Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:02, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 110.98 Кб (Скачать)

Білім  беру үрдісінде  жаңа ақпараттық технологияларды қолдану  мәселесі өзектімәселелердің қатарынан  орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық  қарым-қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін  оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды  қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда  төмендегідей әдістемелік, педагогикалық  міндеттерді шешуге болады:

білім беруде көлемді ақпаратқа  қол жеткізе алу; білім алуға  мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше  жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау  және  т. б.

жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен  шұғылдану  іскерлігін дамыту, ақпараттық  мәдениетін қалыптастыру және  т. б.

әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман  дайындау және  т. б.)

оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін  арттыру, танымдық әрекеттің мотивін  қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды  тереңдету  және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны  пайдалана отырып, шетел тілі сабағында  интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған  интернет жүйесін  қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе  материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады .  Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.

Студенттердің шетел тілін  үйренуге  деген  ынтасын  арттыру  олардың төмендегі шараларға  қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс»  деген ұғымды береді.  Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас  үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер  айтылымдарға спонтанды  түрде, түрлі  тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық  тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады.  Атап айтқанда, студенттердің жасаған  әрбір жұмысына берілетін бағаның,олардың  жасаған қатесін қайталаулар  негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс  нәтижесін мақұлдап немесе белгілі  бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін  білдіріп отыратын оқытушының тікелей  қатыспауы, студенттерге өз бетінше  жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.  Бұдан оқытушының  шетел тілі сабағындағы  орнын  жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.

Керісінше, оқытушы тіл  үйренушілердің жеке тұлға  ретінде  өз тапсырмаларын орындап, жұмыс  қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық  жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір  субъект.

Білім беру үрдісінде ұстазда, шәкіртте жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру  керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын  пайдалана отырып, білім сапасын  арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін  жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу  – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу  мұғалімдер қауымына зор міндеттер  жүктейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « … жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында  алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. [6, 3 б.]. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.

Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы  бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы  проблема- әлеуметтік-педагогикалық  және ұйымдастыру тұрғысынан білім  мазмұнына жаңалық енгізудің  тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының  «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін  ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін  көрсету арқылы білімге тереңірек  ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне  көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. [12, 100 б.].

Осы орайда, Елбасы Назарбаевтің: «… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз  қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» [2, 1б.] деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде  белгілі бір жүйемен жүргізу  қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің  маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К,Д, Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса  мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық  және практикалық мәселерін атақты әдіскерлер ( К.Б. Бархин, Н.М. Соколов, М.А. Рыбникова, Е.И. Тихеев және т.б. ) өз зерттеу  еңбектерінің арқауы етті.

Тіл дамыту проблемасы белгілі  психологтар ( П.П. Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Н.И. Жинкин және т.б. ) еңбектерінде қарастырылды.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселері М. Жұбанова, С. Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімов, Г. Уәйісов  т.б. ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді. [15,216].

Бүгінгі мектеп алдындағы  басты міндет – ана тілі сабағында  сын тұрғысынан ойлау жобасын  басшылыққа ала отыра, оқушылардың  тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар  арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту  жүйесінде мынандай қайшылықтар  бар екендігі анық байқалады:

- Қазақстан Республикасының  жаңадан қабылданған «Бастауыш  білім беру тұжырымдамасына»  сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін  білім, білік, дағдылардың деңгейіне  қойылатын мемлекеттік стандарт  талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының  арасында;

- ана тілі сабағында  оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын  тиімді әдістемемен қамтамасыз  ету қажеттігі мен оның іс  жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;

- оқушылардың тілін дамытуда  сын тұрғысынан ойлау жобасын  қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық  тұрғыда негізделген төл тіліміздегі  әдістемелердің жоқтығы арасында  қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми –  зерттеу жұмысымыздың мәселесі ана  тілі сабағында оқушылардың тілін  дамытудың ғылыми — әдістемелік  және теориялық жолдарын қарастыру  болып табылады. Аталған мәселенің  бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Ана тілі сабағында  сын тұрғысынан ойлау жобасын  қолдану арқылы оқушылардың тілін  дамыту» деп таңдауымызға себеп  болды. Осы қайшылақтардың шешімін  табуда мынандай мақсат пен міндеттерді  айқындадық.

Қазіргі кезде жаңа білім  жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы  мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде  монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде  болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының  бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын  құру болып табылады. Шет тілін  үйрету процессінде компьютер технологияларын  қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық  суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б. әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында  өзгеріп отырады. Бұл динамикалық  және оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде  оқушының белсенділігі оянады.  Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез  қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.[4.30]

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер - адам іс-әрекетінің барлық салаларында  қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта  қоғамдық өмірдің барлық саласын  глобальді ақпараттандыру процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты. Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану техникасы  туралы әдістеменің болмауы себепті  шет тілін үйрету процессінде  компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту  әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер  арқылы ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет  ететін, осы зерттеу жұмысының  маңызды мәселесі (проблемасы) болып  табылады. Бұл мәселе зерттеу жұмысының  тақырыбын таңдауға себеп болды: «Шет тілін оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі».

 

1.1Ағылшын тілі пәнінің білім саласын арттырудағы ақпараттық -коммуникативтік технологиясының рөлі.

 

Еліміз жылдар бойы аңсаған  тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне  ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің  қолданылу аясын кеңейту кезек  күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын  тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс- тәсілдері, технологиялары бойынша  зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.[20.76]

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан  ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға  қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру  үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды  қолданған жөн?

Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды  зерделей келе, ақпараттық технологияларды  пайдалану туралы мәселеге тоқталуды  жөн деп санап, осы тақырыпта  жинақтаған іс-тәжірибемді ортаға салмақпын.

Білім беру саласында түрлі  технологиялар енгізілуде, бірақ  олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану  басты талап. Мәселе технологияларды  кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.

Ақпараттық технология –  ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу  үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық  құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде  сабақта ақпараттық технологияларды  бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ  әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы  оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен  адам ғана мақсатына жетеді.

Ағылшын тілді оқытуда  жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін  жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды  жаңа тәсілдерінің пайда болуына  мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту  жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға  болады. [5,172 б]

Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен  жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:

Лексиканы меңгерту.

Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б.

Сөйлеу жұмыстары :

Көптеген бағдарламаларда  микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан  соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы  оны түзетуге мүмкіндік алады.

Оқушылардың сөйлеу тілін  дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып  саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас  амандасудан басталады. Мұғалім  сабаққа кіргеннен оқушылармен  диалогта болады. Оқушыларға белгілі  бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік  сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік  сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі  ұстанымына сәйкес келеді.

Коммуникативтіліктің жауап  алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі  сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:

І кезең: диалогпен танысу;

ІІ кезең: диалогті жаттау;

ІІІ кезең: диалогті қойылымға  айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін  қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;

Жазуды оқыту.

Информация о работе Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету