Бөлім. Психологияға кіріспе

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 08:40, лекция

Описание работы

Глоссарий:
Ассоциация – белгілі заңдалақтарға байланысты психикалық құбылыстардың байланысты болуы
Аффект – «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.

Работа содержит 1 файл

лекция псих.doc

— 627.00 Кб (Скачать)

 

Өзіндік бақылау  сұрақтары:

1. Ес дегеніміз не?

2. Естің қандай түрлері бар?

3. Реминисценция дегеніміз не?

4. Ес заңдылықтары мен құбылыстарын ашқан қандай ғалымдардың еңбектерін білесіз?

 

Әдебиеттер  тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.
  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.
  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.
  4. Намазбаева Ж.И.  Психология.  Алматы, 2005.
  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.
  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.
  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.
  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.
  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.
  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.
  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.
  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.
  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.
  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.
  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.
  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.
  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.
  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә.  А.,1996.
  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию.    Москва, 2002.
  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.
  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.

 

7-тақырып. Зейін. Қиял.

Дәріс мақсаты: Студенттерде зейін, қиял  туралы білімдерін тереңдету. Болашақ педагог маманы ретіндегі білімін жетілдіру.

Тақырып бойынша  қарастырылатын сұрақтар:

1. Зейін жайлы түсінік.

2.Қиял және оның адам іс-әрекетіндегі рөлі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Зейін жайлы  түсінік.  Зейін психикалық феномен ретінде. Зейіннің негізгі сипаттамалары. Зейін қазіргі уақытқа дейін психологтар арасында бірдей көзқарас жоқ. Психологиялық феномен болып табылады. Зейін деп-психикалық іс-әрекеттің белгілі бір нәрсеге бағытталуын және шоғырлануын айтамыз.   Психикалық іс-әрекеттің бағыттылғы деп- оның таңдамалы сипатын айтуға болады, яғни субьект үшін айналадағылардан маңызды нақты  затты бөлуі, бағыттылық түсінігіне уақыттың белгілі бір сәтінде  іс-әрекетті сақтау кіреді. Зейінді болу үшін қандайда бір іс-әрекетті  таңдап қана қоймай, сонымен қатар бұл таңдауды ұстап, сақтау қажет.   Зейіннің келесі сипаттамасы болып шығармашылық  табылады. Шығармашылық деп іс-әрекетке терең немесе таяз енуді түсінуге болады. Егер тапсырма қиын болса, сәйкесінше тереңдік қажет. Бағыттылық пен шоғырлану  бір-бірімен тығыз байланысты. Олар бір бірінсіз өмір сүре алмайды. Адам бір нәрсеге өз зейінін бағыттаса, сол нәрсеге шоғырланады және керісінше бір нәрсеге шоғырланған кезде, өз психикалық іс-әрекеттерді осыған бағыттыз дегенмен, бағыттылық-бір тапсырмадан 2-ге өту болса, шоғырлану тапсырмаға тереңірек кіру.

Зейін эффектілері: айтылғандай  таныс елестетулер немесе түйсіктер санада маңызды басыңқы ролді алып, маңызсыздарды ығыстырады. Бұл әсердің санадағы үлкен деңгейлігі  зейіннің фактісі немесе эффектісі болып табылады. Бірақ сандар ретінде осы жерден қосымшаэффектілеу де шығады. 1. Зейіннің аналитикалық эффектісі. елестетудің саналануына сәйкес, оларды жеке көруге мүмкіндіктер, көптеген мәліметті байқаймыз. 2. Факсациалаушы эффект-санада тұрақтанады, жеңіл жоғалмайды. Әлсізестілетін дыбыс зейіннің арқасында қатты сияқты естіледі. Зейін арабтың «зайын» сөзінен шыққан, қазақша көңіл қою деген мағынаны білдіреді. Зейіннің физиологиялық негізін Павлов ашқан, ол индукция заңына байланысты түсіндірген. Егер ми қабығының бір бөлігінде қозу пайда болса, қалған бөлігінде тежелу пайда болады. Бұны теріс индукция заңы деп атады. Ухтомский зейіннің физиологиясын доминанта теориясы бойынша анықтаған. Қоршаған ортаның көптеген тітіркендіргіштердің ішінде біреуі миға көп әсер етеді. Ол мидың бір алабын қаттырақ қоздырады. Осы алапты доминанта деп атады.

 Н.Н. Ланге бойынша зейін процесі мен оның психологиялық табиғатын зерттейтін бағыттарды топтастыру. Н.Н. Ланге зейіннің табиғатын түсінудегі негізгі ықпалдарды талдай келе, барлық теориялар мен концепцияларды бірнеше топқа біріктірді:

1. Зейін қозғалушы икемделудің нәтижесі ретінде. Бұл бағытты қолданушылар, адам егер зейінін ерікті түрде бір заттан 2 затқа ауыстыратын болса, зейін бұлшықеттік қозғалыссыз болмайды дегенді қолдайды. Тек бұлшықеттік қозғалыстар ғана сезім мүшелеріне  жақсы қабылдау жағдайға үйретуді қамтамасыз етеді.

2. Зейін сана көлемін шектеудің нәтижесі ретінде. Сана көлемі деп нені айтатынын түсіндірмей, И. Герберт пен У. Гамильтон интенсивтірек елестетулер аз интенсивтілерді басып шығаруға қабілетті деп санайды.

3. Зейін эмоцияның нәтижесі ретінде. Бұл теория ағылшынның ассоционды психологияда  жақсы мойындалған. Ол зейін елестетудің эмоционалды бояуларына тәуелді деген тұжырымдамаға негізделеді. (Рибо)

4. Зейін операциясының нәтижесі ретінде, яғни индивидтің өмірлік тәжірибесінің нәтижесі ретінде

5. Зейін рухтың (рух) ерекше белсендететін қабілеті ретінде. Бұл позицияны жақтаушылар зейінді зейінді шығу тегі белгісіз алғашқы және белсенді қабілет деп қабылдады.

6. Зейін жүйке тітіркендіргіштерін күшейткіш ретінде. Бұл болжамға сәйкес, зейін орталық жүйке жүйесінің орнықты тітіркендіргіштерінің көбеюімен шартталған.

7. Жүйкелікті басу  теориясы зейіннің негізгі фактісін  түсіндіруге тырысады. бір физиологиялық жүйкелік процесі басқа физиологиялық жүйелерді ұстап қалып және жоғалту арқылы бір елестету екіншісін жеңеді, нәтижесінде сана ерекше концентрацияланады.

8. Зейін іс-әрекетті  айыру нәтижесі болып табылады.

Зейіннің  негізгі қасиеттерінің сипаттамасы мен оларды практикада зерттеуге мүмкіндік беретін әдістері. Зейін өзін жеке психикалық процесс ретінде сипаттайтын қасиеттер қатарынан тұрады. Зейіннің негізгі қасиеттеріне тұрақтылық, шоғырлануы, бөлінушілігі, аударылуы және көлемі жатады.

Зейін тұрақтылығы-белгілі уақытта бір жаңа обьектке шоғырлану қабілеті. Зейіннің бұл қасиеті перифериялық және орталық факторлармен анықталады. Қазіргі уақытта зейін тұрақтылығының негізгі шарты заттағы шоғырланған жерін, жаңа жақтары мен байланысын ашу мүмкіндігі болып табылатыны дәлелденген. Алдымызға қойған мақсат бізден қандайда  бір затқа шоғырлануын талап етіп, нәтижесінде біз оның жаңа аспектілерін ашуға мүмкіндік (өзара байланыстырғанда, өзара алмасуында) беріп, зейіннің ұзақ уақыт бойы тұрақты болып қалады. Басқаша айтқанда , зейінді қандайда бір затқа ұстап тұру үшін затты қабылдауымыз дамып, алдымызды жаңа мазмұнға ие болып отыруы қажет. Зейін тұрақсыз болса, кез келген жұмыс нәтижесіз болады. Зейіннің тұрақтылығын зерттеуге үлкен қызығушылық танытқан әдістер классикалық әдістер болып табылады. Зейіннің тұрақтылығы зерттеу мақсаты ұзақ уақыт ішінде зейіннің тұрақтылығы қаншалықты мықты сақталады, субьект зейіні қосымша тітіркендіргіштердің арқасында қашан шаршап, зейін бөледі солар мақсат болған. Зейіннің тұрақтылығын өлшеу үшін сандары бірдей әр жолда қайталанатын жеке әріптердің тәртіпсіз орналасуынан тұратын Бурдан кестесі қолданылды. Зерттелушіге ұзақ уақыт (3,5,10 мин) ішінде берілген әріптерді (қарапайым жағдайда бір немесе екі әріпті, күрделі жағдайда берілген әріпті, егер ол басқа дауысты әріптің алдында тұрса) сызады. Экспериментатор әр минутта  сызылған және қалдырылып кеткен әріптерді санайды. Аналогиялық түрде зейін тұрақтылығын зерттеуші ұзақ уақыт бойы сандарды жиып, сандар бағанынан тұратын Крепсмен кестесінің көмегімен өлшейді. Жұмыс өнімділігі мен жіберілген қателер зейіннің тербелуі болып табылады.

Зейіннің шоғырлануы - бұл зейін шоғырлануының интенсивтілігі немесе деңгейі; А.А. Ухтомский зейін шоғырлануы ми қабығында доминатты (үстемдік) жанудың қозуының функционалдануының ерекшеліктерімен байланысты деген. Жеке алғанда ол шоғырлану бас ми қабығының қалған зоналарын бір уақытта тежелуінде доминатты қозудың салдары болып табылады.

Зейін бөлінушілігі – адамның бір уақытта бірнеше іс-әрекеттің түрін орындай алу қабілеті. Бірақ өмірлік практика адамның бір әрекетті ғана саналы түрде орындап, қалғандарын бір іс-әрекеттен екіншісіне тез ауыса алудың нәтижесі болып табылады. Вундт адам бір уақытта 2 көрсеткен тітіркендіргіштерге шоғырлана алмайтынын дәлелдеген. Зейін бөлінуінің зерттеудің практикалық маңызы зор. Мұнда Шульте таблицасы қолданылады (қызыл-қара кесте). Бұл кестеде 2 қатар қызыл және қара сандар тәртіпсіз орналасқан. Зерттелінуші тәртіппен қызыл және қара сандарды тізбектей сандар қатарын атауы қажет.

Зейін ауысуы – зейіннің саналы және мағыналы  түрде 1 обьекттен 2 обьектіге ауысуы жалпы зейін переключениесі күрделі жағдайда тез бағдарланумен қабілеттілікті білдіреді. Зейіннің жеңіл переключится етілуі әр адамда әр түрлі және көптеген шарттарда тұрады (ең бір бұл өткен және келер іс-әрекеттің өзара қатынасы және субьектінің оларға деген қатынасына байланысты). Іс-әрекет қызықты болған сайын оған зейіннің переключится етілуі жеңіл.

Зейін көлемі – бір уақытта қанша обьектілердің санын түсіне аламыз, сол зейін көлемі болып табылады. Зейін көлемінің маңызды және анықтаушы ерекшелігі болып оның оқу (үйрену) және жаттығу кезінде мүлде өзгермейді. Зейін көлемі зерттеу әдетте субьекттің анық қабылдауын 1 уақытта көрсететін элементтерді, сандарды анализдеу жолымен іске асады. Бұл мақсатта тахситоскоп – зерттелінушінің көздері бір заттан 2-не түспеуі үшін белгілі тітіркендіргіштер санын тез көрсететін құрал. Бұл бір уақытта тануға мүмкіндік беретін обьектілер санын өлшеуге мүмкіндік береді. Зейін көлемінің көрсеткіші болып, оның қабылдаған заттар саны табылады. Зейін көлемі – индивидуалды өзгеретін салмақтың, әдетте адамдардағы оның көрсеткіші=5+-2-ге тең.

Зейін аударылуы – зейіннің бір обьекттен екіншіге еріксіз ауысуы. Бұл бір уақытта бір іспен шұғылданып отырған адамға сырттан әсер ететін тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болады. З. аударылу сыртқы және ішкі болып табылады. Сыртқы аударылу сыртқы тітіркендіргіштің әсерінен болады. Ішкі аударылу қазіргі уақытта адамның бір әрекетпен айналысудағы жауапкершілік сезімі мен қызығушылықтың жоқтығынан, бөтен эмоциялардың күші бастан кешіруінің әсерінен пайда болады. М: оқушы зерделі жақсы оқуы үшін, сабағына кері әсер ететін перексиваниялар: қорқыныш, ыза, өкпе-реніштерді шектеу қажет.

Зейін түрлерінің  отандық (Н.Н Ланге) және шетелдік (У. Джеймс) психологиядағы жүйелі классификациясы, олардың сипаттамасы.

Николай Николаевич Ланге (1858-1921)-орыс психологі, Ресейдегі эксперимент. психол. негізін қалаушылардың бірі.

Зейін психикалық құбылыстардың  ерекше қасиеті, себебі олар бір индивидуум санасына тәуелді. Бұл құбылыстар бір-біріне кедергі келтіруінен тұрады. Біз  бір уақытта әртүрлі нәрселерді ойлап, әртүрлі жұмыстарды орындай алмаймыз. Сананың бұл қасиеті сананың тарлығы (узость) д.а.

Берілген уақытқа қатысты  басқарушы елестетулер обьективті қарастырылып отырған зейін болып  табылады. Субьективтілік саналы адам үшін осы әсерге шоғырланған зейінді  дегенді білдіреді.

Зейін түрлері: Зейін түрлері: ырықсыз, ырықты, үйреншікті.

Зейін түрлері

Мақсат

Ерік-жігер

Ырықсыз зейін

Жоқ

Жоқ

Ырықты зейін

Бар

Бар

Үйреншікті зейін

Бар

жоқ


Қиял және оның адам іс-әрекетіндегі рөлі.    Қиял-жаңа елестетулер негізінде құралған елестің іске асу процесі. Қиял- шынайы өмірмен байланысты, содан алынады. Қиял еңбек процесінде пайда болған деп саналады, яғни адам іс-әрекетінің іске асу қажеттілігінен туған. Мысалы: көзалдымыздағы бір еңбек затын көрсе, адам онымен еңбек іс-әрекетін орындауға қажетті басқа бір зат туралы ретінде ойлап қарастырады. Содан кейін адамның тарихи даму барысында қиялды іс-әрекеті еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамның фантазиясындағы және арманында да көріне бастады. Қиялдау процесі әрқашан үздіксіз бойланыста -2 психикалық процеспен, яғни ес және ойлаумен жүреді. Қиял іс-әрекеті адамның эмоционалды бастан кешірулерімен тығыз байланысты. Қалаған тілекті елестету адамда позитивті сезімдерді тудырады. Белгілі жағдайларда бақытты батытты болашақ туралы арман адамға негативті жағдайлармен шығып кетуге мүмкіндік береді, оған болып жатқан жағдайды анализдеуге және болашақ үшін жағдайдың маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Яғни қиял адамның мінез-құлқын реттеуді іске асыруда маңызды роль алады. Қиял біздің ерік-жігерлі әрекетімен де байланысты. Қиял біздің кез келген еңбек іс-әрекетінде болады, себебі бір нәрсені ұқтырмас бұрын, оның қандай болатынын қиялдап аламыз- елестетіп, механикалық еңбектен алшақтаған сайын, қиялдың маңыздылығы артады.

Информация о работе Бөлім. Психологияға кіріспе