Маркетингтік зерттеу

Автор: J***********@mail.ru, 26 Ноября 2011 в 19:05, курсовая работа

Описание работы

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және қоғамдық өмірінде болып жатқан өзгерістер шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын іздеумен ғана шектелмей, республика кәсіпорындары алдына жаңа экономикалық шарттарда өміршеңдікті қамтамасыз ету үшін маңызды мәселелердің бір қатарын жолға қояды. Осы шарттарда маркетинг ерекше орынға ие болады. Өйткені ол құрылымдық - ассортименттік саясатты қалыптастыру кезінде осы механизмнің ең көкейтесті құрамдасы ретінде сипатталады. Маркетинг кәсіпорындарда кеңінен тарай бастады. Яғни едәуір қаныққан нарығы бар үлкен қалаларда орналасқан ірі кәсіпорындарда маркетинг құрыла бастады.

Содержание

Кіріспе
Маркетинг түсінігі, маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті

1.1 Маркетингтің мәні, мазмұны және эволюциясы

1.2 Маркетингтік зерттеудің мақсаты, міндеті, жалпы түсінігі

1.3 Маркетингтік зерттеулер процесі және оның кезеңдері

2. Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім және «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасын нарықта маркетингтік зерттеу

2.1 Әлемдік нарықтағы кондитерлік өнім саласы

2.2 «Қарағанды кәмпиттері» өндірістік жағдайын талдау және бағалау

2.3 «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасының кондитер саясаты

3 «Қарағанды кәмпиттері» кондитер фабрикасы және маркетингтік қызметіне ұсыныстар

3.1 «Қарағанды кәмпиттері» өндірістік маркетингтік іс - әрекеттерін дамыту

жөніндегі ұсыныстар мен нұсқаулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Маркетингтік зерттеулер.doc

— 839.50 Кб (Скачать)
nter">2  Әлемдік  нарықтағы кондитерлік өнім және  «Қарағанды кәмпиттері»  кондитер  фабрикасын нарықта маркетингтік  зерттеу 

2.1    Әлемдік нарықтағы кондитерлік  өнім саласы 

  Әлем нарығында кондитер өнімдері үлкен концентрациялық өткізу негізімен мінезделеді. Кондитер өнімдерін өндіруде 2011 ж. лидер болып саналады:

      1. Mars Inc.

      2. Nestle SA.

      3. Hershey Foods Corp.

      4. Cadbury Schweppes Plc. 

      5. Kraft Foods Inc.

      6. Wrigley Jr. Co. William.

      7. Ferrera SpA.

      8. Phizer Inc.

      9. Perfetti Van Melle Group.

      10. Lotte Group. 

Кесте 1. Ірі кондитер өнімдерін өндірушілер 

Аты Мемлекет Жылдық сату көлемі

(млрд. АҚШ доллар)

Mars Inc АҚШ 14
Nestle SA Швейцария 7.2
Hershey Foods Corp АҚШ 4.12
Cadbury Schweppes Plc Ұлыбритания 0.97
 

     Әлемде кондитер өнімдерінің ірі импортшы мемлекеттердің бірі АҚШ, Германия, Франция, ал экспортшылары - Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Бельгия, Италия.

Кондитер  өнімдерінің әлемдік нарығы жылдан жылға өсуде, бұл өнімге өспелі сұраныс реакциясын көреміз. Дамыған елдерде кондитер өнімдерін тұтыну жоғары.

     Солтүстік Еуропа елдерінде кондитер  өнімдерін тұтыну деңгейі әлемде  ең үлкен болып байқалады. Данияда  жан басына шаққандағы көрсеткіш 16.6 кг жылына. Бұл әлемдегі кондитер өнімдерін ең көп тұтынатын ел. Ал Еуропа елдерінде орташа тұтыну жан басына шаққанда 9-12 кг құрайды. Ең көп тұтыну деңгейі жан басына шаққанда 2002 ж. Швейцарияда, содан соң Португалияда, Данияда және Финляндияда белгіленген. 
 
 
 

     Диаграмма 1. Кондитер өнімдерінің тұтыну деңгейі (1адам басына шаққанда 1кг/ж ) 

 
  

Әлем  нарығындағы кондитер өнімдерінің  ерекшеліктері айрықша көрсетіледі:

  • Маусымдық сұраныс
  • Бағалы емес бәсекелестік
  • Өндіріс қуатын барынша қолданбауы (20-30%)
  • Өндіріс, дәстүрлі ассортиментті шығаруға бағыт
  • Шикізаттың жетіспеуі
 

2.2  «Қарағанды кәмпиттері»маркетинг жұмысын талдау және бағалау 

       Кәсіпорын өз өндірісін одан ары жалғастыруға ерекше көңіл бөліп, маркетингтің   функциялы  қызметінің  бөлім  құрылымын  құруды ойластырып 1999 жылы сәуір айында  кәсіпорынның маркетинг бөлімі құрылды. Кәсіпорын мақсатына жетуі көбінесе факторлар   мен функционалды ұйымдастыруларына байланысты болды, яғни кәсіпорын маркетинг  қызметін функционалды  сипатымен   ұйымдастырса, мұнда әрбірі сол қызметті функционалды мақсатты жеке тұлғасы  немесе  тұлғалар   тобы   белгілі   жауапкершілікті өзіне артуын белгілейді.

     Маркетинг  қызыметін функционалды сипатында  таңдалып алынған тауар  түрлері  және  нарық саны   ең  алдымен   фабриканың өзіне тиімді  болуы  тиіс. Бұл ұйымдастыру  түрінде  тауарлар нарықтары  бірқалыпты  болады. 1-үлгіде көрсетілгендей маркетинг бөлімшелері олардың атқаратын қызметтеріне  сай құрылған.  Бірақ бұл  құрылымда  өндіретін  өнімдер  ассортименті   көбейген   сайын өндіріс икемділігі төмендейді, себебі сыртқы ортадағы  өзгерістерге  икемдену  және   оған  жауап  беру  уақыты  азаяды. Маркетингті ұйымдастырудың   бұл  түрі   ағымды тиімділіке  бағытталған  және оның стратегиясына икемділігі жоғары  жаңалықтарды енгізумен  қатар жаңа  технологияларды  пайдаланып, тұтынушылардың,  жеке топтың қажеттері мен талғамдарын қалыптастырып отыр. 

(1-үлгі)

                           Маркетинг бөлім  құрлымы 

 
 
 
   Маркетинг  директор 
 
   
           
Маркетингті

    зерттеу

    Баға
  бөлімі
    Өткізу

   Бөлімі

  Жарнама

   бөлімі

  Маркетингті

   бақылау

 

      «Қарағанды кәмпиттері» маркетинг құрылымы  бес бөлімнен тұрады. Маркетингті зерттеу бөлімі, мұнда ең бастысы  ол әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың  қажеттерін зерттеу, нысаналы нарықты таңдап алу үшін тауарға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу, әсіресе нарыққа жаңа тауарды дайындау, оны өңдеп, шығаруда маңызды орын алады.

     Баға бөлімінде тұтынушының, тауардың, сату орнының ерекшелігіне қарай, түпкі бағаны белгілеп, оның деңгейін маркетингтік ортаның факторларына қарай анықтайды. Сонымен қатар тұтынушыларға баға арқылы жеңілдіктер жасайды.

    Өткізу бөлімінде өндірістің дамуына және тұтынушылардың қажеттеріне байланысты, өткізу кезінде тұтынушының талғамы мен қалауына да көңіл бөледі. Сонымен қатар көзделген табысқа жету үшін бірнеше өткізу каналдарын ұйымдастырады. Мысалы: көтерме сауда, бөлшек сауда т.б. Жарнама бөлімінде өндірісті – өткізу, тауарды сатып алушыға қарай жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында жарнама тарату құралдарын пайдалануға көп көңіл бөлуде. Өнімдері туралы тұтынушыларға  ақпарат тарату үшін баспал, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы жарнама түрлерін қолданады.

    Маркетингті  бақылау бөлімінде бұл әдіс арқылы өз мақсаттарына жету үшін маркетингтік іс - әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үш жағдайда жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және стратегиялық бақылауларды. Кейде жасырын түрде бақылау жүргізу арқылы тұтынушылардан түсінбеушілік келіп шығады.

    «Қарағанды кәмпиттері» өндіретін тауарларының тұтыну сипаттамалары мен оның нарыққа ұсынған тауарына, нарық жағдайына байланысты. Неғұрлым кәсіпорын жұмысы күрделі болса, соғұрлым құрамы да көп болып, тұтынушылардың қанағатын қанағаттандырумен бірге тауар ассортименті қалыптасады. Тауар ассортименті – кәсіпорын өндірген белгілі тауардың барлық түрлерінің жиынтығы. Оған әр түрлі тауар түрлері кіреді. Тауар түрі (шоколад, вафли, зефир, т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай әр түрлі сұранысқа ие болады.

    Маркетинг ортасы дегеніміз – ол фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты клиенттерімен тиімді  байланыс орнатып, оны үзбей сақтау

мүмкіндіктеріне  әсер ететін белсенді субъектіледің және күштердің жиынтығы.  Маркетинг ортасы ішкі орта және сыртқы орта деп екіге бөлінеді. Ішкі орта дегеніміз –  кәсіпорынның  өндірістік процесін ұйымдастыруға қажетті барлық әсер ететін факторлар.

        Тұтынушыларды сұрау процесінде «Қарағанды кәмпиттері» тағамдарына, кондитер өнімдеріне сұраным айқындалады. Сұраудың осы бағытының нәтижелері 4 – кестеде көрсетілген.

 4 – кесте - « Қарағанды кәмпиттері» ассортиментіне жоқ тауарларға тұтынушылардың қалаулары

Кондитер

Тағамдары

Тұтынушылардың  жас шамалығы топтары
15-20

жас

21-25

жас

26-30

жас

31-40

жас

40 жастан

жоғары

Шоколад

Батончиктері

66 57 41 43 38
Толтырушымен  шоколад 8 38 50 25 30
Шоколад-вафли

томы

8 - 33 37.5 13
Үлкейтілген

конфеттер

- 4 25 12.5 7
Шоколад

Пастасы

33 38 25 50 36
Тағамдар 8 24 8 - 10

         

    Жоғарыдағы кестеден тұтынушылардың ең тілеулі тағамдары шоколад батончиктері мен пастасы және толтырушы бар шоколад, осы тауарлар кондитер нарығында бұрыннан бар жеке тұрақты ұдайы сұранымға ие, қалған тауарлар жөнінде нарықта жаңа тауарлар болғанымен, сұранымы қалыптаспаған деп айтуға болады.

    Тұтынушылардан  сұрау барысында тауардың жеке  топтары бойынша сатып алушылардың қалаулары анықталады. Атап айтқанда

плиткалық  шоколадқа  сұранысты оқу  нәтижелері  Германия  және Ресейде өндірілген тағамдардың әйгілігін көрсетті. Сонымен қатар сұрау процесінде шоколадтың әр түрлеріне сұраным айқындалады.

  • Қосындылары бар сүтті шоколадты - 50% атады;
  • Қосындылары жоқ сүтті шоколад - 42% атады;
  • Қосындылары бар қара түсті - 53% атады;
  • Қосындысыз қара түсті - 57% атады;
  • Қосындылармен ақ шоколад - 15 % атады;
  • Қосындылары жоқ ақ шоколад - 36% атады;
  • Толтырушымен - 45% атады;

Шоколадтың ең қалаулы түрлеріне қарай түсті және толтырушымен бар шоколад жатқызылады.

     Шоколадқа  қосынды сапасында ірі жаңғақ, мейіз, жеміс – жидек пайдалану тұтынушылардың ең үлкен ықыласын тапты. Сатып алушылардың карамель мен үгітілген кокос сияқты қосындыларға қатынасы бейтарап. Ал ұнтақталған жаңғақ пен үгітілген вафли сияқты шоколадқа қосындылар сұраным таппайды. Жүргізілген зерттеудің мақсаттарының формасы жөніндегі тұтынушылардың қалауларын анықтау болады.

     Қарағанды қаласы нарығын зерттеу кондитер тағамдарын сататын сауда орындарына ирис көбінесе «Қарағанды кәмпиттері» өнімдерін ұсынған. Ол үшін тұтынушылармен үздіксіз өзара әрекет негізінде кәсіпорынның кондитер тағамдары мен қызметтеріне тән жетістігін қолдау мен күшейтуге бағытталған маркетинг стратегиясын құрады.

«Қарағанды кәмпиттері» тауарлық  саясатын   жетілдіру мақсатында тұтынушылар арасында сұрау жүргізілді, оларға Қарағанды кондитер фабрикасы тағамдарының сипаттамаларын бағалау үшін ұсынды. 

(5-үлгі)

«Қарағанды  кәмпиттері»тауар саясатының тұтынушылар берген сипаттамасы

Тауар

Қасиеттері

Жоғары Орташадан 

жоғары

Орташа  Орташадан

Төмен

Төмен
Баға     x    
Дәмі x        
Сақтау  мерзімі   x      
Орауы x        
Орындау  уақыты   x      
Тұтынушыларға

қызмет  көрсету

x        
өлшеп  буу

ыңғайлығы

    x    
Сауда үшін   x      
Тауар  беделі x        

Информация о работе Маркетингтік зерттеу