталық нарық;
    • құнды қағаздар нарығы;
    • несие-капиталы нарығы(ақша нарығы);
    • асыл тастар нарығы (алтын нарығы);

    Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды  қағаздар нарығы және де бұл бойынша  осы кезде қалыптастыру процесі  аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, ғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субьектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы  қағаздар нарығы пайда болады.

    Іс  жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады.

    Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

    Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге  бөлінеді.

    Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың бұл түрі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі ҚР-сы  Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы  қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес ҰБ  мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері   бар:

    • Ұлттық жинақ облигациясы ;
    • Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ);
    • Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);

    Муниципалды құнды қағаздар -бағалы қағаздардың  мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.

    Кооперативтік құнды қағаздар -шаруашылық субьектілерінің  заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын  бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атаймыз. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.

    Бағалы  қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:

    а) ақшалай ;

    ә) капиталды .

    Ақшалай бағалы  қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі