Қазақстан Республикасындағы нотариат

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 13:56, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасындағы нотариат - құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.

Работа содержит 1 файл

Практикум по составлениягражданс прав документов.docx

— 81.83 Кб (Скачать)

 Елді  –мекенде нотариус болмаған жағдайда  жергілікті атқарушы роганның  нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға  уөкілетті      лауазымды адамы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

1.Өсиеттерді  куәландырады;

2.Сенімхаттарды  куәландырады;

3.Құжаттар  көшірмелерінің және олардан  алынған үзінділердің дұрыстығын  куәландырады;

4.Өтініштерге  қойылған қолдың түпнұсқалығын  куәландырады.               

 ҚР-ның  заң актілерінде жергілікті атқарушы  органның лауазымды адамдары  жасайтын өзге де нотариаттық  іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.                   

  ҚР-ның атынан консулдық қызметті жүзеге асыратын адам мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

1.ҚР-ның  аумағындағы жылжымайтын мүлікті  иеліктен алу туралы шарттардан  басқа мәмілелерді куәландырады;

2.Мұраға  құқық туралы куәліктер береді;

3.Ерлі-зайыптылар  мен ортақ бірлескен меншік  құқығындағы мүлкі бар өзге  де адамдардың ортақ мүліктегі  үлеске меншік құқығы туралы  куәліктер береді

4.Құжаттардың  көшірмелері мен олардан алынған  үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

5.Құжаттарға  қойылған қолдың түпнұсқалығын  куәландырады;

6. Құжаттардың  бір тілден екінші тілге аудармасының  дұрыстығын куәландырады;

7.Азаматтың  тірі екендігі фактісін куәландырады;

8.Азаматтың  белгілі бір жерде болу фактісін  куәландырады;

9. Құжаттар  берілген уақытты куәландырады;

10.Жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерін  басқа жеке және заңды тұлғаларға  береді;

11.Ақшаны  депозитке қабылдайды;

12.Сақтауға  құжаттар және бағалы қағаздар  қабылдайды;

13.Теңіз  наразылықтарын жасайды;

14.Дәлелдемелерді  қамтамасыз етеді.           

 ҚР-ның  заң актілерінде консулдық қызметті  жүзеге асыратын лауазымды адам  жасайтын өзге де нотариаттық  іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.           

  Нотариус және “Нотариат туралы ” заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар заңсыз әрекеттер жасаған жағдайда ҚР-ның заңдарында көзделген қылмыстық, әкімшілік, материалдық, тәртіптік және өзге де түрде жауапты болады.           

 Жеке  практикамен айналысатын нотариус  өзінің кәсіптік міндеттері мен  әдеп номалрын бұзған жағдайда  оны нотариаттық палата Нотариустың  ар-ождан кодексіне  сәйкес жауапқа тартуы мүмкін.          

 Нотариус  өз құзіреті шегінде мынадай іс-әрекеттерді жасай отырып, тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғайды.Олар:

1.Мәмілелерді  куәландырады;

2.Шаруашылық  серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын  куәландырады;

3.Мұраға  сенімгерлік басқарушыны тағайындайды ;

4.Мұраға  құқық туралы куәліктер бреді;

5.Ерлі-зайыптылардың  мен ортақ бірлескен меншік  құқығындағы мүлкі бар өзге  де адамдардың ортақ мүліктегі  үлеске меншік құқығы туралы  куәліктер береді;

4.Құжаттардың  көшірмелері мен олардан алынған  үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

5.Құжаттарға  қойылған қолдың түпнұсқалығын  куәландырады;

6. Құжаттардың  бір тілден екінші тілге аудармасының  дұрыстығын куәландырады;

7.Азаматтың  тірі екендігі фактісін куәландырады;

8.Азаматтың  белгілі бір жерде болу фактісін  куәландырады;

9. Құжаттар  берілген уақытты куәландырады;

10.Жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерін  басқа жеке және заңды тұлғаларға  береді;

11.Ақшаны  депозитке қабылдайды;

12.Сақтауға  құжаттар және бағалы қағаздар  қабылдайды;

13.Теңіз  наразылықтарын жасайды;

14.Дәлелдемелерді  қамтамасыз етеді.

15.Вексель  наразылықтарын жасайды.

     Нотариаттық іс-әрекеттер жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы жасайтын нотариаттық  іс-әрекеттер, консулдық қызметті жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық  іс-әрекеттер, нотариаттық түрде  куәландырылған құжаттарға теңестірілген  өсиеттер мен сенімхаттарды лауазымды  тұлғалардың куәландыруы, лауазымды  адамдар куәландырған өсиеттрді  нотариусқа беру іс-әрекеттері болып  жіктеледі.

      ҚР  Конституциясының 13-бабының 2-бөлігі бойынша  әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

      Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар  заңда көзделген жағдайларда  өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы (ҚР АІЖК-нің 8-бабының 1-бөлігі).

    Нотариаттық іс жүргізу ҚР-ның Әділет министрлігі  бекітетін Нотариаттық іс жүргізу  жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.  

     Нұсқаулық талаптарының сақталуына  бақылау жасауды аумақтық әділет  органдары мен нотариат палаталары  жүзеге асырды.  

     Мемлекеттік нотариустардың құжаттары  ҚР-ның заңдарында белгіленген  тәртіппен міндетті түрде мемлекеттік  архивке тапсырылуға тиіс.Жекеше  нотариустардың құжаттары ҚР-ның  заңдарында белгіленген тәртіппен  міндетті түрде жеке нотариаттық  архивке тапсырылуы тиіс.  

     Нотариаттық іс ҚР-ның тіл туралы  заңдарына сәйкес жүргізіледі. 

     Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды  өтінген адам іс жүргізілетін  тілді білмесе, рәсімделген құжаттардың  мәтіндері оның өтініші бойынша  заңға сәйкес ақы төлеттіріп  аударылып берілуге тиіс.  

     Жеке нотариаттық мұрағат аумақтық  нотариаттық палатаның филиалы  болып табылады. 

     Жеке нотариаттық мұрағат ұлттық  мұрағаттық қор және мұрағаттар  туралы ҚР-ның заңдарына сәйкес  нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі  функцияларды жүзеге асырды.    

     Нотариус және жергілікті атқарушы  органның лауазымды адамы, консулдық  қызметті жүзеге асыратын адамдар  жасаған барлық нотариаттық іс-әрекеттер  тізілімге тіркеледі.   

     Нотариустың өзінің тегі, аты,  әкесінің аты, сондай-ақ мемлекеттік  кеңсесінің атауы (мемлекеттік  нотариустың мөрі) не нотариус  лицензиясының нөмірі мен берілген  күні көрсетілген (жекеше нотариустың  мөрі) жеке мөрі, куәландыру жазбаларының  мөртабандары мен жеке бланкілері  болады.           

  Нотариаттық іс-әрекеттерді, нотариаттық куәліктерді және қаулыларды, мәмілелер мен куәландырылған құжаттардағы куәландыру жазбаларын тіркейтін тізілімдердің нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.  

     Мемлекеттік нотариат кеңсесінде  жұмыс істейтін нотариус пен  жергілікті атқарушы органның  лауазымды адамы нотариаттық  іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан  Республикасының салық кодексінде  белгіленген ставкалар бойынша  мемлекеттік баж алады.  

     Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық  іс-әрекеттерге ақы Қазақстан  Республикасының салық заңдарында  белгіленген мемлекеттік баж  мөлшеріне сәйкес келетін ставкалар  бойынша төленеді.  

     Қазақстан Республикасы консулдық  мекемесінің лауазымды адамы  нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны  үшін  консулдық алымдардың тарифымен белгіленетін алым алады.  

     Жеке және заңды тұлғалар үшін  заңда көзделген нотариаттық  іс-әрекеттерге ақы төлеу жөніндегі  жеңілдіктер бұл адамдарға жеке  практикамен айналысатын нотариус  нотариаттық іс-әрекеттер жасаған  кезде де қолданылады.  

     Нотариаттық іс-әрекет жасау үшін  нотариус өзінің жұмыс орнынан  тыс жерге барған жағдайда  мүдделі адамдар оған нақты  көлік шығыстарын өтейді. 

     Бір данасы нотариаттық кеңсе  істерінде немесе нотариуста  сақталатын құжат жоғалған жағдайда, өз аттарынан немесе солардың  тапсырмасы бойынша нотариаттық  іс-әрекеттер жасалған азаматтардың, заңды тұлғалар өкілдерінің жазбаша  өтініштері бойынша оларға жоғалған  құжаттың дубликаты беріледі.  

     Құжаттың  дубликатын беру заңның талаптары  сақтала отырып жүргізіле

   Нотариус  пен жергілікті атқарушы органдардың  лауазымды адамдарының өз атына  және атынан, өз жұбайының, оның және өз туыстарының (ата-аналары, балалары, аға-інілері, апа-сіңілілері, немерелері, әжесі, атасы ) атына және олардың атынан нотариаттық  іс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ..  

     Осы ережелерді бұза отырып  жасалған нотариаттық іс-әрекеттержарамсыз  болып табылады.           

 Нотариаттық  іс-әрекеттер бұл үшін барлық  қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариу немесе “Нотариат  туралы заң” арқылы  нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік берілген адамдар ған жағдайда мемлекеттікбаж төлеген немесе жекеше нотариустың арқылы  нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.  

     Нотариаттық іс-әрекеттер жасау  мынадай негіздер бойынша: 1.жеке  және заңды тұлғалардан қосымша  мәліметтерді талап ету қажет  болуына 2.құжаттардың сараптамаға  жіберілуі негізінде кейінге  қалдырылуы мүмкін.           

 Нотариаттық  іс-әрекеттер жасауды кейінге  қалдыру мерзімі нотариаттық  іс-әрекеттер жасауды кейінге  қалдыру туралы қаулы шығарылған  күннен бастапбір айдан аспауы  керек.

    Басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта  даулаушы мүдделі адамның өтініші  бойынша нотариаттық іс-әрекеттер  жасау он күннен аспайтын  мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін.Егер осы мерзім ішінде соттан өтініштің түскені туралы хабар алынбаса,   нотариаттық іс-әрекеттер жасалуға тиіс.               

 Басқа  бір мүдделі адам куәландыруды  өтінген құқықпен фактіні даулаушы  мүдделі адамның өтініші түскені  туралы соттан хабар алынған  жағдайда,  нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады.                

  Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде нотариаттық іс-әрекеттер жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды.

   Адамның жеке басын анықтау нотариаттық  іс-әрекеттер жасауды өтінген  азаматтыңжеке куәлігі немесе паспорты негізінде жүргізіледі.               

  Мәмілелерді куәландырған кезде азаматтардың іс-әрекетке қабілеттілігі анықталады және нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабілеттілігі тексеріледі.Мәміле өкілдер арқылы жасалған жағдайда олрдың өкілеттігі тексеріледі.               

  Нотариат куәландырған құжаттың мазмұны қатысушылардың қалауы бойынша дауыстап оқылуы мүмкін.

   Қатысушылар нотариус куәландырған мәмілелерге, өтініштер  мен басқа құжаттарға нотариустың  қатысуымен қол қояды.

   Егер  азамат дене кемістігі, ауруы немесе әлде бір өзге себептер салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші  бойынша және оның қатысуымен, сондай-ақ нотариустың қатысуымен нотариаттық  іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың  құжатқа өзі қол қоя алмау  себептері көрсетіле отырып, мәмілеге, өтінішке немесе өзге құжатқа басқа  азамат қоя алады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы нотариат