Бөлім. Психологияға кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция

Описание работы

Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Работа содержит 1 файл

лекция псих.doc

— 627.00 Кб (Скачать)

Тақырып бойынша  қарастырылатын сұрақтар:

1. Түйсік туралы жалпы түсінік

1. Түйсіктің физиологиялық негізі.

3. Түйсік жіктемесі   және түрлері. 

4.Қабылдау жайлы түсінік.

5. Қабылдаудың физиологиялық  негізі.

6. Қабылдаудың қасиеттері.

Дәріс тезисі.

1. Түйсік туралы жалпы түсінік. Адамның психикалық іс-әрекеті сыртқы орта мен ағзаның ішкі жағдайымен байланысты болады. Сезім мүшелері арқылы адам әртүрлі сыртқы және ішкі құбылыстар жайлы ақпараттарды түйсік түрінде алады.Түйсік таным процестерінің ең қарапайым түрі және түйсік жүйке жүйесі бар барлық тірі ағзаларда кездеседі.  Әртүрлі арнайы тітіркендіргіш әсерінен пайда болатын сезім мүшелері арқылы пайда болатын түйсікті, сенсорлық тану деп атайды(сенсорика).

Түйсік -  эволюция кезінде  тітіркендіргіштіктің негізінде пайда  болған. Тітіркендіргіштік – сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық.

Түйсіктің қызметі –  орталық жүйке жүйесіне ағзаның  ішкі жағдайы және сыртқы ортасы туралы маңызды мәліметтерді  уақытында  жеткізу. Түйсікті -  И.П. Павловтың  сигнал беру теориясы бойынша, 1-ші сигналдық жүйесіне жатқызуға болады.

Түйсіктер қоршаған ортаның  адам үшін маңызды қасиеттерін бейнелейді. Адамның сезім мүшелері туғаннан бастап сыртқы ортаның әртүрлі қуаттарын  қабылдауға бейімделген (физикалық, механикалық, химиялық...).

Түйсік- заттар мен құбылыстардың жекелеген қасиеттерінің мидағы бейнесі, материалды тітіркендіргіштердің адам сезім мүшелеріне әсер етуі арқылы туындайды.

Сезім мүшелері- бұл сыртқы орта ақпараттарын бас ми қыртысына жеткізуші механизмі.

Түйсік көмегімен адам санасы заттар мен құбылыстардың негізгі сыртқы белгілерін (түсін, пішінін, көлемін, заттың сыртқы ерекшелігін, дыбысын, дәмін т.б) бейнелейді.

Сезім мүшелері көмегімен  адам ағзасы түйсік түрінде ішкі және сыртқы орта жағдайы туралы әртүрлі  ақпарат алады. Түйсік – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерін, сонымен қатар материалдық тітіркендіргіштердің, сәйкес рецепторға тікелей әрекеті кезіндегі ағзаның ішкі жағдайын бейнелеуден тұратын қарапайым психикалық процесс. Сыртқы орта біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, түйсікті пайда болдырады. Сезім мүшелеріміз – сыртқы дүниенің адам санасына енетін жалғыз жолы. Сезім мүшелері адамға қоршаған ортада бағдарлануына мүмкіндік береді. Адамға үнемі қоршаған орта туралы мәлімет алып отыруы керек. Түйсік туралы материалистік оқытуда - заттар және олардың қасиеттері бастапқы, ал түйсік -  материяның сезім мүшелеріне әсер етуінің нәтижесі деп пайымдайды. Соған байланысты түйсік бізге дүниені тура қалпында бейнелейді. Түйсіктің шынайы өлшемі тәжірибе, субъектінің әрекеті болып табылады.

И. Мюллер мен Гельмгольцтің тұжырымдамасы бойынша түйсік – шартты белгі, яғни сыртқы әсердің белгілері ғана. Нақтырақ айтқанда тітіркендіргіштер үнемі әр түрлі сезім мүшелеріне әсер етіп, түрлі түйсік бастау алады. Сезім мүшелері – сыртқы ортаның әсеріне бейімделу өнімі болып табылады. Түйсік –  материалдық дүние субъектінің сезім мүшелеріне әсер ететін заттар мен құбылыстардың нақты қасиеттерін бейнелейді.

2. Түйсіктің физиологиялық негізі. Түйсік пайда болу үшін, ағзаға тітіркендіргіштің әсер етуі жеткіліксіз, бірақ ағза өзі де жұмыс істеуі қажет. Түйсік – тітіркендіргіштердің арнайы қуатының жүйке процестерінің қуатына айналуы нәтижесінде пайда болады. Түйсік – бұл тек сезім бейнесі немесе оның компоненті емес, сонымен қатар іс-әрекет және оның компоненті. Түйсіктің физиологиялық негізі анализаторлардың іс-әрекеті болып табылады. Түйсіктің пайда болу жолы да анализатор қызметіне байланысты болады. Анализатор күрделі механизм. Ол сыртқы қабылдағыш аппарат – рецептордан басталып мида аяқталады.       Тітіркендіргіш сай келетін және сай келмейтін болып екіге бөлінеді. Әр рецептордың құрамы ерекше, сондықтан тек қана белгілі тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Тітіркендіргіш әсер еткеннен кейін түйсік бірден пайда бола қоймайды, біраз уақыттан кейін пайда болады. Бұл уақыт - латентті кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде тітіркендіргіштің сезім мүшесіне әсер еткен қуаты жүйке импулсіне аударылып, бір жүйкеден екінші жүйкеге ауысып ми қабығына жетеді. Түйсікке тәуелі құбылыс – сенсорлық оқшаулану. Түйсік – көру, есту, иіс, дәм, сипап сезу адамның ең маңызды қажеттілігі, адам миының жақсы дамуының негізгі шарты.

Ағзада 5 негізгі сезім  мүшесі бар. Олар қоршаған орта туралы мәліметті иіс, дыбыс, түс, дәм, температура  және сипап сезу түрінде жинап  миға жеткізеді. Әсіресе, түйсік қызметі жаңа туған баланың дамуы үшін маңызды екенін зерттеген Л.И.Божович болды. Егер бала сырт әсерлердің болмауы жағдайына түссе – бұл сенсорлық оқшаулану деп аталады. Сенсорлық оқшаулануды алғашқы рет сипаттаған ғарышкерлер, полярниктер т.б. болды. Анализаторлар үш бөліктен тұрады:

Перифериялық бөлік - ол сыртқы энергияның жүйке процесіне  әсер ететін арнайы трансформаторы болып  табылады.

Орталық жүйке жүйесінің  перифериясындағы тітіркенуді қабылдаушы жүйкелік аппаратық рецепторлардан құралады.

Афферентті және эфферентті жүйелер. Өткізуші, орталыққа тебуші жүйке жолдары, рецепторлардағы  қозуларды үлкен ми жарты шарларының сәйкес бөлімдеріне жеткізіледі.

Анализатордың қабықша  асты және қабықша бөлімі. Анализаторларды  ортаңғы ми қыртысының бөлімдерінде рецепторлардан түскен сигналдарды “өңдеу”жүреді.

Түйсік пайда болу үшін барлық анализаторлар бүтіндей жұмыс істеуі керек.

Қабылдаушы мүшеге әсер ете отырып, әр түрлі тітіркендіргіш (түсі, дыбысы, қозғалысы, т.б) рецепторда қозуды тудырады. Бұл қозу рецепторлардан ортаға тебуші жүйкелер арқылы адамның ми қыртысы орталығына жеткізіледі. Бұл жерде әр анализатордың орталығы бар. Әр анализатордан түскен сигналдарды талдайды және жинақтайды.

Бас ми қыртысында әр анализатордың  белгілі бір аймағы бар. Көру анализаторының аймағы ми қыртысының желке бөлігінде, есту анализаторы жоғары самай сайының ортаңғы бөлігінде, қозғалыс сезімі- ортаңғы сайда орналасқан. Рецептор мен ми арасында тура және кері байланыс бар. Кері байланыс принципін И.М.Сеченов ашқан, ол сезім мүшелері кезектесіп бірде рецептор, бірде эффектор болатынын мойындатады. Түйсік орталық талпыныс процесінің нәтижесі емес, оның негізінде толық және күрделі рефлексиялық қызметтің жалпы заңдылығына бағынады.

Адамның қоршаған ортаға бағдары “рефлекторлық шеңбер” физиологиялық механизмі бойынша адам мен оны қоршаған орта арасындағы байланысты орнатады.

3. Түйсік жіктемесі және түрлері. Түйсік процесі сыртқы әсер етуші спецификалық қуатты қайта құруға бағытталған және қоршаған ортаны адекватты бейнелеуді қамтамасыз ететін сенсорлық әрекеттің жүйесі ретінде іске асады.

Түйсік адамда қоршаған орта заттарымен құбылыстарының әртүрлі  қасиеттерін бейнелейді. Рецепторларға  тітіркендіргіштердің әсер ету сипатына байланысты түйсік үш топқа бөлінеді:

  1. Сыртқы орта заттары мен құбылыстарының қасиетін бейнелейтін түйсіктер – экстрорецептивті: оған көру, есту, дәм сезу, температураны сезу, тактильді түйсіктер жатады.
  2. Ішкі мүшелерінің жағдайын бейнелейтін түйсіктер – интерорецептивті. Бұл - аурғанды сезіну, тепе-теңдік, жылдамдық және т.б.
  3. Дененің қозғалысын бейнелейтін, біздің денеміздің қозғалысы мен жағдайы туралы ақпарат беретін түйсіктер - проприоцептивті. Оған бұлшықет қозғалысы т.б. жатады.

4. Қабылдау жайлы түсінік. Қабылдау- адамның сезім мүшелерінің тікелей әсер етуі арқылы заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі.

Сонда, қабылдау дәл түйсік сияқты, түйсік - бір ғана қасиеті  бейнеленсе, ал қабылдауда тұтастай бейнеленеді. Қабылдауды түйсіктердің қосындысы  деп санамау керек. Қабылдау сапалы түрде сезімдік танымның жаңа бір деңгейі болып табылады. Қабылдау сезімнен әлде қайда жоғары. Қабылдау тек бір заттың толығымен көрініс беретін жай механикалық бейнесі емес, қабылдау бір ақпараттың бөлінуі, бұл - әрекет. Философиялық түсінік бойынша, белсенді түсінік байқалады. Бірақ бұл түсінікті психикалық бейнеде қарастырсақ, белсенділікпен қатар, міндетті түрде құштарлықтың, яғни әрекет бейнесі және жеке бастың, адамның, әрекеттің субъектісінің нәтижелері де бар. Сондықтан да қабылдауда адамның психикалық өмірі мен жеке бастылығы көрінеді.

Қабылдау тек қана ішкі ортаны ғана бейнелемей, сонымен  қатар субъект пен ортаның  өзара қарым-қатынасын бейнелейді.

Психологияда қабылдаудың  құрылымының толық жүйесі бөлінген. Бұл жүйедегі ең маңызды құрылымы болып қабылдау заттылығы мен мәнділігі болып табылады. Қабылдау бейнесі физиологиялық қозуға емес, ішкі дүние затына арналған. Адам бір мағыналы заттарды қабылдайды. Түсінік қабылдаумен бірге беріледі. Нақтысында визуалді ойлаумен байланысты. Осыдан барып негізінен қабылдау тұрақтылығының құрылымы шығады.      Тұрақтылық – қабылдау құрылымы өзгерсе де, қабылданған заттың көлемінің, формасының, түсінің өзгермей, үнемі сол қалпында қалуы. Тұрақтылықтың құрамы тек қабылдаумен шектелмейді, сонымен басқа да психикалық процестермен өзара қатынасы бар (ойлау, тәжірибе, ес т.б.). Мысалы, балаларда алғашында қабылдау тұрақтылығы болмайды. Қабылдау тұрақтылығы құрамының арқасында адам біркелкі заттарды қабылдау дүниесінде өмір сүреді.

Қабылдау бейнелеудің  формасына байланысты 3 түрлі болады:

  1. кеңістікті қабылдау
  2. уақытты қабылдау
  3. қозғалысты қабылдау

Қабылдаудың мақсатқа байланысты 2 түрі болады:

  1. арнайы қабылдау (ырықты)
  2. арнайы емес қабылдау (ырықсыз)

Қабылдаудың 3 түрі ұйымдастырылуына байланысты:

  1. ұйымдастыра қабыладу (байқау)
  2. ұйымдастырылмаған қабылдау

Арнайы қабылдау адамның  ерік күшімен байланысты. Оның негізінде  сналы түрде ойластырылған мақсат болады.

Арнайы емес қабылдау – сыртқы қоршаған орта заттарымен, адамның ерік күшіне байланысты емес арнайы міндет қоймай қабылдануы.

Ұйымдасқан – мақсат бағдарлы жоспарлы түрде сыртқы орта заттарымен құбылыстарының мида бейнеленуі. 2-ші сигнал жүйесінің (тіл) рөлі жоғары болады. Байқаудың қарапайым қабылдаудан  айырмашылығы осы.

Ұйымдаспаған қабылдау – сыртқы ортаны жоспарсыз, мақсат бағдарсыз қабылдау. Сонымен, қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өз қасиеттерді және бөлшектерімен бірігіп сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас түрде бейнеленуі.

5. Қабылдаудың физиологиялық негізі. Қабылдау басқа таным процестері сияқты рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болатын шартты рефлекстер уақытша жүйке байланыстары жатыр.  Ми қабығы бөліктеріне келіп түскен құралды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады.

Түйсікпен салыстырғанда  қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғары талдану – бірігу формасы. Талдау болмай қабылданатын зат не құбылыстың мән-жайына жету мүмкін емес.

Қабылдау негізінде  жатқан уақытша жүйке байланыстары объективті дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың көмегімен біз арнайы талдағышы болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз.

Анализаторлар бірнеше - себебі қабылдау бірнеше тітіркендіргіштердің комплексті әсерінен пайда болады.

Қабылдау кезінде анализаторлардың бір-бірімен байланысы немесе бір  сәттегі функциясы көрінеді.

Қабылдауды сезім мүшелері ғана емес, сөйлеу орталықтары да негізгі функция атқарады. Сезім мүшесі арқылы әсер қозу пайда болады дағы, нейрон детекторлары арқылы ми орталығына жеткізіледі.

Бір сәттегі немесе бірізді  қозулар нәтижесінде ми орталықтары  арасында уақытша жүйке байланыстары пайда болады. Соның нәтижесінде күрделі интегративті жүйке процесі пайда болады. Сонда қабылдау түйсікпен салыстырғанда мидың аналитикалық, синтетикалық іс-әрекетінің жоғарғы формасы болып табылады. Себебі талдау болмаса, анализ болмаса мағыналы қабылдау да болмайды.

Анализ жасау арқылы сыртқы ортадан қабылданатын объект бөлініп алынады. Нәтижесінде объекттің  барлық қасиеттері синтезделіп, тұтас бейне жасалынады. Осыншама қызмет атқарып тұрған – нейрон детекторлары болып табылады.

6. Қабылдаудың қасиеттері.

    1. Таңдамалылық – жеке адамның қызығушылығына, бағдарына және қажеттіліктеріне байланысты сыртқы орта заттары мен құбылыстарын қабылдау қабілеттілігі.
    2. Қабылдаудың заттылығы – адамының сыртқы орта заттарының құбылыстарының белгілі-бір топқа қатысты нақтылап қабылдауға қабілеті. Затты қабылдауда 3 нәрсе жақсы көріну керек: а) фон, б) контур, в) заттың өзі.
    3. Апперцепция- бұл қабылдаудың адамның алдыңғы іс-тәжірибесінен, іс-әрекетінен тәуелділігі. Апперцепция бірден пайда болмайды. Апперцепция жеке адамның қабылдауына белсенді сипат береді. Затты қабылдау арқылы адам сол затқа қатысын көрсетеді. Адамның психикалық күйін жағдайын, кейпін де көрсетеді.
    4. Қабылдаудың мағыналылығы – кез-келген қабылдау заты нақты бір мағынаға ие болады. Яғни кез-келген зат тілекке пайдалылығына байланысты қабылдайды. Осының нәтижесінде қабылданатын зат мақсат бағдарлыққа ие болады.
    5. Қабылдаудың константтылығы немес тұрақтылығы – бұл заттың физикалық қасиеттерін білумен және танымалдылығымен байланысты болып тұрақталынуы. Заттың қабылдануының тұрақтылығы жеке адамның практикалық іс-әрекетімен, әлеуметтік тәжірибесімен байланысты болады.
    6. Қабылдаудың тұтастығы -  адамның санасында заттардың көптеген сипаттамаларымен, қасиеттерімен бірге қабылдануы. Қабылдаудың қызметінде заттардың физикалық сипаттары негізгі роль атқарады және осы заттар мен құбылыстардың қабылдануындағы, психофизикалық заңдылықтар көрініс береді.

Информация о работе Бөлім. Психологияға кіріспе