Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 13:02, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 110.98 Кб (Скачать)

Жұмыстың бұл түрі сауатты  жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге  септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты  жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді.

Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық  дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі  жауаптасу мен мәтін бойынша  жұмыс негізгі құрал болып  табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі  сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз  тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың  сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық  жауап қарастыра алуынан, оқығандарын  ауызша да, жазбаша да мазмұндап  беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын  тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік  мақсат қойылады, оған оқушылардың  сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл  іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс  жүзеге асыру үшін грамматикалық  жұмыс жүргізілуі керек.

Компьютерлік оқыту бағдарламаларының  қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді  тыс қалдырмайды, белгілі бір  грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі  алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Компьютер шексіз ақпарат  әлемінде енуге және ақпаратты  жүйелі түрде талдап, сараптауға  мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы  жоғары жылдамдық адамның ақпараттық  мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай  жасайды. 

2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық  әрекетінің әмбебап құралы ретінде  ерекшелінеді.

3. Өзге құралдардан компьютердің  ерекшелігі – оның қатысымдық  құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық  түрлерін жүзеге асыра алады.  Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат  жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл  үйренуде бұл мүмкіншіліктер  ең маңызды болмақ.

4. Құрал білімгерлерге  өз әрекеттерінің нәтижесін айқын  көрсете алады. Білім алуда  дұрыс шешім жасай білуге деген  оқушылардың өзіндік тәсілін,  стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен  жаттығулардың кешенді түрлерін  аз уақытта орындау мүмкіншілігі  туындайды. 

Ағылшын тілі сабағында компьютерді  қолдану мәтіндер мен ақпаратты  білуге жол ашады. Тіпті нашар  оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені  кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Қазақстан Республикасының  мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін  жаңа технологиялар арқылы оқыту  ісі күннен-күнге өзекті болып  келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік  технология арқылы оқыту – тіл  үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал  ететін тиімді жүйе болып табылады.

Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік  істерін дамыта алады, оқушының оқу  белсенділігі артады, сабақтың негізгі  кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.

Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға  сай берілген сабақтары осы мәселелерді  шешуші күш болып отыр. Аталған  мәселені өзіміздің тәжірибемізге  жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың  аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол  тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. «Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да сыйламас», деп  «жабылған қазанды жауып тастасақ»  айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер  туралы тек қана жағрапия сабағында  емес, басқа сабақтарда да үнемі  айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында  өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін  көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті  көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе  білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы  керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері  бір тақырыпты бір уақытта  бастап, пәндер арасында тым құрығанда  атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа  әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер  еді демекпін. [17,376]

Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ  белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы  үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман  талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған  сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім  алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар, жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрін сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді, білікті ұстаз болайық.

 

1.2Жаңа ақпараттық технологияларды шет тілі сабағында тиімді пайдалану

 

Елімізде білім беру саласында  жаңа ақпараттық технологияларды қолдану  басты мақсат болып отыр.Ол тек  қана техникалық құрал емес, сонымен  бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық  технология және білім беру жүйесіндегі  сабақ берудің жаңаша әдісі болып  отыр.

Елбасымыздың Қазақстан  халқына жолдауында ХХІ ғасырда  ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі,электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын , білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп ,

өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде  еркін сөйлейтін азамат болып  шығуы керек деген еді. [12.100]

Компьютерлік телекоммуникациялар  бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек  өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық  сауатты, саяси-экономикалық білімді  және ақпараттық-коммуникациялық білімді  және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының  кілті екені белгілі.Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып  келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман  педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту  барсында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

Бұл жұмыстың басты мақсаты  компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында  презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең  қолдану.

Ең тиімді программалардың  бірі Microsoft Power Point.

Ол мұғалімге қысқа  мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны  бірге қолдану оқушылардың сабаққа  деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды  және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• хат жазуға үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.

Қазіргі кезде ағылшын  тілімен компьютер, телекоммуникациялық  құралдарды меңгеруді уақыттың өзі  талап етеді, тіпті кейінгі жылдары  олардың рөлі зорая түсуде.[7.272 ]

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда  көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды  меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен  өз сабақтарымда қолданамын. Және мен  өз сабағымда “English grammar for pupils», ’ English 95”, “Enjoy english” электронды оқулықтарын  жиі қолданамын.

“English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі.

“Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың  коммуникативті дамуына көп ықпал  етеді.Бұл диск екі бөліктен тұрады.1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден  тұрады. 2-Мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді  текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда  күтілетін нәтижелер:

• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

• оқушыларың сабаққа деген  қызығушылығын арттырады;

• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

• оқушылардың шығармашылығын арттырады;

• оқушыларды жеке жұмыс  істеуге үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;

• пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады;

Көбіне мен ағылшын  пәнінде компьютерді жаңа сабақ  түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта  қолданамын.

Қорыта келгенде ағылшын  тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану  заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте  компьютер заманы болатынына көз  жеткізеді..[14.656]

«Шетел тілі» оқу пәнінің  оқытудың басты мақсаттары

Шетел тілін оқытудың басты  мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде  қарым-қатынас жасауды базалық  деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту  мазмұнына қарапайым коммуникативтік  біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас  процессінде қолдана алу қабілеттілігі  мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз  ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

Осы мақсатқа сай оқыту  міндеттері екі үлкен бағыт бойынша  белгіленеді:

Танымдық бағыт бойынша:

• Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

• Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт  талабына сай шетел тілінің пән  ретінде қажеттілігі күннен-күнге  артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.)

• Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;

• Сөз мәдениетін таныту;

• Пікірталас мәдениетін жетілдіру;

• Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін  меңгерту;

• Оқушылардың логикалық  ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;

Коммуникативтік, практикалық  бағыт бойынша:

• Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;

• Тілдік сауаттылығын арттыру;

• Оқушылардың тілдік - эстетикалық  талғамдарын қалыптастыру;

• Этикет нормаларына сай  тіл мәдениетін жетілдіру;

• Сөйлеу әрекетіне қажетті  заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

• Шығармашылық қабілеттерін дамыту;

• Қарым-қатынас талаптарына  сай іскерліктерде қолдана білу;

• Пікірталас түрлеріне  сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;

ердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық  ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.

Баларды өз оқу - әдіс , іс-тәжірибемде үнемі естен шығармай, пайдалы жақтарын көруге тырысамын.

Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді  оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп  ойлаймын.Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен  өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге  мүмкіндік тудырады, сонымен қатар  ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін  оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей:

Информация о работе Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып шет тілін үйрету