Қаржылық инвестиция есебі

Автор: k************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 07:58, курсовая работа

Описание работы

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет»

Содержание

Кіріспе
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
1.2 Инвестицияның бағалануы
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

инвестиция есеби курс.doc

— 299.50 Кб (Скачать)

    2000-«Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

    Осы кіші бөлім мынадай шоттар тобынан  тұрады:

    2010-«Ұзақ  мерзімді берілген қарыздар»,  онда ұйым бір жылдан асатын  мерзімге берген қарыздар есепке  алынады;

    2020-«Өтеуге  дейін ұсталатын ұзақ мерзімді  инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;

    2030-«Сатуға  арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:

    ұйым  берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар;

    2040-«Өзге  ұзақ мерзімді қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

      Міндеттемелер үшінші, төртінші  бөлімдерде 3380-«Төлеуге қысқа мерзімді  сыйақылар», алынған қарыздар, берілген  вексельдер, эмиссияланған бағалы  қағаздар және сенімгерлік басқару  шарттары бойынша төлеуге есептелген  сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;

    3390-«Өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек», мұнда алдағы топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді кредиторлық  берешек есепке алынады.

      Кірістер мен табыс пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер бойынша кірістер», онда бағалы қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6140-«Инвестициялық  жылжымайтын мүлік операцияларынан  алынатын кірістер», онда капитал  құнының немесе сол және басқаның өсуінен жалдау төлемдері немесе кірістерді алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

    6400-«Үлестік  қатысу әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    6410-«Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі», онда үлестік қатысу әдісімен ескерілген қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

    6420-«Бірлескен  ұйымдардағы пайданың үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  бірлескен ұйымдардағы пайданың  үлесі ескеріледі.

      Есептелген шығындармен зияндар 7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

    7410-«Активтердің  шығуынан алынатын шығыстар»,  онда активтерді сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;

    7600-«Үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін  ұйымдардың залалындағы үлес»  кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

    7610-«Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес»,  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың  залалындағы үлесі ескеріледі;

    7620-«Бірлескен  ұйымдардың залалындағы үлес»  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін бірлескен ұйымдардың  залалындағы үлесі ескеріледі. Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестікқатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.

    АҚ  «Топар» инвестиция сатып алды. Дилер арқылы. Дилерге 17 000тг. Құжаттық рәсімдеуі 6000 тг. Инвестицияны акция түрінде алыр отыр.  600 акция -1 100тг. Инвестицияның сатып алу құны      600 * 1 100 = 660 000

    660 000 + 17 000 + 6 000 = 683 000

      Д               К                

    2030         1040           683 000

    2030         3310           683 000

    3310         1040           683 000 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    «Қаржылық инвестиция есебі» курстық жұмысымды қорытындылай келе инвестиция дегеніміз бұл елдің өз ішіндегі және одан тыс жерлердің әртүрлі салаларына ұзақ мерзімді уақытқа пайда алу мақсатында салынатын мемлеметтік және жеке меншік капитал болып табылады. Инвестицияға қажеттілік, әсіресе экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде, өндірісін кеңейтуге ұмтылған жеке аймақтарда туындайды.

      Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты көптеген ірі инвестициялық жобаларды жузеге асыру қажеттілігі туындайды.

    ҚР-ның  әлемдегі барыша қабілетті елу елдің  қатарына кіру стратегиясын жүзеге асыру, алға қойылған мақсат міндеттерді орындауда мемлекеттің рөлі зор. Ал бұл үшін ірі халықаралық  қаржы институттарының мақсатты топтарына бағытталған  салық және ұйымдастырушылық нысанындағы жеңілдіктер қарастырылатын  шаралар кешенін талдау жасау қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

    1. Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.

    2. В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы,             2002 ж.

    3. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

    4. В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.

    5. О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп  принциптері 2. Оқу-тәжірибелік құралы.-Қарағанды, 2003.

    6. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

    7. К.А. Китебаева «Принципы бухгалтерского учета I,II». Караганда 2006г. 

    8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.

    9. Бухгалтер бюллетені. №3, қаңтар 2006ж.

    10. №2 ҰҚЕС

    11. ХҚЕС

         12. Заң

    13. Бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі.

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі