Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:02, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 110.98 Кб (Скачать)

Заман табына сай жас ұрпаққа  сапалы білім беруде электрондық  оқулықтарды география сабағында  пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының  бір түрі ретінде қарастыруға  болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын  жас ұрпаққа білім беру жолындағы  ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу  қажет деп ойлаймыз.[25№3]]

 ЭО негізгі қасиеттері:

1.   Жинақтылық

2.   Жүйелілік

3.   Эстетикалық көркемділігі

4.   Жылдамдылығы және  т.б.

ЭО қойылатын талаптар:

1.     Жан-жақтылығы

2.     Ізгіліктілік

3.     Бейімділігі

4.     Модульдік

5.     Экономикалық  тиімділігі

6.     Тұтынушыға  бағдарлау

 

2.2 Мультимедиа-инновациялық технологиялардың тілді оқытудағы тиімді жолдары және аудио кітаптарды пайдалана отырып ағылшын пәнін оқыту.

 

Еліміздегі білім берудің  дәстүрлі қалыптасқан жүйесінен  әлеуметтік- экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениеттік әлемдегі ақпараттық даму жаңа технологияларды  пайдалануды қажет етуде. Өйткені, бүгінде ғылым мен техниканың даму қарқыны білім беру саласында  жаңа тенологиялық әдістер мен инновациялық құрал-жабдықтарды мейтінше қажет  етеді.

Еліміздің даму бағыты айқындалған  қазіргі уақытта білім берудің  маңыздылығы мен мәнділігіне  шынайы көңіл бөлініп, сапалы білімге  қол жеткізуге нақты міндеттер  қойылуы тиіс. 

Бүгінде білімге деген  көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы  технологиялары пайда болып, олар білім  мазмұнының толығымен жаңаруына  себепші болуда.

Қазіргі оқыту әдістемесіндегі  заманауи бағдар деп инновациялық білім  беру жүйесін атауға болады. Ал «Инновация» (лат. тілі. – жаңа, өзгеру деген мағынасын  білдіреді) термині түрлі элементтер жүйесі мен солардың аясындағы сандық және сапалық өзгерістерді білдіреді.

Инновация дегеніміз –  жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық  енгізу, яғни, инновациялық үрдістерді мазмұнды ұйымдастыруды анықтайды. Инновация ұғымы алғаш рет  ХІХ ғасырда мәдениеттанушылар  зерттеулерінде пайда болып, белгілі  бір мәдениеттің келесі бір мәдениетке енгізген жаңа элементі деген ұғымды берді. Инновация білім беру мақсатында, оқыту технологиясында, білім беру жүйесінде түрліше қызмет атқарады. [17.376]

Инновациялық технологиялар  оқыту үрдісінде білім сапасын  заман талабына сай етіп, жаңашыл  бағытта білім алушыларды толық  қамтамасыз етеді, жаңаша оқыту жүйесіне бейімдейді. 

Ағылшын тілінің мектепте тілден берілетін білім жүйесіндегі  негізгі шетел тілі ретінде таңдалып алынуы көптеген факторлардан туындайды. Олар:

- әлеуметтік лингвистикалық: Адамзат тарихында бірде бір тілге тән болмаған қызметті атқаратындықтан қазіргі әлемде әмбебап құрал болуымен байланысты;

- әлеуметтік мәдениеттілік: Ағылшын тілді мәдениеттің қазіргі әлемдегі мәдениеттің өзара байытылуына әкелетін, мемлекеттерге және континенттерге әсерін тигізетін трансмәдениет, халық туралы білім көзі болып табылатындықтан;

- экономикалық: әлемдік экономикалық кеңістіктегі ықпалдасуда әлеуметтік қалыптасу және өсу кезеңінің құралы болып табылатын іскерлі ағылшын тілінің негіздерін меңгеруді бағамдайтындықтан;

- ақпараттық: ғылыми-техникалық ақпараттар легі ағылшын тілінде сақталатындықтан, ағылшын тілінің бүкіл әлемдік Интернет тілі болып отыратындығынан мектептегі ағылшын тілін оқытудың жаңартылған мазмұны әлемдік стандарттарға сәйкес келуі керек.

Мектепте жеке тұлғаның тілдік жүйесінің дамуына көп көңіл  бөлінеді. Тілдік жүйенің дамуы дегеніміз  – жеке тұлғаның тілді меңгеруі.

Сөйлеудің негізгі мағынасы адамның әлеммен қарым-қатынасы адам санасында көрініс табатын  ой. Сөйлеудің негізгі объектісі  адамның шыншыл өмірмен байланысы. Биляев ойынша шет тілін игеру  яғни басқа тәсілдермен және жолдармен  санадағы ойды шығару. Сөйлеудің құрылымына тоқталатын болсақ оны психологтар  былай көрсетеді. Сөйлеуді адамдар  бірдеңені айту қажеттілігі туған  кезде қолданады. Ағылшын тілін  оқытудың алғашқы сатыларында оқушыларда ағылшын тілінде өз ойын жеткізу  қажеттілігі туады. Ол қарым-қатынас  жасап отырған қимыл іс-әрекет негізінде көрінеді. Мысалы бірдеңені  жеткізу, сұраққа жауап беру, өтінішті орындау сондай-ақ қаламды әперу, есікті ашу, тақтаны сүрту т.б. Бұл  жағдайлардың негізгі мақсаты күтілетін  қорытынды. Бұл бөлімде сөйлеу мынадай  қызметтерді ғана атқарады. Атап айтсақ не үшін, неге және не айту керек. Сөйлеуді қалай жүзеге асыру сөйлеудің 2-ші бөлімін де яғни аналитика-синтетикалық бөліміне қатысты. Бұл бөлімінде тіл арқылы ойды жүзеге асыру процесі жүреді. Ағылшын тілінде ойды жеткізу кезінде оқушы естегі сөздерді теріп (анализ) оны ойды жеткізу үшін сөйлеу бүтініне қосу керек (синтез). Сөзді жадыда сақтау үшін оларды белгілі бір нәрсемен қатысты жүйелеу керек. Олар парадигматикалық және синтагматикалық бола алады. Сөйлеудің осы екі түрі көп болса оқушының сөйлей алу қабілеті жоғары болады. [6]

Cөйлеу кезінде синтагматикалық  байланыста үлкен роль атқарады. Яғни басқа сөздермен сәйкес  келу негізінде мысалы order деген  сөз келесі сөз тіркестеріндеқолданылады.

order-something (order dinner, order breakfast, a new coat etc )

order to do something (order to stand up, to close the door, to stay in bed)

give an order to do something (to stand up, to stay after classes)

Осы сөздердің таңдалынып алынуына сөйлеушілер арасындағы қарым- қатынас лексикалық сөздік қорлары  қатысты құралдарды таңдап алу процесінде мынадай жағдайлар іске асады.

күнделікті қолданылатын ағылшын тіліндегі бірліктер 

Good afternoon, thank you my name is, I am on duty, may I come in.

        Сөздердің  орнын ауыстыру және құрылымын  өзгерту. Мысалы: My name is деген дайын  тіркестен name is бірлігі өзгеріссіз  қалып my түрін his, her немесе my sister’s  деп ауыстыруға болады. Осы құрылымды  өзгерту кезінде біріншіден ойлау  тікелей мен арқылы жүзеге  асып 2-ші жағдайда грамматикалық  құрылымы іске асады. 

Шет тілін оқытудың қиындығы осында. Адам ойын жеткізер кезінде  оны бірінші ойлап алады ал ол ана тілінде іске асады.

Сөйлеу аудирование, оқу  және жазумен тығыз байланыста. Аудирование  мен сөйлеу ойды ауызша жеткізу ретінде  бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу бұл тікелей оқумен байланысты. Яғни сөйлеу мен дауыстап оқудың қарым  қатынасын дәлелдеп жату артық. Сөйлеу жазумен де байланысты. Мысалы оқушы  жазу үстінде өз ойынан сыбырлап айтып  отырады.

Сөйлеу монологтық және диалогтық  түрде жүзеге асырылады. Ол методикалық  мақсат негізінде де жүзеге асады  яғни әрбір сөйлеу формаларының лингвистикалық ерекшелітерін көрсету негізінде. Монологтық ойлауға ойды толық жеткізу  және бір-бірімен байланысты болу деген  мінездеме тән. Диалогтық сөйлеу сөйлеу клишелерін және элиптикалық  сөйлемдерді қолдану негізінде  жүзеге асады. Мысалы сөйлеу практикасында  жалпы сұрақтарға иә, жоқ деген  қысқа жауап ала аламыз. Оқушылар көбінесе бұндай жауапқа қанағаттанбай  толық жауап сұрайды. Мысалы: is it tuesday today деген сұраққа yes,it is немесе yes it is already tuesday today деп жауап беруге болады. Альтернативтік сұрақтарға жауап ретінде мынандай мысалдар келтіре аламыз. Yes ,it is an English book or Russian one сұрағына it is a Russian one немесе a Russian one деген жауап ала аламыз. [8. 25-29б]

Монологтық сөйлеуге «хабарлау» деген мінездеме бере аламыз. Оларға мынандай мысалдар көрсете аламыз. Мысалы оқушылар қайда оқимыз немесе бүгін қай күн деген сөздерді ағылшынша жеткізе алу қажет. Ағылшын тілің оқыту кезінде  оқушылар сөйлеуге ұмытылады. Тіпті  оқушылардың лексикалық сөздік қорлары  минималды дәрежеде болса да олар тілдің коммуникатививтік қызметін сезіне бастайды. Ағылшын тілін оқытудың алғашқы жылдарында оқушыға сұрақтарды қою, оған жауап беру т.б сияқты ұсақ сөйлеу бірліктерін оқытушы сұрайды. Сөйлеу кезінде оқушы кем дегенде  үш сөйле монологтық сөйлеуге сөйлеу дайындықсыз іске асады, яғни тілдің тіл материалының көлемі бес сөйлемнен  кем болмау керек. Оқытудың екінші жылында  диалогтық сөйлеу кезінде әңгімені жүргізе алу қабілеттілігі болу керек, ол сұрақ пен жауап, ұсыныс, бұйыру негізінде жүзеге асады. Ол тікелей  тілдік мәтіннің бағдарламасына қатысты  болу керек және ол 4 сөйлемнен кем  болмауы қажет. Кейбір монологтық сөйлеу күрделірек яғни оның көлемі 7 сөйлемнен  жоғары болу керек.Ауызша сөйлеу шет  тілін үйретудің маңызды құралы. Сөйлеу – сабақтың маңызды бөлігі.Ауызша сөйлеу-оқушылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған  материалды тексеру құралы.

Ең маңызды мәселе –  ол оқытудың бірыңғай мазмұнын талдау, бастапқы, орта сатыдағы оқытуға арналған.

Оқытудың нәтижелілігіне бағытталған тіл материалдарының  көлемін анықтау;

Сыныптар бойынша бағдарлама материалдарының (бірізді, жүйелі, логикалық) презентациясы;

Қарым-қатынас құзырлығын және тілдік сөйлеуді дамытуға арналған арнайы жүйелі жаттығуларды ұйымдастыру;

Ағылшын тілін үйретудегі қарым-қатынас аспектісі мен сөйлеу қабілетін арттыру мақсатындағы жүйелі тапсырмаларды өңдеу;

Ағылшын тілін оқытудағы  рационалды әдіс-тәсілдерге оқушы қызығушылығын  ояту.

Ағылшын тілін оқытудағы 3 - 4 сыныптардың жаңа бағдарламасының  мазмұны оқушының жеке тұлға ретінде  тілдік дамуын, ауызша және жазбаша  сөйлеуін толық меңгеруге бағытталған. Олар:

Лингвистикалық білімнің (фонетика, грамматика, лексика) ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыруында практиканың маңызы зор.

Берілген білімді ауызша және жазбаша сөйлеу процесінде қолдану.

Оқыту процесі жеке тұлғаның ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытуды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне  сәйкес оқытудың үш сатысынан тұрады:

1 саты – бастауыш мектеп;

2 саты – негізгі мектеп;

3 саты – жалпы орта  мектеп.

Алғашқы сатысында оны  оқып-үйренуге қызығушылығын қалыптастыру үшін педагогикалық-дидактикалық жағдайлар  жасалады, ана тіліне сүйене отырып, ағылшын тілінде тұлғааралық  бірліктің қарапайым біліктері  қалыптасады.

Екінші сатыда оқушыларда тілдік қызметтің барлық тілдерінде: сөйлеу, оқу, жазу және тыңдап-түсінуді жүйелі дамыту жүзеге асады.

Үшінші сатыда  ағылшын  тілін оқыту өзара қатысымдылық ықпал етуде оқу әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, әкімшілік, кәсіптік салада, ресми  қарым-қатынаста ағылшын тілін  қолдануды қамтамасыз ететін, шетел  тілінің қатысымдық бірліктерінің дамуына ықпал етуі тиіс. [13,80б]

Қазіргі заман жаңа формация мұғалімінің моделіндегі интеллектуальдық, қарым-қатынастық және дүниетанымдық  секілді негізгі құзырлылықтарды  анықтауда тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдіс-тәсілдер мыналар:

Компьютерлік технологияларды, оның ішінде мультимадиалық кабинет  мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптілділікке  оқыту;

Шетел тілін оқыту процесін жеңілдету және жетілдіру үшін сабақта  техникалық құралдарды, соның ішінде, бейнефильмдерді пайдаланудың дидактика  тұрғысынан да, экономика тұрғысынан да маңызы зор:

Бейнефильмдер оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалды жақсы меңгеруіне, оны интенсивті түрде бекітуге көмектеседі.

Бейнефильмдер оқытушыға  оқу-тәрбие жұмысын өмір шындығына  жанастыруға мүмкіндік береді.

Сабақта бейнефильмдерді  қолдану нәтижесінде оқушылар өздері меңгерген оқушының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолданады.

Бейнефильмдер тыңдап-түсінуде кездесетін қиындықтарды жеңуге, оқушының бойында тыңдап-түсіну іскерлігі  мен дағдыларын қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Сабақта бейнефильмдерді  қолдану оқу сапасын жоғарылатады, оқшының шетел тілін үйренуге қызығушылығын арттырады.

Сабақта қолданылатын бейнефильмдердің түрлері: документальды, көркем фильм, комедия, тіл меңгеруге арналған фильмдер, жарнамалық және коммерциялық фильмдер.

Сабақта бейнефильмдерді  қолданғанда ескерілетін жағдайлар: бейнефильмдерді жоспарға сай іріктеу, тақырыпқа сәйкес таңдау, фильмнің көлемін ескеру, қысқа болуын қадағалау, сюжеттің оқушы үшін қызықты әрі  логикасы болуы шарт, баяндалу тілінің  жатықтығына көңіл бөлу.

Бейнефильмдерді сабақта  пайдалану жолдары:

Фильмді бірнеше кадрға бөліп  көрсету керек.

Сабақты ой ашардан бастау.

Фильмді көруге дайындық кезеңі:

а) таяныш, қажетті сөздермен  таныстыру;

ә) болжау сұрақтар қою;

б) хабарлама жасау.

Фильмді көрсету барысында  мына жайлар ескеріледі:

а) негізгі идеяны анықтау;

ә) басты ақпаратты да, қосалқы ақпаратты да толық түсіну.

Фильмді көріп болғаннан  кейін төмендегі жұмыстар жүргізіледі:

а) сұрақтар қою арқылы оқушылардың  түсініктерін тексеру;

ә) сюжетті талқылау;

б) рөльдік ойындар ұйымдастыру.

Фильмді көрсету әдістер  де әр түрлі. Оқушылар фильмді дауысын  шығармай дыбыссыз не болмаса кинодан  қажетті үзіндіні көру арқылы мұғалімнің берген тапсырмасын орындайды. [25.№3]

Оқушының өздіктерінен жұмыс  белсенділігін арттыру үшін бейнефильмдерді  көрсету арқылы әңгіме, мазмұндама ұйымдастыруға болады. Сонда ғана оқушы тіл ұстартып, шығармашылық қабілетін көрсете алады, коммуникацияға бейімделеді.

Еліміздің әлемдік интеграцияға шоғырлануы жағдайында ағылшын тіліне сұраныс күн сайын өсе түсуде. Осыған сай ағылшын тілін меңгеру  арқылы ғана беделді қызметке қабылданып, мансабыңыз ілгерілей түсетіні анық.   

Информация о работе Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету