Қаржылық инвестиция есебі

Автор: k************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 07:58, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет»

Содержание

Кіріспе
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
1.2 Инвестицияның бағалануы
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

инвестиция есеби курс.doc

— 299.50 Кб (Скачать)

    Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субьектісінің  қорын (капиталын) құруға немесе оны  ұлғайтуға байланысты шығарылады.

    Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды  қағаздар қарыздық және инвистициялық  болып екі топқа бөлінеді:

    Қарыздық  құнды қағаздар бойынша эмитент  өзі белгіленген уақыт барысында  пайызымен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қағаздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, тағы да басқа бағалы қағаздар жатады.

    Инвестициялық құнды қағаздар -иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.

    Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екі  түрге бөлінеді:

    Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар мен облигациялар жатады.

    Саудалық  құнды қағаздар – белгілі бір  коммерциялық бағытпен  сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.

    Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықтық  және нарықтық емес болып екіге бөлінеді:

    Нарықтық  құнды  қағаздар -айналыста еркін  сатылып немесе сатып алынады. Олар сатылғаннан кейін эмитентке  мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

    Нарықтық  емес құнды қағаздар - қолдан -қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді. Мұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.

    Бағалы  қағаздар атқаратын рөлі бойынша :

  • негізгі (акция,облигация );
  • көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);
  • туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы басқалары);

    Акция- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субьектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жай және артықшылығы бар деп екіге бөлінеді.

    Жай акциялар -акционерлік қоғамды басқаруға  құқық береді. Бір акция осы  субьектідегі акционерлер жиналысында  шаруашылық субьектіге қатысты мәселелерді  шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивиденд төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төлегеннен кейін ғана жүргізіледі.

    Артықшылығы бар акциялар -басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген  мөлшерде дивидендтер  алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шаруашылық субьектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылу кезінде жай акционерлер салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.

    Акцияның  бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар мен ұсынбалы акциялар деп  аталатын екі түрге бөлінеді:

    Атаулы  акциялар – олардың  иелеріне міндетті түрде шаруашылық субьектісінің реестірінде тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған акцияларының алынған  уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субьектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады.

    Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған табыстау туралы келісім -шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субьектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.

    Ұсынбалы  акциялар -иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субьектісінде тіркелмейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субьектілерінің акционерлері бар беп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші бір меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.

    1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоттарында есептеледі. Акция акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивидендтер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.

    Акцияларды  алған кезде 1120 «Саудаға арналған қысқа мерзімді инвестициялар», 1150 «Басқа да қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Басқа да ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» және төмендегі шоттардың кредиті бойынша бухгалтерлік жазбасы жасалады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына -3310 «Мердігерлер мен жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар» және 4100 «Мердігерлер мен жеткізушілерге қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 3390 «Басқа да қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 4170 «Басқа да ұзақ  мерзімді кредиторлық қарыздар», 3330 «Ассоциаланған  және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар», 4130 «Ассоциаланған және бірлескен ұйымдарға ұзақ мерзімді  кредиторлық қарыздар», 3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мензімді кредиторлық қарыздар», 4120 «Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар». Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп ,ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін. Дебет- 1100, 2000,    Кредит-1010, 1020, 1040,1050.

    Акцияларды  сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына. Дебет -7410, К-1100, 2000.

    Сосын ол  Дебет-1280, Кредит-6160.

    «Топар» АҚ ағымдағы жылдың маусымында жай  акцияны алған болатын.

    «Арко»  АҚ -10000 дана 300 тг-ден әрбір данасын.

    «Айтас» АҚ -8000дана 450тг-ден әрбір данасын.

    «Күнгей»  АҚ-5000дана 200тг-ден әрбір данасын.

    Осы алынған акциялардың жиынтығы «Топар»  АҚ  акцияларының шамамен 20 –тін ғана құрайды, яғни аталған қоғам олардың  қызметіне айтарлықтай әсер ете алмайды.

    «Күнгей»  АҚ-ында акцияны алумен байланысты брокердің қызметі 15000тг құраған.

    Бір акцияның ағымбағы құны мынаны құрады.

  Ағымдағы  жылдың 1 маусымына Ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына Келесі жылдың 1 маусымына
«АРКО»  АҚ 295 315 300
«Айтас» АҚ 455 475 460
«Күнгей»  АҚ 200     250 250

     

    «Күнгей»  АҚ ағымдағы жылдың қарашасында қайта  сату мақсатында алған болатын, бірақ  ол сатылмай қалды, сондықтан оны  келесі жылдың басынан бастап, ұзақ мерзімді инвистицияға өткізу туралы шешім қабылданды.

    «Айтас» АҚ ұзақ мерзімді иелік ету мақсатында 5000 акцияны алған болатын, бірақ кәсіпорында және инвестициясының саясатында өзгерістердің болуына байланысты оны келесі жылдың мамырында сатуына тура келді,бұндай шешім ақпанда қабылданған болатын.

    «Арко»  АҚ 10000 дана акциясына 100000тг дивидент тиесілі болатын, бірақ сол дивидент сәуірде жарияланғанымен ағымдағы жылдың қыркүйегінде төленді.

    «Арко»  АҚ ағымдағы жылдың сәуірінде қайтадан 10000 акцияның көлемінде 150000тг-ге дивиденд жарияланды.

    Кәсіпорынның  есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.

    Облигация дегеніміз –оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын  және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналды  құнын белгіленген % төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын  құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субьектісі үшін инвистицияның маңызды көзі болып табылады.

    Яғни облигациялар дегеніміз- корпорацияның, шаруашылық субьектісінің қарыз міндеттемелерін растайтын құжат. Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады. Облигацияларды мерзімдік, қарыздық міндеттемелер ретінде өтеу кепілдігі эмитент тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады. Жалпы кепілдік эмитенттің банкрот болып өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда облигация ұстаушының сол шаруашылық субьектілерінің, яғни  облигацияны шығарған субьекті мүліктерінің белгілі бір бөлігін алуға құқылы екендігін көрсетеді. Алайда, бұл жоғарыда аталған акциялар мен облигациялардың бір-бірінен едәуір айырмашылықтары болып мыналар табылады:

    Облигациялардың  иесі шаруашылық субьектісінің кредиторы болып табылады. Бұл оның, яғни облигацияны ұстаушының шаруашылық субьектісін қаржыландырғандығын куәландырады. Ал акционер болса, шаруашылық субъектісі иесінің бірі болып табылады.

      Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгілі бір уақыт аралығында пайыз түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздық мөлшері белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни шаруашылық субьектісінің табыс табуына байланысты дивиденд алып отырады.

    Кез келген несие берушілер сияқты облигация  иесінің де шаруашылық субьектісінде  ешқандай дауыстық құқығы жоқ. Олар акционерлер  қатыса алмайды және шаруашылық субьектісін басқаруға да ешқандай қатысы жоқ болып табылады. Ал акционерлерге болса бұл шаруашылық субьектісінде өзінің мүліктік мүдделеріне қатысты барлық мәселелерді шешу кезінде дауыс құқығына ие болып табылады.

    Облигация ұстаушысына өз құнынан пайыз түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар эмитенттің облигицияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация –жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.

    Облигация белгіленгент нақты (номиналдық) құны бойынша егесіне пайыз төлеу  арқылы өтелетін міндеттемені растайтын  бағалы қағаз. Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап етушіге арналған пайыздық  және пайыздық емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.

    Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек:аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері; фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба;номиналдық құны қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериасы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы  шешімін эмитент    айқындайды.

    Облигацияға салынған қаражат  инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

    Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен) немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.

    Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы пайдаланылады.

Рет

Шаруашылық  операцияларының мазмұны Самасы, теңге Бухгалтерлік  жазу
1. Кәсіпорын банктен депозиттік сертификатын алады:
  • банкідегі
  • банкі салымшыларында және олардың қабылдаушыларында.
 
 
160000

100000

Дебет Кредит
 
1110

1110

 
    1040

    1040

  Барлығы. 260000    
2. Депозиттік  сертификаттары өту үшін:
  • тікелей банкідегі
  • салымшыларда және олардың заңды қабылдаушыларда.
 
160000

100000

 
1040

1040

 
    1110

    1110

  Барлығы. 260000    
3. Депозиттік  сертификаттары бойынша есептелген пайыздары (бүкіл сертификаттық әрекет ету мерзімінің барысында ай сайын жазбалар жазылып отырады) осы мысалда шартты түрде барлық самасы есептелген.  
 
54380
 
 
1270
 
 
    6120
4. Депозиттік  сертификаттары бойынша пайыздар алынды 54380 1040
    1270
5. Кәсіпорынныңдегі  сертификатты сатылды:
  • баланстық құныны
  • сату құнына 
 
 
80000

90000

 
 
7410

2180

 
 
    1110

    6210

6. Депозиттік  сертификат үшін алынған сомасы 90000 1040
    2180

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі