Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:02, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 110.98 Кб (Скачать)

 

Ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар және оның негізгі  ұғымдары.Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру»  деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті.Олай болса,қоғамды  ақпараттандыру дегеніміз не?

Қоғамды ақпараттандыру-экономиканың,ғылымның,мәдениеттің  негізгі шарттарының бірі.Білім  беруде жаңа әдістерді енгізудің  бір бағыты-оны ақпараттандыру,яғни берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс,яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің  барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды  тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру,оларды сүйемелдеу және дамыту,нақты жүзеге асыру шаралары және оны қолдануына жол ашу.

Ақпараттық технология-қазіргі  компьютерлік техника негізінде  ақпаратты жинақтау,өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация-ақпараттық тасымалдап жеткізу әдістер мен механизмдерін  және оларды жазып жинақтап жеткізу  құралдарын қамтитын жалпы ұғым.

Шет тілді оқытудағы негізгі  мақсат – шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту,оны еркін  игеру.Шет тілі-қазіргі заманның талабына сай,қоғамның әлеуметтік-экономикалық,ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі.Қазір  шет тілін оқыту әдістемесінің  деңгейі жоғары.Тілді оқытуда  интеративтік тәсіл,ойындар,екеуаралық пікірталастар,сонымен бірге ақпараттық технология,интернет,компьютер қолданылуда.

Ақпараттық технологияны шет ел тілі сабақтарында пайдалану  нәтижесінде төмендегідей жетістіктерге  қол жеткіземіз.

Сөзжұмбақ,кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану  арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдары өндеу.

Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазумен көркемдеп безендіруді  уйретеді.

Дербес компьютерді пайдалану  арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игерумен білім  алуды кеңейту.Интернет желісін  пайдалану арқылы оқушылар электрондық  пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама  алмасу,өзінің ойын еркін жеткізу.[7.272]

Қазақстан Республикасының  мемлекет аралық тілі- ағылшын тілін  жаңа технологиялар арқылы оқыту  ісі күннен- күнге өзекті болып  келеді.Тілді ақпараттық –коммуникативтік технология арқылы оқыту тіл үйренушінің  өзбетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.Сонымен қатар  оқушылар интелектуалдық,шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады,оқушының оқу белсенділігі артады,сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды пайдалану арқылы оқушыға үйретуге тиісті ақпараттармен  білім қорын жүйелі түрде көрсете  біледі.Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі.

Мысалы:ағылшын тілін  үйретудің тиімді әдістерінің бірі-шетел  тілінде ән үйрету.

Ән үйрету арқылы оқушылардың  төмендегідей ақпараттық құзіреттіліктерін  қалыптасады:Шет тілі сабақтарында әндерді пайдаланғанда,оны мұқият таңдап алу қажет.Өйткені жаңа лексиканы  немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде әнге берілетін тапсырмалар  оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.Сонымен бірге ағылшын  тілі сабақтарында электрондық оқулықты пайдаланудың маңызы зор.Электрондық  оқу құралы-бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін,сонымен бірге  есептер жинағы , анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға , курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.Оқу процесінде оқытудың ақпараттық–коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр.Атап айтсақ,оқушылардың өз бетімен ізденісі,пәнге деген қызығушылығын арттырып,шығармашылығын дамытуға,оқу қызметінің мәдениеті қалыптастыруға ,дербес жұмыстарын ұйымдастыруға өте маңызды.

Сонымен,интеративтік тақта  сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап,қажет ақпаратты  өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табыладыАлдын ала  дайындалған оқу материалдар-презентациялар,мәтіндік,графикалық ақпараттық объектілер-сабақтың жақсы  өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.Біз  бейбіт елде,мемлекеттік білімді  жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз.Жалпы білім берудің мақсаты  –терең білімнің,кәсіби дағдылардың  негізінде еркін бағдарлай білуге,өзін-өзі  дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты  шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру,яғни жеке тұлғаны  қалыптастыруға негізделген ,ақпаратты  технологияны терең меңгерген ,жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға  лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге  байланысты.Біз жаңа технологияға,жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдардың қолданып отырмыз.Бұл-біздің Қазақстанның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады.Ғылыми білім беруде интеративті тақтаның мүмкіндігі мол.Интеративті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады.Оқу процесінде,оның ішінде практикалық сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологиялар

Құралдарды қолдану мұғалімнің жеке-тәжірибесіне ,шығармашылық ізденісіне байланысты.Интеративті құралдар оқыту  формасын ұйымдастыруды түрлендіруге,дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.Бұл оқушылардың  пәнге деген қызығушылығын арттырады.Қорытындылай келе интеративті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге  көмектеседі.

А.Кушнирдің «Языку не нужно  учить чему-то внешнему,Поэтому задача полноценного языкового образование  в школе должна состоят прежде всего не в освоении каких-то внешних  правил,а в организации интенсивного процесса жизни в языке» деген  пікірі біздің көздеген мақсатымызды айқындап тұрғандай.

 

2.1 Шет тілін үйретуде электрондық оқулықтарды қолдану

 

Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп  отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша  компьютер негізіндегі технология»  деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл  терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын  береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін  кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін  дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді.[20.2000]

Біз жоғарыдағы анықтамаларды  өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында  оларды негізге  ала отырып жұмыс  істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты  оқушыға компьютер арқылы әзірлеу  мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп  отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде  кез келген жақсы оқитын оқушы  информатика  заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі  алған білімдерін практикада қолдана  алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін  көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың  танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін  қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек  етуге жағдай жасайды.[11.96]

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін  үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс  қабілетін дамыту.

Электрондық оқулықтың құраушы  элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (Сызба 1) Осы элементтердің барлығы  да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда  алғашқы маңызды аспект ролін  мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың  компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.[23.№6]

Дәстүрлі оқыту меңгерудің 4 деңгейінің (репродуктивтік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) тек алғашқы  екеуін ғана қамтиды, нәтижесінде материалдар  жеткілікті дәреже меңгерілмейді, білімнің жүйелілігі, беріктілігі қалыптаспайды. Компьютердің көмегімен тақырыпты  оқу, зерттеу негізінде меңгеруді  эвристикалық және шығармашылық деңгейге жатқызуға болады. Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест  сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде  болады. Қорыта айтқанда компьютерді  сабақта қолдану барысында оқушылар:

1. Қарастырылып отырған  тақырыптың мағынасын терең түсінеді;

2.          Оқушы жұмысты орындау барысында  ғылыми зерттеу жұмысына тартылады,  оның бойында зерттеушілік қабілет  пен ынта қалыптаса бастайды.

Кез келген  пән мұғалімін  компьютерлік кабинетке тартып отырған  не? Ең бірінші кезекте сабақты  түрлендіру және оқушылардың пәнге  деген қызығушылығын арттыру. Компьютерлік сыныпта өткен сабақта үйреншікті тыныштық жоқ. Сабақ кезінде оқушылар проблемаларды талқылайды, сабақтың барысын қызығушылықпен бақылайды. Бұл кезде мұғалім – оқушы  арақашықтығын ұстау болмайды[24№8]

Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарына  тоқталайық.

 

 

 

 

 

 

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

Ø           Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

Ø           Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

Ø           Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

Ø           Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

Ø           Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.

Ø           Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

Ø           Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

Ø           Мүғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

Ø           Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

Ø           Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Ø           ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

Ø           Психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

Ø           Пән аралық байланыстың аздығы.

Ø           Көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

Ø           Оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

Ø           Материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

Ø           Оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

Ø           Берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

Ø           Компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

Ø           Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы. 


 

 

 

Жоғарыда айтылған тиімсіз  жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

1.          Компьютерді сабақтың белгілі  бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

2.          Компьютерді пайдалану уақытын  сақтау;

3.          Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік  ережесін сақтау;

4.          Дәстүрлі және электронды оқытуды  кіріктіру арқылы жүргізу. Себебі  электронды оқыту – оқу пәнінің  негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын  компьютерлік технологияға негізделген  оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу  т.б. бағдарламалар жиынтығы. Электрондық  оқулық жай оқулықтарға өте  тиімді қосымша мүмкіндіктер  береді. Атап айтқанда:

1.Кері байланысты іс  жүзінде тез арада қамтамасыз  етеді;

2.Жай оқулықтағы кездеспейтін  қосымша материалдарды электронды  оқулықтардан қысқа уақытта табуға  болады;

Гипермәтінді түсіндірмелерге  өту барысында уақытты үнемдеуге  көмектеседі.

Кез келген сабақ бойынша  ең бастысы электронды оқулықтарды  дайындаудың бір жүйеге келтірілген  заңдылығы болуы керек.[22№4]

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай  дидактикалық шарттарды ескерген жөн:

1.Белгілі бір пәнге  байланысты дайындалған оқулықтың  сол пәннің типтік бағдарлаиасына  сәйкес болуы;

2.Электрондық оқулықтар  курста оқытылатын тараулар мен  тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін  қамтитын негізгі сарамандық  және тәжірибелік тапсырмаларды  орындауға арналған қосымша материалдарға  анықтама, библиографиялық көмекші,  аралық және қорытынды бақылау  сұрақтарынан тұратын тест материалдарды  дайындауда пайдаланылған әдебиеттер  тізімдері бөлімдерін қамтуы;

3.Белгілі бір тақырыпқа  қатысты материал 2-3 экрандық беттен  артық болмау.

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін  бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік  бар:

1.          Білім мониторингісі;

2.          Сауалнамалар;

3.          Түрліше тестілік бақылаулар;

4.          Жеке оқушылармен әңгіме, пікір  алмасу т.б.

5.          Оқушыларды сырттай бақылау

Электрондық оқулықтарды  қолдану барысында оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығының  күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.[23 №6]

Информация о работе Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету